Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сасыр өсімдігінің түрлері және олардың фармакологиялық қасиеттері

Берілген мақалада отандық және шетелдік мәлімет көздеріне сүйене отырып, сасыр өсімдігі түрлерінің фармакологиялық қасиеттеріне шолу жасалған.

Кілт сөздер: шатыршагүлділер, жоңғар сасыры, кәдімгі сасыр, сасық қурай.

Фитопрепараттар, медицинада және фармацияда синтетикалық құралдармен салыстырғанда,аз уыттылығы және сирек жанама әсер көрсетуімен үлкен сұранысқа ие. Өсімдік текті дәрілік препараттар құрамына биологиялық белсенді заттардың комплексі болуымен, жанама әсерлердің пайда болу қауіптілігінсіз ұзақ уақыт қолдану мүмкіндігімен, дәрілік өсімдік шикізатындағы биологиялық белсенді заттардың үйлесімділігімен ерекшеленеді. Қазіргі кезде отандық экспериментальды фармакология отандық шикізаттардан дайындалған өсімдік препараттарын зерттеуге аса назар аударып отыр, сондықтан өсімдік текті дәрілік құралдарды қолдану басымдығы 54 % дейін жетіп отыр [1].

Біздің мақсатымыз отандық және шетелдік мәліметтерге сүйене отырып, сасыр өсімдігінің түрлеріне әдебиеттік шолу жасап, ары қарай зерттеу жүргізу.

Дәрілік өсімдіктер өте ерте заманнан бері емдік мақсаттарда және түрлі аурулардың алдын алу үшін қолданылып келеді. Осындай өсімдіктер қатарына алуан түрлі емдік қасиеттерге ие, шығыс медицинасында ерекше орын алатын, сондай-ақ Еуропа елдерінде емдік қасиеттерімен кеңінен танымал болған сасыр өсімдігі (лат. Ferula) жатады. Оның емдік қасиеттері құрамындағы түрлі биологиялық белсенді заттар мен макро және микроэлементтердің болуымен байланысты. Сасыр өсімдігі халықтық және дәстүрлі медицинада өз орнын тапты.

Жоңғарлық сасыр өсімдігі тамырларының күрделі эфирлері сесквитерпендері және жіңішке сасыр өсімдігінің эстрогендік заты - ферулен негізінде «Тефэстрол» препараты алынған. Ол климакс, менопауза және жыныстық жетілудің кешігу жағдайында қолданылады. Сасыр өсімдігінің тамыры ферутин мен феридиннен басқа, эстрогендік белсенділігі жоғары ферутин және фредин эфирлері бар, олардың фармакологиялық белсенділігі «Тефестрол» препаратынан төмен емес [3,5].

Сасыр - шатыршагүлділер (Apiaceae) тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 1 - 4м. Өсімдіктің таралу аймақтары Жерорта теңізі, Солтүстік Африка, Батыс, Орталық және Шығыс Азияның қалыпты климаттық аймақтарында өседі. Қазіргі уақытта Сасыр өсімдігінің түрі шамамен 150 түрді қамтиды, олар негізінен Ежелгі Орта Жер аймағында кең таралған. Батыс Сібір, Моңғолия және Қытайға бірнеше түр ғана кіреді. Бұрынғы КСРО аумағында 110 түрі бар. Тәжікстан флорасында Сасыр өсімдігінің 37 түрі кездеседі, оның 22-і поликарпикалық және 15-і монокарпикалық. Ресей мен көрші елдердің аумағында соңғы деректер бойынша 104 түрі бар. [2,3].

Кәдімгі сасыр - (Ferula communis) биіктігі 3 метрге дейін жететін, шатыршагүлділер тұқымдасының жағымсыз иісі бар шөпті өсімдік. Сасыр өсімдігінің отаны - Иран мен Ауғанстан, бұл өсімдік Орталық және Орталық Азияда, Алтай өлкесінде де табылған. Өсімдік, анда-санда жауған жауын- шашынға қарамастан құмдарда өседі. Кәдімгі сасыр Ресейде XVII-XVIII ғғ. танымал болды. II Екатеринаның жеке дәрігері профессор Н.Амбодик «Тамақтану және емшілік энциклопедиясы» кітабында былай деп жазды: «Ішке қолданылатын «жаман иісі бар шайыр» ағзадан ісікті қуып шығып, ішек құрттарын өлтіреді, іштің түйіліп ауыруын басып, дененің жансызданған бөліктерін қалыпқа келтіреді және дененің тырысып қалуында емдік әсер көрсетеді. Әсіресе, атеросклероз ауруының дамуын тежейді, катаракта, жүйке және психикалық бұзылулар кезінде және бүйректе тастар қалыптасуын болдырмау үшін қолданылады. Авиценна осы өсімдікті үнемі қолдану дененің қорғаныс қасиетін қалпына келтіру үшін қолайлы жағдай туғызатынын айтты. Ол сасырды көздің, жүйке жүйесінің инфекциялық аурулары және тері қабынуларын емдеуде сәтті қолданды. Қытай медицинасында, көне заманнан бері сасырдың тамырының кебіндісінен алынатын шырын ерекше күш-қуат беріп, сергітуші әсер көрсетуіне байланысты неврастения және вегетативтік невроздарды емдеуде қолданылып келеді. Тәжікстанда халық емшілері сасыр өсімдігін жүрек, тері, жүйке аурулары, туберкулез, асқазан және ішек қабынуларында, сондай-ақ қатерлі ісікке қарсы құрал ретінде қолданады [6,4].

Жоңғарлық сасыр - (Ferula soongarica) ұзындығы 4 метрге дейін жететін, шатыршагүлділер тұқымдасына жататын өсімдік. Ол түрлі ауруларды емдеу үшін ғасырлар бойы пайдаланылған. VIIIVI ғасырларда тіпті ескі Авестандық медицина дәрігерлері жоңғарлық сасыр өсімдігін ең тиімді дәрі- дәрмектердің бірі деп санаған. Ауғанстан, Иран және Үндістан Жоңғарлық сасырдың табиғи өсу орны. Қытайда, Моңғолияда және Қазақстанда кең таралған. Біздің еліміздің аумағында Батыс Сібір мен Алтай аумағында табылған. Бұл аймақтың тұрғындары бұл өсімдікті Омик және таулы омик деп атайды.

Бұл бірегей өсімдіктің емдік қасиеттері оның құрамымен байланысты. Жоңғар сасырының құрамында витаминдер мен минералдар кездеспейді және аз мөлшерде улылық қасиет көрсетеді. Дегенмен, өсімдік тамырының құрамындағы ақ түсті шырынында түрлі ауыр сырқаттарды емдеу үшін қолданылатын өте маңызды заттар: шайырлар мен эфир майлар бар. Олар өт секрециясын қалпына келтіруге көмектесіп, өт қышқылдарының, билирубиннің синтезін ынталандырады. Ежелгі емшілер өсімдіктен психикалық, неврологиялық аурулар, тері ауруларын және түрлі жұқпалы аурулар мен суқараңғылықтан (көз ауруы) арылу үшін дәрі-дәрмектер дайындады. Сонымен қатар атеросклероз, бүйрек тасы ауруларының алдын алу үшін қолданылған. Авиценна организмнің қорғанысын нығайту үшін, үнемі жоңғар сасыры тамырларын қолдануға кеңес берген.

Қазіргі кезде өсімдік негізіндегі препараттар көптеген елдердің медицинасында қолданылады. Мысалы, қытайлық дәрігерлер вегетариоз бен неврастенияны емдейді. Экссудациялық диатез кезінде сыртқа қолданады.Өсімдікті басқа дәрілік заттармен бірге қосып, пневмония, бронхит пен туберкулезді кешенді емдеу жағдайларында қолданады. Ежелгі тәжік пен өзбек медицинасы осы өсімдікке аса көңіл бөлмеген. Ал қазіргі кезде жоңғарлық сасыр өсімдігі негізіндегі дәрілік препараттар асқазан-ішек ауруларының қабынуы кезінде, туберкулез, жүрек, жүйке, тері аурулары, сондай-ақ қатерлі ісікті емдеуде кешенді түрде қолданылады. Жүрек-қан тамырлары ауруларының, атеросклероздың профилактикалық және емдік препараты ретінде қолданылады. Сырт тәнге ревматизм, артрит және полиартрит және радикулит және подагра үшін пайдаланылады. Омик негізіндегі дәрілік препараттар психикалық және неврологиялық ауруларды кешенді емдеуде, сонымен бірге, тыныс алу органдары аурулары, әйелдерде кездесетін, жатыр фибромасын кең ауқымды емдеу үшін пайдаланылады. Жоңғар сасыры еркек жыныс ауруларын емдеуде де тиімді болып келеді. Атап айтқанда, простатит, қуық бездері аденомасын емдеу үшін қолданылады. Сонымен бірге, сасыр негізіндегі дәрілік заттар потенцияны күшейтеді [6].

Сасық қурай - (Ferula asafoetida Linn., латынша foetidus - «иісті,сасық») - шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін эфемероидты (вегетациялық мерзімі қысқа) өсімдік. Қазақстанда шөл және шөлейтті, аласа тау беткейлеріндегі қорымтасты жерлерде, әсіресе Қаратаудың солтүстік шығысындағы сілемдерінде өсетін 2 түрі: Қаратау сасыққурайы (D. karataviense) және құмдық сасыққурай (D. sabulosum) бар. Бұлардың биіктігі 1,5-3м. Отаны - Ауғанстан, Иран, Тәжікстан. Құмдауыт топырақтарда, тұзданған дала аймақтарында өседі [4,5].

Әсер етуші заттар ретінде құрамына шайыр (құрамында 60% ферулин қышқылының эфирі бар), азаританол, купариндер, эфир майы, ванилин және басқа да заттар кіреді. Сонымен қатар құрамында минералды заттардың болуына байланысты өсімдік адам ағзасына ешқандай зиян келтіре алмайды. Сасық қурай өсімдігінің антимикробтық және бактерицидтік қасиеттері бар. Ол бас ауруы, гинекологиялық ауру, босанған және етеккір кезіндегі ауырсыну сезімін басу үшін, жыныстық әлсіздік кезінде қолданылады. Жүйке жүйесіне тыныштандырушы әсер етеді, ішек функциясына ықпал етеді және организмдегі метаболикалық процестерді қалыпқа келтіреді, бұл құрттарды, әсіресе дөңгелек құрттар мен қылшықтарды жоюға тиімді.

Сасық қурай өсімдігі халық медицинасында ғана емес дәстүрлі медицинада да қолдау тапқан өсімдік. Дәстүрлік дәрілік қолданылуына келер болсақ, Ауғанстанда өсімдіктің кептірілген шайырлық ыстық сулы экстракты пероральды түрде жүйке ауруларында, көкжөтел және асқазан жарасын емдеуде қолданылады. Қытайда өсімдік қайнатпасы ағзадан құрттарды түсіру үшін қолданылады. Египетте кептірілген сасық қурай тамырының ыстық сулы қайнапасы пероральды түрде спазмолитик ретінде, зәр шығару жүйесі ауруларында, тері жараларында ауырсыну сезімін басу және емдеу үшін қолданылады. Мароккада эпилепсияға қарсы қарсы құрал ретінде, Непальда құртқа қарсы құрал ретінде қолданылады. Сауд Арабиясында құрғақ шайыр көк жөтел, астма, бронхитті емдеуде қолданылады. Америка Құрама Штаттарында шайырдың сұйық экстракты қақырық түсіруші құрал ретінде, құртқа қарсы, миды және жүйке жүйесін стимулдаушы, күшті спазмолитикалық құрал ретінде қолданылады [3,7,8,9].

Қорытынды: Жүргізілген әдебиеттік шолу мәліметтері сасық қурай өсімдігінің Қазақстанда шикізат ресурсының көптігіне қарамастан, дәрілік өсімдік шикізаты ретінде толық зерттелмегендігін көрсетіп отыр. Сондықтан сасық қурай өсімдігінен биологиялық белсенді заттарды бөліп алу және зерттеу ғылыми және тәжірибелік фармация үшін өзекті болып табылады.

Әдебиеттер:

  1. Токешова Л.Е., Ушбаев К.У. Фармакогностическая характеристика растений семейства Астровых (Сложноцветных). Растения рода пижма// Фармацевтический бюллетень, 2008, №1-2, С.24-25.
  2. Коровин Е.П., Пименов М.Г. и Кинзикаева Г.К. Флора Таджикской ССР, т. 7, 1984.
  3. Р.М. Халилов, А.У. Маматханов, Л.Д. Котенко. Технология выделения эстрогенного препарата ферулен из корней ферулы тонкорассеченной. - Химико-фармацевтический журнал. Том 43, № 10, 2009;
  4. Коровин Е. ^Иллюстрированная монография рода Ferula (Tourn.) L.. - Институт ботаники и зоологии АН УзССР. - Ташкент: Изд-во АН УзССР, 1947. - 91с.
  5. Способ получение средств, обладающих эстрогенной активностью, А.У.Маматханов, Х.С.Ахмедхожаева, Л.Д.Котенко и др.; Патент Узбекистана, № 5588(1999).
  6. Коровин Е. П. Род 1052. Ферула - Ferula// Флора СССР в 30-ти томах.
  7. Atkins, Rosie, et al.: Herbs. The Essential Guide for a Modern World. London, Rodale International Ltd. 2006.
  8. Bown, Deni: The Royal Horticultural Society New Encyclopedia of Herbs & Their Uses. London, Dorling Kindersley 2002
  9. Hoffman JR, et al. The effects of acute and prolonged CRAM supplementation on reaction time and subjective measures of focus and alertness in healthy college students. J IntSocSportsNutr. (2010)
  10. Асафетида// Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: в 86 т. (82 т. и 4 доп.). - СПб., 1890 -1907.
  • Жыл: 2017
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.