Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кенесары көтерілісінің қаһарманы Мəнжі батыр туралы зерттеу

Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең көлемді шарлаған «туған ел» ұғымы бар уақытта да қан-тамырымыздың лүпіл-бүлкіліндей естіледі.

Жүгі нарда, қазаны теңде болып көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы үш нəрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өткен. Олар — туған ел, туған жер, ата-анамыз, қасиетті ана тіліміз. Тəуелсіздік үшін қасық қаны қалғанша күресіп жауды жағадан алған бабаларымыздың аманаты, бойтұмары — Жер ана. Жер-ананың төл туындылары — айдын-шалқар көлдер, құпияға шомылған қайнарлар, асау таудай толқынды серік еткен өзендері мен ғажайып кеңдігінен бəріміз де бастау алдық.

Кешегі кеңестік идеологияның пəрменінен именіп, том-том тарихымыз архивтердің қабырғасынан аса алмай қалған еді. Тəуелсіз елдің таңы атқалы көне заманның көшінде тарау-тарау ізі қалған толғақты оқиғалардың тереңіне бойлайтын да уақыт жетті. Шүкір дейміз. Осындай оқиғалардың бірі XIX ғасырдағы Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ хандығының ұлт-азаттық көтерілісі болды. Хан Кене алдында болған көтерілістерден сабақ алып, қорытынды жасаған еді. Біріншіден, ол белгілі бір аймақты ғана қамтыған қарсылықтар ешқандай нəтиже бермейтіндігіне көз жеткізді. Сол себепті бүкіл халықты көтеру қажеттілігі айқын болды. Екіншіден, қазақтардың ұлт- азаттық қозғалыста Ортаазиялық хандықтармен одақтасудың қауіптілігін түсінді. Тəуелсіздікке қол жеткізгеннен бері, күні бүгінге дейін «халық жауы, бүлікші» аталып келген ұлт-азаттық көтерілісінің бастамашысы — Кенесары ханды тарихшылар ақтап алып, оның қазақ халқының азаттығын көксеген көсемдігін жария етуде.

Туған елі мен жерін таптап, жермен-жексен етуге ұмтылған жат жерлік отаршылдарға қарсы қай халық болсын, қашан да қарсылық көрсететіні, ешкімнің де езуге көнгісі келмейтіні аян. Қорлық- зорлыққа көнбей ашынып, ең алдымен, қарсы тұратындар — əлбетте, көкірегі ояу көшелілер, көсемдер мен батырлар. Сондай батырлардың бірі — Кенесары Қасымұлымен бірге сары даланың шаңын шығарып ат үстінде өткізген Мəнжі батырдың туғанына биыл 200 жыл толды. Ол өз халқының сүйікті перзенті бола тұра, Кенесары хан заманындағы азаттық пен бостандық идеясын бүгінгі ұрпаққа жеткізді. Қазіргі тəуелсіз мемлекетіміздегі қазақстандық патриотизм рухы өз бастауын осындай танымал перзенттердің ғұмырынан, өнегелі істері мен абыройлы тағылымынан алады деп тұжырымдауға толық негіз бар. Батырдың мерейтойына арнап белгілі ғалым Рашит Əл- Каренидің (Кареновтың) «Хан Кене көтерілісінің қаһарман сардары — Мəнжі батыр (туғанына 200 жыл толуына орай)» атты монографиясы жарық көрді*.

Академик Р.С. Кареновтың осы еңбегінде қазақ халқының отаршылдыққа қарсы күресі тарихындағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің ерекше орны көрсетілген. Кітапта Хан Кененің батасын алған, өжеттілігі мен ерлігі, алғырлығы мен айбары, ақылы мен айласы асқан хас батыр Мəнжі Күржікейұлы жайлы жан-жақты зерттеу жүргізілген.

Монография он бөлімнен тұрады. Алғашқы үш бөлімде 1837–1847 жылдары Кенесары хан басқарған ұлт-азаттық қозғалыс, оның халық əдебиетіндегі жəне тарихи зерттеулердегі бейнесі, ұлт- азаттық қозғалысына қатысқан атақты қазақ батырлары жайлы сөз болады.

Кітаптың ортаңғы тарауларында хан Кененің сенімді серігі, сайын даланың сардары — Мəнжі батырдың туғанына 200 жыл толғандығы туралы, Мəнжі батыр ерлігіне арналған дастандар, жырлар, естеліктер жайлы, Мəнжі батыр атындағы мектептің бірқатар игі бастамаларға мұрындық болып жүргендігі жөнінде айтылған.

Соңғы бөлімдерде Мəнжі батырдан тарайтын Жəментік, Шəуе, Қара (Оразбек), Ырысбек аталарымыздан шыққан əулеттер тарихы туралы жазылған.

Монографияда зерттеуші-ғалым екі мəселеге айрықша ден қойған. Оның бірі қазақ халқының тəуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық қозғалысы болса, екіншісі — сол қозғалыстағы қол бастаған халық батырларының əлеуметтік келбетін ашып көрсету, олардың биік рухы мен айбындылығын алты Алашқа жария ету.

Ұлт-азаттық қозғалысының сипатын зерттей келе, автор оның үш мəнді белгісін ашып көрсеткен: біріншісі — қозғалысқа жалпы ұлттық идеяның тəн болуы; екіншісі — қозғалыс алға қойған негізгі мақсаттың анық та, ашық түрде мемлекеттік билік мəселесіне келіп тірелуі; үшіншісі — қозғалыстың басында ұлт зиялыларының саяси көрегендік, қолбасшылық кемелдік, дипломатиялық қасиеттері бойында бар көрнекті өкілдерінің тұруы.

Автордың пайымдауынша, Қазақстанда орын алған ұлт-азаттық қозғалыстарының жалпы ұлттық идеясы отарлық езгіден құтылуға елдің елдігін, тұтастығын сақтауға сайды. Ел — байырғы түркі заманынан бері желісі үзілмей келе жатқан, қадірлеп, қастерлеп ұстауды талап ететін қазақтың санасында берік орын тепкен құндылық. Ал, елдің негізі — жер. Осы тұрғыдан келгенде Е. Бекмахановтың «Кенесары патша үкіметі, Қоқан мен Хиуа тартып алған қазақ жерлерін қайтару, Ресей қарамағында қазақ халқының біртұтас мемлекетін құру ұранымен күреске шықты. Өздерінің мақсаттары үшін, ең алдымен, тартып алынған жайлауларын, жайылымдарын қайтару үшін күрескен қалың бұқараның қатысуы көтерілістің кең өріс алуын қамтамасыз етті», — деген байламында терең əдістемелік түйін бар. Жерден айырылу елдің экономикалық негізін шайқалтуға əкеледі жəне керісінше. Саяси дербестік халықты экономикалық кіріптарлықтан қорғауға, кемел экономикалық əлеует өз кезегінде саяси тəуелсіздіктің іргетасын бекемдеуге мүмкіндік туғызады деп ой түйіндейді автор.

Кітапта қозғалысқа тартылған əрбір əлеуметтік қауымдастық азаттықтың, тұтастықтың мəнін дөп басып танығанмен, берері мен болашағын өздерінше болжағандығы да сөз болған. Азаттықтан алар ханның сыбағасы би, батырлардың сыбағасынан, ал соңғыларынікі бай мен қараның сыбағасынан өзгеше боларын əрқайсысы ұғынғандығы да айтылған. Автор, əрине, Ресейдің бодандығына кірген күннен бүкіл қазақ даласы, барлық қазақ баласы бір кісінің отбасындай тек азаттықты, тəуелсіз мемлекет шаңырағын көтеруді аңсады демеген, себебі бұл тарихымызды тым əсірелеп жіберген болар еді. Расында да, ақ патшаға жан-тəнімен қызмет еткен итбайлар, қоңырқұлжалар есімдері қағазға қатталып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп отыр. Бұлардың қатары тек аға- сұлтан, сұлтан-правитель сияқты ресми лауазымды қызмет басындағылардан тұрды деген тұжырым да əдістемелік жаңсақтыққа апарары сөзсіз.

Монографияда отарлаудың сорақылықтарын біле-көре тұра туған елінің өсіп-өнуін империя тағдырынан тыс көз алдына елестетпеген, Ресей құрамында қала беріп, өркениетке жетуді мүмкін санаған, тұлғалардың əлеуметтік қауымның əр кезеңдегі — ХVІІІ, ХІХ ғасырлардағы, ХХ ғасыр басындағы дүние танымы арнайы зерттеуді талап ететіндігі көрсетілген.

Автордың тағы бір байқағаны — өлке болашағын Ресеймен байланыстыра қарастырғандар маңызды мəселе ретінде бірде саяси тəуелсіздікті, ұлттық қауіпсіздікті, əлеуметтік-экономикалық дамудың, өнеркəсіптік-индустриалды жолға түсудің мүмкіндіктері мен нұсқаларын сөз қылса, екіншіде ағартушылыққа, оқу-білімге үлкен үмітпен қараған.

Патшалық билік тұсында мемлекеттілігінен айрылған Қазақстан бірнеше əкімшілік-аумақтық бағыныштылық пен талапайға ұшырады. Елдің ақпараттық тұтас кеңістігінен айрылып, оған демографиялық діни жаңа үдерістер қосылған соң, жалпы ұлттық идея өзінің міндеті мен көздегені жағынан əр аймақта əр түрлі болғанына əдістемелік мəн беру қажеттігі туралы ұсыныс жасалған. Мысалы, отарлық қанаудың күшеюімен Орта жүз бен Кіші жүзде 1836–1838 жылдары Исатай- Махамбет, 1837–1847 жылдары Кенесары хан басқарған ұлт-азаттық қозғалыс жүріп жатқанда, оңтүстік аймақта патшалықтың өктемдігі əлі орныға да қойған жоқ болатын. Мұнда дəурені өткен, ертең өзі де отарға айналатын ортаазиялық билеушілер Ұлы жүз қазақтарын зар илетіп мықтымсынып жүрген еді.

Автордың көрсеткеніндей, қазақ даласының əр аймағында қалыптасқан нақты тарихи ахуалға қарай мұраты бір, міндеті əр алуан қазақ идеясы осылайша дүниеге келген. Тек ХХ ғасыр басында ғана, яғни отар өлкеге айналу аяқталғаннан жарты ғасырдай уақыт өткенде, бүкіл өлкенің азаттығын, қазақ мемлекетін құруды, оянуды ту еткен жалпықазақ идеясы Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап кетті. Ал оның бастау бұлағында бұрындары, кеңес заманында айтқандай пролетарлық төңкерісті дайындаған большевиктер емес, аз таралыммен-ақ қазақтың тілі, құлағы, көзі бола алған — «Қазақ», «Айқап» сынды газет-журналдар, Алаш автономиясының идеясын ұсынған А. Байтұрсынов, Ə. Бөкейханов, М. Дулатов басқарған либералды-демократиялық зиялылар тұрды.

Монографияда ұлт-азаттық қозғалысының мемлекеттік билік мəселесімен байланысы да егжей- тегжейлі талданған. Мемлекеттік билік мəселесін күн тəртібіне қоймаған əлеуметтік сілкініс бар болғаны ашыну, бүлікшіл, қарақшылық дəрежесінде қалады деп есептейді автор. Əрісі түркілер, берісі қазақтар көшпелі өмір салтын кеше жүріп, мемлекеттік билік тəрізді құндылықтардың парқы мен нарқын ежелден-ақ терең ұғынған. Əйтпесе жер-суын, тауы мен даласын, қағандығын, хандарын, батыр-билерін, заңдарын дəріптеген, мадақтаған, ұлықтаған жыр-аңыздарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізбес еді, мəңгі тасқа қашап жазбас еді.

Мемлекеттік билікті қолға алмай ұлт-азаттық қозғалысының діттеген мақсатына жетпейтінін идеологиялық шығармашылық тұрғыдан бекемдеген Махамбет тұжырымы Кенесары бас болған əлеуметтік сілкіністерде нақты шешімін тапты деп ой қорытады автор.

Автордың бағалауынша, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің маңызы да, салмағы да, төл тарихымыздан ойып алар орны да ерекше. Өйткені аталмыш алапат айқас алдына қойған арман-мақсатының айқындылығымен де, ауқымдылығымен де күллі Алашты ортақ мүддеге жұмылдыра білген жалпыхалықтық сипатымен де дараланып тұрады.

Автордың көңіл аударған бір мəселесі, Кенесары Қасымұлының бастаған көтерілісінің басқа көтерілістерден басты ерекшелігі Қазақстанның барлық аумағын, яғни Үш жүзді қамтуы еді. Көтеріліс барысында Кенесары əскерінің саны 20 мыңға дейін жетті. Хандық билік қалпына келтіріліп, Қазақ хандығы қайта құрылды. 1841 ж. қыркүйекте қазақтың Үш жүзі өкілдерінің Ұлытауда өткен Құрылтайында Кенесары Қасымұлы бүкіл қазақ ханы болып жарияланды. Хан Кене əскері Қоқан хандығының қол астындағы Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршауға алды. Бұл бекіністерді азат ету көтерілісшілердің жігері мен жауынгерлік рухын көтерді. Қазақ жерінің аумақтық тұтастығын қалпына келтіру, оның дербестігін сақтау туралы Кенесарының саяси талаптары Ресей императоры I Николайға, Орынбор губернаторлары В. Перовскийге, В. Обручевке, Сібір губернаторы П. Горчаковқа, Орынбор Шекаралық комиссиясының төрағасы А. Генске жолдаған хаттарында ашық баяндалды.

Кітаптың мазмұнына арқау болған екінші келелі мəселе — елі мен жерін жаудан қорғаған өжет, қайтпас күш иелері, ата-мекенде елдіктің уызын ұйытқан, халқының еңсесін көтерген батырлар тұлғасының сыр мен сынға толы əлеуметтік бейнесі.

Батыр туралы сөз бастаудың, ой тастаудың басты шарты — қазақты тану жəне қазақты таныту, осы түйінді міндеттердің басты жолы мен өтімді тəсілдерін өзара үйлестіру. Қала берсе, батыл ізденіс-əрекетті жасампаздық күшпен əлеуметтік қауымның құралына айналдыру. Ұрпақ ұсақтап, халық жалтақтап, жастар арасында ездік пиғыл орныққан сайын ерлердің тəжірибесінен тəлім алудың, ерлердің өнегесінен үлгі алудың, ерлердің өнегелі дəстүрі мен тəсілін меңгерудің маңызды екендігі анағұрлым артуда.

Халқымызда батырлар туралы аңыз-əңгімелер, жыр-дастандар өте мол. Себебі қазақ тарихының бағдары мен беттерін, оның батырлары — қолбасшылары, ел басшылары, би-шешендері, мəмлегерлері, саясаткерлері əрі қарай ұштастырды. Олар батылдығы басым, күшті əрекеттің басы- қасында болды, халқымен бірге қоян-қолтық өмір сүрді, халқының салт-дəстүрін сақтай білді.

Сан алуан батырлар елдің тірегі де, тұтқасы да болғандар. Олар — жігерлі де намысқой жауынгерлер, абыройы бір басынан асқан ерлер. Ел-жұрт батырлардың ерлігімен, естілігімен, ептілігімен бақытты, беделді болған, өсіп-өнген. Батырлар қаншама көп болмасын, олар – халық дəстүріндегі ескіліктің жəрдемшісі, жаңалықтың жаршысы, естіліктің белгісі, ерліктің үлгісіндей. Батырлар ерлігінде халық өнегесінің ізі, тарих оқиғасының қисыны суреттеледі. Батырлар əрекетінде ел мінезі, ұрпақ ұғымы, ел қиялы қабаттасып жатады. Батылдық қара күште ғана емес, епті қайратта, айла-амалда. Батыр басы сонысымен бағалы, батыр аты сонысымен ардақты еді. Батырлар бейнесі ұрпақтар арасында сомдалған, ел қиялынан туындаған тұлғалық, батырлар беделі — ел хикаясындағы естеліктер мен əңгімелер.

Автордың бірнеше жылдар бойы дайындаған осы еңбегінде қалың қазақты атқа қондырған ұлт- азаттық көтерілістің бас сардарларының бірі, ақтық демі біткенше Кене ханның ең сенімді серігі бола білген мыңбасы — Мəнжі Күржікейұлы баһадүр жайлы сыр шертілген. Кенесарының құрметіне бөленген Мəнжі батырдың хан сарбаздарын даярлап, жаттықтырып, дайындаудағы сардарлығы бір бөлек; жекпе-жекке шығып, жау жыққаны бір бөлек; жеке шауып, шеп бұзғаны бір бөлек сараланған. Олардың əрқайсысы жеке-жеке талданып, зерттеліп, кейінгі ұрпаққа өнеге ретіндегі үлгілі істердің басы болары сөзсіз.

Қазақтың хас батырларының бірегейі, туған елінің тəуелсіздігін көксеп, басын бəйгеге тіккен, елінің бостандығы үшін ажалға қарсы шапқан, арыстандай арпалысқан аяулы, ардагер батыр Мəнжі Күржікейұлы 1815 ж. қазіргі Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында дүниеге келіп, шамамен 1911 ж. қайтыс болған. Арғын-Алтай тайпасының Қареке руынан шыққан.

Автордың байқағанындай, Мəнжі батырдың өмірі — небір қиындыққа, қыспақ пен қиянатқа толы ғұмыр. Ол — патшаның отарлау саясатына қарсы шығып, қол бастаған атақты батыр. Оның бүкіл өмірін, ерлікке толы іс-əрекетін XIX ғасырдың орта кезінде өткен əйгілі оқиға — Кенесары хан Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысынан бөліп алып қарауға болмайды. Мəнжі батыр — өз ғұмырында туған елінің тəуелсіздігі мен бостандығын, еркіндігі мен егемендігін армандап өткен тарихи тұлға.

Кітаптағы хан Кене əскерінің шешуші шайқастарда жеңіске жетуі қол бастаған батырдың тапқырлығы мен шеберлігіне байланысты десек, Мəнжі батыр бойына сондай қабілеттерді жинай білген сардар. Осындай ерлердің ерлігі арқасында қалың елдің бірлігі сақталып, жүгірген аңның тұяғы тозып, ұшқан құстың қанаты талатын ұланғайыр даланың ұлтымызға ұя болғанын бүгінгі ұрпақ біле жүргені жөн. Оның себебі кешегі кеңестік жүйе кезінде дала қазағы «жабайы» саналып, елі мен жеріне соқпай, батыры мен бегі жоқтай айтылып, жазылып, тұтас ұлт сауатсыздар санатында саналғаны жасырын емес. Ал, ел тəуелсіздік алғаннан кейін оң-солымызға қарап, өткенімізді саралап, өшкенімізді іздеген кезде асылдарымыздың тот баспай жарқырай көзге түскенін көріп жүрміз.

Монографияда айтылғандай, патшалық Ресейдің озбыр отаршылдығы салдарынан көптеген ұсақ халықтар жер бетінен жойылып кеткені бүгінде тарихи ақиқат. Арманы көп аз халықтардың амалсыз күресінің алдыңғы шебінде атойлап, қашан да алға шығатындар — тағы да сол айтулы батырлар.

Хан Кене секілді, Ұлы тұлғамен үзеңгілес жүріп, жосын жорықтарда қалың қолды бастаған Мəнжі батырдың тұлғалық ерекшелігін сомдау, оның ұлағатты ісін ұрпаққа таныту — бүгінгі буынның алдында тұрған үлкен міндет. Осы бағытта, ең алдымен, ел тарихындағы Кенесары хан жайлы қатталған деректерді қазбалап, сол арқылы батыр бабамыздың болмысын ашу мақсатында аймағымыздың ғалымдары мен тарихшылары, ақындары мен ұлтжанды азаматтары үлкен шығармашылық ізденіспен еңбек етуде.

Соңғы уақытта Мəнжі батырдың асқан ерлігіне арналған бір кітап, екі тарихи дастан жазылды.

«Азаттықтың қаһарманы Мəнжі батыр» атты кітапты жарыққа шығарған, осы монографияның авторы көрнекті ғалым Рашит Саттарұлы Каренов болса, дастандардың біреуінің авторы белгілі ақын Сəбит Бексейіт, екінші дастанды жазып қалдырған ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі марқұм Солдатхан Орайханұлы. Бұл туындыларды оқып отырып ұлтжанды азаматтар қатты тебіренеді. Ойлардан көкіректері өксіп, көздеріне жас тығылады. Ал жас ұрпақ үшін бабаларымыздың батырлығы мен ақыл-парасаттылығын көрсететін батырлар жырының Отанға деген сүйіспеншілікті оятудағы, туған елді ардақтаудағы, ұлттық рух пен идеологияны қалыптастырудағы, туған тілді құрметтеудегі, бабалар аманаты мен ел тағдыры үшін өзінің де жауапты екендігін сезінудегі тəрбиелік тəлімі мен берері мол. Өткен күнге ой жіберсек, осыдан 10 жыл бұрын Мəнжі батырдың 190 жылдық тойы аталып өтті. Бұл тойдың алдында бізге қуанышты хабар жеткен еді: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы № 497 Қаулысы (№ 1 қосымшасы) бойынша Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Қаражар ауылындағы орта мектепке Мəнжі батырдың есімі берілді. Батыр тойын өткізуге арнайы қабылданған бағдарламаның аясында бірінші кезекте Мəнжі Күржікейұлының болмысын бейнелейтін танымдық, тағылымдық шаралар қолға алынды. Расында, бұл іс-шаралардың маңызы ерекше. Себебі олар ұлт тарихын жастарға ұғындырады; 1837– 1847 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің алдыңғы шебінде айқасып, арбасқан жаудан айбынын асырған, ерлігімен елді аузына қаратқан Мəнжі Күржікейұлының батырлық болмысының бірте-бірте биіктей түскенін көрсетеді. Мəнжі Күржікейұлын тек батырлық бейнесінде қалдырмай, оның шешендігін, өз дəуіріндегі əлеуметтік ахуалды қалыптастыруға бағытталған көсемдік келбетін де таныстыру үшін мектепте «Мəнжі батыр мұражайы» ашылды.

Автордың ойынша, басты назарда болатын, əрбір адам үшін ерекше қағида болып қалыптасқан мəселе — бүгінгі əр қазақтың, əр қазақстандықтың тəуелсіздік, дербестік жағдайында өмір сүруі; сол тəуелсіздіктің күні кешегі батыр-бабаларымыздың төгілген қанымен, ғажайып əдеби, мəдени мұраларымен келгендігі.

Сөз соңында айтарымыз, оқырман қауымға жол тартқан бұл еңбек ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдар бойы аңсаған арманы — Тəуелсіздік үшін жүргізген ұлт-азаттық қозғалыста басшылық жасаған Кенесары хан Қасымұлының отаршылдыққа қарсы көтерілісінде бас сардарлардың бірі болған, ақтық демі біткенше Кене ханның ең сенімді серігі бола білген мыңбасы — Мəнжі Күржікейұлы баһадүр жайлы жазылған мəңгілік құндылығы бар шығарма. Сондықтан отансүйгіш əрбір қазақ азаматы өскелең ұрпақты елжандылық рухында тəрбиелеу үшін осындай қаһарман Мəнжі батырдай ұлдарының есімдерін асқақтата беруге үлес қоса отырып, жылдар мен ғасырлар өткен сайын баһадүрдің Отаны үшін жасаған керемет ерліктерін уағыздай берген абзал.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.