Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақтың ұлттық ойындарын заман талабына сай жаңарту мәселелері

Мақалада қазақтың ұлттық ойындарын заман талабына сай жаңарту мәселелері жан-жақты қарастырылған. Қазақтың байтақ даласын мекендеген және қазақтың арғы тегі болған түркі тілдес тайпалар ғасырлар бойы өздерімен бірге жасасқан ұлт ойындарын үнемі дамытып, өмір ағымына қарай жетілдіру мәселелері сипатталған. Мәселен, қарагие – найза лақтыру, қақпа тас – бес тас, садақ ату – жамбы ату, т.б. деп өзгергенімен, бұлардың ойнау тәсілдері сол бұрыңғы күйінде сақталып отыр. Сондай- ақ бүгінде қайсыбір ойындардың әр жерде әртүрлі аталуы да кездесіп жатады. Мысалы, бүкіл қазаққа әйгілі «ақсүйек» ойыны кейбір аймақтарда «орда», «тоқтышақ» деп те аталады.

Кілт сөздер: ұлттық ойындар, қазақтың дүниетанымы, қазақтың этнографиясы, түркі тілдес тайпалар, көкпар, қыз қуу, қазақша күрес.

Қазақтың ұлттық ойындарын зерттеуге өзінің отыз жылдан астам өмірін сарп еткен Базарбек Өртенбайұлы олардың шығуы мен қалыптасуы тарихтың сонау терең қойнауында жатқанын ғылыми деректермен нақты дәлелдеп шыққан қазақ ғалымдарының ең алғашқыларының бірі болып танылады. Ол өзінің зерттеу еңбектерінде ықылым заманнан бері қазақтың байтақ даласын мекендеген және қазақтың арғы тегі болған түркі тілдес тайпалар ғасырлар бойы өздерімен бірге жасасқан ұлт ойындарын үнемі дамытып, өмір ағымына қарай жетілдіріп отырғанын жан-жақты сипаттайды. Ғалымның сараптама еңбектеріне жүгінсек, алғашқы қауымдық құрылыс кезінде-ақ бұл тайпалардың күнделікті тіршілік ағымынан туындаған өзіндік әртүрлі ойындары (қарагие, таяқ жүгірту, жылмаң, қақпа тас, садақ ату, т.б.) болған көрінеді. Олар сол тас дәуірінде ойынға көбіне өңделген тасты пайдаланса, кейін бертін келе ағашты, малдың сүйегін қолдана бастаған. Ал өркениеттің алғашқы кезеңінде, яғни темір пайда болған кезде ойындарға темір құралдарын жаратқан. Одан соң алғашқы феодалдық дәуірде, тайпалардың мемлекеттік құрылымы қалыптаса бастаған тұста, ақбайпақ, алтыбақан, арқан тартыс, белбеу тастау, жасырынбақ, бұғынай сияқты ойынның жаңа түрлерін өмірге әкелген. Әрі бұл ойындар дамытыла келе әрленіп, қоғамның ыңғайына қарай түрленіп отырған. Дегенмен де, ерте дүниеден күні бүгінге дейін жеткен ойындардың көпшілігінің аттары өзгергенімен, олардың ішкі мазмұны сақталып қалған. Мәселен, қарагие – найза лақтыру, қақпа тас – бес тас, садақ ату – жамбы ату, т.б. деп өзгергенімен, бұлардың ойнау тәсілдері сол бұрыңғы күйінде сақталып отыр. Сондай-ақ бүгінде қайсыбір ойындардың әр жерде әртүрлі аталуы да кездесіп жатады. Мысалы, бүкіл қазаққа әйгілі «ақсүйек» ойыны кейбір аймақтарда «орда», «тоқтышақ» деп те аталады. Және бір назар аударатын жайт, о баста бал ал ар ойнаған кейбір ойындарды келе-келе үлкендер де ойнаған көрінеді. Немесе керісінше, бір кездері үлкендер ойнаған ойындар кейін балаларға ауысып кеткен. [1]

Базарбек Төтенай қазақ жерін мекендеген тайпалардың ұлттық ойындары жайында ең алғаш пікір айтқан Рашид-ад дин, Низами-аль-Мулк, Мосуди, Махмуд Қашқаридың еңбектеріне де кеңінен тоқталады. Қазақтың салт-дәстүр, ұлттық ойындарының, мейрамдарының қалай өтетінін майын тамыза суреттеп, тарихи талдаулар жасаған Батыс Еуропаның ертедегі көрнекті саяхатшылары В. Рубрук, Ә. Маккей, П. Карпинидің жазбаларына да мейлінше назар аударады. Олардың қазақтың ұлттық ойындары еңбек үдеріс- теріне байланысты туындап отырғандығын, тіпті ұлт ерекшелігін көрсететін құрал екендігін мойындайтын пікірлерін толықтай қостайды. Расында, ағылшын саяхатшысы Ә.Маккейдің «тоғызқұмалақтың» шығу тарихына, ойналуына айрықша тоқтала келіп, бірінші рет оны дүниежүзілік спорт аренасына шығаруын, шахматпен қатар қоюын қалай қостамасқа. Оның ұлт ойындары халық театры мен өнерінің негізін қалады деген түжырымына қалай келіспеске. Ақиқатына жүгінсек, мұны қазір қазақ ғалымдары да растап жатқан жоқ па. [2]

Қазақтың этнографиясын зерттеп, оны бүкіл Еуропа елдеріне таратуға ерекше атсалысқан ұлты поляк А. Янушкевич өзінің тарихи жазбаларында қазақ халқының қыстаудан жайлауға көшіп келген күнін «бұл күн олар үшін бақыт күні, қуаныш күні» дей келіп, сол күні өз көзімен көрген ойын-сауықты, әсіресе «қыз қуу» ойынының ғаламат қызығын тамсана сипаттағанын тілге тиек еткен ғалым, ұлтымыздың және бір жанашыры, барлық саналы ғұмырын қазақтың фольклорын жинап, соларға ғылыми анықтама беруге сарп еткен атақты этнограф, ұлты басқа болса да қазақтың жоғын жоқтап өткен ғалым А. Диваевтың ұлттық ойындарымызды да жинап, қағазға түсіріп, артында мол материал қалдырғанын айтады. Оны Орта Азия мен Қазақстанның этнографиясының негізін қалаушылардың бірі десек те артық болмас еді деген тұжырым жасайды.

Ұлттық ойындар – көшпелі халықты батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, әділдікке тәрбиелейтін үлкен мектеп болғаны сөзсіз. Әрі өмірлік тәжірибелерге негізделген осынау ғажайып мектептің баға жетпес тәлім-сабақтары бүгін де, ертең де, еш уақытта құндылығын жоймақ емес.

Жарыс жекелей есепте өтеді. Көнге әр ойыншы бір асықтан тігеді де, төреші сақаларды иіріп, ойыншылардың кезегін анықтайды. Бірінші кезек алған ойыншы сақасын көннен алыстау жерге иіреді, себебі, сақасы «тәйке» түскен жағдайда оны ойыннан шығару үшін, өзінен кейінгі кезектегі ойыншы көннен тұрып сақасын атады. Егер тигізсе, алдыңғы ойыншы ойыннан шығып қалады. Ал тигізген ойыншы көннен бір асық алады да, сақасы түскен жерден өз кезегі келгенде көндегі асықты атады. Келесі кезектегі ойыншы сақасын иіреді. Егер сақасы «алшы» түссе, көннен бір асық алады да, өз кезегі келгенде сақасы жатқан жердей асықты атады. [3]

Егер бірінші кезектегі ойыншының сақасы «бүк» не «шік» түссе, сақасы орнында жата береді де, келесі кезектегі ойыншы сақасын иіреді. Ойын осылай жаяғаса береді. Мәселен, соңғы ойыншының сақасы «тәйкесінен» түссе, онда бірінші кезектегі ойыншы оның сақасын өз сақасының орнына атып, тигізсе бір асығын алады да, сақасы түскен жерден өз кезегіндегі асықты атады, тигізе алмаса, өзі ойыннан шығады. Ойыншыяар асықты атқан кезде сақасы мен асығы бірдей жағдайда «бүк-бүк», «шік-шік», т.б. түскенде немесе сақасы «алшы» түскенде ғана атқан асығын алады. Егер атқан асығын иесі ала алмаса, келесі кезектегі ойыншы міндетті түрде осы асықты атады.

Заман ағымының алға жылжуымен дәстүріміздің ұлттық ойынын ұмытқалы жатқан секілдіміз. Асық ойнау тек ауыл балаларының еншісінде деу де, тым әсірелеп айтқан болып көрінеді.

Қазақша күрес. Бұл ойын қазақтың ертеден келе жатқан спорттық ойындарының бірі. Күрес кезінде екі топтан шыққан балуандар қоян-қолтық ұстасып, аяқтан шалу, жамбасқа түсіру, көтеріп алып жауырынға жатқызу, тағы сол сияқты айла-тәсілдер қолданып, бір-бірінің жауырынын жерге тигізгенге дейін күреседі. Ортаға шыққан палуандар салмақ ерекшеліктеріне және жасының үлкен-кішісіне қарамай, тек өздерінің 61- лек күштеріне сенеді. Тегі, халықтың «Күш атасын танымайды» деген мақалы осыдан қалса керек.

Бүгінге дейін Қазақ күресінің әртүрлі тармақтарынан біреуі ғана сақталған. Қазіргі таңда «Қазақстан барысы» республикалық және халықаралық сайыстар қазақ күресінің сол түрі бойынша өткізіледі. Жобаның ең негізгі міндеті – ұлттық күрестің дамуына ықпал етіп, қазақ күресін еліміздегі танымал спорт түрлерінің қатарына қосу. Төл күресімізді дамыту жолындағы инфрақұрылымды жақсартып, қазақ күресін спорттық ғылымның бір саласы ретінде зерттеуге жол ашу және ұлттық спортымызды жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу де бұл жобаның ең басты міндеттерінің бірі.

Көкпар тарту. Бұл ойынға атқа еркін шабатын, білегінің қарымы мығым, астында жаратқан күшті аты бар адамдар қатыса алады. «Көкпар тарту»- Орта Азия халықтарының арасында өте ерте пайда болған ойындардың бірі. Әрі күні бүгінге дейін бұл ойын өзінің құндылығын әлі жойған емес. Жер- жерлерде әрбір мереке сайын «көкпар тартудың» үлкен қызығушылықпен ұйымдастырылып, тамашалануы соның бірден-бір көрінісі болса керек.

Ойын ережесі бойынша, көмбеде тұрған ойыншылардың қай бұрын жеткені әудем жерде ортада жатқан басы кесілген бағланды, не ешкіні ала қашады. Басқалардың мақсаты – оны қуып жетіп, көкпарды тартып алып, басып озу. Осылайша екінші көмбеге әлгі тартысқа түскен малды шамасы жетіп, кім бұрын әкелсе, соның ұтқаны.

Бүгінде елімізде көкпар ойыны даму үстінде. Оған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы жақсы мән беріп отыр. Елімізде 14 облыс, екі үлкен қала бар болса, соның ішінде: Маңғыстау, Атырау, Қостанай, СҚО көкпар кенжелеп қалған жайы бар. ОҚО, Жамбыл, Алматы облысы мен Алматы қаласы, ШҚО көкпар жақсы дамыған. Оның өзі «Жаппай көкпар» және «Спорттық көкпар» деп бөлінген. Айырмашылығын айта кетсек, жаппай көкпарда серкенің салмағына шек қойылмайды және әркім көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Еліміздің оңтүстігінде көкпардың бұл түрі өте жақсы дамыған, аптасына бір рет өтіп отырады. Ал спорттық көкпар – белгілі бір ережеге бағынған, ортада төреші бар, алаңның ені – 80 метр, ұзындығы – 100 метр, қазандықтың биіктігі – 1,20 метр, тартатын серкенің салмағы 30-35 келі арасында болуы керек деп шарт қойылатын түрі.

Алтыбақан. «Алтыбақанды» жаз айларында тебеді. Оны құру үшін әрқайсысының ұзындығы 3-4 метрден жеті ағаш және мықты үш арқан керек. Мосы құсатып алты ағашты үш-үштен бір жақ басынан байлайды да, екі жерге қадайды. Бір ағашты жоғарғы ашасына көлденең салып бекітеді. Арканның біреуін бел ағашқа аяқ тірейтіндей етіп байлайды. Қалған екі арқан одан қысқарақ етіліп отыру үшін қосарландыра байланады.

Қыз бен жігіт қарама-қарсы тұрып аяқтарын арқанға тіреп тербеледі. Алтыбақан тепкен екі ойыншының бастауымен жерде тұрған жастар қосылып ән салады. Ойын-сауыққа жиналғандар алтыбақанға кезек-кезек отырып, ойынды жалғастыра береді. Әрбір жолы алты бақанға отырғандар өздері қалаған әнді бастайды да, басқалары қосылып, оларды тербетіп тұрады.

Алтыбақан қазіргі таңда тек «Наурыз» мерекесінде құрылады.

Қыз қуу. «Қыз қуу» ойынының шығу тарихы тым әріде жатыр. Сонау ертеректе қазіргі Қазақстан жерінде өмір сүрген алғашқы сақ тайпаларының өмірі көбіне жаугершілікпен өткені белгілі. Сонда бейбіт күндері жауынгерлер мен олардың сапында жүрген мерген қыздар бірін-бірі ат үстінде қуалап, көңіл көтерсе керек. Осыдан барып кейін халық арасында «қыз қуу» ойыны кең таралған көрінеді.

Ойын тәртібі бойынша кең жазық жерге жиналған халықтың арасынан арғымақ мінген қыз шығады да, қыз қууға дайындалып, caп түзеп тұрған жігіттердің қасына жақындап барып, өзі ұнатқан бір жігітті қамшымен тартып жіберіп, қаша жөнеледі. Есесі кеткен жігіт атына міне салып, қызды қуып береді. Содан қызды қуып жетсе бетінен сүйіп, «есесін» қайтарады да, ал егер қуып жете алмаса, амал жоқ, ойынды тамашалап тұрған дүйім жұртқа күлкі болады.

Қазіргі таңда бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қууды қазіргі бағытымен келешекте де дамытудың үлкен спорттық маңызы бар. Оны ұлттық спорт ойындарының қызғылықты бір түріне айналдыру үшін мүмкіншілік толық.

Тоғызқұмалақ. Өте қызық әрі терең ойлануды қажет ететін ойын. Оның өзіне тән басты ерекшелігі, ол аса күрделі жабдықтарды қажет етпейді. Сондықтан да ертеректе ойыншылар кездескен бетте жерден кішкентай шұңқырлар қазып, ойын тақтасын дайындай қойған. Барлық құмалақты салатын шұңқырды - «қазан», тоғыз-то ғыздан құмалақ салатын шұңқырды - «отау» деп атаған. Көбіне далада кездескен екі малшы сол «қазан» мен «отаудың» орнын жердің бетінен әзірлеп жіберіп, дорбаларында жүрген қойдың кепкен 81 құмалағын әр «отауға» тоғыз-тоғыздан бөліп салып, ойнай беретін болған.

«Тоғызқұмалақ» ойынын оңнан солға қарай, яғни сағат тілінің бағытына қарсы жүреді. Құмалақ салынған тоғыз «отаудың» әрқайсысының өз атауы бар: сол жақтағы шеткі бірінші отау – «таңдық», екіншісі – «көшпелі», үшіншісі – «атөтпес», төртіншісі – «атсүратар», бесіншісі – «бел», алтыншысы – «беласар», жетіншісі – «қандықақпан», сегізіншісі – «көкмойын», тоғызыншысы – «маңдай». Ойынның ойналу үрдісі толығымен осы «отау» атауларына негізделген. Мәселен, ойын басталғанда алғаш жүрген адам «қандықақпан» десе, ол жүрісін жетінші «отаудан» бастағанын хабарлағаны. Енді қарсыласы жүрісті жалғастырып «бел» десе, қарсылас ойыншы оның жүрісті қай «отаудан» бастағанын біліп, соған қарсы жүруге кіріседі.

Қазіргі таңда республикада тоғызқұмалақ ойынының жеке қауымдастығы бар. Облыс орталық- тарында тоғызқұмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Оған қоса бұл ойынды ғаламтор желісінде онлайн ойнауға болады.

Қорыта айтатын болсақ, әлемге танылған ойынымызды халыкаралық деңгейде өзіміз насихаттап, дүние жүзінде шығып жатқан еңбектерді саралап, мұрамызға ие болсақ нұр үстіне нұр болар еді.

Әдебиеттер

  1. Қазақ ұлттық ойындары / құраст. Б. Төтенай; суретші Н. Айымбет. Алматы: Балауса, 2013. 98 б.
  2. Тоғызқұмалақ ойынындағы тұздықтар тартысы / Шотаев, М., Абдужаппаров, Ы.. - Кентау: [б. ж.], 2006. – 131 б.
  3. Қазақстан: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.