Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

2008-2012 жылдар аралығындағы оңтүстік қазақстан облысы бойынша стационарлық токсикологиялық қызметке шолу зерттеуі

ТҮЙІН

Мақалада Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша соңғы бес жылдағы токсикологиялық қызмет жүмысының сапалық көрсеткіштеріне тиісті шолу зерттеулері, сонымен қатар жедел улану жағдайларын және өлім-жітім деңгейін төмендетуі бойынша үсыныстар келтірілген.

Кілт сөздері: жедел улану, өлім-жітім, гипербариялық оксигенация, нарықтық экономика, психоэмоционалдық фактор.

Адам денсаулығын қорғауда токсикологиялық қызметтің алатын өзіндік орны бар. Жыл өткен сайын түрмыста жаңа химиялық заттар пайда болып, оларды қолдану ережелері күрделеніп, бүрынғы қажетті мөлшерлері өзгеріп жатқаны жасырын емес. Оның үстіне адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен психоэмоционалдық факторлардың өзгеруі жедел улануға ықпал ете бастауы байқала басталды.

Зерттеудің мақсаты. Жедел улану түрлерінің өзара қатынастарындағы өзгерістеріне шолу жасап, олардың басты себептерін анықтау. Неғүрлым өлім-жітімі жоғары улануларды айқындап, олардың басты себептеріне назар аудару.

Зерттеудің міндеті. Аса қауіпті жедел уланулардың алдын алу, олардың өлім-жітімін азайту мақсатында қажетті шараларды қарастыру болып табылады.

Зерттеудің материалдары мен әдістері. Т.О.Орынбаев атындағы Облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығы 2008-2012 жылдар аралығындағы токсикология бойынша жылдық есептері, науқастардың медициналық картасы және Қарағанды, Алматы қалаларының токсикология бөлімшелерінің бір-бір жылдық сапалық көрсеткіштері.

1 Кесте - 2008-2012 жылдар арлығындағы токсикологиялық қызметтің сапасы

Көрсеткіштер

Жылдар

2008

2009

2010

2011

2012

Емделген науқастардың саны

2935

3101

2445

2273

2485

Төсек орын айналымы

107,5

118,4

94,2

87,5

117,9

Төсек орынның орташа үзақтығы

3,3

2,6

3,6

3,8

3,5

Өлім-жітім саны

39 (1,32%)

29 (0,93)

32 (1,3%)

23 (1,01%)

16 (0,64%)

Зерттеу нәттижелері. Науқастардың бөлімшеге түсіп емделуі алғашқы жылдармен салыстырғанда едәуір төмендегені байқалады. 2008 жылмен 2012 жылдың ішіндегі емделіп шыққан науқастардың саны 25%- ға азайғаны байқалады. Зерттелген жылдар аралығындағы жедел уланулардың ішінде 1 -ші орынды алкоголь және оның суррогаттарымен жедел улану, 2-ші орынды дәрі-дәрмекпен жедел улану, ал 3-ші орынды көмір тотығы мен табиғи газбен улану иеленіп, олар бүрынғыша өз орындарын сақтап қалған. Алайда, жыл өткен сайын олардың сандық көрсеткіштері мен уланулардың өзара салмағы үлкен өзгеріске енген. Алкоголь және оның суррогаттарымен жедел улану 2008 жылы барлық жедел уланулардың 52,4% қүраса, ал бүл көрсеткіш 2012 жылы 31,7% төмендеген, дәрі-дәрмекпен жедел улану 2008 жылы барлық жедел уланулардың 18,6% қүраса, ол 2012 жылы 26,34%-ға артқан. Сондай-ақ жиілігі жағынан 3-ші орынды иемдеген көмір тотығы мен табиғи газбен улану 9,6%-дан (2008 ж.) 17,29%-ға (2012 ж.), яғни екі есеге жуық артқан.

Өлім-жітімі жоғары болып келетін күйдіргіш улармен уланудың жиілігі барлық уланулардың ішінде 6,37%-ды (2008 ж.) 9,93%-ды (2012 ж.) қүрап, яғни 1,5 есеге жуық артқаны байқалады. Алайда, осы улану түрімен түскен науқастардың өлім саны бүрынғыша болып келгенімен олардың арасындағы өлім-жітім 6,9%- дан (2008 ж.) 4,04%-ға дейін (2012 ж.) кеміген. Алкоголь және оның суррогаттарымен улануда өлім-жітім көрсеткіші 1,17%-дан 0,63 %-ға дейін азайған. Ал, дәрі-дәрмекпен жедел уланудағы осы көрсеткіш 0,54%-дан 0,15%-ға дейін кеміген. Осы көрсеткіштерді республикадағы көршілес ірі қалаларда орналасқан (Алматы, Қарағанды қалаларында) токсикология бөлімшелерінің сапалық көрсеткіштерімен салыстырғанда да оң нәтижені байқауға болады.Қолда бар деректерді салыстырып көргенде оған көз жеткіземіз.

2 Кесте - Емделген науқастардың улану түрлері мен сандық көрсеткіштері

Уланудың нозологиялық түрлері

Жылдар

2008

2009

2010

2011

2012

Күйдіргіш умен улану

187

187

186

220

247

Дәрі-дәрмекпен улану

546

559

440

532

655

Алкогольді ішімдіктермен улану

1538

1702

1334

875

790

Көміртегі тотығымен және табиғи газбен улану

266

254

217

327

430

ФОҚ-мен улану

2

4

11

7

-

Есітркілермен улану

18

16

19

10

22

Мұнай өнімдерімен улану

28

20

35

51

47

Жәндік улармен улану

251

178

109

163

178

Өсімдік уымен улану

34

88

51

60

35

Бояулармен улану

44

36

18

15

1

Уланудың басқа түрлері

21

57

4

13

81

Мысалы, 2013 жылы Қарағанды қаласындағы токсикология бөлімшесінде күйдіргіш улармен улануда өлім-жітім 6,3%, 2011 жылы Алматы қаласында 5,17% болған, ал сол жылдары зерттеудегі бөлімшеде осы уланудың түрі бойынша өлім-жітім 5,8% (2010 ж.) және 3,6%-ды (2011 ж.) қүраған. Дәрі-дәрмекпен

уланулардағы бүл көрсеткіште солай бағыт алған. Яғни, Қарағандыда 0,89%-ға, Алматыда 1,26%-ға ие болса, Шымкентте ол көрсеткіш өз жылдарына сай 0,23%, 0,37% болған. Немесе алкогольды ішімдіктермен уланғанда сырт қалаларда 1,85%-ды және 1,43%-ды қүраса, ол көрсеткіш зерттеліп жатқан қаладағы бөлімшеде жылдарына сай 1,43%-ды, 1,25%-ды қүраған.

Зерттеу нәтижелерін талқылау. Зерттеудің алғашқы жылдарында жедел уланулармен науқастардың стационарлық көмекке жиі жүгінгендігі және олардың соңғы жылдары азаюының басты себебі түрғындар арасында салауатты өмір салтының қалыптасуының алғашқы көрінісі екендігін мойындауымыз керек десек те, оның ішінде жедел уланудың басым көпшілігін қүрайтын (52,4%) алкогольдік ішімдіктермен уланудағы алкогольдік заттардың сапасының жақсаруы, қолдан жасалатын ішімдіктердің азайып, оларға жүргізілетін қадағалау мен бақылау шараларының күшейтілгенінің жемісі болса керек. Жалпы уланулардың санының азаюын осымен де түсіндіруге болады. Жүргізілген зерттеу жылдар аралығында елдегі нарықтық экономиканың қалыптасуы мен психоэмоционалдық факторлардың күрделенуі, шиеленісуі дәрі-дәрмекпен суицидтік жолымен уланудың өсуіне алып келгенін жасыруға болмайды.

Ал, көміртотығы және табиғи газбен уланудың екі есеге жуық артуы бүрынғыдай пеш мүржаларының уақтылы тазаланбай, жаңа жылу қондырғылардың пайдалану технологиясын дүрыс жүргізбеу мен оны толық меңгермеу болып отырса да, осы өңірге жаңадан қоныс аударған (Өзбекстаннан) түрғындардың санының артуымен де түсіндіріледі. Емдеудегі өлім-жітім көрсеткішінің жоғары болып түратын күйдіргіш әсері бар улармен уланудың артуы әлі де болса жоғары концентрациялы сірке қышқылының сауда орындарында еркін сатылуы мен нарықтық экономикадағы адамдар арасындағы қарым-қатынаста кездесетін психоэмоционалдық ахуалдың түрақсыздық салдарынан туындап отырған жағдай екені белгілі. Уланудың барлық түрлеріндегі емдеудің ең бағалы көрсеткіші болып есептелетін - өлім-жітімнің төмендегі стационарға дейінгі медициналық көмек пен стационарлық кешенді ем сапасының артуымен байланысты және соңғы жылдары клиникалық жағдайда экстракорпоральды детоксикациялық әдістердің кеңінен енгізілуі арқасында байқала бастады.

Қарағанды және Алматы қалаларында бөлімшелердің сапалық көрсеткіштерімен салыстырғандағы оң нәтижені де зерттеген бөлімшедегі мүмкіншілігі мол, гипербариялық оксигенация жүргізуге арналған көп түрлі барокамерасы бар (көп орынды «Арыс-МТ» барокешені, «Қазақстан-МТ» жылжымалы транспорттық ауа-оттегі барокамерасы, «БЛКС-03» бір орынды барокамералары) мекемеде емделгенімен үғынуға болады. Әрине, барлық токсикология бөлімшелері стандарттық клиникалық тіркемелерді басшылыққа ала отырып емдеу шараларын жүргізеді. Ал, зерттеліп отырған токсикология бөлімшесінде уланудың көптеген түрлеріне экстракорпоральды детоксикация әдісі ретінде гипербариялық оксигенация кеңінен қолдана алады. Өлім- жітімнің төмен дәрежеде болуы да бір жағынан соның арқасында болса керек. Токсикологиялық зақымданудың патогенезінде жалпы гипоксияның орын алуы ерекше. Гипербариялық оксигенация гипоксияның барлық түрлерінде патогенетикалық негізделген ем болып есептелінеді.

Қорытынды. 1. Өткен жылдардың емдік көрсеткіштеріне шолу зерттеулерін жүргізу, оларға назар аудару келешектегі мақсатты шараларды үйымдастыруға, жоспарлауға тиімділік әкелуге өз ықпалын тигізеді. 2. Жедел уланулардың алдын алу мақсатында түрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларына көп көңіл аудару қажет. Бүл шаралар жедел уланулардың алдын алуға үлкен ықпал етеді. 3. Өлім- жітімі жоғары болып табылатын күйдіргіш улардың ішінде сірке қышқылының жоғары концентрациялы ерітінділерін (70%) еркін сауда жүйелерінен сатуға тиым салынып, концентрациясы төмен, көп мөлшерін қабылдағанда жедел улануды шақырмайтын концентрациясы төмен ерітінді даярлау жолын қарастыру лазым. 4. Гипербариялық оксигенацияны кеңінен қолдану мақсатында көрсетпесі бойынша токсикологиялық науқастарды емдеу тіркемелеріне (баротехникасы бар емдеу мекемелеріне) өзгеріс жасау қажет.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Бобков Ю. Г. Первая доврачебная помощь при лекарственных и бытовых отравлениях : справочное издание / Ю. Г. Бобков, В. Б. Симоненко, О. Ю. Урюпов, С. Ф. Фролов. - 2-е изд., доп. - Л. : Медицина. Ленингр. отд-ние, 1982. - 192 с. - (Б-ка среднего мед. работника)
  2. Ефимова Л. К. Лекарственные отравления у детей : монография / Л. К. Ефимова, В. М. Бора. - Киев : Здоровья, 1995. - 384 с
  3. Ильяшенко К. К. Токсическое поражение дыхательной системы при острых отравлениях : монография / К. К. Ильяшенко, Е. А. Лужников. - М. : Медпрактика-М, 2004. - 176 с
  4. Лужников Е. А. Острые отравления : Рук. для врачей / Е. А. Лужников ; Е. А. Лужников, Л. Г. Костомарова. - М. : Медицина, 1989. - 461 с. : ил
  5. Могош Г. Острые отравления : Диагноз, лечение / Г. Могош. - Бухарест : Медицинское изд-во, 1984. - 580 с
  6. Николаев Л. А. Доврачебная помощь при заболеваниях и отравлениях и уход за больными : учебное пособие / Л. А. Николаев. - 2-е изд., испр. и доп. - Минск : Выш. шк., 2000. - 504 с
  7. Алманиязова С. Ж. Бешенство / С. Ж. Алманиязова // Медицинский журнал Западного Казахстана. - 2012. - № 2
  8. Блинов А. С. Инсектный анафилактичечский шок в практике специализированной реанимационной бригады / А. С. Блинов, Д. В. Калинин // Эскулап. - 2010. - № 7. - С. 4.
  9. Лазарев С. В. Как уберечься от осы / С. В. Лазарев // ОБЖ. Основы безопасности жизни. - 2012. - № 8. - С. 51.
  10. Голиков С.Н., Саноцкий И.В., Тиунов Л.Н. Общие механизмы токсикческого действия. Л.:Медицина, 1986. - 280с.,илл.
  11. Клиническая токсикология детей и подростков. Часть вторая. Под редакцией Марковой И.В., Афанасьева В.В., Цыбулькина Э.К. Санкт-Петербург, 1999. - С. 115-123.
  12. Тулеев И. И др. Применение гипербарической оксигенации при остром отравлении алкоголем и его суррогатами. Гипербарическая физиология и медицина. Москва. - 2003. - №3. С. 4-5.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.