Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Клиптік ойлау - білім беру жүйесінің инновациялық технологияларын дамытудың көрінісі ретінде

Ақпараттық ахуалдың артуы,бір жақтан адамның мүмкіндігінше қысқа уақытта барынша көп ақпаратты игеруге, ал екінші жағынан - ақпараттың өзіндік форматында сапалы өзгерістерге әкелді. Басымдықақпараттың сапасына емес, санына фрагменттік көрініс үрдісіне ауысуы байқалды.Клиптік ойлау,клиптік бейнелеу- алдағы онжылдықта жоғары білім беру жүйесінде қарқынды дамитыны анық. Ағылшын тілінен аударғанда «сегмент», «мәтіннің, газет үзіндісі» немесе «фильмнен үзінді» дегенді білдіреді [1,2].

Күніне бірнеше сағат бойы компьютермен жұмыс жасайтын жастар, ақпарат беру механизмдеріне, жарқын, қызықты блоктарға, бір-бірін тез алмастыратын сюжеттік суреттерге, көптеген сілтемелерге тез үйренеді. Қазіргі заманғы балалардың ойы бейнені қабылдау жылдамдығымен ерекшеленеді, бірақ бөлшектерге ерекше назар аудармайды [1,2,3].

Клиптік ойлаудын тасымалдаушысы ақпаратты терең талдауды және күрделі кәсіби мәселелерді шеше алмайды деп саналады. Кейбір авторлар тіпті клиптік ойлау жауапкершілік сезіммен жан ашыр қабілеттерінің әлсіреуне әкеледі, және олар алынған ақпаратты сыни түрде бағалай алмайды, қажет етпейді деп қарайды.Сонымен бірге, барлық адамдар клиптік ойлау қазіргі заман құбылысы екенін мойындайды, заманауи медиа-коммуникациялардын инновациялық даму кезеңінде қалыптасқан, демек, ойлаудың одан әрі таралуы өркениет процесінің табиғи құбылысы ретінде қабылдануы керек [1,4].

Зерттеудің мақсаты «клиптік» ақпарат мәселесін медицина мамандар арасында қабылдануы болып табылады.Зерттеу нысаны адамның ақпарат қабылдауы.Жұмыстың мақсаты мынадай ғылыми тапсырмаларды шешуді қамтиды:

  1. Ғылыми әдебиеттегі клиптік ойлау тұжырымдамасын зерттеу;
  2. Әр-түрлі жастағы медицина қызметкерлерінің ойлауында «клиптік» компоненттерінің болуын аңықтау үшін эмпирикалық зерттеуді жүргізу;
  3. Клиптік ойлаудың жағымсыз қасиеттерін жеңу жолдарын және оның дәрігер-пациент жүйесіндегі оң сипаттамаларын тиімді пайдалануды анықтау.

Алға қойылған міндеттерді шешу үшін қосымша әдістер кешені пайдаланылады: аналитикалық- синтездеу, салыстырмалы; деректерді өңдеу әдістері - сандық және сапалық талдау. Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу кезінде математикалық статистика әдісі қолданылатын болады.

Біз зерттеу жобасының жоспарын әзірледік. Мұнда ұсынылған бірінші кезең- әдеби деректер базасында клиптік ойлау тұжырымдамасын зерттеу нәтижелерімен таныстыру. Бұл мәселені зерттеу үшін көптеген ғалымдардың тобы жұмыс жасауда. Олардың мақсаттары қазіргі заманғы жастардың «клиптік ойлау» феноменін зерттеу, оның мәнін, көрініс формаларын және туындау себептері іздеу. Мысалы ретінде қарасақ, зертеушілердің бір тобы келесідей нәтижеге қол жеткізген. Тандаудың сипаттамасы: Таңдау бойынша 16-19 жас аралығындағы, 20-дан 25-ке және 25-тен 35 жасқа дейін жас аралығындағылар деп қарастырылған.Біз бұл мәселені медицина қызметкерлері, интерндер, жас мамандар мен 5 жылдан астам тәжірибесі бар дәрігерлер арасында зерттеуді жоспарлап отырмыз.

Эксперименттік зерттеудің нәтижелері. Дж. Брунердің модификацияланған сынау нәтижелері бойынша клиптік ойлаудың құрамдас бөліктері жас адамдардың кіші санатынын өкілдері арасында ең жиі аңықталады. Сонымен қатар, осы топтағы шығармашылық ойлаудың көрсеткіштері ең төмен - тек 12,5%.Теориялық ойлаудың құрамдас бөліктері жиі 25-тен 35 жас аралығындағы адамдарда кездеседі және ол 62,5% -ды құрады. Шығармашылық ойлау 25%, клиптік ойлаудың компоненттері тек 12,5% ғана байқалды.

Осылайша, осы зерттеудің нәтижелері бойынша біз келесі қорытындыларды шығара аламыз. Жастар кітаптар мен газеттерге қарағанда бейне ақпаратқа көбірек көңіл бөледі. Адамдар теледидар бағдарламалары, интернет және бейне арқылы ақпарат алуды артық көреді. Жастар нақты ғылымдарға қызығушылық танытуы төмендеген.Көптеген адамдар жұмысты аяқтамай қалдыруы жиі кезедсуде. Қазіргі жастар бір мезгілде көптеген тапсырмаларды орындауға бейім. Респонденттер ақпаратты тез қабылдауға қабілетті, бірақ оны талдап бастағанда қиындықтармен кездеседі. Жастар ақпараттың мәтін форматында емес, суретте қабылдауды қалайды. Бара-бара шығармашылық ойлауға ие адамдар саны азаюы мүмкін. Мектеп және университет мұғалімдері студенттердің белгілі бір ақпараттарға ұзақ уақыт бойы шоғырланбау, көлемді мәтіндермен жұмыс істеу, аналитикалық тұжырымдар жасау, олардың идеяларын дәл және нақты түрде тұжырымдау қабілетсіздігін атап өтуде.Әрине, күнделікті өмірге ақпараттық технологиялардың белсенді енуі, жастардың ақпаратқа деген көзқарасына тікелей әсер етеді,алайда мәселе қазіргі студенттердің ойлау түрінің ауысуы жайлы және сондай-ақ білім беру технологияларын анықталған өзгерістерге бейімдеу керек пе екенінде [6].

Клиптік ойлаудың феномені медицина мамандары арасында зерттеуді қажет етеді. Жоғары оқу орындарының студенттерін тиімді оқыту мақсатында білім беру үдерісіне кейбір ақпараттық технологияларды енгізу қажеттілігі туындап отыр. Студенттер үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болу керек және мәселені шешу үшін қолайлы материалды іздестіріп, тек қана оқып болғаннан кейін студент қандай да бір мәлімдеме дұрыс немесе дұрыс емес деп қорытындылап үйренуі тиіс. Талқылауды және пікірталастар жасау арқылы талдауға қабілетті дамыту қажет. Рөлдік ойындар және практикалық семинарлар ұйымдастыруы барысында болашақ дәрігерлердің ойлау қабілеттіліктерін клиптіп тәсілден көбірек клиникалық ой өрісін дамытуға баулау қажет.

Әдебиет:

  1. С.В. Докука. Клиповое мышление как феномен информационного общества. Общественные науки и современность.2013. № 2. С. 169-176.
  2. Машегов П.Н. Клиповое мышление, как проблема и перспектива развития инновационных технологий в системе образования. Управление общественными и экономическими системами. 2016. № 1. Стр15.
  3. В.В. Пронин Клиповое мышление студента в дистанционном обучении. Вестник Нижегородского университета. 2014, № 2 (2), С. 468–471.
  4. И. Г. Пендикова. Клиповое и концептуальное мышление как разные уровни процесса мышления. Омский научный вестник. Серия «Общество.История. Современность». №1, 2016. С. 53-55.
  5. Волков И.А. Клиповое мышление как психологический феномен: описание и способы диагностики. Томск. 2016. С. 5-57.
  6. Е. В. Кузнецова, Т. М. Резер. Клиповое мышление как фактор изменения образовательных технологий в высшей школе. С. 367-370.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.