Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ибериялық гүлкекіре өсімдігінің төрт хлорлы көміртегімен уыттанған жануарлардың қанындағы антиоксидантты жүйелердің көрсеткіштеріне әсері

АННОТАЦИЯ

Ибериялық гүлкекіре (ИГ) өсімдігінің төрт хлорлы көміртегімен (ТХК) уыттанған жануарлардың қанындағы антиоксидантты жүйелердің көрсеткішіне әсерін зерттеу.

Кілт сөздер: Ибериялық гүлкекіре, антиоксидантты жүйе, қан, төртхлорлы көміртегі, тәжірибелік зерттеу.

Кіріспе. Оңтүстік Қазақстан өңірінің климаттық ерекшеліктері түрлі өсімдіктердің, соның ішінде емдік қасиетке ие өсімдіктердің өсуі мен көбеюіне қолайлы. Осы өсімдіктердің фитохимиялық және фармакологиялық қасиеттерін көптеген ғалымдар зерттеп келді, алайда осы уақытқа дейін толық зерттелмеген өсімдіктер де бар. Солардың қатарына Оңтүстік Қазақстанда өсетін құрамында түрлі ББҚ бар ИГ өсімдігі жатады. Келешекте жоғарыда аталған өсімдіктен алынған экстрактылардың белсенділігін зерттеу маңыздылығы орасан зор.

Зерттеу тәсілдері. Зерттеу карантиннен өткен тексіз лабораториялық ақ тышқандарға гепатоз моделінде жүргізілді. Интактылы топ жануарлары дистилденген су, бақылау тобы ТХК майлы ерітіндісін қабылдады. Зерттелетін топтардың тышқандары ТХК майлы ерітіндісін және 1 сағат алдын ИГ өсімдігінің шөбінен алынған экстрактыларды 250мг/кг және 500мг/кг дозада қабылдады, салыстырмалы топ жануарлары ТХК майлы ерітіндісін және 1 сағат алдын гепатопротекторлық қаситеке ие «Карсил» таблеткасының сулы ерітіндісін 200мг/кг дозада қабылдады [1].

Қан құрамындағы супероксиддисмутаза белсенділігі [2, 3], каталазаның белсенділігі [4] әдісімен анықталды.

ТХК-мен уыттанған кезінде гиперпероксидациялық синдромының орын алу механизмдерін және зерттеуге алынған ИГ өсімдігінің антиоксидантты әсерін толық анықтау үшін зерттеу міндеттеріне байланысты тәжірибелі жануарлардың қанында антиоксидантты жүйелердің көрсеткіштері анықталды.

Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер 1-кестеде және 1-суретте орын алды. ТХК-мен уыттанған жануарлардың қанында антиоксидантты жүйенің мөлшерлері депрессиялық жағдайға тап болады. Негізгі асқын тотық өнімдерінің уытты заттарын заласыздандыратын ферменттердің бірі каталазаның белсенділігі интактылы тобына қарағанда плазмада және эритроциттерде 44,3%- ға және 45,7%-ға төмендейді. ТХК-мен уыттанған тобындағы эритроциттердегі ЛАТ өнімдерінің топтасуына кілттік ферменттің бірі - СОД-ның белсенділігі интактылы бақылау тобына қарағанда 50%-ға төмендейді. Алынған мәліметтер ТХК-мен уыттанған кезінде АТЖ-нің көрсеткіштерінің деңгейі едәуір төмендеп, депрессиялық жағдайға тап болатынын негіздейді.

ТХК-мен уыттанған жануарлардың карсил 200мг/кг дозасында ауыз қуысы арқылы 10 күн бойы енгізгенде каталазаның плазмадағы және эритроциттердегі белсенділігі ТХК-мен уыттанған тобына қарағанда 61,3%-ға және 69,3%-ға жоғарылайды, ал СОД белсенділігі 87,2%-ға өседі, бірақ интактылы тобымен салыстырғанда 10%-ға, 8%-ға және 6,4%-ға төмен орын алады.

ТХК-мен уыттанған жануарлардың ИГ өсімдігінің экстрактысының 250мг/кг дозасын ауыз қуысы арқылы 10 күн бойы енгізгенде каталазаның плазмадағы, эритроциттердегі белсенділігі ТХК-мен уыттанған және карсилді тобына қарағанда 40,8%-ға, 46,6%-ға жоғарылайды және 12,6%-ға, 13,4%-ға төмендейді, ал СОД белсенділігі 61,5%-ға өседі және 13,7%-ға төмендейді, бірақ зерттеуде қолданған көрсеткіштердің деңгейі интактылы тобына қарағанда 21,6%-ға, 20,3%- ға және 21,8%-ға тең төменгі деңгейде орын алады [2, 3, 4, 5, 6].

ТХК-мен уыттанған жануарлардың ИГ өсімдігінің экстрактысының 500мг/кг дозасын ауыз қуысы арқылы 10 күн бойы енгізгенде каталазаның плазмадағы, эритроциттердегі белсенділігі карсилді және 250мг/кг мөлшерінде ИГ экстрактысын қабылдаған тобына қарағанда 20%-ға, 8,4%- ға және 20,5%-ға, 8,2%-ға төмендейді, ал СОД белсенділігі 24,6%-ға және 12,7%-ға кемиді, ТХК- мен уыттанған тобымен салыстырғанда каталазаның плазмадағы, эритроциттердегі белсенділігі 29%-ға және 34,6%-ға, СОД 41%-ға жоғарылады. Зерттеуде қолданған көрсеткіштердің деңгейі интактылы тобына қарағанда 28,2%-ға, 26,6%-ға және 29,5%-ға тең төменгі деңгейде орын алады [2, 3,4, 5, 6].

Кесте 1 - ИГ өсімдігінің экстрактысының әсерінен ТХК-мен уыттанған жануарлар қанының эритроциттеріндегі АТЖ көрсеткіштерінің өзгеруі

ТОПТАР

Көрсеткіштер

Интактылы топ

Төртхлорлы көміртегі (ТХК)

ТХК+Кар-сил

ТХК+ИГ 250мг/кг

ТХК+ ИГ 500мг/кг

Плазмадағы каталаза (мкат/л)

1,67±0,06

0,93±0,05*

1,5±0,06А

1,31±0,08А

1,2±0,06*А

%

100

55,7

90

78,4

71,8

Эритроциттердегі каталаза (шб/106кл)

13,8±0,4

7,5±0,5*

12,7±0,4А

11,0±0,4*А#

10,1±0,3*А

#

%

100

54,3

92

79,7

73,4

СОД (шб/106кл)

0,78±0,03

0,39±0,03*

0,73±0,03А

0,63±0,03А

0,55±03*А

%

100

50

93,6

78,2

70,5

*Ескерту: мұндағы, ИТ - интактылы топ; СОД-супероксиддисмутаза; ТХК - төрт хлорлы көміртегі; ТХК + ИГ - төрт хлорлы көміртегі + «Ибериялық гүлкекіре»; * - p<0,05 - ИТ салыстырғандағы нақты көрсеткіш; А-р<0,05-төртхлорлы көміртегімен уыттанған топтың көрсеткішімен салыстырғандағы нақты көрсеткіш; # - p<0,05 төртхлорлы көміртегі + карсил препараты тобымен салыстырғандағы нақты көрсеткіш; □ - төртхлорлы көміртегі + Ибериялық гүлкекіре экстрактысын 250мг/кг дозада қабылдаған тобымен салыстырғандағы нақты көрсеткіш.

Қорытынды. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер ИГ өсімдігінің экстрактысының 250мг/кг және 500мг/кг массасына тең дозасын 10 күн бойын ауыз қуысы арқылы ТХК-мен уыттанған жануарларға ем ретінде енгізгенде олардың эритроциттеріндегі АТЖ-нің көрсеткіштерінің белсенділігі жоғарылап, бұл фитопрепараттың антиоксидантты әсерге ие болатынын дәлелдейді, бірақ карсил таблеткасынан көрсеткіші орта есеппен 13,5%-ға және 21,0%-ға төмен деңгейде орын алады. Алынған деректер ИГ өсімдіктерінің экстрактысы антирадикалды антитотықтырғыш қасиеттерге ие болатын дәлелдейді.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Руководство по экспериментальному (доклиническому) изучению новых фармакологических веществ/ Р.У.Хабриев// М. - Медицина, 2005. - С.827.
  2. Чумакова В.Н., Осинская Л.Ф. Количественный метод определения активности цинк-медь зависимой супероксиддисмутазы в биологическом материале // Вопросы медицинской химии. - 1977. - № 5. - С. 712-716.
  3. Зайцев В.Г., Богочева Ю.Б., Дуфин В.Н., Левшова А.О.и соавт. Определение глутатионпероксидазной и супероксиддисмутазной активности в эритроцитах пациентов с хроническими диффузными заболеваниями печени (ХДЗП) //Клиническая и экспериментальная медицина сегодня.Тезисы меж.региональной конференции молодых ученых,Воронеж, 1997.-С.38
  4. Королюк М.А.,Иванова Л.М.,Майрова М.Г.,Токарев В.Е. Метод определения активности каталазы. //Лаб.дело.-1988.-№1-С.16-19.
  5. Глушков С. И. Нарушения системы глутатиона и их роль в патогенезе острых интоксикаций ксенобиотиками с различными механизмами токсического действия: дис. д-ра мед. наук: 14.00.20, 03
  6. Арутюнян А.В., Дубинина Е.Е., Зыбина Н.А. Методы оценки свобод-норадикального окисления и антиоксидантной системы организма. - Спб.: ИКФ-Фолиант, 2000. - 104 c.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.