Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Біржапырақты таспа өсімдігінің индометациндік ойық жарамен жараланған жануарлардың қанындағы липидтердің асқын тотық өнімдерінің топтасуына әсері

АННОТАЦИЯ

Зерттеу мақсаты: Біржапырақты таспа (Astragalus unifoliolatus Bunge) өсімдігінің экстрактсының индометациндік ойық жарамен жараланған жануарлар қанының эритроциттеріндегі липидтердің асқын тотық өнімдерінің топтасын анықтау.

Таспа шөбі халық медицинасында өзінің обырға қарсы әсеріне байланысты өте жоғары бағаланады және оның емдік әсері халық емшілерімен тәжірибеде дәлелденген. Таспа шөбінен дайындалған тұнбалар ми қантамырларын кеңейтеді, сонымен қатар шеткерілік тамырларды кеңейте отырып, қанайналымды жақсартады.

Біржапырақты таспа өсімдігінің экстрактысын 200мг/кг масса дозасында 10 күн бойы ауыз қуысы арқылы индометациндік ойық жарасы бар жануарларға енгізгенде, тәжірибелі жануарлардың қанындағы эритроциттерде диенді қоспаның, липидтердің гидроасқын тотығының және тиобарбитурат қышқылымен әрекеттесетін өнімдердің (ТБҚ-ӘӨ) қоюлануы индометацинді ем алмаған топқа қарағанда 43,2%-ға,16,9%-ға және 16,9%-ға азайып, бірақ бақылау тобына қарағанда 49,6%-ға,16,9 және 11,5%-ға тең деңгейде орын алады.

Кілтті сөздер: Біржапырақты таспа, индометациндік ойық жара, эритроциттер, липидтердің асқын тотығы.

Кіріспе. Заманауи биологиялық және медициналық ғылымның өзекті мәселелерінің бірі - әсері жоғары жаңа дәрілерді іздеу.

Қазақстанның Таспа туысы өсімдіктері осы уақытқа дейін, химиялық және фармакогностикалық тұрғыдан соңына дейін зерттелмеген. Өсімдіктің генеративтік және вегетативтік органдарынан бірқатар биологиялық белсенді заттар бөлініп алынған (флавоноидтар, полисахаридтер, үштерпенді сапониндер) [1]. Оларға бірқатар биологиялық әсерлер тән.

Антиоксиданттарды қабыну ауруларын емдеу үрдісінде қолдану көптеген факторларды ескеруді талап етеді. Еркін радикалдардың тежегіштері ерте сатысында ЛАТ тежей отырып, цитоуытты агенттердің интактылы жасушаларға селективті емес әсерін, қабыну үрдісінің өрістеуін шектейді, бірақ кейінгі сатыларында бұл қабынудың хронизациясына алып келуі мүмкін. Еркін радикалдардың некробиоз механизміндегі рөлін ескере отырып, олардың артық түзілуін шектеу репаративтік үрдістерге өтуін жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Құрамында биологиялық белсенді заттардың кешені, сонымен қатар антиоксиданттық белсенділігі бар фитопрепараттар - экстракттарды және басқа да өсімдік препараттарын кең қолданумен байланысты ерекше өзектілікке ие болып отыр.

Көптеген әдебиеттердегі мәліметтер, липидтердің еркін радикалды тотығуы басқарудың келісімді жүйесінің ферменттік және ферменттік емес механизмдерінің функциялары есебінен реттелуін дәлелдейді [2,3,4].

Қазіргі кезде дүние жүзінде өсімдік препараттарын пайдалану белең алып келе жатыр, ол өсімдік құрамында биологиялық белсенді заттардың кешенінің болуымен, ағзаға әсерінің жұмсақтығымен, жанама әсерінің аз болуымен және экономикалық тиімділігімен түсіндіріледі.

Зерттеу мақсатына орайБіржапырақты таспа өсімдігінің экстрактысының индометациндік ойық жарамен жараланған жануарлар қанының эритроциттеріндегі липидтердің асқын тотық өнімдерінің топтасуына тигізетін әсері анықталды.

Қанның құрамындағы ЛАТ қарқынының деңгейін липоасқын тотықтық каскадтың түрлі сатыларында түзілген өнімдерінің құрамы бойынша анықталды.

Зерттеу әдістері. Қанның құрамындағы эритроциттеріндегі липоасқын тотықтығу өнімдерін (ЛАТ): диенді қоспаның (ДҚ), липидтердің гидроасқын тотығының (ЛГАТ) және малондық диальдегидтер (МДА) қарқынының деңгейін спектрофотометрия әдісімен анықталды [5].

Зерттеу нәтижесі. - Біржапырақты таспа өсімдігінің экстрактысының әсерінен индометациндік ойық жарамен жараланған жануарлар қанының эритроциттеріндегі липидтердің асқын тотық өнімдерінің өзгерістері 1-кестеде көрсетілген.

Тәжірибелі индометацинді ойық жарасы бар жануарлардың қанындағы эритроцитттерде липидтердің асқын тотығу өнімдерінің деңгейі әр түрлі дәрежеде жоғарылайды. Диенді қоспаның (ДҚ) мөлшері интактылы топқа қарағанда өсу деңгейі 166,6%-ға тең болды, ал липидтердің гидроасқын тотығының (ЛГАТ) және тиобарбитурат қышқылымен әрекеттесетін өнімдердің (ТБҚ- ӘӨ) мөлшері 40,6%-ға және 32,6%-ға өседі. Алынған мәліметтер, индометацинді ойық жарада липидтердің асқын тотық өнімдерінің деңгейінің өсуін дәлелдеп, бұл патологияда «гиперпероксидация» синдромы орын алатынын көрсетеді және алынған деректер, ғылыми әдебиеттерде кездесетін мәліметтерге сәйкестігін көрсетеді [5]. Индометацинді ойық жарадағы

орын алатын липидтердің асқын тотығу үрдісіне әсерін зерттеу үшін, бақылау топ ретінде «Асқазан» таблеткасын қабылдаған топтар алынды. «Асқазан» таблеткасының әсерінен ойық жаралы жануарлардың қанының эритроциттерінде диенді қоспаның, ЛГАТ және ТБҚ-ӘӨ-нің қоюлануы индометацинді ойық жаралы жануарларға қарағанда 10,3%-ға, 8,5% және 11,6%-ға төмендейді, бірақ интактылы (І-ші бақылау тобы) қарағанда олардың мөлшері жоғары деңгейде орын алады. Оның ішінде ДҚ қоюлануы 139,2%-ға, ЛГАТ мөлшері 28,8%-ға және ТБҚ-ӘӨ деңгейі 17,4%-ға жоғарылайды.

Біржапырақты таспа өсімдіктерінің экстрактысын 200мг/кг масса дозасында 10 күн бойы ауыз қуысы арқылы енгізгенде, тәжірибелі жануарлардың қанындағы липидтердің асқын тотық өнімдерінің қоюлануы индометацинді топқа қарағанда біршама төмендейді. Диенді қоспаның эритроциттерде қоюлануы индометацинді ем алмаған жануарлар тобына қарағанда 43,2%-ға азайып, бірақ бақылау тобына қарағанда 49,6%-ға тең деңгейде орын алады. Липидтердің гидроасқын тотығының эритроциттердегі қоюлануы индометацинді ем алмаған тобына қарағанда 16,9%-ға азайып, бірақ бақылау тобына қарағанда 16,6%-ға тең деңгейде орын алады. Тиобарбитур қышқылымен әрекеттесетін өнімдердің (ТБҚ-ӘӨ) эритроциттегі индометацинді бақылау тобына қарағанда мөлшері 16%-ға төмендейді, бірақ бақылау тобына қарағанда 11,5%-ға тең деңгейде орын алады (кесте - 1, сурет - 1 ).

Кесте 1 - Біржапырақты таспа өсімдігінің экстрактысының әсерінен индометациндік ойық жарамен жараланған жануарлар қанының эритроциттеріндегі липидтердің асқын тотық өнімдерінің өзгерістері.

ЛАТ өнімдері

 

Топтар

ИТ

ИмОЖ

ИмОЖ+АсТ

ИмОЖ +БЖТЭ

Диенді қоспа (отб/106 жасушаға)

%

15,3±0,45

100

40,8± 1,22*

266,6

36,6±1,2*

239,2

22,9± 1,1*

149,6

ЛГАТ (отб/10жасушаға)

%

5,9±0,22

100

8,3±0,20

140,6

7,6±0,30*

128,8

6,9 ±0,59*

116,9

ТБҚ-ӘӨ (мкмоль/мг)

%

5,2±0,21

100

6,9±0,12*

132,6

6,1 ±0,18*

117,4

5,8 ±0,36*

111,5

ЛГАТ-лиипидтердің гидроасқын тотығы; ТБҚ-ӘӨ - тиобарбитурат қышқы-лымен әрекеттесетін өнім; ИТ-интактлы топ; ИмОЖ - индометацинді ойық жара; ИмОЖ+АсТ- индометацинді ойық жара + «Асқазан» таблеткалары; ИмОЖ +БЖТЭ - индометацинді ойық жара + Біржапырақты таспа экстрактысы; *-p <0,05 - ИТ салыстырғандағы нақты көрсеткіш;**-р<0,05-индометацинді ойық жаралы топтың көрсеткішімен салыстырғандағы нақты көрсеткіш.

Қорытынды

1. Тәжірибелі индометацинді ойық жарасы бар жануарлардың қаны эритроцитттердегі диенді қоспаның мөлшері интактылы топқа қарағанда өсу деңгейі 166,6%-ға тең болды, ал липидтердің гидроасқын тотығының (ЛГАТ) және тиобарбитур қышқылымен әрекеттесетін өнімдердің (ТБҚ-ӘӨ) мөлшері 40,6%-ға және 32,6%-ға өсті.

2. Біржапырақты таспа өсімдіктерінің экстрактысын 200мг/кг масса дозасында 10 күн бойы ауыз қуысы арқылы енгізгенде тәжірибелі жануарлардың қанындағы эритроциттерде диенді қоспаның, липидтердің гидроасқын тотығының және тиобарбитур қышқылымен әрекеттесетін өнімдердің (ТБҚ-ӘӨ) қоюлануы индометацинді ем алмаған топқа қарағанда, 43,2%-ға,16,9%-ға және 16,9%-ға азайып, бірақ бақылау тобына қарағанда 49,6%-ға,16,9 және 11,5%-ға тең деңгейде орын алады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Гемеджиева Н.Г. Состояние изученности и перспективы освоения полезных растений флоры Казахстана // Лекарственные растения: традиции и перспективы исследований: мат. Международн. научн. конф. - Киев, 2006. - С. 88-91.
  2. Gromadzinska J., Sklodowska M., Wasowiz W. Glutatione peroxidase activit, lipid peroxides and selenium concentration in various rat organs// Biomed.Biochim.Acta.-1988.-V.47.- №1. - P.19-24.
  3. Гусев В.А., Панченко Л.Ф. Супероксидный радикал и суперок-сиддисмутаза в свободнорадикальной теории старения//Вопросы мед. химии. - 1981. - №4. - С.8-22.
  4. Губский Ю.И.Регуляция ПОЛ в биологических мембранах //Биохимия животных и человека. - 1978. - Вып. 2. - С. 72-84.
  5. Арутюнян А.В., Дубинина Е.Е., Зыбина Н.А. Методы оценки свободнорадикального окисления и антиоксидантной системы организма. - Спб.: ИКФ-Фолиант, 2000. - 104 c.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.