Андатпа
Бұл макалада жоғары вольтты ажыратқышқа диагностика жасау ксзінде қондырғының жағдайын бакылаудың заманауи құралдарын қолдануға бағытталған ғылыми - зерттеу жұмыстарының нәтижесі берілген.
Kipicne
Электр энергетикада басты өндіретін жэне тұтынатын тауар электр энергиясы болып табылады. Оның сапасы электр станцияның, күштік трансформаторлардың, электр беруші желінің дүрыс жэне үйлесімді жүмысына тікелей байланысты.
Электр энергетикалық жүйелердің эрекет ету сенімділігін арттыру үшін оның бөлек элементттерінің дүрыс жэне уақтылы диагностикасы қажет. Диагностика жасау кезінде жақсы, дэл нәтиже алу үшін жаңа эдістер мен технологияларды қолдану керек.
Диагностика, бүл кез келген энергетика объектілерін периодты зерттеу. Дегенмен, қондырғы ақауының дамуы апат болғанға дейін уақыт бойынша созылған. Ақаулардың даму уақыты күндер, айлар жэне жылдар болуы мүмкін.
Бүгінгі таңда қондырғыларға диагностика жасау кезінде мамандардың қолында көптеген өлшеуіш қүралдары, анализаторлар жэне зертханалар бар. Шекті мэндер бойынша бақылау жағдай сапасына баға бермейді, мүмкін болатын ақаулардың даму қарқынын көрсетпейді. Мүмкін болатын ақаулардың техникалық жағдайының сапалық көрсеткіштері мен даму динамикасын тек қана диагностикалық эдістер арқылы анықтауға болады. Дегенмен, осындай құралдар бола тұра қателіктер орын алады. Ондай қателіктердің сипаты эр түрлі болады, олардың нэтижесі де эр түрлі болады.
Диагностикалық зерттеу нэтижелері төрт сапалық жағдайлар түрінде алынуы мүмкін [1]:
- ақаулар болмаған жағдайда ақаулар анықталмаған;
- ақаулар болмаған жағдайда ақаулар анықталған;
- ақаулар болған жағдайда ақаулар анықталмаған;
- ақаулар болғана жағдайда ақаулар анықталған.
Бірінші жэне төртінші жағдайлар диагностика жасау кезінде идеал болып табылады жэне анық нэтиже береді. Екінші нұсқа диагностика жасаған қондырғының жарамсыздығын, немесе өлшеу эдістерінің жетілмегендігін көрсетеді, қаражаттың негізсіз жүмсалуы мен адам еңбегін негізсіз қолдануы оның салдары болып келеді. Бірақ үшінші жағдай ең қауіпті болып саналады. Бұл жағдайд диагностика ақаулар бола тұра, олардың жоқтығын көрсетеді. Бұл жағдайда апаттардың болуы сөзсіз болады, ол экономикалық шығындар мен адамдардың құрбан болуына экеліп соғады.
Диагностика қателіктерін болдырмау үшін электр энергетикалық компанияларда заманауи диагностикалық қондырғылар мен диагностикалық эдістер болуы тиіс.
Осы мэселені шешу үшін сигналдарды сэйкестендіріп өлшеу теориясы (ССӨТ) қолданылады [2].
Жоғары вольтті ажыратқыштар электр қондырғыларының жауапты түрлерінің бірі болып келеді. Жоғары вольтті ажыратқыштардың эрекет ету сапасы электр энергиясын қалыпты жэне апаттық режимдерде тарату мен берілу жүйесінің сенімділік дэрежесі мен энергоқауіпсіздігін анықтайды. Сондықтан дамып келе жатқан ақауларды уақытылы анықтай алатын жоғары вольтті ажыратқыштарды техникалық бақылау мен диагностика өзекті болып келеді. Кез келген энергообъектілердің қызмет көрсетуінде жоғары вольтті ажыратқыштардың диагностикасына аса назар аудару айқын болады. Қазіргі уақытта ажыратқыштардың эр типіне өзінің жылувизиялық бақылау эдісі эзірленген.
Зерттеу объектісі ретінде «Аврора» қосалқы станциясында орналасқан ВВБ - 500 B жоғары вольтті ажыратқыштар таңдалған. Берілген ажыратқыш ауалық бакты болып келеді, номиналды кернеуі 500 кВ (1 Сурет) .
Жоғары вольтті ажыратқыштарға диагностика жасау параметрлер санының көптігін және олардың құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты шығындарды қажет етеді. Ажыратқыштардың көптеген техникалық параметрлерінің ішінен олардың функционалды тағайындалуы үшін контактілі жүйенің уақыт параметрлері мен қозғалмалы бөлігінің жылдамдық сипаттамалары ерекше мағынаға ие.
Ажыратқыштардың контактілі жүйесінің жұмыс жасау сапасы ең алдымен, келесі негізгі уақыт параметрлерін анықтаумен жүзеге асады: қосылу және сөндіру уақыты, фазаларды қосудың уақыт айырмашылығы, контактілер салдырының үзақтығы мен мінезі. Бұл параметрлер нормаланған мәндерге сәйкес келуі бойынша қолдану шарттарында қатаң бақылануы тиіс. Ажыратқыштың жүмысы оның механикалық бөліктерінің жағдайына, реттеудің, баптаудың, тозу дәрежесінің дұрыстығына, дамып келе жатқан ақаулардың бар болуына, орындау дәлдігіне және қүрастырушы зауыттың жинау сапасына тәуелді болады.
Ажыратқыштың жағдайына диагностика жасау кезінде назар аударатын ең маңызды параметрлерінің бірі жетекті қосқан кездегі вибросоққының амплитудасы болып табылады [3]. Берілген параметр виброүдеткіш мөлшеріндегі діріл өзгерісінің қисығы бойынша тіркеледі. Ажыратқыштағы динамикалық процесстердің интенсивтілігін алғашқы уақыт моменттерінде сипаттайды.
Діріл өзгерісін тіркеу үшін «Камертон» (Hllll «РОС») жылжымалы көп каналды синхронды анализатор қолданылды [4].
Ажыратқышты қосқан кездегі қажетті өлшеулер жүргізілді. Өлшеудің нәтижелері 1 Кестеде көрсетілген.
Ажыратқыш жағдайының параметрлері |
Діріл соққысының амплитудасы, G |
Ұзақтығы 55 мс контактілердің бірінші жанасуына дейінгі бөліктегі қосу механизмінің динамикалық параметрлері |
1 |
1 Кесте Діріл соққыларын өлшеудің нәтижелері
Контактілердің бірінші жанасуынан +5 мс қосылу уақытына дейінгі бөліктегі тұйықталудың динамикалық параметрлері |
0,8 |
+5 мс ден +30 мс қосылу уақытына дейінгі фиксацияның динамикалық параметрлері |
1 |
+30 мс ден +50 мс сөну уақытына дейінгі сөнуге кеткен өлшеудің параметрлері |
1 |
Қорытынды
Осылайша, қосалқы станцияда қалған барлық ВВБ - 500 ажыратқыштары тексерілді. Ажыратқыштардың жағдайы қалыпты болды.
Уақыттық сипаттамалар негізіндегі ССӨТ талдаудың ғылыми әдістері мен жасанды интеллект технологиясын қолдану диагностика мен бақылауды сигналдар параметрлерін танудан бөлек ақауларды сәйкестендіру жолымен өткізуге мүмкіндік береді, себебі әр ақау сигналдың жеке сипаттамаларын орындайды.
Жоғары вольтты ВВБ - 500 ажыратқыштарының жағдайын зерттеу үрдісінде берілген қондырғының жағдайы талданды. Алынған мәліметтерді талдау нәтижесінде, барлық ажыратқыштар қалыпты режимде жүмыс жасайтыны анықталды, ал ақаулардың пайда болуы мен істен шығу ықтималдығы аз екені дәлелденді.
Әдебиет:
- Левин В.М. Диагностика и эксплуатация оборудования электрических сетей. Учебное пособие. - Новосибирск: НГТУ, 2011. - 116 с.
- Кошеков К.Т., Кликушин Ю.Н. Теоретические основы идентификационных измерений и преобразований сигналов. Монография. - Саарбрюккен, Германия: LAP LAMBERT Academic Publishing GmbH & Co.KG, 2011. - 171 c.
- Андреев Д.А., Назарычев И. А. Анализ методов оценки коммутационного ресурса высоковольтных выключателей. - Иваново: «Вестник ИГЭУ», выпуск 2, 2008. - 107 с.
- http://www.ros-diagnostics.ru/pribori/85.html - Научно-производственное предприятие «РОС». Приборы и системы вибродиагностики, мониторинга, наладки технологического оборудования. Виброанализатор «Камертон».