Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жедел іріңді мастоидиттің ретроспективті зерттеу нәтижелері (2017-2018 жж)

Мастоидит – самай сүйегінің емізік тәрізді өсіндісінің сүйектіні мен шырышты қабаттарының қабынуы. Ол көбінесе жедел іріңді отиттің аясында, сирегірек созылмалы іріңді ортаңғы отиттің өршуінде дамиды. Мастоидиттің қоздырғышы жедел және созылмалы ортаңғы отитін тудыратын микроорганизмдер болып табылады.

Мастоидиттің дамуына келесі жағдайлар әсер етеді: микроорганизмнің вирулентілігі, иммунды жағдайдың төмендеуі, іріңнің антруммен және дабыл қуысынан шығуының қиындауынан және науқастың дер кезінде қаралмағанынан, дұрыс емделмеген жағдайда жиірек дамиды.

Сол себептерге байланысты жедел мастоидиттің созылмалыағымы немесе жасырынтүрінде кездесуі мүмкін, ол кезде диагнозын қою күрделенеді.

Зерттеу мақсаты: 1. Асқыныстық жасына қарай, жыл мезгіліне қарай жиілігін анықтау.

2. Салыстырмалы түрде, клиникалық көріністеріне қарай және жалпы қананализіне, аудиограммаға, рентген өзгерістерге қарай сараптама жасау. 3. Этиологиялық факторларын, қоздырғыштарын анықтау.

  1. Емдеу тәсілдерінің тиімділігін анықтау.

Материалдар мен әдістер. 2017-2018 жылдар бойы облыстық клиникалық ауруханада, оториноларингология бөлімшесінде жедел мастоидитпен емделген 28 науқасқа ретроспективті зерттеулер жүргізілді. Оның ішіндегі ер адамдар саны – 15 (53,6%), - әйел адамдар саны - 13 (46,4%) .

25 (89,2%) науқаста жедел іріңді мастоидит жедел іріңді ортаңғы отиттен дамыса,3 (10,7%) науқаста созылмалы ортаңғы отиттен кейін дамыды.

Ауруханаға түскен кезде науқастар құлақтың ауырсынуына 26 (92.8%), құлақтан ірің ағуына 23 (82%), есту қабілетінің төмендеуіне 28 (100%), емізікше тәрізді аймақтың ауырсынуына 24 (85,7%), жалпы

интоксикациялық белгілерге шағымданған. Ауруханаға дейін аурудың ұзақтығы 14 (50%) науқаста 1 айдан астам болған, 2 аптаға дейін – 6 (21%) науқас, 1 аптаға дейін – 8 (28,5%) науқаста.

Жедел мастоидит жасына байланысты: 20 жастан 50-ге дейін – 22 (78%) науқас болған. 50 жастан жоғары – 6 (21%) науқас болған. Қыс, күз айларындасауыққан науқастар саны – 20 (71%), көктем, жаз айларында 8 (28,5%) науқас болған.

Науқастардың жалпы жағдайлары негізінен қанағаттанарлық – 24 (85,7%) науқаста, орташа –3 (10,7%) науқаста, орташадан төмен – 1 (3,5%).

Отоскопия кезінде: Созылмалы іріңді отитпен түскен 3 (10,7%) науқаста дабыл жарғағының үлкен айқын тесігі анықталды, 20 (78%) науқаста жедел ортаңғы іріңді отит дабыл жарғағының тесілуімен жүрсе, 5 (17,8%) науқаста дабыл жарғағы тесілмеген.

Классикалық симптом артқы жоғарғы қабырғасының салбырауы – 9 (32%) науқаста айқын көрінген. 4 (14,2%) науқаста емізік тәрізді өсінді аймағының қызаруы, ісінуі, инфильтрациясы көрініс берген. Қалған науқастарда емізік тәрізді өстінді аймағында өзгеріс жоқ, сондықтан науқастар уақытында ЛОР бөлімшесіне қаралмаған.

Жалпы қан анализінделейкоциттер қалыпты жағдайда 17 (60,7%) науқаста 9,0 · 109/1дейін, ал 11(39,2%) науқаста 10·109/1-16,3·109/1 дейін болған. ЭТЖ қалыпты жағдайда – 6 (21,4)науқаста, 15-25 мм/ч – 7 (25%) науқаста, 26-50 мм/ч -15 (53,5%) науқаста. Шюллер тәсілі бойынша еміздік тәрізді өсіндінің

рентгенологиялық зерттеуінде: барлық 28 (100%) науқаста емізік өсіндісінің ауалы кеңістігінде күңгірттену байқалады, соның ішінде 2 (7,1%) науқаста деструкция айқындалған.

Аудиограмма нәтижелері бойынша есіту қабылетінің кондуктивті кереңдігі – 19 (89,2%) науқаста байқалса, 9 (32%) науқаста аралас кереңдік дамыған.

Жедел іріңді мастоидитпен 28 (100%) науқасқа оперативті ем жүргізілді: 25 (89,2%) антромастоидотомия, 3 (10,7%) науқаста жалпы қуыстық операция жасалынды. Алғашқы 2 күн ішінде операция жасалынған науқастар саны – 21 (75%) болды, алғашқы 5-7 күн аралығында – 4 (14,2%) науқас, 14 күн аралығында жасалынған операция саны – 3 (10,7%) науқасқа оның себебі 1 (3,5%) науқаста жүктілігіне байланысты, екінші науқаста қант диабетінің декомпенсация сатысы, үшінші науқасты гломусті ісікке байланысты операция кешіктірілген, алғашында консервативті ем тағайындалған.

  1. (17,8%) науқаста жедел мастоидит дабыл жарғағының перфорациясыз өтсе де операция кезінде емізік тәрізді өсіндінің ұяларында, антрумда іріңдік сұйықтық анықталды.

Аурудың жиі қоздырғышы ретінде Staphylococcus (aureus – 5(17,8%), heamolyticus -6 (21,4%), epidermidis – 6 (21.4%)) , Streptococcus – 2 (7,1%), Enterecoccus- 2 (7,1%) ,Proteus mirabilis – 2 (7,1%). Бак пасевте микрофлора өспеген –5 (17,8%).

Асқыныстар: 1. Субпериостальді іріңдік және перисинуозды іріңдік – 4 (14,2%) науқаста байқалған.

  1. Экстрадуральді іріңдік және перисинуозды іріңдік – 1 (3,5%) науқаста.
  2. Бет нервісінің нейропатиясы – 1 (3,5%)науқаста байқалды.

Емдеу кешеніне жергілікті және жүйелі антибактериалды терапия, гипосенсибилизация, витаминдер терапиясы жүргізілген.

Операциядан кейінгі ағым қанағаттанарлық, стационарда емделу ұзақтығы 1 айдан астам – 18

(64,2%)науқас, 20-30 күн аралығында – 6 (21,4%); 10 күннен 20 күнге дейін – 3 (10,7%) науқас; 10 күнге дейін – 1 (3,5%).

Қорытындылай келе мастоидиттің дамуы көбінесе жедел іріңді ортаңғы отиттен кейін дамыған, сондықтан мастоидит ағымы жасырын түрінде айқын белгілерінсіз жиі кездесті, оған дәлел 14 (50%) науқас 1 айдан астам амбулаторлы емделген, 6 (21,4%) науқас 2 аптаға дейін емделген, 8 (28,5%) науқас 1 аптадан кейін ауруханаға түскен. Ол мастоидиттің айқын белгілерінсіз, жасырын түрде кездесетінін дәлелдейді. Оның себептері науқастарға жиі, көп жағдайларда антибиотиктерді пайдалану әсерінен жасырын түрде өтеді.

Сонымен қоса мастоидит кезінде 4 (14,2%) науқаста субпериостальді іріңдік және перисинуозды іріңдік байқалғаң, 1 (3,5%) науқаста экстрадуральді іріңдік және перисинуозды іріңдік, 1 (3,5%) науқаста бет нервісінің нейропатиясы кездесіп отыр. Сондықтан құлағынан іріңді бөліністер көпке созылса, уақытында емізік тәрізді өсіндінің рентген суреті, компьютерлық томография жасалу керек. Ол мастоидиттің жасырын, нақты белгілерін болмаған кезде уақытында дұрыс диагноз қойып нақты емдеу шараларын жүргізуге әкеледі.

Әдебиеттер

  1. Оториноларингология. В.Т. Пальчун, М.М. Магомедов, ЛА. Лучихин – М.:ГЭОТАР-Меди, 2015.440 б.,
  2. Жедел ортаңғы отиттің асқынулары. А.И. Крюков, Н.Л. Кунельская, А.Б. Туровский, О.Г. Сидорина.
  3. Острый мастоидит: однолетнее исследование в педиатрической больнице Каирского университета, Мосаад Абдель-Азиз, Хасан Эль-Хоши Болезни , носа и горла .Декабрь 2010 г., 10: 1
  4. HarkerLA: Черепные и внутричерепные осложнения острой и хронической отита. Шестигранная хирургия голени и шеи. Под редакцией: SnowJB, BallengerJJ. 2003, BCDecker, Испания, 294-316. 16
  5. Тарантино В., Д'Агостино Р., Таборэлли Г., Мелаграна А, Порчу А., Штура М.: Острый мастоидит: 10-летнее ретроспективное исследование. IntJPediatrOtorhinolaryngol. 2002, 66: 143-148. 10.1016 / S0165- 5876 (02) 00237-9
  6. Мастоидит у взрослых: 19-летнее ретроспективное исследование, С. Пальма, Р.Бово ,А. Бенатти, C. Aimoni, М. Росиньоли, М. Либаноре, А. Мартини. Европейские архивы оториноларингологии. Май 2014 г., Том 271, выпуск 5 , стр. 925-931
  7. Острый мастоидит у младенцев. Иван Балешевич, Nikola Mircetic, Владан Субаревич, Гордана Маркович. Европейские архивы оторино-ларингологии и головы и шеи. Октябрь 2006 г., Том 263, выпуск 10 , стр. 906-909

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.