Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын пайдалану жолдары

Аңдатпа

Мақалада «Қазақ тілі» және «Кәсіби қазақ тілі» сабақтарында қолданылатын оқытудың инновациялық тәсілдсрінің бірі болып табылатын ойын технологиясы. оны өткізу формалары. ойынды ұйымдастырудың тиімді түстары, тілдік пәнді оқыту барысында білім алушылардың қызығушылығын арттыра отырып. олардың еркін тілдік қатынасқа түсуі үшін жағдаяттар үйымдастырудың жолдары қарастырылады. Сондай - ақ, Қазақстан Республикасының Тіл туралы тұжырымдамасында айтылған мәселелерге шолу жасалады. Мақалада іскерлік және рөлдік ойындардың болашақ мамандарды болашақ кәсіптеріне бейімдеудің бір жолы ретінде тиімді және нәтижелілігі атап көрсетіледі. Білім алушылар жағдаяттық әрекет барысында бір - бірімен карым - қатынасқа түсіп, тілдік оралымдарды. кәсіби терминдерді дүрыс пайдалану дағдылары қалыптасады. Мақала авторы өз сөзінде рөлдік ойын қатысымдық технологияны негізге ала отырып. оның барысындағы білім алушының әрекеттерінің жүйеленіп ұсынылатынын баяндайды. Мақала авторы ойынның кезендеріне тоқтала келіп. олардың әрқайсысына түсініктеме береді. Сабақта оқытудың ойын технологиясының пайдаланылуы маңызды әдістемелік міндеттсрдің орындалуына ықпалын тигізетіні атап көрсетіледі.

Kipicne

Сабақта пайдаланылатын инновациялық технологиялар (мультимедиялық жобалар, жоба әдісі, дамытушы қатынас - бағдарланған ойын тәсілдері) күнделікті білім беру әрекетін түрлендіріп, білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын тудырады.

Қалайша білім алушының қызығушылығын тудыруға болады?

Бүгінде мемлекеттік тіл басқа тілде сөйлейтін адамдардың өзара карым - қатынасын қамтып келеді. Қазақстан Республикасының Тіл туралы тұжырымдамасында айтылғандай, «Мемлекеттік тілдің беделін, оны білу әрбір азаматтың өмірлік қажетіне айналатындай, қазақстандық патриотизмнің құрамды бөлігі болатындай деңгейге көтеру қажет». Ол үшін оқу барысында оқытудың тиімді түрлерінің бірі ретінде іскерлік ойындарды айта аламыз. Өйткені, ойындар жеке тұлғаның әлеуметтік түрғыдан қалыптасуында үлкен рөл атқарады және болашак маман иелерінің кәсіби іс - әрекеті мен әлеуметтік қатынастарына дайындайтын және бейімдейтін қүрал және әдіс ретінді қолданылады. Іскерлік және рөлдік ойындар іс - әрекеттің түрлі салаларында мамандарды болашақ кәсіптеріне бейімдеу барысында қолданылады. Бүл оқыту әдісі тиімділігімен және нәтижелілігімен түсіндіріледі.

Ойын барысында студенттер шындыққа жақын іс - әрекетгік тәжірибе жинақтайды. Ойынның құндылығы да осында. Ол білім алушыға өз тәжірибесі арқылы үйренуге мүмкіндік береді. Іскерлік ойын барысында білім алушылардың кажетті білімді ала білу және оны жүйелей білу, оларды қайта бейнелеу арқылы дағдылары қалыптасады, ал, ен бастысы, оларды нақты өмірге, кәсіби жағдаяттарға, кәсіби іс - әрекетке жақындатады.

Рөлдік ойын қатысымдық технологияны негізге алады, ол студенттердің тіл шешендігін дамытады, практикалық сабақтарда қарым - қатынас жасауына жағдай жасайды және уәждемені жоғарылатады. Kipicne сөзден кейін білім алушылар іс - әрекетке жұмылдырылады. Мүнда ең бастысы сөздерді қолданудан гөрі, тапсырманы орындағаны маңызды. Іскерлік ойын тілді игертуге арналған барлық жүмыс түрлерінде қолданылады: лексиканы, дайын оралымдарды, терминдерді орынды жерде және дұрыс қолдану.

Мұндай ойындарда білім алушылар қате жіберуі мүмкін, бірақ оқытушыға ол қателерді ойын барысында жөндеуге болмайды. Студент сөйлеу арқылы, қателері болса да, тілді тез игереді. Erep қателері бойынша ескерту жасап, тоқтата берсе, білім алушылардың бойына қорқыныш сезім ұялап, өз пікірін еркін білдіруге деген іркілік бой алуы ықтимал.

Ойынды жүргізу алдында дайындық керек. Ол төмендегідей кезеңдерден тұрады:

  1. Іскерлік ойынның тақырыбын таңдау;
  2. Жоспар жасау және тәжірибеде қолдану;
  3. Қатысушылардың рөлі мен тапсырмасы;
  4. Іскерлік ойынды ұйымдастыру;
  5. Ойынның мақсаты;
  6. Ойынның ережесі;
  7. Ойынның өтілу кезеңі;
  8. Қорытындылау.
  9. Іскерлік ойынның тақырыбын таңдау. Ойынның жақсы өтуі тақырыпты

дұрыс таңдауға байланысты болады. Бұл жағдайда білім алушылардың қызығушылы мен көзқарасы еске алынады. Себебі тақырып студент - маманның болашақ кәсіби іс - әрекетінде кездесетін жағдаяттарды қамтуы керек. Іскерлік ойынның тақырыбы студент білімін кәсіби іс - әрекетке кешенді түрде қолдануға, олардың мамандықтары бойынша сөйлесу шеңберінде өсуіне, сонымен қатар кәсіби қазақ тілін кәсіби қарым - қатынас құралы ретінде игеруге барынша жағдай жасауы керек.

  1. Жоспар жасау және тәжірибеде қолдану. Іскерлік ойын міндетті түрде алдын - ала жасалған сценарий бойынша жүргізілуі керек. Оқытушы ойынның өтілу барысына нақты көрсетілген жоспар құрып, онда ойынның әрбір элементінің орындалу мерзімін анықтайды. Жоспар мазмүны артық мәселелерсіз, қарапайым болуы қажет. Бұл ойынның жемісті өтуіне эсер етеді.
  2. Қатысушылардың рөлі мен тапсырмасы. Рөлдерді белу ең негізгі фактор. Рөлдер эркімнің қалауына, біліміне, қабілеті мен іс - эрекетіне сай бөлінеді. Сондай - ақ, топтың өзіндік ерекшелігі мен білім алушылардың жеке мінездеріне, сол сияқты олардың қазақ тілін білу дэрежесін ескереді. Ойынға талантты, белсенді студенттерді қатыстырған дұрыс, ал белсенді емес студенттерге кеңесші, көмекші, арбитрлардың рөлдерін беруге болады. Erep іскерлік ойындарды жиі өткізіп тұратын болса білім алушылардың өзіне деген сенімділігі артады, еркін сөйлеуге мүмкіндік алады, яғни ол өз шешендігі мен тіл байлығын барынша корсете алады. Сонымен қатар, білім алушылар өз рөлдері бойынша дайындалады.
  3. Іскерлік ойынды ұйымдастыру. Дайындық барысында білім алушылар рөлдеріне қатысты негізгі жэне қосымша эдебиеттерді қарастырады деп күтілуде. Дайындыққа кем дегенде екі апта уақыт беріледі. Қиындық туындаған кезде оқытушыдан сүрап, кеңес ала алады. Студенттер кэсіптерінің қүпиялығы жоқ құжаттарымен, мамандықтары бойынша функционалды міндеттерімен танысады. Іскерлік ойынды өткізер алдында кэсіби лексикамен түрлі жұмыстар жүргізіледі, мысалы: таныстыру жэне қайталау жұмыстары, дайын оралымдарды орынды қолдануға дағдыландыру, термин сөздерді дүрыс пайдалану, сүраулы сөйлемдерді қүрастыру жэне құжаттармен жұмыс жүргізу. Әрқайсысы өз мамандығына сай лексикамен таныс болу ойынның жақсы өтуіне өз ықпалын тигізеді. Өйткені, іскерлік ойын тек ауызекі сөйлеуге ғана үйретпейді, сонымен қатар кэсіби деңгейде қарым - қатынас жасай білу дағдыларын қалыптастырады.
  4. Ойынның мақсаты. Ойынды ұйымдастыра отырып негізгі мақсатын анықтау қажет. Олар:
  • кэсіби қарым - қатынас қүралы ретінде қазақ тілін жетілдіру;
  • студент - маманның кэсіби қазақ тілін игеруге деген қызығушылығын дамыту;
  • мамандығы бойынша студенттердің лексикалық қорын байыту, ой - өрісін кеңейту;
  • студент - маманның шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
  • студенттердің стильдік қателіктерін бақылау;
  • жағдаятты талдай білу және дұрыс шешім қабылдауға үйрету;
  • студенттердің ауызекі сөйлеу сауаттылығын дамыту;
  • студенттердің бойында адамгершілік қасиеттерді дамыту.

Іскерлік ойынның ең басты мақсаты - кәсіби лексиканы кәсіби қарым - қатынаста белсенді қолдану және ойын барысында осыған қатты назар аудару.

  1. Ойынның ережесі. Ойын басталмас бұрын студенттер оқытушыны хабарлауымен ойынның ережесімен танысады. Ол:
  2. ойынның әрбір кезеңінде нақты уақыт мөлшері белгіленген және әрбір кезең осыған сәйкес келуі талап етіледі;

ә) студенттердің алдын - ала әзірлеген нормативті материалдарын, тақырыпқа қатысты әдебиеттерді, оқу материалдарын қолдану;

  1. студенттердің іс - әрекетін ұпайлық жүйемен бағалауды енгізу.
  2. Ойынның өтілу кезеңі. Әр іскерлік ойын бірнеше кезеңдерден тұрады және

оның саны ойынға қатысты болып келеді.

  1. Қорытындылау. Өтілген іскерлік ойынның бағасын оқытушы шығарады. Білім алушылардың ойынына сын - ескертпелер айтады, жіберілген қателерге, кемшіліктерге, нақты емес тұстарға және оларды жөндеудің жолдарына тоқталады. Сонымен қатар, оқытушы студенттердің жетістіктерін де атап өтуге міндетті. Бұл сын - ескертпелер білім алушылар үшін дүрыс қарым - қатынас үлгісін қалыптастырады. Ойын барысында білім алушылар тарапынан туындаған қиыншылықтарды өзіне түртіп алады. Студенттер келесі ойындарда аталған кемшіліктерді болдырмауға тырысады.

Жалпы ойында оқытушы негізгі орын алмайды, басты орын білім алушылардың өзіндік іс - әрекеттеріне беріледі. Оқытушы ойынның өтілу барысында жетекшілік етеді, керек кезінде түзетіп, білім алушылардың жүмысын қадағалап отырады, олардың ойларына бағыт - бағдар береді, тілдік көмек көрсетіп, жіберілген қателерін дәптеріне жазып алады, ойын барысында студенттерді түзетпейді.

Білім берудегі ойын әдісінің ерекшелігі ойын барысында барлық қатысушылардың тең болуында. Ол тілді меңгеру деңгейі әртүрлі болып келетін барлық білім алушылардың дерлік қолынан келетін дүние. Ойын барысында тілдік материал байқаусыз меңгеріліп қана қоймайды, сонымен қатар білім алушы өзінің тілді білу деңгейіне деген қанағаттануды сезінеді.

Қорытынды

Сабақта оқытудың ойын технологиясын пайдалану төмендегідей маңызды әдістемелік міндеттердің орындалуына ықпалын тигізеді:

  1. білім алушылардың тілдік қарым - қатынасқа психологиялық тұрғыда әзірлігі;
  2. олардың тілдік материалды бірнеше мәрте қайталаулары үшін өздігінен туындайтын қажеттіліктің қамтамасыз етілуі;
  3. білім алушыларды тілдің жағдаяттық бейретіне дайындық болып табылатын қажетті тілдік оралымдарды таңдауларына жаттықтыру.

Сабақ барысындағы ойын тәсілдері мен жағдаяттардың жүзеге асырылуы төмендегідей негізгі бағыттар бойынша атқарылады:

  • дидактикалық мақсат білім алушыларға ойынның міндеттері түрінде қойылады;
  • білім беру әрекеті ойынның ережелеріне бағынады;
  • оқу материалдары оның құралдары ретінде пайдаланылады, оқу әрекетіне жарыс элементі енгізіліп, ол дидактикалық міндеттерді ойын міндеттеріне айналдырады;
  • дидактикалық тапсырмалардың сәтті орындалуы ойынның нәтижелерімен байланыстырылады.

 

Әдебиет:

  1. Қ. Қадашева Қазақ тілін оқыту әдістемесі. «Мұрагер», Алмаьы. 2005.
  2. Р. Әбдісүлейменова. Қазақ тілін техникалық жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесі. Алматы. 2007.
  3. Ш. Қүрманбайұлы. Терминдерді қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері. Сөздік - Словарь. Алматы. 2005.
  4. В.Я. Платов. Деловые игры: разработка, организация, проведение. - М. Лрофиздат, 1991.
  5. А. Сатыбаева. Г. Сатыбаева Қазақ тілін оқыгу әдістемесі.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.