Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

N.tabacum l. дәндерінен ультрадыбыстық экстракт алу

Кіріспе. Дәрілік өсімдік шикізаттарын экстракциялау – өсімдік шикізатындағы ерімейтін материалдардан еритін заттарды бөлуге мүмкіндік беретін процесс. Экстракциялау процесі – бұл өсімдік шикізатын экстрагентпен өңдеу және сығындалатын заттар өсімдік шикізатынан экстрагентке өтуі арқылы жүреді.

Экстракциялау әдістерінің әртүрлілігіне қарамастан, олардың әрқайсысы өзінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне ие. Экстракцияның дәстүрлі әдістері (перколяция және мацерация) өте ұзақ уақытты және күрделі қол еңбегін қажет етеді. Ультрадыбыстық экстракция әдісін қолдану перспективті әдістердің бірі болып табылады [1].

Зерттеу жұмысының мақсаты N.Tabacum L. дәндерін экстракциялау кезінде ультрадыбыстық экстракцияның оңтайлы параметрлерін анықтау болып табылады.

Өсімдік шикізатының құрамындағы биологиялық белсенді заттар компоненттерінің сұйық фазаға барынша шығуына және өзіндік нативтік құрылымын сақтауға қол жеткізу үшін ультрадыбыстық өңдеудің оңтайлы режимдерін таңдау қажет [2].

Басқа тәсілдермен салыстырғанда ультрадыбыстық экстракцияның қол еңбегін аз қолдану, технологиялық процесс уақытын қысқарту, зиянды қоспаларды жою, экстрактивті заттардың шығуын арттыру сияқты артықшылықтары бар.

Ультрадыбыстық тербелістердің әсерінен өсімдік шикізатының жасушаішілік ұлпаларының тез және белсенді бұзылуы орын алады, бұл экстракция процесінің қарқындылығына және сығындыдағы биологиялық белсенді қосылыстардың мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ішкі молекулалық диффузия коэффициентінің ұлғаюын экстракцияланатын материал бөлшектерінің мөлшерін төмендету есебінен қамтамасыз етуге болады [3]. N.Tabacum L. дәндерін майдалаудың оңтайлы дәрежесі 0,1-0,5 мм-ге дейін.

Зерттеу материалдары мен әдістері. Экстракциялау үшін N.Tabacum L. дәндері қолданылды (Анықтама №64-02, 14.02.2019 ж.).

Экстрактілерді алу 20±2 ºС температурада, ультрадыбыстық диспергатордың көмегімен жүргізілді. Биологиялық белсенді заттарды сығындауда экстрагент ретінде кең ауқымы бар еріткіш - этил спирті қолданылды. Экстракциялау үшін шикізат пен экстрагент ара қатынасы таңдалды.

Сығындыларды ультрадыбыстық өңдеу УЗД1-0.063/22 ТВЧ қондырғысының көмегімен жүргізілді. Қатты өсімдік шикізатына ультрадыбыстық әсер 18-ден 32 кГц-ке дейінгі диапазонда 8-20 минут бойы қарқындықпен жүргізілді.

Өсімдік шикізатының нақты өлшемін (10 г) химиялық стақанға салып, үстінен 100 см3 этил спирті (70, 90, 96) құйылды, химиялық стакан ультрадыбысты қондырғының ішіне салынып, шикізатты өңдеу жүргізілді. Ультрадыбыстық өңдеу кезінде орта 32-37 °С дейін қыздырылғанын атап өткен жөн (ультрадыбыстық қуатына және әсер ету ұзақтығына байланысты), бұл полисахаридтердің инактивациясына соқтырмайды.

Өңдеу аяқталғаннан кейін сығынды персс - фильтр көмегімен фильтрленді. Содан кейін құрғақ қалдық анықталды.

Экстракцияланатын заттардың құрамы өңдеу ұзақтығына және ультрадыбыстық толқындардың жиілігіне байланысты, алайда 20 мин ішінде әсер еткенде, ең жоғары көрсеткіштер көрсетті. Ультрадыбыстық өңдеу ұзақтығын одан әрі арттыру сығындыдағы биологиялық белсенді заттардың мөлшерін арттыруға әкелмейді, керісінше олардың бұзылуы мен инактивациясын тудырады [3].

Зерттеу нәтижесінде N.Tabacum L. дәндерін экстрагирлеу 22 кГц жиілікпен 20 минут әсер ету кезінде сығындыда экстрактивтік заттардың максималды шығуын алуға мүмкіндік беретіні анықталды.

Қорытынды. Осылайша, N.Tabacum L. дәндерін экстракциялау кезінде ультрадыбыстық экстракцияның оңтайлы параметрлері анықталды, 22 кГц әсер ету жиілігі және 20 минут экстракциялау уақыты, сығындылау процесінің уақытын қысқартуға және экстрактивтік заттардың шығуын ұлғайтуға мүмкіндік беретінін көрсетті.

Әдебиеттер

Лысянский В. М. Экстрагирование в пищевой промышленности / В.М. Лысянский, С.М. Гребенюк. – М.:Агропромиздат, 1987. – 188 с.

Ковалев В.Н. Практикум по фармакогнозии. Изд-во НФаУ; Золотые страницы, 2003. – 512 с.

Хмелев В.Н., Применение ультразвука высокой интенсивности в промышленности / В.Н. Хмелев, А.Н. Сливин, Р.В. Барсуков, С.Н. Цыганок, А.В. Шалунов; Алт. гос. техн. ун-т, БТИ. – Бийск: Изд-во Алт. гос. техн. ун-та, 2010. – 203c.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.