Отбасы

Мақалада мемлекет тарапынан көмекке мұқтаж қоғам мүшелерін қарастырды. Мемлекеттің әлеуметтік қорғаудың басқару механизмдері мен элементтеріне көңіл бөлді.
2016

«Мы ставим великие цели во благо нашего народа, и поэтому я призываю все политические партии, общественные объединения, всех Казахстанцев активно участвовать в работе по достижению главной цели Стратегии-2050
2014

Қазақсатан Республикасы Алматы облысы Қарасай ауданындағыауыл тұрғындарының денсаулық жағдайы мен тамақтануын озіндік бағалауын зерттеу болып табылды. 
2014

Бұл жұмыста "медико-әлеуметтік түзетудің Қалалық наркологиялық орталығында" диспансерлік есепте тұратын ПАЗ-ды қолдану салдарынан дамыған психикалық және іс-әрекеттік бұзылыстар диагнозымен Алматы қаласының бір ауданындағы кейбір клинико-элеуметтiк,сипаттамалар көрсетілген.
2015
Тег: Отбасы

«Жас отбасы» - күрделі жəне неке-отбасылық институтының тұрақсыз кезеңі болып табылады. Некеге тұрғаннан кейін, жас отбасында алғашқы тұрақтандыру процесі басталады яғни некенің алғашқы кезеңі отбасылық интеграциямен жəне адаптациямен сипатталады. Интеграция - бұл өз еркімен бірігу, ерлі-зайыптылар əртүрлі отбасылық өмірдің аспектісі бойынша позицияларын, көзқарастарын жəне пікірлерін сəйкестендіру. Осыған мынандай маңызды сұрақтар жатады: өзара қатынас жасау стилі; материалдық-тұрмыстық, отбасылық бюджет мəселелері; рухани өмір мен демалысты өткізу; интимды өмір, баланы күту жəне оның туылуы; ата-анамен өзара қатынасы, ерлі-зайыптылардың кəсібке жəне қоғамдық іс- əрекетке, қоғамдық құндылықтарға деген қатынасы. Отбасының интеграциясының сəттілігі бейімделусіз өтпейді [1].
2011
Тег: Отбасы

Отбасылық тəрбиесіз баланың үйлесімді дамуы мүмкін емес, бұл тəрбие қоғамдық тəрбиемен бірлесіп нығая түсуі керек. Отбасы мен қоғам – бір жүйенің кіші жəне үлкен үлгілері. В. Сатир жазғандай: «Отбасы қоғамдағы біріктіретін күш болуы керек, оның алатын кеңістігі мен мүшелерінің санының шағындығы соншалықты, олар бір-бірі туралы бəрін білетін, тіпті бір бөлмеге-ақ сыйып кететін қоғамның санаулы одақтарының бірі». Отбасы туралы жаңа ұрпақтарды қоғамдық тəрбиелеудің бөлігі ретінде айта отырып, оның осы жүйедегі мəнділігін назардан тыс қалдырмау керек. Ата-ана балаларының əлеуметтік құндылықтар кешенін, дүниеге деген көзқарасын, бағдарын, қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен əдеттерін қалыптастырады.
2011

Жұбайлардың өзара қабалдауының өзгеруі неке өткелінің өсуімен байланысты болады. Ерлі- зайыптылардың қатынасының сипаты олардың отбасылық құндылықтарымен рөлдік көзқарастарының, яғни кім белгілі бір отбасылық сфераны жүзеге асыруының сəйкес келу деңгейіне тəуелді. Отбасылық функциялар тұлғаның санасына ене отырып, отбасылық құндылықтардың бағдары ретінде көрінеді. Құндылықтар иерархиялық шка- ланы қалыптастырады. Ерлі-зайыптылар отбасылық құндылықтар шкаласына сəйкес белгілі бір отбасылық функцияны бірінші орынға шығарады.
2011
Тег: Отбасы

Зерттеудің мақсаты – қазіргі отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен үй шаруашылығының кіріс деңгейі көрсеткіштерін сипаттайтын негізгі статистикалық мәліметтер беру және отбасының негізгі мәселелерін дәйектеу. Әлеуметтік-демографиялық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда отбасы үлгісіне қатысты әртүрлі болатын зерттеу жүйесін дамыту бойынша ғылыми негізделген кепілдемелер және әдістемелік (қолданбалы) нұсқамалар дайындау.Зерттеуде жүргізу үдерісінде экономикалық және статистикалық сараптау, салыстыру және сараптама, сондай-ақ дәйектеу арқылы баға беру сияқты әдістері пайдаланды.Бірегейлігі/құндылығы: алынған тұжырымдамалар теоретикалық тұрғыдан демографиялық жағдайдың деңгейі жоғары болғанда, заманауи отбасылары мәселелері өз шешімін тапқан кезде маңызды, сондай-ақ жастарды отбасылық өмірге дайындау барысында, рухани тәрбиелеу, мәдени және тарихи дәстүрлерді, отбасылық құндылықтарды сақтауға үйрету  кезінде негізгі тұрғыдан маңызды.Зерттеу нәтижелері: Қазақстан Республикасы халқының демографиялық жағдайы бойынша зерттеулік жұмыстар жоғарыда көрсетілген өзекті мәселелерді толықтай қамтыған кезде ғана оларды шешуге көмегін тигізеді.Отбасы, сәбидің дүниеге келуі, отбасы мүшелерінің денсаулығы, білім алу, сапалы өмір сүруге талпыну.Ата-аналар отбасы мәселелеріне қатысты жауапкершілікті сезген кезде ғана мемлекет тарапынан пайдалы шешілімдер таба алады. Алынған ең маңызды нәтижелер төмендегідей қорытындыланады:көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, мүгедек балалары бар отбасылар, студенттер, нарықтық қарым- қатынасқа көшкен жұмыссыз отбасыларының экономикалық жағдайлары туралы статистикалық сипаттамалар берілген;төменгі кіріс көлемін, денсаулық сақтау және білім беру (оның ішінде мектепке дейінгі мекемелер) салаларының ақылы қызмет көрсетуге ауысуы, кіріс көздерінің тұрақсыздығы, жұмыссыздық, әсіресе жастар арасында жұмыссыздықтың көбейуіне қатысты салыстырмалы сараптама дайындалды.
2013
Тег: Отбасы