Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Егде жастағы науқастарда артериялық гипертензияны емдеудегі аспектілері

ЕЖ тұрғындар арасында кең таралған АГ емдеудің тиімділігін зерттеу болып табыладыБіздің зерттеу жұмыстарымыз Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған емханада жүргізілді. Күндізгі стационардағы АГ бар ЕЖ науқастардың карталарын ретроспективті анализдеу және сауалнама жүргіздік.АГ емдеу үшін науқастарға антигипертензивті препараттардың 5 тобын алып және муколитиктер, антисекреторлы, тамырлық дәрілік заттарды қосып пайдалану полипрагмазияға әкелді. ЕЖ науқастарды емдеуде халықаралық стандартқа сәйкес емді, қосымша патологияны ескере отырыптағайындаған жөн.

Кілт сөздер: егде жас, артериялық гипертензия, емдеудің тиімділігі, полипрагмазия.

Өзекті мәселелердің бірі егде жастағылар (ЕЖ) арасында артериялық гипертензия (АГ) өсуі болып табылады [1,2]. АГ-жүрек қантамырлары жүйесінің өте жиі таралған ауруларының бірі. Еліміздің статистикалық мәліметтер бойынша сонғы 10 жылда ЕЖ арасында АГ күрт өсіп келеді. Осыған байланысты геронтологиялық тұрғындарға ауруханаға дейінгі кезеңдегі көрсетілетін медициналық көмексапасы үлкен мәнге ие.

Зерттеудің мақсаты: ЕЖ тұрғындар арасында кең таралған АГ емдеудің тиімділігін зерттеу болып табылады.

Материалдар және әдістер. Біздің зерттеу жұмыстарымыз Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған емханада жүргізілді. Күндізгі стационардағы АГ бар ЕЖ науқастардың карталарын ретроспективті анализдеу жүргіздік.Науқастармен кездесіп сұрастыру жұмыстарын жасадық және науқастармен сауалнама (Опросник SF-36) жүргіздік. Біздің тексеруімізге 100 науқас алынды.Оның 57 әйел 43 ер адам,60 жастан жоғары (орта жасы 65). Өмір сапасының көрсеткіштерін бағалау (Опросник SF-36) көмегімен жүргіздік, антигипертензивті ем тағайындалғаннан бастап және 4 апта өткен соң. Науқастарға антигипертензивті ем тағайындалды. Ем тағайындалғаннан бастап және 4 апта өткен соң клинико-инструментальдық және лабораторлық зерттеу жүргізілді.

Нәтижелер және талқылаулар. Клиникалық көрінісінде астениялық белгілер 79% науқаста кездеседі. Әдебиет мәліметтеріне сәйкес [3] екінші кезекте жалпымилық құбылыстар 74%, ал үшінші орында ангинозды ауру сезімі 68%, АҚҚ көтерілуі 89%, ентігу 46%, құлақтағы шу 15%, ауа жетіспеу сезімі 20% көрініс береді. Біз бақылаған 100%науқастардың ішінен жиі кездескен клиникалық шағымдарының пайыздық көрсеткіші (1 сүрет).

Науқастардың анамнезінде көбісінде жүректің ишемиялық ауруы 54% және АГ 70%, ал 100 науқастың 16% ми қанайналымының жедел бұзылысымен аурып кеткен. Бұл жалпымилық симптомдардың клиникалық көрінісінде орын алатынын дәлелдейді [4]. Өмір анамнезінде 19% асқазан-ішек жолдарының және 23% зәр шығару жүйесінің аурулары кең өріс алған. Бұл берілген жүйелердің жастық өзгерістерімен, әрі осы жүйелерге жүктеменің тым артық болуымен түсіндіріледі. 9% науқастарда жүрек-қантамыр жүйесінің аса маңызды патологиясы болып табылатын семіздік және 2 типті қант диабеті кездеседі [6,7]. Біз бақылаған 100% науқастардың ішінен жиі кездескен ауруларының пайыздық көрсеткіші (2 сүрет).

Асқынулары-жалпы ми қанайналымының жедел бұзылыстары. Гемодинамиканың көрсеткіштері бойынша жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) орта есеппен 71 соққы минутына болса, ал артериальды қан қысымыныңорташа 131/83 мм.с.б.б. тең.ЭКГ нәтижесі бойынша 40% науқаста реполяризация үрдісінің бұзылыстары көрініс береді. Бұл өз кезегінде жүректің диастолалық қызметінің бұзылысын көрсетеді.ЖЖЖ мақсаттық деңгейі жеткіліксіз. Сонымен қатар, егер әдебиет көздеріне жүгінсек [8], науқастарда синустық брадикардия кездесетін болса, ал біздің науқастардың 25% керісінше синустық тахикардия орын алады. АГ емдеу үшін науқастар(58%) бета-блокаторларды, (33%) ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторларын және кішігірім сартандар мен диуретиктер (25%), кальций антагонистерін (30%) қолданған. Сонымен қатар, муколитиктер (5%) мен антисекреторлы (8%) және тамырлық дәрілік заттар (12%) пайдаланған. Бұл полиморбидтілікті көрсетіп қана қоймай, полипрагмазияға әкеледі.

Қорытынды.ЕЖ тұрғындарға АГ кезінде әр науқасқа жеке қарау мен егде жастағы полиморбидтілігін есепке алып дәрілік заттарды қолдану керек [8]. Ырғақты бақылайтын дәрілік заттарды кең көлемде қолданған жөн.Егде жастағы науқастардағы емдеуде дәрігер науқастың физиологиялық ,клиникалық ерекшеліктеріне қарай отырып ем қолдану қажет. ЕЖ науқастарды емдеуде халықаралық стандартқа сәйкес емді,қосымша патологияны ескере отырыптағайындағанжөн.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Андреева Л.С., Безденежная Л.П., Филатова С.А. Геронтология: оқулық. Феникс, Ростов н/Д, 5-ші басылым (СПО), 2009 г.- 510 б.
  2. Воробьева Т.Е., Куницына А.Я., Малеева Т.Ю. Гериатрия. Феникс, Ростов н/Д, 2009 г. - 152 б.
  3. Табеева Г.Р.,Азимова Ю.Э. Цереброваскулярные расстройства в пожилом возрасте //Практическая медицина.-2010.-№2-С.56.
  4. Тундыбаева М.К Кардиоцеребральное поражение у больных артериальной гипертонией.Автореф.на соиск.степени д.м.н... Алматы,2009 г. - С.42.
  5. Денисова Т.П.,Малинова Л.И. Клиническая геронтология «Избранные лекции».-М.:ООО Медиц. информационное агентство,2008-256 с.
  6. Zamboni M.,Mazzali G.,Fantin F.et al. Sarcopenicobesity:a new category of obesity in the elderly//Nutr.Metab Cardiovasc.Dis.2008.Vol.18.P.388.
  7. Габбасов З.А.,Козлов С.Г. Атеросклероз как проблема пожилого возраста//Клиническая геронтология.- 2008.-Т.14,№12-С.11.
  8. Ярыгин В.Н., Мелентьев А.С. Рук-во по геронтологии и гериатрии.Том 1.-М:ГЭОТАР-Медиа,2010.-439 с.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.