Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Фармацевтикалық технологияда қолдану үшін сүтқышқылды өнімдерден lactobacillus spp. пробиотикалық штамдарын бөліп алу

ТҮЙІН

Бұл мақалада пробиотиктердің адам денсаулығын сақтау, қалпына келтірудегі рөлі және фармацевтикалық технологияда қолдану үшін сүтқышқылды өнімдерден Lactobacillus spp. пробиотикалық штамдарын бөліп алу жолдары сипатталған. Себебі пробиотиктер асқазан ішек жолына байланысты көптеген ауруларды емдеудің тиімді құралдарының бірі болып саналады.

Кілт сөздер: пробиотиктер, пребиотиктер, ішек флорасы, лактобактериялар, асқазан ішек жолы, бактериоциндер, микробиоценоз.

Қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың маңызды мәселелерінің бірі асқазан-ішек жолының микро- биоценозының бұзылуы (дисбактериоз) болып табылады, бұл проблема әлемнің көптеген елдері халқының 70-90%-да, соның ішінде Қазақстан Республикасында да кездеседі. Ересек адамдар мен балалардың арасында дисбиотикалық жағдайлардың жиілігі жоғарылаған сайын практикалық медицинада адамның бұзылған қалыпты ішек микрофлорасын түзететін препараттарға деген қажеттілігі артуда. Сондықтан дисбактериоздардың алдын алу және түзету үшін қолжетімді пробиотикалық препараттарды жасау эконимикалық тиімді және перспективті бағыт болып табылады [1.2]. Пробиотиктер мен пробиотикалық

өнімдердің пайдалы әсері ХХ ғ. басында И.И. Мечников тірі ацидофиль бактерияларынан айран жасаған- нан бастап белгілі. 1917 жылы Nissle диареяны емдеу үшін ішек таяқшаларынан препаратты пайдалануды ұсынды. Біздің елімізде құрамы эшерихиядан тұратын пробиотиктер өткен ғасырдың ортасынан бастап тұтынылады. 70ж. ішек дисбактериозын түзету үшін Бифидумбактерин және Лактобак-терин препараттары кеңінен қолданысқа ие болды. Биопрепараттарға кіретін пробиотикалық қасиетке ие штаммдардың ассортиментін ұлғайту әрі қарай бағыт алды. Әсер ету белсенділігі жоғары препараттарды жасауға мүмкіндік беретін жаңа биотехнологиялар ХХ ғ. соңында ХХІ ғ. басында енгізілді [3.4.5]. Пробио- тиктердің әсері тек микрофлораны қалпына келтіруге ғана емес, сонымен қатар иммуномодулирлеуші белсенділікті жоғарылатуына және зат алмасу үрдісіне қатысуына негізделген.

Пробиотикалық препараттар құрамы мен шығарылу түріне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді. Компоненттерінің түрлік тиестілілігі бойынша бифидоқұрамды, лактоқұрамды, қышқылқұрамды және споралы бактериялар мен сахаромицеттен тұратындар, яғни өздігінен жойылатын антогонистттер деп жіктеледі [6]. Ішек микрофлорасын қалпына келтіретін препараттар олардың медициналық практикада пайда болу шамасына қарай төрт буынға бөлінетін жіктеме де танылған:

  1. буын – бактериялардың бір штаммасын қамтитын дәстүрлі монокомпонентті препараттар: Бифидумбактерин, Лактобактерин, Колибактерин;
  2. буын – өздігінен жойылатын антагонисттер: Бактисубтил, Биоспорин, Споробактерин және т.б.;
  3. буын – бактериялардың бірнеше штаммаларынан тұратын (поликомпонентті) немесе олардың әсерін күшейтетін қоспаларды қамтитын аралас препарттар: Аципол, Ацилакт, Линекс, Бифилиз, Бифиформ.
  4. буын – сорбентте иммобилизацияланған тірі бактериялар – нормофлора өкілдері. Қазіргі таңда оларға сіңірілген бифидоқұрамды пробиотиктер жатады: Бифидумбактерин форте және Пробифор [7.8.9].

Тағамдық пробиотикалық өнімдер мен пробиотик негізді дәрілік заттардың құрамында микроорганизмдердің бірнеше тобы тобы кездеседі (кесте 1).

Соның ішінде сүтқышқылды пробиотиктердің алатын орны ерекше. Сүтқышқылды пробиотиктер- дің қызметтері лактобактериялардың негізгі қасиеттеріне негізделген: Органикалық қышқылдарды өндіреді; Сутегі асқын тотығы мен микробты лизоцитті бөледі(мурамидаза); Антибиотиктік ұқсас бакте- риоциндерді; Ортаның тотығу-тотықсыздану келтіру потенциалын өзгертеді; Ішектің шырышты бетінде биопленка түзеді; Қоректік заттар мен адгезивті рецепторлар үшін бәсекелі ығыстыруды жүзеге асырады; Канцерогендерді залалсыздандырып, ісікке қарсы белсенділік танытады [10.11.12].

Жұмыс мақсаты: Фармацевтикалық технологияда қолдану үшін сүтқышқылды өнімдерден Lactobacillus spp. пробиотикалық штамдарын бөліп алу.

Зерттеу міндеттері: Жинақталған культура алу. Таза культура алу. Бөлінген бактериялардың Lactobacillus түріне тиістілігін анықтау.

Зерттеу объектісі: сүтқышқылды бактериялар (Lactobacillus).

Lactobacillus бөліп алу және анықтау. Лактобактерияларды бөліп алу үшін сүтқышқылды тағамдық өнімдер қолданылды(сурет 1). Мысалы:

1. Простокваша қаймағы. 2.Фудмастер айран. 3.Тандем. 4. Шұбат. 5.Қымыз,6. Актимель 2,5%.7. Амиран қаймағы.8.Амиран айраны.9.Табиғи қатық.10.Биос.11.Балаларға арналған йогурт.12.Үй сүті.13. Активия.13Сарысу және т.б. өнімдер

1 саты: Жинақталған культура алу. Жинақталған культураларда микроорганизмдердің бір физиологиялық тобының өкілдері басым болады. Мұндай культураларды алу үшін арнайы элективті қоректік орталар қолданылады. Элективті орта жасалу барысында микроорганизмдердің физиологиясы және зат алмасуы, олардың қоректік зат көзіне талғамы, ортаның қышқылдылығы, оттектік мөлшері, температура және т.б жағдайлар ескеріледі. Лактобактериялар үшін MRS агар қоректік ортасы элективті болып табылады. MRS агарының құрамын де Ман, Рогосса және Шарпе (de Man, Rogossa and Sharpe) әзірлеген.

Лактобактериялардың жинақталған культурасын алу үшін бакматериал тікелей қоректік ортаға егілді(сурет 2). Термостатта 30 – 40 ºC, 48 - 72 сағатқа инкубацияланды.

2 саты: Таза культура алу. Тығыз қоректік ортада қайта егу арқылы жекеленген колониялардан таза культура бөлініп алынды. Таза культуралардың құрамында микроорганизмдердің бір ғана биологиялық түрі болады және қандай да бір басқа немесе гибридті нысандары жоқ(сурет 3).

78

3 саты: Бөлінген бактериялардың Lactobacillus түріне тиістілігін анықтау

Бөлінген бактериялардың Lactobacillus түріне тиістілігін анықтау ГОСТ 10444.11-2013 (ISO 15214:1998) «Микробиология пищевых продуктов и кормов для животных. Методы выявления и подсчета количества мезофильных молочнокислых микроорганизмов» бойынша жүргізілді.

 Грам (+); Спора түзбейді; Таяқша тәрізді (қысқа/ ұзын таяқша, кок тәрізді); Каталаза-теріс.

Лактобактериялардың культуралды және морфологиялық қасиеттері. Тығыз қоректік ортада лактобактериялар беті тегіс, мөлдір емес, кейде жылтыр, дөңгелектенген айқын контуры бар колонияларды қалыптастырады. Әдетте колониялар ұсақ, бірақ кейбір түрлерінде мөлшері(диаметр) 4 мм-ден аспауы мүмкін. Колониялар әдетте пигменттелмеген, ақ немесе сәл сарғыш түсті.

Лактобактериялар түрлі ұзындықтағы тізбектерге жиналған ұштары дөңгелектелген жалғыз немесе қосарланған ұзындығы 0.7–1.1 бастап 3.0–8.0 мкм таяқшалар болып табылады. Таяқшалар жеке немесе шынжырларға шоғырлана орналасады.

Қорытынды. Жұмыс барысында 70-тен астам тағамдық өнімдер зертелініп, одан жинақталынған культура алынды. Соның ішінде 25 тағамдық өнімнен қайта егу әдісі бойынша лактобактериялардың таза культурсы бөлініп алынды. Бөлінген бактериялардың Lactobacillus түріне тиістілігін анықталынып, штамдардың морфологиялық және культуралды қасиеттері зерттелінді.

Әдебиеттер

  1. Бондаренко В.М. // Журн. микробиол. 2004. № 1. с. 84-92.
  2. Бондаренко В.М., Грачева Н.М., Мацулевич Т.В., Воробьев А.А. / Микроэкологические изменения кишечника и их коррекция с помощью лечебно-профилактических препаратов // Российский журнал гастроэнтерологии, гепатологии, колонопроктологии.-2003.-Приложение №20.-С.66-76.
  3. Беюп Е.А, Куваева И.Б. Дисбактериозы кишечника и их клиническое значение. // Клин. мед. - 1986. - Г П. - С.37-44.
  4. Грачева Н.М., Щербаков И.Т., Аваков А.А., Мацулевич Т.М. / Эффективность лечения острых кишечных инфекций, хронических болезней желудочно-кишечного тракта и вирусного гепатита В большими дозами отечественного бифидумбактерина форте // Военно-медицинский журнал.-1999.-№5.- С.51-57.
  5. Ghisolfi J. Dietary fibre and prebiotics in infant formulas. Proc Nutr Soc. 2003; 62(1):183-5.
  6. Запруднов А.М., Мазанкова Л.Н. / Микробная флора кишечника и пробиотики // Методическое пособие.-М., 2001.-32С.
  7. Международный классификатор заболеваний человека (МКБ-10). М., 1997.
  8. Пономарев C.В, Кубенский Е.Н. / Новая тактика в лечении больных с острыми кишечными инфекциями // Поликлиника.-2003.-№3.-С.33-35.
  9. Феклисова Л.В., Полевой С.В., Ушакова А.Ю. /Пробиотики в лечении детей с хронической гастроэнтеролгической патологией //Эпидемиология и инфекционные болезни.-2002.-№4.-С.42-45.
  10. Шендеров Б.А. /В кн.: Медицинская и микробная экология и функциональное питание //М., Грант, 2001.-Т.3.-С.42-74.
  11. Красникова, Л.В. Микробиология: Учебное пособие / Л.В. Красникова. - СПб.: Троицкий мост, 2012. - 296 c.
  12. ГОСТ 10444.11-2013 (ISO 15214:1998) «Микробиология пищевых продуктов и кормов для животных. Методы выявления и подсчета количества мезофильных молочнокислых микроорганизмов»

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.