Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ақтөбе қаласының топырақ қүрамындағы ауыр металлдарды бағалау

Топырақ жамылғысы Жер биосферасының маңызды компоненті болып табылады, сонымен бірге әртүрлі ластануларды биологиялық сіңіруші, ыдыратушы және бейтараптаушы қызметін атқарады. Егер бұл тізбек ауқымды кеңістікте бұзылатын немесе жойылатын болса, онда биосфераның қызметі қайтымсыз бұзылады. Топырақтың тек қана миграциалық орта болып табылатын су және атмосфералық ауадан айырмашылығы, техногенді ластанудың ең объективті және тұрақты индикаторы болып табылады. Ол ластанған заттардың эмиссиясын және олардың топырақ компоненттерінде нақты таралуын айқын бейнелейді.

Ең қауіпті экотоксинканттарға алдымен ауыр металдарды жатқызамыз, олардың қоршаған ортадағы айналымының ерекшелігі тұрақтылығымен, биологиялық қолжетімділігімен және өте аз концентрацияда жағымсыз әсер ету мүмкіндігімен анықталады[1]. Қаладағы ауыр металдардың негізгі көздері: транспортты-жол кешені, өндірістік мекемелер, өңделмеген өндірістік және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтар болып табылады.

Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану мәселесінің өзектілігі олардың адам ағзасына әсер етуінің кең спектрлілігімен түсіндіріледі. Токсикалық, аллергиялық, канцерогендік, гонадотроптық әсер көрсете отыра ауыр металдар ағзаның барлық жүйесіне әсер етеді .

Көптеген ауыр металдар тек белгілі бір мүшелер мен тіндерде жинақталып, олардың құрылымы мен қызметін бұзады[2].

Зерттеу мақсаты. Ақтөбе қаласы топырағының ауыр металдармен ластану дәрежесін анықтау. Топырақтағы ауыр металдар құрамын анықтау; алынған мәліметтер бойынша сараптама жүргізу.

Материалдар менәдістер. Қала және оның аумағының 29 нүктесінен топырақ сынамасын алу «Охрана природы. Почвы. Методы отбора и подготовки проб для химического, бактериологического, гельминтологического анализа» МСТ 17.4.4.02-84 сәйкес 0-20 см тереңдікте конверт әдісімен, ауыр металдардың (хром, мыс, никель, кобальт, қорғасын, цинк) топырақтағы құрамын зерттеу атомды-абсорбционды спектрометрия әдісімен жүргізілді.

Нәтижелер мен талқылаулар. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша, топырақта элементтердің орташа көрсеткіші келесі қатар бойынша төмендейді: Cr >Cu >Ni> Pb > Zn> Co.

Хром және мыс алынған нүктелердің барлығында анықталған, неғұрлым қарқынды ластану қаланың солтүстік бөлігінде өнеркәсіптік аймағына тікелей жақын аумақта анықталды.

Никель - сынамалардың 86,2% анықталған. Мырыш бойынша қанағаттанарлықсыз сынамалар - 17,2% құрады. Қорғасын және кобальттың жоғарғы көрсеткіштері ластану көздерінен шалғайдағы нүктелерде анықталды.

Химиялық элементтердің зерттелетін топырақ үлгілеріндегі ауытқулары, әлбетте, тұрғын және өндірістік массивтер тыныс-тіршілігімен байланысты микроклиматтық инверсиондық және басқа да үрдістерден болуы мүмкін

Қорытынды.

  • ауыр металдардың суға және атмосфераға тастандыларын нақты және шапшаң бақылауды ұйымдастыру;
  • қала топырағының ауыр металл тұздарымен ластануына тұрақгы бақылау жүргізуді енгізу;
  • ауыр металдардың шығу көзінен адамға дейінгі миграциялық тізбегін бақылау.

Әдебиеттер

  1. Мамырбаев А.А. Токсикология хрома и его соединений, монография, - Актобе, 2012 , - 284 с.
  2. Хоружий Н. А. Загрязнение почв тяжелыми металлами на территории Моздокского района Республики Северная Осетия // Вестник ВГТУ. 2010. №2
  3. Авцын А.П. Микроэлементозы человека / А.П. Авцын, А.А. Жаворонков, М.А. Риш, Л.С. Строчкова // - М.: Медицина. 1991. - 496 С.
  4. Ильин В.Б. Тяжёлые металлы в системе почва-растение. Новосибирск: Наука, 1991.
  • Жыл: 2016
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.