Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дәрілер өндірісін жобалауда қолданылатын компьютерлік бағдарлама

АННОТАЦИЯ

Мақалада өндірісте орын алатын жобалау-конструкторлық қызмет жайлы сөз қозғалады және оған қажетті арнайы бағдарлама жайында баяндалады. Арнайы бағдарламаның көмегіне жүгінгендегі орындалатын сызба-конструкторлық жобалаулардың ерекшеліктеріне тоқталады.

Кілт сөздер: сызба-конструкторлық жобалау, дәрілер өндірісі, компьютерлік бағдарлама.

Еліміздің өндірістік саласында, атап айтар болсақ еліміздің фармацевтика саласында соңғы кездері жаңашыл инновациялық технологиялармен қамтылып жатқан өндірістік кәсіпорындар қатары көбеюде. Ол уақыт талабы екендігіне көзіміз жетті. Кез-келген өнімді өндіретін қажетті өндірістік бұйым екі түрлі өмір сүруді кешеді: кәсіпорын ішіндегі (жобалаудан жасалғанға дейін) және оның сыртындағы (тұтыну сәтінен бастап нақты қолданыс мерзімі біткенге дейін). Ал сол бұйымды жасаудан алдын жобалаушы оны алдын-ала көркемдік кескінін келтіруі тиіс, ал шындап келгенде жоқ бұйым өз кезегінде жобалаушының зияткерлік қызметінің өнімі болып табылады. Басқаша айтқанда жобалық-конструкторлық үдеріс болашақтағы бұйымды анықтайды. Техникалық шығармашылық ғылыммен де, өндіріспен де тығыз байланыста. Жобалаушы-конструктор негізгі физикалық, математикалық және өзге де ғылыми пәндердің ақпараттарын білуі мен қолдана алуы тиіс. Және де конструктордың техникалық шығармашылығы өнермен байланысты, себебі ол өз бұйымына заманауи кескін-келбет беруі керек.

Жобалау-конструкторлық қызмет жалпылама айтқанда келесілерге жіктеуге болады:

  • жобалау - жасалатын техникалық қондырғының немесе технологиялық әдістерді алдын- ала техникалық анықтау, ол өз кезегінде есептеулермен, эскиздеумен немесе экспериментте алдын-ала орындау жасалады;
  • нәтиже - құрылғыны немесе жасалынымды жобалауды негіздеу;
  • құрастыру - техникалық құрылғы сұлбасы бойынша анықтау;
  • нәтиже - жаңа бұйымның немесе жаңа технологиялық үрдіс сызбасын алу.

Құрастыру негізінен екіге бөлінеді: эскиздік жобалау мен сұлбалау. Эскиздік жобалауда жасалатын бұйымның жұмыс істеу принципі анықталады, ал сұлбалауда оны жасауға қажетті құжаттардың толық кешені дайындалады. Автоматтандырылған жобалау жүйесі аббревиатурасын ең алғаш осы ғылыми бағыттың негізін қалаушы Айвен Сазерленд (Массачусет технологиялық институты) қолданысқа енгізді. САПР (АЖЖ) жобалық қызметпен (графикалық, аналитикалық, экономикалық, эргономикалық, эстетикалық және т.б.) байланысқан мәселерді толықтай қамтиды.

Қатал бәсекелестік жағдайларында кез-келген өнеркәсіп орыны жаңа бұйымды ойластырудан бастап өндіріске жіберуге дейінгі мерзімді қысқартып, өндірістік процестерді оңтайландырып, өнімнің тұтынушылық қасиеттеріне (сенімділік, қауіпсіздік, эстетикалық), сонымен бірге оны жүзеге асыруға деген қызығушылығы болады. Бірінші этапта ойлап табу мен өндіріске жіберу ең ауқымды жұмыс болып табылады, себебі ойды жалпыға қолжетімді ақпаратқа айналдырудан басқа, технолгиялықты да, сенімділікті де, қауіпсіздікті де алдын-ала қарастыру қажет болады. САПР қолдану бұл этаптың мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді, өйткені САПР мүмкіндігіне келесілер жатады:

  • сызбаларды неғұрлым жылдам дайындау. САПР қолданушы конструктор сызбаны қолмен сызғандағыға қарағанда үш есе жылдам орындайды. Мұндай жұмыс жобалау үрдісін жылдамдатады, қысқа мерзімде өнімді шығаруға және нарықтық талапқа сай болуына жол ашады;
  • сызбаны орындау дәлдігін жоғарылатады. Қолмен сызған сызбаның дәлдігі конструктор көзінің ұшқырлығымен және қалам ұшының үшкірлігімен анықталады. Бағдарламалық құралдармен жасалған сызбалар кез-келген нүктенің орны нақты анықтлған, ал сызба элементтерін тыңғылықты көру үшін сызбаның кез-келген бөлігін үлкейтіп көрсету мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, САПР конструкторға қолмен сызу кезінде бола бермейтін ыңғайлы көптеген мүмкіндіктер береді;
  • сызбаның орындалу сапасының жоғарылауы. Сызбаның сапасы қағазда орындалғанда конструктордың шеберлігіне байланысты болады, ал баспа құрылғысы адамның сызу шеберлігіне байланыссыз сызулар мен мәтіндер жоғары сапада орындайды. Сонымен қатар, қолмен сызу барысында сызықтардың жиі өшірілулерінен сызба нашар көрнетін болады. Кез-келген бағдарламалық құралдар артық сызықтард сызбаға ешқандай зияны тимейтін етіп өшіруге мүмкіндік береді;
  • сызбаны қайталап қолдану мүмкіндігі. Толық сызбаның кескінін немесе оның бөлігін тұрғызуға жұмыс барысында сақтап қолдануға болады. Әдетте бұл сызбада формалары сәйкес құрамдастар болған кездерде пайдалы. Сақталған сызба келесі жобалауларда қолдануға болады;
  • жобалауда есептеулер мен анализді жылдамдату. Соңғы кездері барлық жобалау есептерін орындауға қажетті бағдарламалық қамтудың көптеген түрлері бар;
  • жобалаудың жоғары деңгейі. Компьютерлік моделдеудің қуатты құралдары стандартты емес геометриялық моделдерді жобалауға мүмкіндік береді, бұрындары ұзақ уақыт жұмсалған соң кететін шығындарды төмендетеді;
  • жетілдіру шығыны қысқарады. САПР құрамындағы икемдеу мен талдау құралдары жобалау үрдісіндегі қымбат этап болып табылатын зерттеулер мен үлгілерді жетілдіруге кететін уақыт пен шығындарды қысқартады.

Конструктор ең алдымен сызба-графикалық құжаттаманы рәсімдеу ережелерін тыңғылықты білуі тиіс, жұмыс жасауға қажетті бағдарламалық құралдарды еркін меңгеруі тиіс, өзінің автоматтандырылған жұмыс орнының құрамы мен мүмкіндіктері жайлы түсінік болуы керек.

Автоматтандырылған жобалаудың ең танымал графикалық жүйелерінің бірі - AutoCAD. Қолданушының біліктілігіне қарай AutoCAD ауқымды тапсырмаларды: сызу, құрастыру, сәндеу жұмыстары, мульт- және слайд-фильмдер және т.б. жасау сияқты істерді орындауда тиімді қолдануы мүмкін. Бұйрықтардың көптігіне қарамай (соңғы нұсқаларында олардың саны 300-ден асады) AutoCAD қолданушы үшін өте ыңғайлы интерфейске ие және қолданушымен сұхбат жүргізетін тиімді жүйесі бар.

AutoCAD сызба-графикалық жұмыстарды автоматтандыруға мүмкіндік беретін өзіндік жүйе. AutoCAD графикалық пакетінде конструктор үшін сызба орындауға қажеттілердің барлығы бар. Қолмен сызғандағы құралдарға автоматтандырылған ортада сәйкесінше графикалық қарапайымдар (нүкте, кесінді, шеңбер және т.б.), оларды өзгертетін бұйрықтар (өшіру, жылжыту, көшірмесін алу және т.б.), қарапайымдардың қасиеттерін орнату бұйрықтары (графикалық нысандардың қалыңдығын, түрін және түсін беру) бар. Қажетті форматтағы және масштабтағы парақты таңдау үшін жүйеде сәйкесінше сызбаны орнату бұйрықтары бар. Өлшемдер қою үшін конструкторға олардың орындарын көрсетсе жеткілікті. Өлшемдік және шығару сызықтары, сонымен қатар бақыттаулары мен жазбалары автоматты түрде орындалады, ал AutoCAD-тың соңғы нұсқаларында өлшемдерді қоюды толықтай автоматтандыру режимі қарастырылған.

Автоматтандырылған ортада конструкторға сызбаның кейбір майда бөліктерін орындауда көзді қатайтудың қажеті болмайды, себебі экранда көріністі басқару құралдары келтірілген. AutoCAD-тың сәйкес бұрықтары экрандағы сызба көрінісін үлкейтуге немесе қажет болғанда оны кішірейтуге, сонымен бірге экрандағы сызбаның масштабты өзгертпестен көрінетін бөлігінің шекарасын жылжытуға мүмкіндік береді. Жүйеде конструктор графикалық нысандарды белгілі бір атаумен сақталатын және қажет болағанда кез-келген сызбаға қоя алатындай біртұтас етіп біріктіре алады, ол өз кезегінде сызбаның жиі қайталанып сызылатын бөліктерін қайта сызуды қажет еттірмейді. Құрастырушы сонымен қатар сызбаның жеке бөліктерінің немесе құрастыру бөлшектерінің кескіндерін жеке қабаттарда орындай алады. Бұл жинақтау барысында бөлшектердің сәйкестіліктерін бақылауға мүмкіндік береді. Қабаттарды қосып немесе өшіре отырып, жалпы жинақтан бөлшектерді алып немесе қосып отыруға болады, бұдан бұйым конструкциясының әртүрлі нұсқаларын таңдау мүміндігі жасалады. Қабаттарды қарапайым сызбаларды орындауда қолдану да сызбаны орындауды жеңілдетеді, негізгі сызық, өлшемдер, мәтіндер, көмекші және т.б. сызықтар жеке қабаттарға орналасқан болса ондағыларды жеке дара өзгертуге жол ашылады.

AutoCAD - тұйықталмаған жүйе. Одан сызбаларды өзге форматтағы файлдарға жіберуге болады (мысалы, КОМПАС-ГРАФИК, CorelDraw). Сонымен бірге өзге форматтардан AutoCAD- қа көшіруге болады. Растрлы кескіндерді файл форматын өзгертпей келтіруге болады. AutoDesk фирмасы жасап шыққан және нарықта 1982 жылдың соңында пайда болған AutoCAD жүйесі өте кеі таралған. AutoCAD әрдайым жетілдіріліп отыратын өзіндік жобалау ортасына ие. Жүйені жасаушылар бұйрықтардың қолданушылықтары мен жалпы құрылымын сақтап қалуға талпынуда. Нұсқалары өзгергенмен бұйрықтарды қолданушыға әдеттегідей сұхбат қатарынан орындау мүмкіндіктері, бұйрықтар мен мәзірлерді қолдану мүмкіндіктері сақталған.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. 1. Комягин В.Б. Компьютер для студентов. Самоучитель. - М.: ТРИУМФ, 2006.
  2. 2. Красильниква Г.А. Автоматизация инженерно - графических работ. - СПб: Питер, 2005

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.