Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сасық қурай сұйық экстрактысының құрамындағы флаваноидтарды анықтау

Түйін

Оңтүстік Қазақстанда өсетін сасық қурай тамырынан 90% этил спиртімен экстракциялау арқылы сұйық экстракт алынды. Нәтижесінде этил спиртіне тән иісі және сасық қурай тамырының ерекше иісі бар мөлдір сұйықтық алынды. Жұқа қабатты хроматография, жоғары эффективті сұйықтық хроматография әдістерімен қою экстрактының сапалық құрамы зерттелді. Сұйық экстрактыға спектрофотометриялық әдіспен флавоноидтарға сандық анықтау жүргізілді. Экстракциялаудың оңтайлы параметрлері іріктеліп, спиртті экстракт құрамындағы флавоноидтарды сандық анықтау әдістемесі өңделді. Бұл ретте таңдаудың негізгі өлшемі рутин есебінде экстракт құрамындағы флавоноидтар мөлшері болып табылады.

Кілт сөздер: Ferula asafоetida l., жұқа қабатты хроматография, спектрофотометрия, сұйық экстракт.

Кіріспе. Соңғы жылдары жаңа дәрілік өсімдіктерді іздеуге және халық медицинасында қолданылатын өсімдік шикізатынан жасалған препараттарды әзірлеуге көп көңіл бөлінуде. Бұл оларды ұзақ қолдану, ағзаға кешенді әсер ету мүмкіндігімен және жанама әсерлердің жоқтығымен байланысты. Перспективті бағыттардың бірі құрамында флавоноидтардың, полифенолдық қосылыстардың және биологиялық белсенді заттардың басқа топтарының болуына байланысты дәрілік өсімдік шикізатының антиоксиданттық белсенділігін зерттеу болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: Сасық қурай (Ferula asafоetida L.) тамырынан алынған сұйық экстракт құрамындағы флаваноидтарды ЖҚХ әдісімен зерттеу.

Материалдар және әдістер.

Әдістемесі. Ең алдымен, алынған сұйық экстрактыны роторлы-вакуумды буландырғышта этанолды айдау арқылы қоюлаттық.Алынған экстракт қою жасыл түсті, өзіне тән иісі бар, тұтқыр масса болды. Содан кейін, алынған қою сығынды құрамындағы флавоноидты қосылыстардың сапалық құрамы зерттелді. Сапалық талдау жүргізу үшін жұқа қабатты хроматография әдісі қолданылды. Еріткіштер жүйесі ретінде н-бутанол – мұзды сірке қышқылы – су (5:1:1), ал жылжымайтын фаза ретінде сорбент SORBFIL маркалы пластинкалары пайдаланылды.

Көлемі 15x10 см хроматографиялық пластиналардың старт сызығына 30 мкл зерттелетін ерітінділер және 10 мкл-ден 70% этил спиртіндегі флавоноидты қосылыстардың стандартты үлгілерінің 1%-ды ерітінділері енгізілді, сынамалар енгізілген пластинкалар ауада 5 мин бойы кептірілді. Еріткіштер жүйесіне салынып,элюенттің старт сызығынан кейін 12 см-ге, яғни финиш сызығына жеткеннен кейін пластинкалар шығарылып, кептірілді. Одан әрі, пластинкалар 254 нм толқын ұзындығындағы УК-жарықта қаралды. Нәтижесінде, кверцетин мен рутин флаваноидтары анықталды (Сурет 1).

Сұйық экстракты құрамындағы флавоноидтардың мөлшерін сандық анықтау спектрофотометрия-лық әдіспен жүргізілді. Талдаудың негізгі әдісі ретінде, 70%-дық этил спирті ортасындағы алюминий хлоридімен флавоноидтардың өзара әрекеттесу реакциясы таңдалды.

Сығындының компоненттік құрамын зерттеу онда басым флавоноидты қосылыстар рутин, гиперозид, кверцимеритрин екенін көрсетті, стандартты үлгі ретінде рутин-стандарты қолданылды. Алюминий хлориді бар қою сығынды және алюминий хлориді бар рутиннің стандартты үлгісін (СҮ) пайдаланып, НПО ВИЛАР ТУ 64-4-127-96 бойынша сіңіру спектрі зерттелді. Спектрлері сәйкес келді,

ал максимум жұтылу 410 нм толқын ұзындығында болды. Өлшеулерді максимум сіңіру аймағында жүргізілді. Себебі, спектрдің бұл аймағы шикізаттан алынған сығындыларда болатын ілеспе фенолды және басқа да органикалық заттардың сіңіру спектрлерінен әлде қайда жоғары. Салыстыру ерітіндісі ретінде, алюминий хлориді қосылмаған сығындының ерітіндісі пайдаланылды, яғни спектрофотометрияның дифференциалды нұсқасы қолданылды, бұл ілеспе заттардың талдау нәтижелеріне әсерін болдырмауға мүмкіндік береді. Сынаманы талдау кезінде флавоноидтар мен оларға ілеспелі заттарды диссоцияцияланбаған пішінге ауыстыру үшін және талдау нәтижелерін жақсарту мақсатында сірке қышқылымен қышқылдандырылды.

Сондай-ақ, фотометриялық реакцияның оңтайлы шарттары, яғни сасық қурай сығындысының спиртті ерітіндісінің мөлшері, алюминий хлоридінің концентрациясы мен көлемі зерттелді. Ең жоғары оптикалық тығыздыққа 2 мл алюминий хлоридінің 70% этил спиртіндегі 2% ерітіндісін және 70% этил спиртіндегі 2 мл сасық қурай сығындысы ерітіндісін пайдалану кезінде қол жеткізіледі.

Алюминий хлориді бар сығындының спирттік ерітіндісінің тұрақты боялуы 30 минуттан кейін басталды және 1,5 сағат бойы сақталады, бұл талдау жүргізу үшін жеткілікті.

Жүргізілген зерттеулер негізінде сасық қурай сығындысындағы флавоноидтардың сомасын сандық анықтау әдістемесі әзірленді: 0,25 г (нақты салмақ) сасық қурай сығындысын сыйымдылығы 50 мл өлшегіш колбада 40 мл 70% этил спиртімен ерітілді. Ерітіндіні 70% этил спиртімен белгісіне дейін жеткізілді. 2 мл ерітіндісі сыйымдылығы 25 мл өлшеу колбаға құйдық. Сығындыны қағаз фильтр арқылы фильтрлеп, алғашқы 10 мл фильтрат алып тасталынды. 2 мл фильтратты сыйымдылығы 25 мл өлшеуіш колбаға құйып, 70%-дық этил спиртіндегі 2 мл 2%-дық алюминий хлоридінің ерітіндісін, 0,1 мл 33% сірке қышқылы ерітіндісін қосып, ерітіндінің көлемін 70% этил спиртімен белгісіне дейін жеткізілді. 30 минуттан кейін осы ерітіндінің оптикалық тығыздығын спектрофотометрде 410 нм толқын ұзындығында қабатының қалыңдығы 1 см кварц кюветада өлшедік.

Салыстыру ерітіндісі ретінде құрамында 2 мл сасық қурай сығындысы, 0,1 мл 33% сірке қышқылы ерітіндісі және 70% этил спиртімен 25 мл-ге дейін жеткізілген ерітінді алынды.

Сыналатын ерітіндімен параллель рутиннің стандартты ерітіндісінің оптикалық тығыздығы өлшенді.

Сасық қурай сығындысы құрамындағы флавоноидтар сомасының мөлшері рутинге есептегенде келесі формула бойынша анықталды (%): мұнда: D1 - сыналатын ерітіндінің оптикалық тығыздығы, D0 - рутин стандартты ерітіндісінің оптикалық тығыздығы, А0 - рутин стандартты ерітіндісінің салмағы, А - сығынды салмағы, V - сығынды ерітіндісінің көлемі - 50 мл, V2 – сұйылтылған сығынды аликвотаның көлемі - 25 мл, V3 - сығынды аликвотаның көлемі - 2 мл, V4 - рутин стандартты ерітіндісінің көлемі (100 мл), V5 – рутин стандартты ерітіндісінің сұйылтылған аликвотасының көлемі (25 мл), V6 – рутин стандартты ерітіндісінің аликвотасының көлемі (1 мл), W - % - да кептіру кезіндегі массадағы шығыны (12,2%).

Рутин стандартты ерітіндісін дайындау. 130-140°С кептірілген 0,05 г (нақты салмақ) рутиннің стандартты ерінідісін (ТУ 64-4-127-96) сыйымдылығы 100 мл өлшеуіш колбада су моншасында қыздыру арқылы 80 мл 70% этил спиртінде ерітіп, көлемін сол еріткішпен суытқаннан кейін белгісіне дейін жеткіздік. Ерітіндінің жарамдылық мерзімі 1 ай. мл рутиннің стандартты ерітіндісін сыйымдылығы 25 мл өлшеуіш колбаға салып, 70% этил спиртіндегі 2 мл 2%-дық алюминий хлориді ерітіндісін, 0,1 мл 33%-дық сірке қышқылы ерітіндісін қосып, ерітіндінің көлемін 70%-дық этил спиртімен белгісіне дейін жеткіздік.

Зерттеу нәтижелері КСРО МФ XI сәйкес статистикалық өңделеді. Нақтылығы 95%, ықтимал анықтау қатесі 4,25%-дан аспайды.

Кесте 1 – Сасық қурай экстрактысындағы флавоноидтар мөлшерін анықтау әдістемесінің метрологиялық сипаттамасы

Нәтиже. Сасық қурай сұйық экстрактысынан кверцетин, рутин флаваноидтары ЖҚХ әдісімен анықталды.

Сасық қурай сығындысындағы рутинге есептегендегі флавоноидтар сомасының мөлшері 4,58%±0,072% құрады.

Қорытынды. Алынған сұйық экстрактының сапалық және сандық көрсеткіштері анықталды. Зерттеу ҚР МФ талаптарына сай жүргізіледі. Сапалық талдау жүргізу үшін жұқа қабатты хроматография әдісі, ал флавоноидтардың мөлшерін сандық анықтау үшін спектрофотометриялық әдіс қолданылды.

Әдебиеттер

  1. Пономарев, В. Д. Экстрагирование растительного сырья [Текст] /В.Д. Пономарев. - М.: Медицина, 1976. - 203 с.
  2. Минина, С. А. Химия и технология фитопрепаратов [Текст] / С. А. Минина, И. Е Каухова. - М: Гэотар-мед, 2004. - 560 с.
  3. Способ экстрагирования лекарственного растительного сырья [Текст] / М. В. Швырев, А. Ю. Прошин, Е. В. Иванов [и др.] // Разработка, исследование и маркетинг новой фармацевтической промышленности: сб. науч. тр. - Вып. 60. - Пятигорск, 2005. - С. 164-166.
  4. Верещагина, В. В. Выбор оптимального растворителя для экстракции активных веществ коры березы [Текст] / В.В. Верещагина, Л.В. Погребняк, Е.В. Юшко // Разработка, исследование и маркетинг новой фармацевтической продукции : сб. науч. тр. - Вып. 61. - Пятигорск, 2006. - С. 77-78.
  • Жыл: 2019
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.