Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қарағанды аймағының дәстүрлі сүт қышқыл ұйытқысынан бөлініп алынған лактобактериялар штаммының биологиялық белсенділігі

Түйін

Қарағанды аймағы бойынша ұлттық сүтқышқыл өнімінен бөлініп алынған сүт қышқыл бактериялар негізінде бәсекеге қабілетті биологиялық белсенді консорциум құру.

Кілт сөздер: пробиотиктер, микроағза, лактобактерия, штамм, биологиялық қаситеттер.

Қазіргі уақытта Қазақстанның сүтқышқылды өнімдер нарығы Ресей және алыс шетел елдерінің пре- және пробиотикалық препараттары мен ашытқыларына бай. Қазақ халқының тамақтану және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру ерекшеліктеріне байланысты ұлттық сүтқышқылды өнімдерден бөлініп алынған биологиялық қасиеттері бойынша биологиялық белсенді отандық ашытқыларды дайындау талап етеді және жаңа пайдалы тамақтану өнімдерін шығару, оны отындық өндіріске енгізу өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан, қазіргі таңда сүтқышқылды өнімдерді алу үшін тікелей енгізілетін сүтқышқылды ашытқыларды дайындауда қолданылатын сүтқышқылды бактериялардың жаңа штаммдарын іздеу микробиология, биотехнология саласының тиімді бағыттарының бірі болып табылады.

Зерттеу материалы мен әдістері: Зерттеу материалы ретінде Қарағанды облысындағы ауылдық елді-мекендерде (Қарқаралы ауданы, Көктас ауылы; Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы) ашытылатын айран ұйытқысынан бөлініп алынған Lactobacillus spp. туыстастығының сүтқышқылды бактерия штаммдары қолданылды (in vitro зерттеу).

Зерттеу жұмысына классикалық микробиологиялық әдістер пайдаланылды. Микробиологиялық скринингтың нәтижесінде бөлінген 48 штамм әрі қарай зерттеудің нысаны болып табылды.

Бөлініп алынған штаммдардың Lactobacillus туыстастығына жататындығын анықтау МЕМСТ 10444.11-12 «Азық-түлік тауарлары. Сүтқышқылды микроағзаларды анықтау әдістері» бойынша Грам әдісі бойынша бояуға, қозғалғыштығына және каталазаға қатынасы бойынша жүргізілді. Сахаралитикалық белсенділігін анықтау үшін құрамында 17 субстраттардан тұратын (қанттар мен көп атомды спирттер): глюкоза, фруктоза, галактоза, мальтоза, маннит, лактоза, манноза, пентоза, раффиноза, салицин, сахароза, трегалоза, арабиноза, сорбит, ксилоза, эскулин, мелецитоза) «ала қатар» арқылы анықтадық. Протеолитикалық белсенділігін бағалау үшін Эйкманның сүт агарын қолдандық. Антагонисттік белсенділігін E.coli, S. aureus, S. marcescens, P. mirabilis және Candida саңырауқұлақ туыстастығы (ҚММУ микробиология кафедрасының штаммдар мұражайы) тест-штаммдарын қолдана отырып лунка әдісімен анықтадық.

Нәтижелер: Бөлініп алынған штаммдардың көбісі 48 штамм дақылдық-морфологиялық көріністері бойынша Lactobacillus spp. туыстастығына жатады және жүргізілген зерттеулер нәтижесінде көптеген штаммдар биологиялық қасиеттерін сақтай алмады, әр скринингті жүргізу барысында штаммдарының өзара биологиялық белсенділіктерін зерттей келе, біз белсенділігі жоғары штаммдарды іріктедік.

Іріктелген штаммдар Lactobacillus spp. туыстастығына жататынын дәлелдейді. Биологиялық белсенділігін сақтай алған штаммдарды келесідей үйлестірдік: GA1,2,3 және TA1,2,3. Lactobacillus spp. туыстастығының МКМ1 (ҚММУ микробиология кафедрасының штаммдар мұражайы) бақылау штаммынан GA1,2,3 және TA1,2,3 штаммдары ерекшелеу емес, шығу тегі бір.

Дақылдылық-морфологиялық көрінісі бойынша жүргізілген зерттеулер олардың Lactobacillus туыстастығына жататындығын дәлелдейді. Өлшемі 0,5-1,2 мкм, грам оң, споралар түзбеген, каталаза теріс жалғыздан немесе тізбекке жинақталып орналасқан қозғалмайтын таяқша тәрізді жасушалар анықталды. Заманауи Levenhuk C1400 сандық окулярлы 14 Мпикс USB камерасымен микроскоптау кезінде Қарағанды аймағында бөлініп алынған пробиотикалық дақылдардың фото атласын жасау үшін сапалы микрофотографиялар жасалынып шығарылды. Бөлініп алынған штаммдардың дақылдық қасиеттерінің өсу сипатын МРС M6411-500G (2011) Lactobacillus MRS Agar және «Лактобакагар» ТЖ- 9398-104-78095326-2012 қоректік орталарында өсуін бақыладық. Микроаэрофилдер, факультативті анаэробтар. Жоғарыда айтылған қоректік орталарда колониялар жақсы өседі, жиектері тұтас томпақ, мөлдір емес және пигменттелмеген, ақ түсті.

Тест-штаммдар

GA1 штаммы

GA2 штаммы

GA3 штаммы

ТА1 штаммы

ТА2 штаммы

ТА3 штаммы

тест-штаммның өсімін басу аймағы, мм

S. aureus

31

20

10

29,2

19

20,1

E. coli

22,2

21,1

15

20,1

12,1

15,1

S. marcescens

10

2

0

12

5

2

Candida туыс.

5

0

0

2

0

0

Көмірсуларды ыдырату бойынша GA1, ТА1 штаммдарының сахаралитикалық белсенділігі бір болды, яғни GA1, ТА1 штаммдары 13 (76%) көмірсуды (глюкоза, фруктоза, галактоза, мальтоза, лактоза, манноза, раффиноза, салицин, сахароза, трегалоза, сорбит, эскулин, мелецитоза), ал GA2, GA3, ТА2, ТА3 штаммдары 10 (58%) көмірсуды (глюкоза, фруктоза, галактоза, мальтоза, лактоза, манноза, салицин, сахароза, сорбит, эскулин) ыдыратты.

Протеолитикалық белсендікті зерттеу жұмыстары барысында зерттеліп отырған штаммдардың максималды протеолитикалық белсенділкке ие екендігі анықталды. Ақшыл аумақтардың диаметрі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым бактериялардың казеинді ыдырату белсенділігі жоғары болды. Біздің дақылдардың гидролиз аумағы 1 - ден 15 мм құрайды. 3 штамм төмен; 1-інде орташа (5-9 мм); 2-інде жоғары (10 және көп) протеолитикалық белсенділікке ие.

Зерттеліп отырған GA1, ТА1 штаммдардың антагонистік белсенділігі жоғары, GA2, GA3, ТА2, ТА3 штаммдары антагонистік белсенділіктің ең төменгі дәрежесін көрсетті, Candida туыстығындағы саңырауқұлақтарға әлсіз антагонизм байқалған, бұл Candida туыстығындағы саңырауқұлақтардың қорғаушы факторы рөлінде әрекет ететін лизоцимнің жоғарғы өнімділігімен байланысты.

Қорытынды: Қарағанды облысының ауылдық елді - мекендер аймақтарынан алынған (Қарқаралы ауданы, Көктас ауылы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы) айран ұйытқысынан Lactobacillus spp. тустастығының 48 штаммына бағытталған скрининг (in vitro зерттеулер) 6 биологиялық белсенді штаммды бөліп алды, оның ішінен екі GA1 және TA1 штамм биологиялық қасиеттері бойынша МКМ1 бақылау нұсқасынан кем түспейтін, бәсекеге қабілетті консорциумның құралғаны туралы тұжырымдауға мүмкіндік беріп отыр. Зерттеу жұмыстары жалғасуда.

  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.