Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экструдирленген дәнді таяқшалардың сапасын бағалау

Түйін

Мақалада күнбағыс майы мен зәйтүн майы қосылған жүгері таяқшаларын зерттеу нәтижелері келтірілген. Жүгері таяқшасы құрамында күнбағыс майы мен зәйтүн майы 77:23% қатынаста болады. Бұл жүгері таяқшасының ылғалдылығы 8,4 %, құрғақ зат мөлшері 91,6 %, май мөлшері 11 %, күлділігі 3,2 % тең. Өнімдердің құрамында натрий, калий, кальций, фосфор, магний және т.б. минералды қоспалар адам ағзасына қажеттілікті қамтамасыз ете алады. Осы өнімді тамақтануда қолдану тағамдық талшық, макро және микроэлементтер, ақуыз бен дәрумендер балансын жақсартады және адам организміне оң әсер береді. Бұл өнімдер өндіріске ұсынуға қолайлы болып табылады.

Кілт сөздер: зәйтүн майы, жүгері таяқшасы, минералды құрам

Тақырыптың өзектілігі. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауына сәйкес әлемдік азық-түлік нарығында көшбас- шы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайту болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанның азық- түлік өнеркәсібін дамыту сыртқы ортаның өзгерген жағдайларына – Кедендік одаққа және ДСҰ-на кіру- мен, сондай-ақ ішкі ортаның өзгерістеріне – халықтың өсу жағдайына, азық-түлік өнімдерін тұтынуының қарқынды өсуіне, барынша сапалы және әр түрлі өнімдер тұтыну құрылымының өзгеруіне байланысты аса өзекті. Тағам өнеркәсібі алдына алмастырылмайтын құрауыштармен байытылған тағам өнімдері өндірісін дамыту; әртүрлі аурулардың алдын-алуға және адам денсаулығын жалпы нығайтуға арнайы бағытталған жаңа тағам өнімдерін жасау және құру міндеттері қойылған [1].

Жүгері таяқшалары өндірісінде тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру, адам ағзаларын әр түрлі витаминдермен жыл бойы қамтамасыз ету тамақ өнеркәсібінің алдында тұрған мәселенің бірі. Соған орай жүгері таяқшаларын өндіру осындай мәселелерді шешуге әбден лайықты, себебі ол азық-түлік мақсатында 70% және 85% шығыммен өңделеді [2].

Зерттеудің мақсаты - жүгеріден өндірілген жүгері таяқшаларының сапасын жақсарту.

Зерттеу нысаны мен әдістері: зерттеу нысаны ретінде жүгері таяқшалары қолданылды. Жұмыста көрсеткіштерді анықтау үшін стандартты әдістер және растровты электронды микроскоп әдісі қолданылды.

Нәтиже және оларды талдау. Зәйтүн майының химиялық құрамы ерекше. Онда адам ағзасына ең керекті дәрумендер, қышқылдар, микроэлементтер жинақталған. Ол өсімдік майларының арасындағы қоректік нәрі ең қуаттысы болып табылады. Құрамындағы дәрумен тотығу арқылы адам ағзасына қауіп төндіретін еркін радикалдармен күреседі. Сондай-ақ бойдағы сүйек пен бұлшық ет тіндерін қатайтып, асқазан, ішек жұмысын жақсартады. Басқа майларға қарағанда зәйтүн майында көп кездесетін линолей қышқылы денедегі холестеринді азайтады, жаралардың тез жазылуын қамтамасыз етіп, көздің өткірлігін күшейтеді. Өз кезегінде фенолдар иммунитетті көтеріп, кәрілікті баяулатады. Зәйтүн майы ағзаға жағымды әсер беретіндіктен, әрі денедегі майларды ыдырататындықтан, мамандар оны диеталық өнімдер қатарына жатқызады [3].

Моно және полиқанықпаған май қышқылы бар күнбағыс және зәйтүн майлары функциональді өнімдерді өндіруде перспективті функциональді компоненттің бірі болып табылады. Және де аталған екі май құрамындағы моно және полиқанықпаған май қышқылдары ішінара бір бірін үйлестіреді. Себебі, зәйтүн майы құрамында моно-қанықпаған май қышқылы жоғары және полиқанықпаған, қаныққан май қышқылы мөлшері қалыпты, күнбағыс майында моноқанықпаған май қышқылы мөлшері азырақ та, полиқанықпаған май қышқылының мөлшері көбірек. Сондықтан зәйтүн майымен кұнбағыс майын ішінара ауыстыру қолайлы және практикалық маңызды деп есептейміз.

Қазіргі таңда жүгері таяқшалары өнімдерінің ассортименті кең. Қоршаған ортаның ластануына байланысты, дәрумендер мен басқа да тағамдық минералды заттардың адам ағзасына қажетті болып отырғандықтан, тамақтану рационында жүгері таяқшалары өнімдері үлкен орын алатыны сөзсіз. Жүгері таяқшалары – әр түрлі пішінді, ылғалдылығы төмен, тағам құндылығы жоғары өнім. Ол жүгері жармасы, май, қант ұнтағы және тұздан жасалады.

Қоспаның әр түрлі мөлшері бар жүгері таяқшалары зерттелді. Өнім түсі, иісі, дәмі тұтынушы сұранысына жауап бере алады. Органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштері 1-кестеде көрсетілген.

1 кесте - Жүгері таяқшасының көрсеткіштері

Көрсеткіштері

Өнімнің сипаттамасы

Органолептикалық көрсеткіштер

Күнбағыс майы: зәй- түн майы атынасы

№1 (90:10)

№2 (85:15)

№3 (80:20)

№4 (77:23)

Сыртқы түрі

Біркелкі кеуекті, әртүрлі пішінді және формалы, ылғалды,

Біркелкі кеуекті, әртүрлі пішінді және формалы, аздап ылғалды

Біркелкі кеуекті, әртүрлі пішінді және формалы

Біркелкі кеуекті, әртүрлі пішінді және формалы

Түсі

Сары және ашық сары

Сары және ашық сары

Сары және ашық сары

Сары және ашық сары.

Дәмі

Дәміерекше,бөтен дәм сезілмейді.

Дәмі ерекше, бөтен дәм сезілмейді.

Дәмі ерекше, бөтен дәм сезілмейді.

Дәмі ерекше, бөтен дәм сезілмейді.

Иісі

Иісі жағымды

Иісі жағымды

Иісі жағымды

Иісі жағымды, зәй- түннің иісі сәл байқалады

Консистенциясы

кеуекті

кеуекті

кеуекті

Қытырлақ, кеуекті

Физика - химиялық көрсеткіштер

Ылғалдылық, %

13

12,4

10

8,4

Құрғақ зат мөлшері, %

87

87,6

90

91,6

Май, %

12

11,8

11,4

11

Күлділік, %

2,2

2,8

3,0

3,2

Алынған мәндер бойынша №3 және 4 үлгі мәндері тиімді болып табылды. Алайда, зәйтүн майы 77:23 қатынаста қосылған № 4 үлгі стандарт талаптарына сай келгендіктен, өндірісте пайдалануға қолайлы (1-сурет).

Күнбағыс майы мен зәйтүн майы 77:23% қатынаста қосылған жүгері таяқшасының құрамындағы элементтер көрсеткіштері күнбағыс майы қосылған жүгері таяқшасына қарағанда жоғарылау. Натрий мен хлордың мөлшері аздау. Осы өнімді тамақтануда қолдану тағамдық талшық, макро және микроэлементтер, ақуыз бен дәрумендер балансын жақсартады және адам организміне оң әсер береді.

Қорытынды. Жүгері таяқшасы құрамына зәйтүн майымен күнбағыс майын ішінара ауыстыру өнімді кешенді байытады. Зәйтүн майы қолдану аталған өнімде тағамдық талшық, макро және микроэлементтер, ақуыз бен дәрумендер мөлшерін арттырады және адам организміне оң әсер береді.

Әдебиеттер

  1. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
  2. Патент № 2266005. Остриков А.Н., Соколов И.Ю.,Платов К.В.Способ производства зерновых палочек.13.11.2014.
  3. https://ru.wikipedia.org › wiki

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.