Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Биофизика пәнін оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы

Елімізде білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердіңбірі – білім беруді ақпараттандыру, яғни оқу үдерісінде электронды оқыту құралдарын пайдалану. Қазіргі таңдаелімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттықкеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайындабілімалушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемікүннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Ақпараттық оқыту - таныстыратын теориялық материал, алатын білімнің көрсеткішіне қарай біліммен жаттықтыруды қамтамасыз ететін, оқу үдерісін үзіліссіз дидактикалық материалдармен қамтамасыздаңдыратын, сонымен қатар ақпараттық іздеу, математикалық және компьютерлік визуалдаумен имитациялық модельдеу интерактивті кері байланыстармен шарт бойынша функцияларды үйренуге арналған бағдарламалық кешендік жүйе. Электрондық оқыту барлық негізгі функцияларды, теориялық материалдарды көрсету, бірінші білімді алып қабылдауды көрсету, өзіндік білім алудың жаттығулары мен бақылау көрсеткіштерін қамтамасыз етеді. Оқу үдерісін жаңаша түрде орындау үшін компьютермен диалогтық қатынасты дұрыс орынға қою керек. Мультимедианың әдістемелік күші студентті дыбыспен, көрермендік бейнемен тез қызықтырып, білімді қабылдауға және көңіл күйіне де көмек береді.

Е.Ы. Бидайбеков, С.Г. Григорьев және В.В. Гриншкун ұсынған білім беру электрондық ресурстарын тек білім саласында ғана емес, барлық салада қолданылатын электрондық ресурстардың жалпы түсінігі арқылы екі кезеңмен анықтаудың тәсілдері бар. Бұл жағдайда электрондық ресурстар ретінде графикалық, мәтіндік, сандық, сөйлеу, музыкалық, видео-, фото- және басқа да ақпараттардың жиынтығы деп қарастыру ұсынылған. Бір электрондық ресурста ақпараттық немесе ақпаратты- анықтамалық көздер, ақпаратты құру және өңдеу құралдары, басқару құрылымдары бөліп көрсетілуі мүмкін. Электрондық ресурс кез-келген электрондық тасымалдағышта орындалуы мүмкін, сонымен бірге электрондық компьютерлік жүйеде жариялануы мүмкін.

Білім беру электрондық ресурсы жоғарыда айтылған электрондық ресурстың білім беру саласында қолданылуының нақты бір шартына негізделеді. Негізінен, білім беру электрондық ресурсы білімнің ғылыми-практикалық саласына сәйкес жүйелендірілген материалдардан тұруы керек, білім алушының білімді игеруінің шығармашылық және белсенділік қасиеттерін, білім саласындағы іскерлігі мен дағдылығын қамтамасыз етуі керек. Жоғары оқу орындарында қолданылатын білім беру электрондық ресурстары қолданылуының жоғары деңгейімен және көркемдік безендірілуімен, ақпараттардың толықтығымен, әдістемелік нұсқаулардың сапалылығымен, техникалық орындалуыныңсапалылығымен, көрнекілігімен, баяндаудың қыйсындылығы мен жүйелілігімен ерекшеленуі тиіс[1].

Биофизика — тірі организмдерде жүретін физикалық және физикалық-химиялық процестерді, сондай-ақ, биологиялық жүйелердің ультрақұрылымын зерттейтін ғылым. Физика, химия, математика ғылымдарының идеясы, теориялық негіздері мен биологиялық әдістердің ұштасуы биофизиканың дамуына зор мүмкіндік туғызды.Биофизикабиологиялық мембраналар мен миофибриллалар сияқтысубжасушалар құрылымдары, ақуыздар молекулалары мен нуклеинқышқылдарын макромолекулалық дейгейде зерттейді.

Биофизикалық үдерістер мен құбылыстарды модельдеу оқупроцесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады,әсіресе медицина саласында оқитын білімалушылардыңкәсіби құзіреттілігін арттыруда, зерттеу жұмыстарындамытудағы ролі ерекше. Биофизикалық эксперименттердіжүргізуде электрондық оқыту құралдарын пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісінмодернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әріжетілдірілуде[2]. Ақпараттық оқытутехнологияларын пайдаланудыңқұралы – компьютерлік технология болып отыр. Оқытудың жаңакомпьютерлік технологияларының жоғары оқу орындарында оқу үрдісіне кеңінен енуі студенттердің өзіндік жәнешығармашылық белсенділігін дамытады және өзіндік жұмыстүрлерін орындауға баулиды. Осы компьютерлік технологиялардыпайдаланып биофизика пәнін оқытудың ең тиімді құралыпрезентация- лар технологиясы және электрондық оқулық болыпотыр. Ең алдымен презентациялар технологиясына тоқталыпкетейік.

Презентациялар технологиясыбіріншіден студенттерге жаңа материалды көрнекті түрде ұсыну құралы болса, екіншіденоқытушыларға осы материалдарды дайындау және оны қолдануүдерісін жеңілдетеді. Презентациялар технологиясын пайдаланубілімалушылардың сол пәнді оқуға деген ынталылығын арттырып,сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз ете отырып, оған дайындалумерзімін қысқартады, яғни жаңа тақырып бойынша нақты жәнеқысқаша ақпарат алуға көмектеседі. Ең бастысы – оқытушыларды жаңа компьютерлік технологияларды пайдалануды әдеткеайналдыруға дағдыланды- рады[3]. Болашақ дәрігер мамандардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттықбілім деңгейін қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалықбiлiм беру жүйесiндегi оқытушылардың жұмысының нәтижесіболуы қажет. Биофизика сабақтарында электрондық оқыту технологияларын пайдаланудың тиімділігі: білімалушының өз бетімен жұмысы жәнеөз бетімен әрекеттенуге мақсат қою;аз уақытта нақты білім алып, уақытты үнемдеу;білімін, біліктілігін, дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру; биофизикалық құбылыстарды тәжірибе арқылы жүзегеасыру;қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;презентация арқылы қажетті ақпаратты жедел түрде алумүмкіндігі;әр түрлі тәжірибе нәтижелерін жасау арқылы үлгерімдітексеру;студенттің жұмыс өнімділігін арттыру, ой-өрісін дамыту; білімалушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау; кері байланыс негізінде түзету әрекеттерін жүргізу. Оқытушы сабағында электрондық оқыту құралдарын пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі.Электрондық оқыту құралдарынбиофизика сабағында пайдалану оқытудың ең тиімді әдістерінің бірідеп ойлаймыз. Бұл биофизика пәні медицинаның бір саласы болыптабылады.

Медициналық биофизика – биология ғылымының дамып кележатқан іргелі саласының бірі, оның негізін білу дәрігер үшін асақажет. Медицина ғылымының бұл саласы – физика, математика,химия және биология сияқты іргелі ғылымдар саласына жатады.Оның әр құбылыстары логикалық жүйемен экспериментнәтижесіне сүйеніп дәлелдеуі, әр үрдістің сандық және сапалықмөлшерін анықтауы, математикалық талдау әдістерін қолдануы,математикалық модельдеу әдістері, зерттеу мақсатында күрделіәдістер мен аппараттарды қолдануы оны физика, химия,математика және биология ғылымдарымен жақындастырады.Биофизиканың басқа ғылымдармен осындай тығыз байланысы оныіргелі ғылымдар қатарына қосады.Медициналық биофизика пәні адам ағзасында өтетінфизикалық, химиялық және биологиялық процестерді зерттеп,ауруды емдеуде және диагностикада қолдану жолдарынанықтайтын медицина мен биология ғылымдарының бір саласы[4].Биофизика күрделі жүйелерде өтетін (мысалы, ағзада) түрлішефизикалық құбылыстарды, жеке ағзаларды, тіндерді, жасушалардымодельдеу – оқытушыға сабақта биофизикалық ұғымдардыңмағынасын тереңірек ашуға, студенттерді биофизиканыңқазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, биофизикалыққұбылыстармен зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндікбереді.Соңғыжылдары заман ағымына сайкүнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивтітақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдаланубілімалушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қанақоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасайды. Текоқытушының айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргізаман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргіақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбайалға жылжу мүмкін емес. Электрондық оқулықтың тиімділігі зор.Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңыздыбөлімдері, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар,энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізунұсқаулары, ғылыми жобаларға нұсқаулар және т.б.

Оқытушы үшін электрондық оқулық – бұл күнбе – күндамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбіроқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдарментолықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондықоқу құралдары арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіріп, тест тапсырмаларын орындап қана қоймай зертханалық жұмыстарды орындауға болады. Виртуалды зертханалық жұмыстар – компьютерлік 3D имитациялық тренажерлары болып табылады. Олар студенттердің кәсіби қабілеттерін және ішкі түйсіктерін қалыптастыру мен жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Виртуалды зертханалық жұмыстар – бұл түрлі құрал-жабдықтар мен қондырғылар қолданы- латын шынайы зертханалық жұмыстардың (тәжірибелердің) аналогы болып табылады, алайда виртуалды зертханалық жұмыстардың шынайы зертханалық жұмыстардан басты айырмашылығы бұл олардың компьютерде орындалуы. Виртуалды (компьютерлік) зертханалық жұмыстардың артықшылығы:- Оқу орны ауданы мен қаржы шығындарының үнемділігі;- Зертханалық жұмыстарды әрбір оқушының жеке-жеке орындау мүмкіндігі;- Оқытылатын жабдықтармен қауіпті және апаттық режимдерде жұмыс жасау мүмкіндігі;- Тәжірибе шарттарын өзгертудің мүмкіндігі;- Пайдалану шығындарының болмауы [5].

Ғалымдардың зерттеулері бойынша: «Адамдар көрген ақпараттарының 20%-ын, көріп-естіген ақпараттарының 40%-ын және көріп, естіген және жасаған нәрселерінің 70%-ын есте сақтайды». Есте сақтаудың пайыздық үлесі:- мәтін оқыған кезде - 10-30%; сызба мен кестелерде көзбен көрген кезде - 20-40%; көріп-естіген кезде (мультимедиа)-30-50%;- айтып-жазған кезде(интерактив)- 50-75%; көріп-жасаған кезде (модельдеу, тренажерлар) - 65-95%. Осыған орай, виртуалды шынайылылықты қалыптастыру технологиясының көмегімен білім берудің тиімділігін арттыруға болады деген қорытынды жасауға болады, өйткені бұл жағдайда адамның бірнеше қабылдау каналдары (көру,есту, кинесика) қамтылады.ОҚМА-ның «Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының профессор оқытушы құрамы биофизика пәні бойынша виртуалдық зертханалық жұмыстарды орындауға арналған электрондық оқулық жасап, оны биофизиканы оқыту үдерісінде қолданып жүрміз. Бұл оқулықта мынадай сегіз виртуалды жұмыстар қамтылған: ЭКГ тіркеудің негізгі тәсілдері, биологиялық сұйықтардың тұтқырлық коэффициентін анықтау, фотоэлектрлік фотометр көмегімен ерітінділердің концентрациясын анықтау, линзалардың оптикалық күші және фокус аралығын анықтау, поляриметр арқылы оптикалық белсенді заттардың коонцентрациясын анықтау, жоғары жиілікті электромагниттік өрістің диэлектрикке және электролитке тигізетін әсерін зерттеу, электрофорез құрылғысының жұмыс істеу әдісі. Бұл виртуалды зертханалық жұмыстарды орындау барысында студенттердің пәнге деген қызығушылықтарының, өздерінің болашақ мамандықтарына қызығушылық-тары-ның артқандығын, сонымен қатар кәсіби танымдық белсендіктерінің арта түскенін байқауға болады. Ақпараттық оқыту құралдарын оқыту үдерісінде қолданудың тиімділігін арттыру үшін мынадай педагогикалық шарттар орындалуы тиіс деп есептейміз: оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал жабдықтармен жабдықтау;интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен қамсыздандыру;арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтарменқамтамасыз ету;оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдаланубойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру. Білім беру жүйесінде электрондық оқыту ресурстарыноқу – тәрбие үдерісіне пайдалану білім алушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандықсапасын арттырып, танымдық белсенділігін арттырып, ғылымикөзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттімамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.

Әдебиеттер

  1. .Бөрібекова Ф. Электрондық оқытудың мәні мен маңызы/ Ф. Бөрібекова, Н. Жанатбекова // Қазақстан мектебі – 2009ж, №8, 11б.
  2. .Б.Көшенов. Медициналық биофизика. Оқулық. – Алматы: Қарасай, 2010
  3. . Ormanova G., K., Berkimbaev K., M., Kurbanbekov B., A. &Ramankulov, Formation Of Creative Thinking Of Students On Physics By Means Of Electronic Resources. AWER Procedia Information Technology & Computer Science. 2013, 04, pp 570-575
  4. . Құдабаев Қ.Ж. Медициналық биофизика. Оқулық.– Алматы: Эверо, 2014
  5. Орманова Г.К., Беркімбаев К.М. Использование комьютерных моделей в процессе обучение студентов физике: Москва, 2012 «Вестник Российского университета дружбы народов» №3, Стр 88-92

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.