Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əдеби тіліміздің бір ғасырлық тарихын зерттеген ғалым

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бастауымен қазақ ғылымы белгілі тілтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Бабаш Əбілқасымовтың 80 жылдық мерейтойын атап өткелі отыр. Ғылымдағы жолын қазақтың əдеби тілінің тарихын зерттеуге арнаған ардақты ұстаз, көрнекті ғалым Бабаш Əбілқасымов туралы, оның қазақ тіл біліміндегі ерен еңбегі жайлы айту абзал деп есептейміз. Өйткені бар болмысымен зиялылықтың үлгісін көрсетіп, жүзінен жылылық кетпейтін ағамыз əрі ұстазымыз біз сияқты көптеген жастарды ғылым нəрімен сусындатып, олардың ғылымдағы ізденістеріне жетекшілік етті.

Қазақ тіл білімінде əдеби тіл мəселелерін арнайы зерттеген ғалым Б.Əбілқасымовтың алғашқы ізденістері ұлттық баспасөзіміздің алғашқы қарлығаштары «Түркістан уəлаяты газеті» мен «Дала уəлаяты газетінің» тілін зерттеуден басталады. Себебі «жалпы газет-журнал тілі

дегеніміздің өзі əдеби тілдің бірнеше стильдік тармақтарын қамтиды» дей келіп, зерттеуші-ғалым газеттер бетінен көркем əдебиет стиліне жататын туындыларды да, ғылыми əдебиеттер стиліне жататын мақалаларды да, тіпті іс қағаздары үлгілерін де кездестіруге болатынын айтады. Сондықтан «қазақ тіліндегі алғашқы газеттердің беттерінде жоғарыда аталған стильдердің негіздері қаланғанын көреміз», «қазақтың сан ғасырлық тарихында қолданылып келген сөз байлығын қағаз бетіне түсірді», «газеттер арқылы қазақ жазуының кейбір заңдылықтары қалыптасты, қазақ тілінің грамматикалық жүйесі едəуір жетілдірілді», «газеттер жазба əдеби тілдің дамуына зор ықпал жасады».

«Алғашқы газеттерде аударма тəжірибесінің бастапқы қадамы жасалынды», Б.Əбілқасымовтың тұжырымдауынша, «Түркістан уəлаяты газеті» қазақ, өзбек тілдерінде шыққандықтан, ондағы материалдардың бірінен-біріне аударылып берілуі мүмкін, бірақ оның түпнұсқасының қай тілде болғанын айыру қиын. Газеттегі ресми материалдардың орыс тілінен аударылып берілгені сөзсіз. Бұл материалдардың орыс тіліндегі нұсқасы сақталмағандықтан, аударманың тілі жайында айту мүмкін емес. Мұнда аудармамен қатар қазақша жазылған материалдар да бар, орысшасы «Туркестанские ве- домости» газетінен алынған болу керек. Ал «Дала уəлаяты газетінің» орысша, қазақша мəтіндері сақталған, сондықтан оларды бір-бірімен салыстырып қарауға əбден болады.

Қазақ газеттерінің қазақ халқының тарихындағы, мəдениетіндегі, əдеби тілінің қалыптасуындағы орнын жоғары бағалай отырып, ғалым Б.Əбілқасымов 1971 жылы жарық көрген «Алғашқы қазақ газеттерінің тілі» атты іргелі монографиялық еңбегінде аталмыш газеттердің фонетика- орфографиялық жүйесін, грамматикалық құрылысын, лексикасын жан-жақты қарастырады.

ХІХ ғасырдағы əдеби тіліміздің сыр-сипатын тереңірек əрі толық ашу үшін көптеген жылдар ізденіп, тынбай еңбек еткен ғалымның 1982 жылы жарыққа шыққан «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ əдеби тілі» атты монографиялық зерттеуі қазақ баспа нұсқаларының тіліне арналады. Қазақ əдеби тілінің даму, жетілу жолдары туралы толық мəлімет беретін бұл еңбегінде тілдік талдауға түскен нұсқаларды ғалым «ХІХ ғасырдың екінші жартысында жазба түрде қолданысқа түскен қазіргі жазба əдеби тіліміздің даму, қалыптасу жолдарын дəлелдейтін, сол тұстағы қазақ жазба əдеби тілі жайында түрлі фактілер беретін аса қажетті тарихи материал» деп табады. Бұл мұралардың бірқатары 1988 жылы шыққан «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ əдеби тілінің жазба нұсқалары» атты кітабында берілген.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында жазба əдеби тілдің екі түрі — «кітаби тіл» жəне қазақтың жаңа жазба əдеби тілі қатар өмір сүргендігін зерттеушілердің біразы айтып жүр. Қазақ əдеби тілінің даму ерекшеліктерін жүйелі əрі жан-жақты зерттеп жүрген Б.Əбілқасымов ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ыбырай мен Абай негіздеген қазақтың жаңа жазба əдеби тілі қалыптасқанға дейін қазақ қаламгерлерінің пайдаланған тілін «кітаби тіл» емес, «қазақтың көне жазба əдеби тілі» деп атауды ұсына отырып, қазақ жазба əдеби тілінің қалыптасу, даму тарихын үлкен үш кезеңге бөліп қарастырады: қазақтың көне жазба əдеби тілі (ХVІ ғасырдан ХІХ ғасырдың ІІ жартысына дейін), қазақтың жаңа жазба əдеби тілі (ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейін), қазақтың қазіргі əдеби тілі.

Аталған зерттеудің жалғасы ретінде ХХ ғасырдағы қазақ əдеби тілін жаңаша зерделеген, қазақтың жаңа жазба əдеби тілі мəселелеріне арналған «ХХ ғасырдағы қазақ əдеби тілі» (2000 жылы шəкірті филология ғылымының докторы, профессор Ш.Мажитаевамен бірлесіп жазған) атты еңбегі де əдеби тіл тарихын зерттеушілер үшін тілдік деректерге толы, белгілі дəрежеде жүйеленген құнды зерттеулердің қатарында саналады.

Ғалым қазақ тіліндегі ғылыми əдебиеттің алғашқы нышаны ретінде қазақ арасында қолжазба күйінде тараған, кейін кейбіреуі басылып та шыққан «Шежіре» аталатын жазбалардың болғанын айта келе, бұл шежірелер құрылысы, баяндау стилі, көлемі жағынан əр түрлі болып келген. Ата- бабалардың аттарын хронологиялық тəртіппен түзген схема іспеттес қысқа түрлері де, тарихи шығарма түрінде келетін күрделі туындылар да болғандығын дəлелдейді.

Осындай шежірелердің ішінен Хиуа ханы Əбілғазы Баһадұрдың ХVІІ ғасырда жазған «Шежіре-и түркі» атты шығармасын атауға болады. Бұл шығарма — Шыңғыс хан тұсында, одан бұрынғы жəне кейінгі дəуірлерде Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен мемлекет басқарған қайраткерлер жүргізген саясат жайындағы жылнама. Қазақ ғалымдарының арасынан шығарманың тілін түбегейлі зерттеген Б.Əбілқасымовтың пікірінше, шежіре деген аты болмаса, ол жоғары ғылыми деңгейде жазылған шын мəніндегі тарихи шығарма деуге болады.

Ғалым «Əбілғазы ханның «Түркі шежіресі» жəне оның тілі» атты еңбегінде оның авторы, зерттелу тарихы, əдебиет, тіл ғылымдары үшін маңызы жайында, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылысын, орфографиялық ерекшеліктерін сөз етеді. Шежіреден біз қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс-тіршілігі мен мəдениеті, этнографиясы жайлы көптеген деректер табамыз. Б.Əбілқасымов «Шежіренің» негізгі қолжазбасы мен баспа нұсқаларының тілін оның көшірмелері мен қазақша аудармаларымен салыстыра отырып зерттей келе, Баһадұр ханның «Түркі шежіресі» деректік, əдеби, танымдық жақтарынан өзге шежіре типті еңбектерден өзіндік ерекшеліктері бар шығарма, оның тіл ғылымы, оның ішінде түркітану ғылымы үшін маңызы өте зор деген қорытынды жасайды. Сонымен қатар зерттеуші кітаптың «Түркі шежіресі» аталып, барша түркі халықтарының ортақ тарихын сөз етуге арналғандықтан, оны барлық түркілерге түсінікті тілде жазуды мақсат еткенін, ол тіл ретінде Əбілғазы ХІ–ХІІІ ғасырлардағы көне қыпшақ тілін негізге алғанын, сондықтан басқа жазба ескерткіштерге қарағанда шығарма тілі қыпшақ тобына жататын тілдерге, соның ішінде қазақ тіліне мейлінше жақын, түсінікті екендігін айтады. Өйткені қазақ тілі — қыпшақ тілінің тікелей мұрагері. Ғалым Шежіренің тілдік ерекшеліктерін жан- жақты сипаттаған, түпнұсқасын, оның транскрипциясын қоса берген монографиясын оқырмандарына 2001 жылы ұсынды.

Бабаш Əбілқасымов — он шақты монографияның, 200-ден астам ғылыми мақаланың, ғылыми- көпшілік еңбектің авторы. Ғалымның жетекшілігімен көптеген докторлық-кандидаттық  диссертациялар  қорғалды.

Ізденушілерінің зерттеулері қазақ тіл білімінің сан-саласын қамтиды.

Б.Əбілқасымов ғылыммен айналыса жүріп, жоғары оқу орындарында білімді жастарды тəрбиелеу ісіне де белсенді үлес қосып келеді.

Қазақ тіл білімі ғылымында өзіндік орны бар, əдеби тіліміздің зерттелуіне үлкен еңбек сіңірген, үнемі ізденіс, үзіліссіз жазу үстінде отыратын тəлімгер ғалым ағамызға ұзақ жасаңыз дегіміз келеді.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.