Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тәтті бұрыштың өсіп өркендеуіне биостимулятор әсері

Егін шаруашылығын қарқынды ендіруде қоршаған ортаның ластануымен қатар топырақ құрылымының жаппай төмендеуін әркез есте сақтау керек. Бұл химизацияны сауатсыз пайдалану ауыспалы егісті сақтамау және ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестермен күресудің дұрыс жолға қойылмауымен байланысты. Сондықтан егін шаруашылығында экология және биология шараларын жүргізу өте маңызды. Олар қоршаған ортаны қорғау және әр түрлі таза азық-түлік өнімдерін өсіруді қамтамасыз ету қажет. Бірінші кезекте бұл бақша және көкөніс дақылдарына тікелей байланысты [1].

Бірақ оң жетістікке жету негізі топырақ жағдайы мен құнарлығына байланысты, әсіресе сүр топырақты жерлерде ол маңызды. Қарашіріктің төмендеуі техногендік ластанулар көкөніс дақылдарының өнімділігін көтеруді төмендетеді, әсіресе қызанақ пен бұрышта бұл айқын байқалады [2].

Зерттеу бекеті (Бәйдибек ауданы түйе тас ауылы) Батыс Тянь-Шань тау жүйесінің эфемеройдты, қысқа шөпті, жартылай саванналы тау маңында, теңіз деңгейінен 450-500 м биіктікте жатыр.

Зерттеу жүргізілген аймақтың жер бедері батыс Тянь-Шань тауының маңындағы адырлы-бұйратты жазық болып келеді. Еңіс жазыққа ұласатын жерлердің салыстырмалы биіктігі 10-20 м аралығында ауытқиды.

Ауылшаруашылық дақылдарын ұсынылған технологиямен өсіруді үйлестіре отырып әдетті емес ауыспалы егіс тізбегінде органикалық тыңайтқышты (биостимулятор) пайдалану сұр топырақты жерлердің құнарлылығын көтеруде маңызды орын алады, бұл аграрлық ғылымның да өзекті мәселесі болып табылады [3].

Оңтүстік Қазақстанның шаруашылықтары үшін ұсынылған технология бойынша өсірілген бұрышқа артуына фосфор - генеративті мүшелер мен тамырлардың түзілуіне, калий - тамыр жүйесі мен өсімдіктің шыдамдылығын белсенді етуге мүмкіншілік етеді. Ылғал жеткіліксіз болғанда азот тыңайтқышы пайдалы. Өсіруші заттар минералды тыңайтқыштардың тиімділігін арттырып өсу кезендерінің жеделдеуіне ықпалын тигізеді.

Танаптағы өсімдіктің фотосинтетикалық әрекетінің негізгі көрсеткішінің бірі ол - жапырақ ауданы және оның түзулі динамикасы болып табылады. Осыған байланысты барлық ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі негізінен жапырақ көлеміне, өнімділігіне, ассимиляциялық аппараттың жұмыс ұзақтығына байланысты анықталады.

Топырақтағы қоректік режимнің өзгеруіне байланысты өсімдіктің өсу және даму жағдайы әртүрлі болып келеді. Біздің зерттеулерімізде биостимуятор және тынайтқыштар бұрыш жапырағы ауданының ұлғаюына оң әсерін тигізді

Бұрыш жапырақ бетінің ең көп ауданы (2856 см2 пісу кезеңінде) минералды тыңайтқыштың және 0,001% биостимулятор пайдаланғанда көрініс беріп, ал бұл көрсеткіш бақылау нұсқасында небары 1349 см2 ғана болғанын көрсетті. Гүл түйіндерінің пайда болу кезеңінде жапырақ бетінің ауданы минералды тыңайтқышты және 0,001% биостимулятор пайдаланған нұсқада бақылау нұсқасымен салыстырғанда 3 есеге дейін артық болды. Биосимуляторды минералды тыңайтқышты бірге пайдаланған зерттеу нұсқасында да өсімдіктің жапырақ беті ауданы бойынша жақсы нәтижелер көрсетті. Сондайақ боистимуляторлардың жоғары нормасы кеі әсері тигізуі туралы ғылмый деректерді еске алсақ, 0,002% биостимулятор қолданғанда төмен нәтиже алынғанын көруге болады.

Тыңайтқыш және биостимулятор бұрыштың өсіп-дамуына, жапырақ бетінің ауданына ғана емес, сонымен бірге одан алынатын өнім деңгейіне де әсер етті. Бұрыштан ең мол өнім 0,001%биостимулятор және минералды тыңайтқыштар пайдаланған (412,5 ц/га) нұсқадан алынды, бұл бақылау нұсқасына қарағанда 392%-ға артық. 0,001%биостимулятор және тыңайтқыш қолданылған нұсқада бұрыштың әрбір түбінен 8 дана, ал тек тыңайтқыш берілген нұсқада 6 данаға дейін артық жеміс алынды. Орташа жеміс салмағы бойынша да тыңайтқыш және 0,001% биостимулятор енгізілген нұсқада және тыңайтқыш енгізілген нұсқада 55-50 грамды құрады.

Бір түптегі жеміс саны мен орташа бір жеміс салмағына байланысты бір түптен алынған жеміс салмағы тек тыңайтқыш енгізілген зерттеу нұсқасында 825 г құрады. Бұл тыңайтқыш енгізілмеген бақылау нұсқасына қарағанда 4 есеге артық.

Алынған нәтижелерге қарағанда тыңайтқыш және 0,001% биостимулятор қолданған таза тыңайтқыш пайдаланғанға қарағанда 87,5 центнер қошымша өнім алуға мүнкіндік беруі анықталды.

Әдебиеттер

  1. Есмахан Н.Ш., Абишова Г.С. «Бақша шаруашылығы» пәнінен курстық жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау Шымкент 2012ж.
  2. М.Жанзақов «Өсімдік шаруашылығы» Қызылорда: 2007ж 246-258 бет.
  3. Н.Г.Щепетков, М.Ә.Ысқақов «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» Алматы, 2011ж 519-529бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.