Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жеке тұлғаның қалыптасуына ғаламтордың әсері

АННОТАЦИЯ

Ақпараттық технологиялар қазіргі заманда қарқынды және жылдам дамып, қоғам жаңа ақпараттық кезеңге қадам басқалы өмірімізді компьютерсіз, ғаламторсыз елестету мүмкін емес, тіпті, қандай салада да онсыз ешнәрсені, ешқандай жұмысты жүзеге асыру мүмкін еместей көрінеді.

Кілт сөздер: ғаламтор, тәуелділік, жеке тұлға, ақпарат.

Тақырыптың өзектілігі: Ғаламтор басқа ақпарат құралдарының қатарына кіріп, байланысқа кірудің жаңа бір түрін әкелді. Ғаламтор адамды мағлұматтардың қайнар көзімен тікелей қарым-қатынасқа түсіре алады.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазірде ғаламтор қызметін пайдаланушылардың саны дүниежүзі бойынша 3500 миллионнан асады екен. Зерттеушілердің пайымдауынша компьютерді өз өмірінің бір бөлшегі деп санайтындардың жастары 13 пен 40 жас аралығындағы адамдарды құрайды екен. Компьютер мен ғаламтордың жеке тұлға үшін пайдалы жақтары өте үлкен. Себебі, ғаламтор жүйесі барлық сала бойынша бүкіл ақпаратты өз қорында сақтап, кез келген уақытта қандай да болмасын ақпаратты тез арада алуына мүмкіндік жасайды. Электрондық пошта әлемнің бір түкпірі мен екінші түкпірін байланыстыруға жол ашады. Сонымен бірге, компьютер үлкен көлемді фотосуреттер мен бейнероликтерді де басқа жерге жолдаумен қатар оны жинақтап, сақтап қоя алатындығымен тиімді. Бұл әрине, компьютердің және ғаламтор желісінің біздің өмірімізге әкелген жеңілділігі мен жақсылығы.

Ғаламтор әсіресе жеткіншектер үшін реферат, музыка мен фильмдер, суреттер, ойындар көшіріп алу, бір-бірімен хат жазысу үшін қажет. Олар өздерін мазалаған сұраққа да ғаламтордан жауап іздейді. Алайда ғаламтордың қаупі де аз емес. Себебі, бүкіләлемдік желіде экстремистік және террористік сипаты бар, қырықтан астам сайт жұмыс істеп тұр. Ал оның жеткіншектердің ой-санасы мен дүниетанымын теріс жолға бағыттап, оларды қылмысқа азғыратыны мәлім. Жеткіншектердің бос уақытын зерттеген статистикаға жүгінсек: «Былтыр жасөспірім, жеткіншектердің 4 пайызы жыныстық қатынасты көрсететін әлемдік желілерді көрген, 14,5 пайызы беймәлім адамдармен кездесуге келіскен, 19 пайызы парносайттарға енген, 38 пайызы зорлық-зомбылық туралы ақпараттарды тамашалаған, 16 пайызы нәсілшілдік мазмұндағы сайттарға кірген». Мінеки, қазіргі таңда көптеген жеткіншектердің суицидке баруының бір сыры осында жатқан тәрізді.

Жеткіншектер үшін ғаламтордың тағы бір зиян жағы: мұнда әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалар көп. Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, жыныстық байланыс жасауға шақырып, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған жастарымызды еліктіріп, есінен айырады. Көптеген психолгтардың зерттеуіне қарағанда, компьютерлік ойын үстінде адамның ойлау қабілеті, эмоциясы төмендеп, тек көру қабілеті мен рефлекстері жұмыс істейтіні анықталған. Қияли әлемге жіпсіз байланғандардың көпшілігі күнделікті өмірде көптеген қателіктерге бой алдырады екен. Себебі, компьютердегі бейнелер шынайы өмірге мүлдем ұқсамайды. Шын мәнінде, жасөспірім жеткіншектердің виртуалды әлемнің арқасында айналадағы шынайы тіршілікке деген қызығушылықтары төмендейді. Ол тамақ ішу уақытын ұмытып, ұйқы тәртібін бұзып, барлық есіл дерті компьютердегі ойында болады. Соның салдарынан көптеген балалардың саусақтары пернетақта басып отырғандай қалтырап, бас ауруы жиілеп, көздері ашып, ұйқы барысында көретін түстерінің мазмұны өзгеріп, бір сөзбен айтқанда бала психологиясы түрлі ауруларға шалдығады.

Психологтардың зерттеулеріне жүгініп айтар болсақ, соңғы кезде ғаламтор желісіндегі сан қилы зорлық-зомбылыққа толы ойындар мен бейнефильмдер жасөспірімдердің психологиялық адасушылығына жол ашып, түрлі суицидке итермелеген. Мысалы, 2013 жылы 214 жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсаса, 2014 жылы олардың саны 217-ге жеткен және 700-ден астам жеткіншектер түрлі бұзақылық қылмыстарға барған.

Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының дәлелдеуінше, бүкіләлемдік ғаламтор желісі жеткіншектерге физикалық, психологиялық жағынан айрықша зиянды. Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды. Көздің барлық көру қабілеті белгілерін біріктіріп, мамандар оны компьютерлік көру қабілетінің синдромы деп атайды. Дәрігерлердің айтуынша, компьютерлік көру қабілетінің синдромдары уақытша рефракцияның нашарлауына немесе күшеюіне, аккомодация көлемінің кішіреюіне, қарама-қарсылық сезімталды-ғының, сезіну қабілетінің әлсіреуіне әкеліп соқтырады. Сондай-ақ, компьютер алдында көп отыру жасөспірім балдардың омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына, яғни остеохондроз ауруына және жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы простатит пен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі- геморрой ауруына ұшыратады.

Компьютерде ұзақ уақыт отыратындар мания дейтін психикалық ауруға ұшырайды екен. Ол сана мен сезімнің бір идеяға беріліп кетуінен пайда болады.

Британдық биологтар арнайы зерттеу жүргізе келіп: «Әлеуметтік желілерде үнемі отыру ми қызметіне де кері әсер етеді, гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлатады, мұның бәрі адамның жүйкесі мен ой-санасына белгілі бір мөлшерде ауыртпалық түсіреді»- деп қорытынды жасаған. Жүйкеге салмақ түсуі дегеніміз - ойлау қабілетінің төмендеуі, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемуі, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы.

Қазір мамандар компьютердің мониторына қарағанда пернетақтаның одан да қауіптірек екенін айтады. Себебі, пернетақтадағы төмен диапазоннан тарайтын электромагниттік сәулелер саусақ арқылы ағзаға әсер ететін көрінеді. Нәтижесінде, компьютермен көп жұмыс істеген адам жүйке ауруы мен саусақ қалтырауы ауруына шалдығады.

Сонымен, қортыта келгенде осындай келеңсіз жайттар орын алмауы үшін, жас жеткіншектерімізді ғаламтордың зиянынан сақтандыру үшін кез келген ата-ана баласына оны пайдаланудың шарттарын айтып түсіндіруге, ондағы ақпараттардың үнемі шындыққа жанаспайтынын, оған сын көзімен қарау қажеттігін, ол ақпараттарды кітаптағы, энциклопедиядағы және т.б. дерек көздерімен салыстырып, қабылдау керектігін ескертуге тиіс. Сонымен бірге ғаламтордағы зорлық-зомбылыққа, қылмысқа, жыныстық бұзылуға тәрбиелейтін бағдарламалардан, діншілдік, нәсілшілдік туралы ақпарттардан сақтандыру да қажет. Жасөспірім, жеткіншек балалардың электрондық поштасына енуге ата-анасының мүмкіндігі болуға тиіс. Ол ең бірінші баланың қауіпсіздігі, бақытты болашағы үшін қажет. Ғаламтор қауіпсіз болуы үшін оны үнемі жаңа бағдарламалармен жабдықтап, қауіпсіздік туралы ақпараттарды біліп отыру үшін спамфильтр орнату керек. Жасөспірім балалардың ғаламтордағы компьютерлік ойындарға тәуелділігін тексеріп, сол бойынша тиісті шаралар қолданып отыру қажет.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Искаков К.Т Давыдов В.В., Рубцов В.В., Крицкий А.Г., Психологаческие основы организации учебной деятельности, опосредованной использованием компьютерных систем.// Психологическая наука и образование. М., - 2010. № 2. С. 68-72.
  2. М. Исатаева. Педагогикалық дамудың оқу-тәрбие үрдісіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ролі.//Информатика негіздері.-2014. № 3. Б 3-4.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.