Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Лексикондағы білім көріністері

Жеке инсанның сөзінен (бізше, лексиконынан) оның не білетінін, қанша білетінін, қалай білеті- нін байқап отыруға болады. Адамның сөйлегенінен ойының жүйесін, білігінің өресін айқындау, тіпті, ғылыми «микроскоппен» үңілуді де қажет етпейтіндей. Алайда тілді дұрыс жұмсау, прагматикалық пайдалы құрал ретінде пайдалану жолдарын білу, соны аккумуляциялау тіл білімінің қоғам болаша- ғын қамдайтын бір парызы деп санауға болады.

Инсан басқалардан сөйлеу арқылы коммуникация жасау үдерісін іске асырумен ерекшеленеді. Қазіргі кездегі қазақ тіл біліміндегі маңызды мəселелердің қатарына сол тілдік қарым-қатынастың та- нымдық, психолингвистикалық, прагматикалық т.б. сипаты мен ерекшелігін қарастыру жатады. Жал- пы қарым-қатынастың ойдағыдай орнауына инсанның білімі, ақпараттың дұрыс берілуі, уəжділік си- яқты мəселелер ықпал етеді. Инсанның білім қоры адам мінез-құлқын реттеуші тетік пен қатысым жасау кілті екендігі анық. Сонымен қатар білім түрлері қабылдау, сөз саптау, сөз өндіру үдерістері кезінде оқығанымыз бен естігігенімізді, көргеніміз бен жазғанымызды талқылай алуға жəне оны жақ- сы түсінуімізге мүмкіндік тудырады.

Соңғы кезде жалпы тіл білімінде білім түрлері (қорытынды, аялық, кəсіби, процедуралық), тағы басқа əр қырынан зерттеліп, оның бірқатар мəселелері қазақ тіл білімінде де қарастырылып жүргенді- гі белгілі. Дегенмен білім түрлері мен олардың қызметі толық шамада лингвистикалық зерттеу пəні болып қалыптаса қойған жоқ.

Кез келген сөйлеу əрекетіндегі мəтінді қорытынды білімге (тілдік жəне энциклопедиялық) сүйе- не отырып, өзектендіруге жəне саналы түрде іске қосу арқылы түсінуге болады. Қорытынды білімнің əр инсанда əр түрлі болуы, сол инсанның тəжірибесімен, білімімен, ділімен байланысты. Себебі тіл- дік таңбаның таңбалаушы қызметі сыртқы дүниемен байланысында емес, инсанның өмірден көрген- білгені, оқығаны-тоқығаны, көңілге түйгені білімнің негізі болып табылады. Зерттеушілер арасында қорытынды білім туралы түрлі пікірлер бар. Бұларға ортақ жайт — ділдік лексикон арқылы сөз мағы- насын түсінудегі, мəтін жобасын жасаудағы қорытынды білімнің рөлін, оның қандай ерекшеліктері мəтін жобасының айтарман жəне тыңдарман талғауындағы инварианттылықты қамтамасыз ететінді- гін, оған негіз болатын қандай тірек элементтер бар екендігін айқындап алу мақсаты.

Білім инсанның санасында туыла салысымен дайын тілдік формада болмайды. Оның қалыпта- суы өте күрделі құбылыс. Уақыт өте келе өмірлік іс-тəжірибесімен жинақтала береді. Бірақ осы ай- тып отырғанымыз белгілі бір уақыттарда ұзақ мерзімді жадыда жатталып қалған дайын тілдік құры- лымдарға қатыссыз.

Соңғы жылдары лингвистер, психологтер, психолингвистер, жасанды интеллект зерттеушілері қо- рытынды білім ұғымына көңіл бөліп келеді. Зерттеу мақсатына сəйкес, олардың əрбірі қорытынды бі- лім ерекшеліктеріне, оның қолданысында айрықша рөл атқаратын əр түрлі тіректерге назар аударады.

А.А.Залевская мəтінді түсіну теориясы үшін негізгі тірек деп саналатын қорытынды білімнің үш түрін көрсетеді. Біріншіден, қорытынды білім сөздің мағынасына ғана тəуелді болатын логикалық қо- рытындыдан бастап дүниенің тілдік бейнесі туралы егжей-тегжейленген білімдерді қолдануға дейін қамтиды. Екіншіден, кейбір жағдайларда қорытынды білім мəтіндегі оқиғаларды байланыстыру үшін аса қажет (қорытынды білім мұндайда аса маңызды көпір рөлін атқарады). Үшіншіден, мəтінде сипатталған жағдаят туралы қорытынды білім автордың ниеті туралы қорытынды білімге, яғни, мəтін- нің прагматикалық интерпретациясымен қарсы қойыла салғастырылуы мүмкін [1; 268]. Бұл білімнің ділдік лексикон түзілісімен байланысы мəтінді оқу кезінде білімнің жұмсалуынан, мəтін мазмұнының санаға сіңіп кодталуынан көрінеді.

Айталық, қазақ халқында жиі жұмсалатын «қатын алма, қайын ал» деген қолданыс инсанның Н.Ю.Караулов көрсеткен үш деңгейіне тəн қорытынды білімдердің ерекшеліктерін байқатады. Ол бойынша, нөлдік, яғни вербалды-семантикалық деңгейдегі инсанның, қазақ халқының мəдениеті мен ділі жөнінде хабары жоқ болғандықтан, бұл қолданыстың уəжділігінен мүлдем алшақтайтыны дау ту- дырмаса керек. Себебі бар: бұл деңгейдегі адам қайын жұрттың жігітке жар алғаннан кейін ғана ба- рып қосылатын жұрт екендігін бағамдап, «əуелі жар алмаса, онан бұрын қайын жұрт қайдан болсын» деген тəрізді екіұшты түсінікте болады немесе тіпті пайымдай да алмайды. Рас, осылай қабылдау, көп жағдайда, біздің халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігі мен салт-санасы жайлы түйгені аз тұлғаларға тəн. Сондай-ақ халқымыздың тілі мен ділі жөнінде дерегі бар когнитивтік деңгейдегі инсан сол белгі- лі болған аялық білімінің негізінде бұл қолданысты қабылдағанда салқынқанды пікірде қалуы мүм- кін, анығында, ол (инсан) үшін өзінің ата-бабалары қалдырған өсиет сөзі «шешесін көріп, қызын ал» қолданысымен сайма-сай есептеледі де, негізгі мəселені тəлім-тəрбие, отбасы бірлігіне тірейді, нақты айтқанда, онда уəжділікті шындыққа біршама жақындату мүмкіндігі бар. Ал прагматикалық деңгей- дегі инсан мұның уəжділігін толық игеруге құзыретті, атап айтқанда, отбасылық жағдайға қатысты бұл қолданыстың баба тіршілігінде, ең бастысы, «сүйек асылдандыру» мақсатын көздейтіндігін ай- қындау арқылы тек тəлім-тəрбие ғана емес, осы тұста сонымен қатар тектілік мəселесіне ден қойыл- ғандығын жəне ескереді. Мысалы, ұлтымыздағы сөз қаймағын қалқыған жыраулар поэзиясының соң- ғы өкілі Бұқар баба ділгір прагматик ретінде «қатын алма, қайын ал» қолданысындағы уəжділікті бы- лайша сипаттаған:

Жал, құйрығы қаба деп,

Жабыдан айғыр салмаңыз!

Қалың малы арзан деп,

Жаман қатын алмаңыз!

Жабыдан айғыр салсаңыз,

Жауға мінер ат тумас.

Жаман қатын алсаңыз,

Топқа кірер ұл тумас.

Сонда аталған осы үш деңгейдегі инсан үшін ортақ мəселеге деген көзқарас, пікір нəтижесінде олардың қорытынды білім дəрежесі көрініс беретіні анықталады.

Ескере кетерлік бір жайт — қорытынды білімнен əр уақытта да 100 пайыз деңгейінде дұрыстық байқалады деуден аулақпыз. Себебі қорытынды білімнің екі сипаты бар: бірі болжамға, екіншісі ай- қындыққа негізделеді. Айталық, когнитивтік деңгейдегі инсан пікірі сөз болған қолданыс турасында «отбасы ұйытқысы — тəрбиелілік». Қорытынды білімнің айқындыққа негізделуі өз ішінен екі жақты сипатта: ол — нөлдік жəне прагматикалық деңгейге де тəн. Нөлдік деңгейге қатысты айқындық деп оның (инсанның) ұлт ділінен мүлде бейхабар болуының салдарынан туындайтын біржақтылығын атауға болатындай, сондай-ақ прагматикалық деңгейдегі айқындылықты инсанның, керісінше, ұлт ді- лі жайлы толыққанды мағлұматының болуынан түйген пікірінен танимыз. Бұл тұста екі деңгей үшін де өз ұстанымдары — одан əрі дəлелдеуді қажет етпейтін айқындық.

Осыған орай, Дж.Кестің осы бағыттағы кейінгі жылдар зерттеулерін жинақтау арқылы қорытын- ды білімнің екі типін басшылыққа алуын орынды санаймыз. Олар: «шүбəсіз ақиқат қорытынды» («на- верняка истинное») жəне «ықтимал ақиқат қорытынды» («возможно истинное»). Бұл — қорытынды білімге қол жеткізудің дедуктивті жəне индуктивті тəсілдерімен байланысты [1; 269].

Дегенмен сөз етілген үш деңгейлік инсандар да өз мамандығына қатысты кəсіби білім, күнделік- ті тұрмыс жағдайында естіген-көрген тəжірибесі негізінде қалыптасатын аялық білімдеріне (сөз етіл- мек тақырып аясы тұрғысынан) сүйенетіні анық. Осы аталған қосымша білімдері негізінде онда (ин- санда) қорытынды білім қалыптасады да, қандай да бір құбылысты, мəтінді қабылдауда қашан да сол қалыптасқан қорытынды білімге сүйену арқылы қабылдайды, сонысына қарай ой түйеді, субъективті пікір білдіре алады. Мұнан қорытынды білімнің де жеке тұлғаның хабарды өзінше интерпретация- лауы негізінде қалыптасатын ой-түйіні арқылы көрініс беретіндігі аңғарылады. Сонда қорытынды білімнің белгілі бір дəрежеде импликация, пресуппозиция, мəтін, аялық білім ұғымдарымен байланы- сып жататыны келіп шығады.

Қорытынды білім жадыдағы тілдік емес деңгейге тəн. Ол мағыналық бөлшектер мен сөз тіркес- тері түрінде емес, пресуппозициялар мен логикалық импликациялар түрінде өмір сүреді. Пресуппози- ция сөйлемнің шын мəніндегі нағыз компоненті болса, имплицитті дегеніміз «жасырын», «көмескі- ленген» дегенді білдірсе, ондай болғанда «логикалық импликация», «логикалық жасырын бөлшек- тер» болады. Қорытынды білім — бұл инсанның материалдық жəне рухани байлықтарды игеруінің нəтижесі. Оның шындық өмірге қатысы айтылыстардан көрініп, оған жан-жақтылық сипатын береді.

Аталған терминдердің (импликация мен пресуппозиция) лингвистикаға логикадан енгендігі бел- гілі. Импликация мен пресуппозицияның тіл біліміндегі түсіндірмесі кейбір пайымдаулардың ақиқат- тығы немесе жалғандығы ұғымдарымен тікелей ұштасып жатыр. Мысалы, қос пікірден логикалық байланыстыру арқылы бір күрделі пікірді құрап шығаратын «ұластыру амалы» логикада импликация терминімен аталады. Тілде ұшырасатын имликативтік логикалық байланысқа «егер..., онда...» шарт- тылық формалары сəйкес келеді. Бір сөзбен айтқанда, сол күйінше декодталуға тиіс «А» формасының мазмұны қабылдауда «В» түріне ауысады, яғни қандай да бір мазмұн айтылуда өзгеше форманы таң- дайды [2; 168]. Осыдан болуы керек, қазақ тіл білімі зерттеулерінде ұшырасатын пікірлерде де мұны «ойды астарлап, тұспалдап жеткізу» тəсілі деп қарайды [3].

Логикада имплициттік шарттылық ретінде түсіріліп тастаған, жария емес, көмескі, алайда белгі- лі бір ой-тұжырым арқылы жобаланып өз-өзінен түсінілетін шартты, ал имплицитті деп бір нəрсенің бойында болатын, бірақ айқын көрінбейтін нəрсе аталады [2; 171].

Ділдік лексиконның даму, құрамының, сапасының өзгеруіне импликация жолымен жобалап түсі- ну қатты ықпал етеді, лексиконда жаңа түзілістердің пайда болуына итермелейді. Ал имплициттілік, басқаша айтсақ, көмескілеп ұсыну лексиконды қозғалысқа келтіру мүддесін туғызады, өйткені танық- тықтан анықтыққа қарай ұмтылыстың болуы адамның психикалық ойлауына тəн, еріксіз құбылыс екендігін əр жеке тұлға біледі. А.Н.Баранов импликацияны «айқын көрсетілмеген нəрсе» деп анық- тайды [4; 288]. Кейбір лингвистердің еңбектерінде импликация тек біржақты түсіндіріледі. Мұндай импликацияларды логикалық байланыстардан айыру үшін Г.Грайс оларды коммуникативтік импли- катуралар деп атайды [5].

А.Н.Баранов сөздігі бойынша, импликатура — сөйленім мағынасының бір бөлігі. Ол айтылған нəрсенің сөзбе-сөз мағынасынан бөлініп шығарылады, мұнда бейконвенционалды импликатуралар жағдайында қорытынды — жағдаяттар туралы білімге негізделеді, ал конвенционалды импликатура- лар жағдайында қорытынды əлем туралы жалпы білімге негізделеді [4; 288]. Дж.Томас «қорытынды білім» жəне «импликация» ұғымдарының арасындағы айырмашылықтарды лингвистикалық прагма- тика тұрғысынан талқылайды. Дж. Остиннің адамдардың нені ашық айтатынын жəне ол кезде ойла- рында не тұратынын ажырату туралы пікірін қарастыра отырып, Дж. Томас, Г.Грайс теориясы тура- лы былай дейді: «Бұл теорияны тыңдаушының айтылған нəрсенің ішінен, ойда болған, айтылуға тиіс- ті нəрсені қалай бөліп алатындығын түсіндіруге талпыныс деуге болады» [1; 270].

Г.Грайс түсіндірген жалпылаушы импликатуралар (олар универсалды, үнемі ескерілетін болады) мен дискурс импликатураларының (бұлар белгілі бір ситуативтік контексте ғана қолданылады) ерек- шеліктерін айқындай отырып, Дж.Томас импликатура жəне қорытынды білім, астарлы ұғыну (подра- зумевание) жəне бөліп алу (выведение) ұғымдарының ара-жігін ашу қажеттігінің екі себебін атайды: біріншіден, интерпретацияның осы екі деңгейін араластыру Г.Грайс теориясын дұрыс түсінбеуге не- гіз болады, екіншіден, ағылшын тілді елдерде кеңінен таралған осы екі терминнің өзін араластырып жіберу болып шығады. Имплициттеу дегеніміз — тұспалдау, бір нəрсені тілдік құралдар арқылы тіке- лей емес, жанамалай көрсету, меңзеу. Мысалы, оқытушы дəрісханаға кіріп келіп: «Ертең сынақ-емти- хан аптасы басталады» дегенде, ол «сабаққа дайындалыңдар» дегенді меңзейді. Мұндай тұспал-иша- раны студенттер дұрыс түсінуі де мүмкін немесе оған мəн бермеуі де ықтимал. Осыдан барып импли- циттілікті «айтылмайтын», алайда «тұспалданатын» деп анықтайтын тұжырымның көңілге қонымды- лығы байқалады.

Қорытынды білімге сүйене отырып, тыңдаушы тілдік, паратілдік (ым, ишара) немесе бейтілдік сипатта көрініп тұрған айқындықтан бір тұжырым, қорытынды жасайды. Дж.Томас сөйлеуші (автор) тұспалдаған нəрсе туралы тыңдаушылар (оқырмандар) əр алуан қорытындылар жасайтынын мысал- дармен дəлелдейді.

Пресуппозициялар сөйлемнің имплицитті семантикалық компоненттерінің үлкен тобына жата- ды. Пресуппозиция дегеніміз — «семантикалық нəтиже-салдардың əдеттегі логикалық нəтиже-сал дарға сəйкеспейтін ерекше түрі» [6]. Логикада «пресуппозиция» ұғымы шындық, ақиқаттық мағына- лар терминдерінде қолданылады.

А.Н.Баранов сөздігінде сөйлем мағынасының (мəнінің) — осы сөйлем қалыпты жағдайда қолда- нылғанда ақиқат, шын болатын жəне, сөйлеушінің пікірінше, тыңдаушыға таныс болатын бөлігі — пресуппозиция ретінде көрінетіндігі аталады. Мұндай жағдайлар прагматикалық пресуппозициялар деп анықталады [4; 464]. Мұны (прагматикалық пресуппозицияны) отандық зерттеуші Б.Жақыпбеков «бір мазмұнның түрлі формаларда, құрылымда жеткізілуімен» қатысты қарастырады [7].

Ф.Кифер пресуппозиция түрлерін толық, жан-жақты талдайды [8], А.А.Залевская: «Пресуппози- циялар сөйлем болғандықтан, олардың өз пресуппозициялары болуы мүмкін», — дейді [1; 271], яғни əңгіме бірінші, екінші т.б. қатардағы пресуппозициялар туралы болып отыр. И.Беллерт: «Кез келген сөйленімнің семантикалық интерпретациясы дегеніміз — сол сөйленім негізінде жасалатын қорытын- дылардың немесе нəтиже-салдарлардың жиынтығы. Мұнда тіл жүйесін білу, ситуация жəне əлем ту- ралы білім тірек ретінде алынады, бұл тілдік жəне энциклопедиялық білімдер негізінде импликация- лар мен жалған импликация (квазиимпликациялар) алуға мүмкіндік береді», — дейді [9]. Осы сөйле- німнің өз семантикалық функциясын атқаруына қажетті ситуативтік жағдайларға қатысты пресуппо- зициялар болады.

Қазақ тіл біліміндегі прагмалингвистикалық бағытта жазылған тұңғыш еңбектің авторы З.Ш.Ер- назарова «сөйлесім мазмұнын анықтайтын шарттарды» пресуппозиция деп атап, оның экзистенцио- налды, семантикалық жəне прагматикалық түрлерін көрсетеді [10].

Көріп отырғанымыздай, импликация, пресуппозиция санаттарын талқылағанда, оның инсан са- насындағы білім қорымен байланысы назарға ілінбейді. Дей тұрсақ та, бұл санаттардың жоғарыда көрсетілген үдерістері ділдік лексикон көлемінде болатын қозғалыс, құбылыстарға əсер ететіні сезі- леді. Мəселен, бұған имплицитті мағынаны түсіну инсанның аялық білім деңгейіне қатысты екендігі жайлы пікірге [11] сүйенер болсақ, бұлардың ділдік лексиконға байланыстылығы айқындала түседі. Сондай-ақ ділдік лексиконмен пресуппозицияның байланысатын түп себептерін былайша түсіндіруге болады: адамның жария болған сөзі оның ой-санасының ақиқат, шындық болмыспен қатысқа түске- нін білдіреді. Ой-сананың болмысқа, болмыстың ой-санаға қатысынан білім келіп қалыптасады. Ал оның өмірдегі, қарым-қатынастағы көрінісін сөзден табамыз. Пресуппозиция «менталитет» ұғымы- ның құрамына кіретін «ой қыртысы» компонентіне сəйкес келеді. Инсанда қатысымның жалған не шынайылығын анықтайтын білім қоры болады. Сонымен қоса «пресуппозиция» ұғымы ділдік лекси- конда тілдің əр деңгейлі бірліктерінің қолданысқа түсуін, сонымен байланысты мағыналарда болатын өзгерістерді, жадыдағы жасырын мəннің қалыптасуын анықтауға, негіздеуге көмектеседі. Осылардан мынаны байқауға болады: қорытынды білімнің қабылдаудағы пайдаға асуына жағдай туғызатын мик- робөлшектері — пресуппозиция жəне имплициттілік. Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытын- ды жасауға болады. Белгілердің өздерін жеке емес, оларды сөз өндіру жəне сөзтүсінілім барысындағы қолданылу стратегияларымен тығыз байланыста зерттеу керек. Мұнда сондай-ақ бірегейлену (иден- тификация) үдерістерінің ерекшеліктеріне қарай қорытынды білімнің түрлеріне жете көңіл бөлінуге тиіс. Сөз бірегейленуінің спираль тəрізді үлгісі мен сөзді жеке лексикондағы бірқатар психологиялық үдерістердің (ұғымдық-логикалық, эмоционалды-бағалау) жемісі ретінде жəне осы үдерістердегі бай- ланыстар қиылысындағы түйін ретінде түсіндірілуі — сөздің тікелей хабарланып, қабылданып отыр- ған ақпарат шегінен асып шығуға қабілеттілігін көрсетеді, сондай-ақ ол (сөз) ішкі контекст (вербалды жəне бейвербалды, саналы ұғынудың əр түрлі деңгейлерінде қолданылады) арқылы алуан сипатты қорытынды білімдерге қол жеткізу үшін тірек болады. Сонымен, естілетін немесе оқылатын мəтінді түсіну жəне айту үдерістерінде адамның біртұтас ақпараттық базасына ену құралы ретіндегі сөздің рөлі зор. Ол базада перцептивтік, когнитивтік жəне аффективтік тəжірибелердің нəтижелері сақтала- ды. Ол тəжірибе жеке ділдік лексикон бірлігі ретіндегі сөзді ішкі контекстке қосқанда өзектенеді, со- ның нəтижесінде жадта əлемнің əуел бастан ұласпалы жəне ауқымды бейнесі, ондағы байланыстар мен қатынастар, бағалар мен əсерленулер түгелдей «сəуле береді».

Адам сөзді қолдану немесе идентификациялау (бірдейлестіру, ұқсастыру, түсіну) кезінде əр түр- лі белгілерге сүйенеді. Онда тура жəне көп сатылы қорытынды білімдер (тілдік жəне энциклопедия- лық, декларативтік жəне процедуралық) ескеріледі. Сөз өндіру мен сөз қабылдау барысында адамдар арасында білім де ауысады, бір инсаннан келесі инсанға тасымалданады, нəтижесінде ділдік лекси- конға қол жеткізіледі.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Залевская А.А. Введение в психолингвистику. — М.: РГГУ, 2000. — 382 с.
  2. Кондаков Н.И. Логический словарь-справочник. — М.: Наука, 1975. — 720 с.
  3. Матжанова Г.Ж. Іскерлік сөйлеу тіліндегі сендіру категориясының ерекшеліктері (АҚШ-тың іскерлік мəтіндері негізінде): Филол. ғыл. канд. ... автореф. — Алматы, 2006. — 6-б.
  4. Баранов А.Н., Добровольский Д.О. Англо-русский словарь по лингвистике и семиотике. — М., 1996. — 647 с.
  5. Грайс Г.П. Логика и речевое общение // Новое в зарубежной лингвистике. Лингвистическая прагматика. — М., 1985. —Вып. 16. — С. 217–237.
  6. Арутюнова Н.Д., Падучева Е.В. Истоки, проблемы и категории прагматики // Новое в зарубежной лингвистике. Лингвистическая прагматика. — М., 1985. — Вып. 16. — С.
  7. Жақыпбеков Б.Ə. Бұйрықты сөйлемдер жəне олардың көркем əдебиетте қолданылуы: филол. ғыл. канд. ... автореф. —Астана, 2002. — 7-б.
  8. Кифер Ф. О пресуппозициях // Новое в зарубежной лингвистике. Лингвистика текста. — М., — Вып. 8. — С. 337– 369.
  9. Беллерт И. Об одном условии связности текста // Новое в зарубежной лингвистике. Вып. 8. Лингвистика текста. — М., 1978. — С. 172–207.
  10. Ерназарова З.Ш. Сөйлеу тілі синтаксисінің прагматикалық аспектісі. — Алматы, 2001. — 70-б.
  11. Дина Б.Б. Қазақ тіліндегі мақал-мəтелдердің танымдық-прагматикалық аспектісі: Филол. ғыл. канд. ... автореф. —Алматы, 2002. — 28 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.