Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Балалардың жедел респираторлы ауруларында фитотерапияның эффективтілігі мен қауіпсіздігі

Түйін

Мақалада балаларда жоғарғы тыныс жолдарының жедел ауруларында фитотерапияның қолданылу тиімділігі көрсетілген.

Кілт сөздер: фитотерапия, тыныс жолдары, вирусты, респираторлы инфекциялар, тонзилгон Н.

Қазіргі таңда жедел респираторлы аурумен балалар өте жиі ауырады, жылына 6-8 рет, ал бала бақшаға баратын 2-5 жас аралығындағы балалар 10-15 реттен ауырады[1]. Этиологиясы әртүрлі болғанымен жедел респираторлы вирусты инфекциялардың барлығы қызбамен басталып, тыныс жолдарында қабынулар, бас ауыру, бұлшықетпен буындардың ауырсынуымен жүреді [2].

Жедел респираторлы аурулармен жиі ауыратын балаларды емдеу тәсілдерімен оңалдыру жолдарын қарастыру керек, соған байланысты аурудың ерте кезеңінде бактериалды инфекцияның қосылуына жол бермей, антибиотиктермен емдеуге жеткіздірмеу жолдарын қарастыру керек. Сол себепті ағзаның жалпы және жергілікті резистенттілігін жоғарылататын, қайта ауыру қауіпін төмендететін поликомпонентті әсер ету механизмі бар препарат табу қажет [4], [5]. Респираторлы және лор ағзалардың ауруларын емдеу мен алдын алуда фитопрепараттарды қолдану тиімділігі жоғары [6], [7]. Қазіргі таңда қауіпсіздігіне байланысты өсімдіктен жасалған препараттар тиімді әрі эффективті. Заманауи технологияларға байланысты дәрілік өсімдіктерден препарттар жасау қолға алынуда[3],[8]. Заманауи өсімдіктен жасалған препараттардың бірі- Тонзилгон® Н (Бионорика СЕ, Германия). Құрамы табиғи өсімдіктерден жасалған төзімділік қабілеті жоғары, бала денсаулығына кері әсері төмен.

Тонзилгон® Н елу жылдан аса уақыттан бері тыныс жолдарының жедел және рецидивті ауруларында барлық елдерде қолданып келеді [9]. Тонзилгон® Н – жеті дәрілік өсімдіктерден тұратын сулы-спиртті экстракт: алтей тамыры (Althaeae radix), дәріханалық түймедақ гүлдері(Matricariae flos), мыңжылдық жапырақ шөптері (Millefolii herba), емен қабығы (Quercus cortex), грек жаңғағының жапырақтары (Juglandis folium), қырықбуынжәне бақбақ шөптері(Equiseti herba-Taraxaci herba). Бұл өсімдік препараты иммуномодуляциялық, антисептикалық, антибактериалды, вирусқа, қабынуға қарсы әсерге ие[9], [10].

Зерттеу мақсаты. Тонзилгон® Н препаратын жоғарғы тыныс жолдарының ауруларында қолдану эффективтілігі мен қауіпсіздігін көрсету.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу жұмыстары Шымкент қаласының №8 емханасында дәрігер- резиденттермен жүргізілді. Зерттеуге алынған балалар саны 12. Зерттеуге жедел респираторлы вирусты инфекция белгілерімен қабылдауға келген және үйге шақыртулар алған балалар алынды. Жас ерекшеліктері 2 жастан 12жас аралығында. Зерттеу критерилері: 2–11жас аралығындағы балалар; жедел реапираторлы вирусты инфекция; Тонзилгон® Н препаратын тағайындау. Зерттеу жүргізу барысында келесі диагнозы бар балаларға Тонзилгон® Н препараты тағайындалды: жедел фарингит, жедел тонзиллит, жедел ларингит, жедел трахеит, жедел ларинготрахеит, жедел ларингофарингит. Препарат көрсетілген ауруларда белгілердің үш күннен асқан ауру балаларға негізгі емге қосымша тағайындалды.

Зерттелетін препарат және оның мөлшері. Тонзилгон® Н тамшылары 2-5жас аралығындағы балаларға күніне 5-6 рет 10 тамшыдан және 6-12 жас аралығындағы балалрға күніне 5-6 рет 15 тамшыдан тағайындалды. Сонымен қатар ересек 6-12 жас аралығындағы балаларға Тонзилгон® Н драже түрінде 1дражеден күніне 5-6 рет тағайындалды. Емдеу ұзақтығы 1ай: бірінші қабылдауда 15 күнге бақылау жүргізу арқылы тағайындау, келесі 15 күн екінші қабылдауда.

Зерттеу көрсеткіштері: объективті және субъективті ауру белгілері, қабылдау уақыты, негізгі препараттарды қолдану, дәрінің жағымсыз әсерлері, эффективтілігі, төзімділік.

Дәрілік препараттың емдік эффективтілігі 1ші және 2ші қабылдау аралығындағы симптомдар динамикасына қарай бағаланды. Дәрігер резиденттердің бағалаған объективті симптомдары: кілегей қабаттардың қызаруы, бадамша бездердің ұлғаюы. Бағаланған субъективті белгілер: жалпы интоксикация белгілері-әлсіздік, тәбеттің болмауы, жұтынғанда тамақтың ауырсынуы, бастың ауыру, жөтел, аяқ- қолдардың сырқырап ауыруы, дауыстың қарлығуы.

Нәтижелер мен талқылау. Жедел респираторлы вирусты ауруларының жоғарыда көрсетілген белгілері бар балаларға Тонзилгон® Н-өсімдік препаратын тағайындау нәтижелері қабылдауға екінші рет келген кезде бағаланды. Негізгі препаратармен бірге Тонзилгон® Н қолдану ауру симптомдарының жойылуына және ауру ұзақтығының қысқаруына алып келді. Зерттеу жүргізілген балалардың барлығында препарат жақсы қабылданды. Сұйық тамшы түріндегі формасы жасы кіші балаларға қабылдауға өте ыңғайлы болды.

Қорытынды.Зерттеу барысында алынған нәтижелерге сүйене отырыпТонзилгон® Н препаратын балаларда жедел респираторлы және вирусты ауруларда негізгі тағайындаулармен бірге қолдану эффективті және тиімді екенін көрсетеді. Препарат әрі бала ағзасына қауіпсіз.

Әдебиеттер

  1. Селькова Е.П., Калюжин О.В. ОРВИ и грипп: в помощь практикующему врачу. Монография. М., 2015; с. 12–4, 25.
  2. Ключников С.О. и др. Часто болеющие дети. Рос. вестн. перинатологии и педиатрии. 2007; 2 (Прил.).
  3. Ратникова ЛИ, Стенько ЕА. Новый подход в терапии острых респираторных вирусных инфекций и гриппа. Поликлиника. 2009;2:70–2.
  4. Осидак А. В., Дриневский В. П., Цыбалова Л. М., Афанась ева О. И. и др. Острые респираторные инфекции у детей и подростков.Практическое руководство для врачей. Под ред. А. В. Оси дак.3-е изд., доп. СПб.: ИнформМед. 2014. 256 с.
  5. Баранов А. А., Кучма В. Р., Сухарева Л. М. и др. Оценка состояния здоровья детей. Новые подходы к профилактической и оздоровительной работе в образовательных учреждениях:Руководство для врачей. М.: ГЭОТАР-Медиа. 2008. 432 с.
  6. Кондратьева ЕИ, Сутовская ДВ, Гринь ЮГ, Шмаков ВГ. Роль фитотерапии в оптимизации санаторнокурортного этапа реабилитации больных хроническим тонзиллитом. Вопросы современной педиатрии. 2010;9(2):58–63.
  7. Привалова ТЕ, Шадрин СА, Васильева СР. Современные фитопрепараты в комплексном лечении дошкольников с патологией лимфоглоточного кольца. Вопросы современной педиатрии.2009;8(5):88–92.
  8. Справочник Видаль. Лекарственные препараты в России.М.: АстраФармСервис. 2009.
  9. Дарманян А.С. Совершенствование методов диагностики и лечения острых тонзиллитов у детей. Автореф. дис.канд. мед. наук. М., 2010.
  10. Клинические рекомендации «Острый тонзиллит у детей». Союз педиатров России, 2016.
  • Жыл: 2020
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.