Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Н. Назарбаевтың публицистикасындағы ұлт мəселесі «Ғасырлар тоғысында» жəне «Тарих толқынында» кітаптары негізінде

Ұлтаралық қатынас көп ұлтты Қазақстан Республикасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мəселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым- қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналды. Мұнда Түркия тəжірибесін мысал ретінде алуға болады. Кемал Ататүрік халқын біртұтас ұлттық қозғалысқа біріктіре отырып, ұлттық идеологияны қалыптастырды. Түркияның бүгінгі басшылары Ататүріктің жолын қуып, қазіргі заманға лайықты ізгілікті мақсаттарды көздейтін ұлттық мемлекетке айналған. Қазақстан да жаңа дəуірге бейімделген өзіндік жолын таңдап алды. Еліміз тəуелсіздік алғаннан бері мемлекетіміздің іргетасын қалап, көшін түзеуде Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың еңбегі орасан зор екені барша жұртқа белгілі. Елбасы елді басқарып қана қоймай, публицистикаға бет бұрып, сонау 1996 жылдан бері кітап жазып келеді. Оның публицистикасын зерттеу барысында біз жарыққа шыққан «Ғасырлар тоғысында» кітабын негізге алып отырмыз.

Н. Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабы арқылы қазіргі біртұтас Қазақстан жəне бүкіл еуразиялық кеңістіктің тағдыры үшін барлық маңызды мəселеге асқан жауапкершілікпен қарайтындығын дəлелдеп бергендігін айту лəзім. Бұған негіз болушы жайт, кейбір қиыншылықтардың болуына қарамастан, Қазақстанның егемендік алғаннан кейін дүниежүзілік қауымдастықтан өз орнын табудың қиын жолына батыл қадам басу еді. Бұл жолда шын мəніндегі бостандық пен жеке бастың құқы, қоғамның рухани еркі, оның жан-жақты жанданып үйлесімді дамуы ескерілмек.

Кітапта дүниежүзілік даму барысында зор ықпалын тигізетін ұлтаралық қатынас мəселесіне кең орын берілген. Автор кейбір ұлттық мəселелердің əр түрлі тарихи дəуірде барлық мемлекеттерде толғақты тақырыпқа айналып, жасампаздық күшке, не күйретуші нəтижеге соқтыратынын айтады.

Ұлттық, этникалық қатынастардың, сондай-ақ кіші ұлттар өміріндегі процестердің ХХ ғасырдың екінші жартысында отарлаушы империяларды күйретіп, жаңа мемлекеттердің құрылуында да ерекше рөл атқаратындығын атап өтеді. Автор осы ғасырдың соңғы кезеңінде болған ғаламат құбылыс — КСРО-ның ыдырауына да осы тұрғыдан қарайды. Бұл арада негізгі екі себеп тілге тиек етіледі. Біріншісі — бұрынғы Кеңес Одағының қару-жарақ саласындағы бəсекелестікпен əскери стратегиялық бірқалыптылықты сақтау жарысында ғылыми-техникалық жағынан жеңіліс табуы. Екіншісі — ұлттық мəселелерді шешудегі жəне осы саладағы қарым-қатынасты реттеудегі қабілетсіздігі. «Көптеген саясаткерлер пікірі бойынша, бұл ең басты себеп», — дейді автор.

Ұлттық саясаттың жаңа тұжырымдамасын жасауда Н. Назарбаевтың еңбегі орасан зор. Ол тарихи материалдарды кеңінен де терең зерттеп, талдау жасай отырып, таптық тұрғыдан əсірелеп баяндау тəсілінен де, біржақты теориялық жаңа көзқарастардан да бастарта отырып, тек Қазақстан үшін ғана емес, басқа елдерге де бағалы қорытынды жасайды. Президенттің бұл идеялары біртіндеп жүзеге аса бастады. Н. Назарбаевтың қазіргі ұлттық проблемалар жөніндегі негізгі тұжырымдары республиканың жаңа-конституциясынан орын тапты.

Бұл еңбекте мынадай маңызды идея айтылады: ұлттық мəселелерге дұрыс қарау, ұлтаралық қатынасты жанашырлық ниетпен дер кезінде шешіп отыру көп ұлтты мемлекеттің даму барысында маңызды рөл атқармақ. Қазақстан халқының көп ұлтты құрамы бұл жағдайда ұлтаралық шиеленістерге жол бермейтіні өз алдына, қайта қазақстандық патриотизмнің қалыптасуына игі əсерін тигізіп, қоғамымыздың ілгері дамуына, басқа да елдермен, ең алдымен Ресеймен жан-жақты байланыста, қарым-қатынаста болуымызға жағдай туғызады.

«Ғасырлар тоғысында» кітабының тағы бір бағалы жағын атап өткіміз келеді. Бұл еңбек ұлы Абайдың ұждандық, адамгершілік өсиеттеріне негізделген қазақ жұртының дүниетанымдық көзқарасы мен қазақстандық еуразиялық идеяны байытып, жаңартып, жаңғырта түседі. Автор осы тұрғыдан өткен кезеңнің тиімді тəжірибелерін қабылдай отырып, қазіргі кезеңнің озық əлеуметтік қағидаларына сүйенген болашағымыздың өміршең екенін дəлелдейді.

Автор бұрынғы Кеңес Одағында ұлттық саясат бағытындағы сəтсіздіктердің себебі — қайта құру кезеңінде бұл салада түбегейлі, нақты жоспарлардың болмауы деп дəлелді айтады. Ұлтаралық қатынастағы дағдарыстардың басты себептерінің бірі — оның теориялық негізінің анықталып айқындалмауы еді. Ол кездегі биліктің жоғарғы сатысындағылар КСРО-ның соңғы жылдарының өзінде ұлт мəселелерімен шын айналысқан емес. Ел басшылары 80-жылдардың екінші жартысында теориялық негіздің жоқтығынан сол кездегі жағдайға ие бола алмауының салдарынан күш көрсету жолына барып, елді тығырыққа əкеп тірегенін автор дəлелді айтады. 1986 жылы Алматыда болған желтоқсан оқиғалары кезінде орталықтың шиеленістерді күш көрсету тəсілдері арқылы шешпек болған кертартпа іс-əрекеттері осындай зиянды тəжірибенің салдары еді.

Ұлтаралық қатынастың мəселелеріне ғылыми тұрғыдан келіп, өтпелі кезең кезінде өзіміздегі жəне дүние жүзіндегі бағалы тəжірибелерді мұқият зерттеу қажеттілігі — кітаптағы негізгі ой мен басты талаптардың бірі. Бұл арада біздің көп ұлтты республикамыздың алдында тұрған күрделі міндеттерді шешуге бағытталған аумақты ғылыми жұмыстардың бұған дейін өте аз болғанын мойындауымыз керек. Сондықтан ұлтаралық қатынастар, рухани өрлеу, жандану, мəдениетті, мемлекеттік жəне басқа да тілдерді, ұлттық дəстүрлерді дамыту проблемаларына арналған теориялық терең зерттеулер қажет екені бəрімізге де аян.

Бұл кітапта дүниежүзілік тағы бір құбылысқа назар аударылады. Н. Назарбаевтың пікірі бойынша, əлемдегі ұлттық қозғалыстар социалистік бағытта жүрмеген, социализм үшін күрес болмаған. Осы арада бұрынғы Ұлыбританияны мысалға келтіруге болады. Ол кездері ұлттық ынтымақтастық сезім таптық қайшылықтарға қарағанда əлдеқайда күшті болған. Таптық сезім оларды біріктіруші күш емес, тек ынмақтастырушы сезімдердің бірі болған. Ал қазақ халқы ортақ мүдде, ортақ сезім жетегімен, өз бостандығы үшін байы да, кедейі де біртұтас халық болып жұмылып, жоңғар басқыншылығына қарсы шықты. Халық қазақ мемлекеттігін құрушылардың маңайына топтасып, əдеттегі өмірдегі, тұрмыстағы ұсақ-түйектің бəрін сыртқа ысырып тастады, ұлттық намыс, ұлттық мүдде, ынтымақтық бірінші кезекке шықты. Мұндай мысалдар басқа халықтардың да тарихында көптеп кездеседі.

Ұлттық мүдденің таптық мүддеден жоғары болуы ұлттық əр түрлі əлеуметтік топтан құрылып, олардың əрқайсысының өз мүддесі бар екенін теріске шығармайды. Осының бəрі қоғамдық жəне мемлекеттік өмірге, тұрмысқа, ұлттық жəне ұлтаралық қатынастарға ықпалын тигізіп, ізін қалдырары сөзсіз. Мұндай түпкі ақиқатты мойындап, ескеріп отыру керек.

Ұлттық сезімнің басымдылығын көптеген факторлар дəлелдейді. Ерте уақытта қалыптасқан ұлттық-этникалық құбылыс əрбір адамның болмысына, тұрмысына, отбасына, қоғам мен мемлекет құрылымдарына ықпалын тигізбей қоймайды. «Адам қайда жүрсе де, туған бойдан, ана əлдиін ести сала, өзін қазақпын, орыспын, украинмын, грузинмін, өзбекпін деп сезінеді. Адамның ол сезімінің қандай үлкен калибрлі идеологиялық снарядпен атқыласаң да, бəрібір құрта алмайсың» [1; 167] дей келе, автор ұлттық ерекшеліктің тұрақты құбылыс екенін, оны жою мүмкін еместігін, əрбір ұлттық мəдениет пен діни сенімнің беріктігін атап өтеді. Барлық басшылықты бір орталыққа бағындырған бұрынғы КСРО-ның дəуірлеген шағында, «адамдардың тарихи жаңа қауымдастығы — кеңес халқы» деген идея, тұжырым қалыптасқан кезеңнің өзінде «...ұлттық-мемлекеттік бірегейлік, тілдік, мəдениеттік жəне аумақтық тұтастық, тіпті, ол аз десеңіз, бір кездегі мемлекеттіліктің, белгілі бір жұрнақтары жұртшылық санасында бұрынғысынша сақталып қалады» [1; 164]. Ұлттық қағидалардың топтаушы күш екені аталады. Əр ұлттың дамуына бірігіп, ынтымақтаса түсуіне жағдай жасауда осы жайларды ескерген жөн. Автор ұлттық идеяны ұлт артықшылығы деген идеяға айналдыру сол халықтың өзі үшін қауіпті екенін айта келіп, əдеттегі ұлттық сезім болмайынша, басқа ұлттың мəдениетін қадірлеу, бағалау да мүмкін емес екенін атап өтеді.

Автор Л.Н. Гумилевтың пікірлеріне қосылатынын білдіріп, ұлттық даму процестерінің əр жағдайда əр түрлі болатынын, өзіндік ерекшелік қасиеттерінен айырылған, бір-біріне ұқсас жалпы ұлт болмайтынын айтады. Балтық жағалау елдеріндегі, Орталық Азиядағы, Канада мен Испаниядағы, басқа да елдердегі шиеленістерді реттеу кезінде осындай ерекшеліктерді ескерген жөн болар еді. Бұрынғы КСРО-да əр аймақтарда болған ұлттық шиеленістерді əлеуметтік-саяси құбылыс ретінде бірыңғай, ұқсас оқиғалар деген шетелдік талдаушылардың пікірлерімен автор келіспейді. ХХ ғасырдың орта шенінде билік басына бірінен соң бірі ауысып, түрлі ұйымдар ашылып жатты. Əр біреуі өзіндік даму жолын ұсынды. Күрделі саяси жағдайда, немесе саяси орманда, адасып қалмау басты міндетке айналды. Осындай арпалыс уақытында саяси күрес аренасына шыққан зиялы топтардың іс-əрекеттеріне тоқталуды жөн көрдік, өйткені олардың жасаған жұмыстарына қарап, сол кездің толық тарихи суретін жасауға мүмкіндік бар. Əрине, зиялы қауым болып аталуына белгілі себептер бар; көкірегі ояу, көзі ашық, жоғары-орта білімдері бар, саяси көзқарастары қалыптасқан азаматтар болды. Бұл төңіректе Н.Ə. Назарбаев «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы жəне осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, əрі, ең алдымен, дəстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал», — деп көрсеткен [2; 156].

Ұлттық мүддені саудаға салуға болмайды, сол сияқты ұлттық көзқарас ұлтшылдық көзқарасқа ұласудан сақтануы керек. Автор осы тұста этнопопулизм демократиялық қоғамның денесіне тараған вирус екендігін дер кезінде көрсетеді. Н.Ə. Назарбаев А. Токвильдің революцияға берген анықтамасын да келтіреді: «...революция саяси мекемелерді жойды, азаматтық тəртіпті қиратуға кіріседі, заңдарды өзгертті, құлықты, əдетті тіпті тілді қайта жасай бастайды. Үкіметтік механизмді талқандап, қоғамның іргесін теңселтеді, ең аяғында құдайдың өзін алуға ден қояды» [1; 134]. Автор қазақ сахарасында революцияның қоғам мен мен экономиканы басқарудың əкімшілік жүйесін бірден күйретуге үзілді-кесілді кіріспегенін қанағаттанғандықпен айтады.

Өткен кезеңде əрбір ұлттық ерекшелікті ескерген ортақ ұлттық саясат жүргіздік деп келдік. Н. Назарбаев бұл мəселеге басқаша қарайды. Бұл арада əрбір ерекшелікті ескеріп, бір қалыпқа түскен стандартты, жылмағай саясат жүргізуден гөрі əр ұлтқа қатысты нақты саясат жүргізіп, ортақ мақсат— өзара түсіністік, бейбітшілік, тұрақтылықты қамтамасыз ететіндей жағдай жасаудың қажет екенін атап көрсетеді.

Н.Назарбаев республиканың басшысы ретінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету кезінде кейбір объективті қайшылықтар туатынын ескертеді. Ұлттық саясат қаншалықты жан-жақты қамтылғанымен, бұл қайшылықтардың объективті жəне субъективті түрде туу мүмкіншіліктерін жоққа шығара алмайды. Бұл əр ұлттың өзіндік ерекшелігінен, олардың мақсат-мүдделерінен, мəдени дəстүрлерінен туындайды. Бұл ерекшеліктерді қырнап, жылмағай етіп, біл қалыпқа түсіруге болмайды. Сондықтан ұлттық саясат ешбір қайшылықсыз қарым-қатынас жүргізуді көздемейді.

Бірыңғай ұлт жəне тіл саясатының негізгі мақсаты мұндай жайларға көз жұмып, елемеу, ескермеу емес, мəселені насырға шаптырмау, қайшылықтарға жол бермей, оны дер кезінде байқап, бақылап отыру. Бұл қағида болашақта да ұлттық саясаттың негізі, басты талабы болуы керек.

Осындай құнды, көлемді еңбекті оқығанды ХІХ ғасырдың белгілі публицисі, тарихшысы, философы Томас Карлейльдің мына бір сөздерін еріксіз еске аласың: «Адамдар бөлініп, бөлектеніп өмір сүре алмайды. Біз өзара мейрімді болып, жақсылық жасау үшін ғана емес, өзара реніш білдіріп, жүз шайысу үшін де бір-бірімізбен байланыста болуымыз керек» [3], — деген екен. Мұндай өзара реніштің заманы өтіп, оның орнына ұлтаралық түсіністік, үйлесімділік, бейбітшілік пен тұрақтылық орнауы керек.

Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабы өзі көрген, куə болып қатысқан оқиғалар негізінде түйген ойлары мен толғамдарынан туады. Оның басқа да ой-пікір иелері тəрізді, ғылымға, əсіресе қоғамдық ғылым саласындағы зерттеушілерге берері мол. Одан қоғамдық дамудың сипаты мен өзгерістері, оның себептері жайлы методологиялық жаңа бағдар алуға болады. Горбачев заманынан бері біздің ел басшылары теорияға көп жуымайтын. Содан бері бағыт-бағдарсыз, нақты бағдарламасыз, жоспарсыз уақыт легімен жүре бергінеміз де жасырын емес. Осы ағымды басынан өткізіп, ендігі жерде «түбегейлі теориялық тұғырнамасыз, қалыптасқан ахуалды теориялық тұрғыдан жан-жақты пайымдамайынша, салихалы саясат» [1; 27] жүргізуге болмайтынын автор орынды атаған. Əсіресе мұны ол Қазақстанда ұлт саясатын жүргізумен байланысты көрсетеді. Бұл мəселе көп ұлтты республиканың басты проблемасы екенін, Кеңес өкіметінің соңғы шағында оны ушықтырып алғанын еске алсақ, Н. Назарбаевтың ел басшысы есебінде ұлт мəселесін ылғи назарда ұстап отыратынын, оны дұрыс шешудің жолдары жайлы, өзінің ой-пікірі барын мойындауға тура келеді.

Елбасының жарыққа шыққан «Тарих толқынында» атты кітабы əркімнің көкірек күмбезіне тұнған шарболат сезімдерді шалқытады, бұйығы жатқан марқасқа, марғау көңілді сілкілей оятып, намысыңды жанығандай, отты, уытты ойларымен бойыңды шарпиды, баурайды. Бір ойдан бір ой ұшқындайды.

Əлемдік тарих пен əркелкі ғылым саласынан білігі қыруар автор өзі нысанаға алған тақырыбына орай əрқилы деректер мен мағлұматтар кешенін оңтайлы кіріктірумен қатар, арғы-бергі ғұламалардың пікірлерін де орнымен, ұрымтал пайдаланып отырады. Бірақ та ол тарих бұлтарыстары мен зобалаңдарын əсте бейтарап көзбен тіркеуші деңгейінде қалмайды. Кез келген құбылыс пен оқиғаны халқымыздың, енді ғана еңсе көтерген мемлекетіміздің зəру мүдделерінің биігінен екшеп, безбендейді, бабалар тағдыры мен кешкен тауқыметін сүзбелей отырып, жаңа заман, жаңа өркениет талаптары тұрғысынан өткеннен сабақ алу, жаңғыру мұраттарынан бір сəт айнымайды. Кітаптың жəне бір ерен қасиеті тарих кешендері мен кезеңдерін жүйелеу барысында бұрынғы таптаурын болған шиырларға табынбай, сұңғыла ойшыл қайраткерлік, сарабдал зерттеушілік танытып, көбіне- көп тың да батыл тұжырымдарын, тарихи құбылыстар мен оқиғаларға өз көзқарасын іркілмей, тайсақтамай білдіріп отырады. Автор түйіндері дəйекті, иланымды.

Қазіргі тарихи кезеңде ұлттық саясатты қалыптастыруды жүзеге асыру үшін тарих тағылымынан сабақ алып, ұлттық мемлекетті қайта қалпына келтіру, ұлттық сананы қалыптастыру жолындағы Алаш қайраткерлерінің қызметін терең зерделеп, жетекші ойларын басшылыққа алу орынды. Тəуелсіз елде Алаш даналарын тарихи сахнаға қайтарып, ұмытылмас тарихи тұлғалар тағылымына тағзым етуді жастар саясатының бір бағытына айналдыру өте орынды болмақ.«Кезінде «Алаш» партиясының жетекшілері ұсынған көптеген қағидалар күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр. Бұл ұлттық емес, патриоттық ұйым. Алдына қойған мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, оны осы заманға шындыққа бейімдеу еді» [2; 173].

Бұл тұрғыдан алғанда кітаптың жаңашылдық, ойшылдық қасиеті айрықша ден қойдырады. Адам қай жері ауырса, жанына батса, сол жайында сөз қозғауға, сырласып байқауға бейім тұратыны бекер ме? Ал, Елбасыше? Оның басында жұмыр басты пенде есебінде, бұл да жоқ емес. Бірақ оның жай- күйі, қам-қарекеті жай пендеден əлдеқайда, тіпті, мүлде өзгешелеу, ерекшелеу, зілмауырлау боларына таңданудың реті жоқ. Ол өзі үшін емес, ел-жұрты үшін, қолқа-жүрек перзенттері үшін тірлік кешеді. Ол алдымен өз жайын, қара басының қамын күйттемейді, елінің, жерінің, келер ұрпақтардың қамын жеп, қабырғасы қайысады, жатса-тұрса соны ойлап, қарманудан жалықпайды.

Кітаптың оқшау есте қалар ерекшелігі — əркімді ұлт есебінде өзін-өзі тануға, ұлтының тегін, тарихын, мəнезі мен қасиетін саралауға үндейді. Қазақ, біз қандай ұлтпыз, «Мен» дегізерлік, мақтан етерлік қасиеттеріміз қандай, ел-жұртымыздың арғы-бергі тарихында ұрпақтар айта жүрер тарихи тұлғалар, руханият көсемдеріміз кімдер? Болашағымыз қандай, қайда барамыз, ел есебінде аңсаған- көксеген мұраттарымыз нендей? Кітап авторын əрбір естияр азаматтың намысын түрткілер осы алуанда жүрекжарды сұрақтардың барлығы толғандырады. Туған елінің бар ауыртпалығы жан- жүрегін шамырқандырған Елбасы ештеңені бүкпей, ашық сырласады. Бірде арғы, бірде бергі тарих қойнауларына сүңгіп, бірде əлем кеңістігіндегі əрқилы елдер беталысына зер сала отырып, туған елі — Қазақстанның алыс-жақын болашағына көз тігеді. «Тарихтағы өз орныңды білу, бабаларыңды ру төмпешігінің деңгейінде емес, жалпы ұлттық өреде мақтан тұту, ұлан-байтақ Еуразия тарихында ұлы істерге ұйытқы болған қазақтар мен олардың бабаларының өзіндік орнын танып-түсіну, ұлттық қадір- қасиетіңді қорлайтын жаттанды жаралардан арылу — міне, ұлттық тұтастыққа кепіл болатын бігінгі күннің ең қуатты тетіктері осылар» [2; 67], — деп тебірене сыр ашады автор.

Мəселе — ұлттық қасиеттерді дəріптеуде ғана емес, қайта ұлттық салт-сана мен дəстүрдің жаңа заманға орай ұлттық түлеуімізге, бірлігімізге, Қазақстан дейтін мемлекетіміздің нығаюына қызмет ететін оңды, өркенді үлгілерін жарқырата жаңғыртуда, аяққа оралғы болатын кертартпа атаулыны аластауда. Елбасы кітабынан осындай сəулелі, жарқын ойлар маздайды. Қазақ дейтін ештеңеден кенде, ешкімнен кем халық емес. Ол — дана халық, дарынды халық, сайыпқыран халық. Оның көп ғасырлық тарихы да, бүгінгісі де, ертеңгі болашағы да кербез əрі кемел екеніне күмəніңіз болмасын!

«Біздің алдымызда төл тарихымызды қалпына келтіріп, оның жетістігі мен кемшілігін, жеңістері мен жеңілістерін барша шындығымен көрсету міндеті тұр» [1; 32], — деп жазады Елбасы.

Мəселе — біз қазақпыз деп əлемдік мəдениет үлгілерінен қымтана, оқшаулануда емес, ұлттық төлтума саралық пен даралықтан еш айырылмай, алыс-жақын əлеумет, өркениет дəстүрлерінің ұлттық есеюімізге, гүлдене көркеюімізге сеп болар келісті, жағымды көріністерінен бойыңды қасақана аулақ салмай, толыса кемелденуде.

Н.Ə.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында: «1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті. Олар жүз жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тəртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйенің алдында бірінші болып айылдарын жиған жоқ. Жастар бұдан əрі кез келген ұлтқа тəн ұлттық мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мəлімдеді», — деп дəл бағалаған.

«Желтоқсан пəлен жылдар бойына мызғымас қамал саналып келген Кеңестік империяның іргесін мүжіп, көбесін күйретіп, ақыры жер бетінен жойылып тынуына ұрындырған пəрменді соққы болып тиді. Осы орайда Желтоқсан қозғалысын, біріншіден, ішкі ұлттық маңызы бар оқиға (ұлттың өзін-өзі тану сезімінің оянуы), екіншіден, жалпыодақтық деңгейдегі (одақтас республикалардың егемендігіне серпін берген) оқиға ретінде, үшіншіден, əлемдік маңызы бар (социалистік лагерьдің күйреуінің басталуы) аса салихалы көп сипатты əлеуметтік сілкініс — атышулы тарихи феномен ретінде бағаласа да артық емес», — дейді жазушы, мемлекет қайраткері Əбіш Кекілбаев.

Автор ұлт мəселесін жан-жақты талқылай келе, сөз соңын мына сөздермен аяқтайды: «Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын. Бейбіт тəсілдерге ғана жүгініп, шиеленіс пен кикілжіңнің ережелеріне мойынсұнғым келмейтіндігі де сондықтан» [2; 211]. Əрбір қазақстандық осы бір қағиданы бұлжытпай орындауы Қазақстан мен оның халқының бұдан былай да өркендеп өсіп, дамуының маңызды кепілі болмақ.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н.Ə. Ғасырлар тоғысында. — Алматы: Өнер, 1996. — 270 б.
  2. Назарбаев Н.Ə. Тарих толқынында. — Алматы: Атамұра, 1999. — 294 б.
  3. referaty.ru

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.