Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Батыс Қазақстанның мұнай өнеркəсібіне шетел капиталының енуі: тарихы мен мəселелері

Мақалада Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында жəне оның кезінде Ресей империясы жағдайында Батыс Қазақстанның мұнай саласына шетелдік капиталдың ену тарихы қарастырылған. Мақаланың кіріспе бөлігінде авторлар қазіргі кезеңдегі шетелдік компаниялардың рөлі мен қызметін қарастырған жəне бұл Батыс Қазақстанның мұнай саласына шетелдік капиталдың ену тарихын зерттеудің өзектілігін көрсетеді. Авторлар шетелдік капиталдың Батыс Қазақстанның мұнай аймақтарына ену жолдарын қарастырған, шетелдік компаниялардың құрылу кезеңдерін жəне олардың мақсаттарын талдаған.

Кіріспе

Əлемдік экономикалық прогресстің негізгі əрі қозғаушы күші энергетикалық аспект болып табылатыны жəне оның даму жағдайына планетаның миллиардтаған тұрғындарының тұрмыс- тіршілігі тəуелді екені белгілі. Сондықтан, əрбір мемлекет өзінің энергетикалық қуатын арттыруға ұмтылады жəне олардың қатарында Қазақстан Республикасыда бар. Қазақстанның мұнай саласы мемлекетіміздің экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Осы себептен, ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында, тəуелсіздікке қол жеткізгеннен соң, бірінші кезекте мұнай секторын дамытып, оған шетел инвестицияларын тартып, дамыған шетел мемлекеттерімен ынтымақтастықты дамыту жөнінде шешім қабылданған болатын.

Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Жаңа кезеңдегі жаңа Қазақстан» аталатын халыққа жолдауында жəне «Қазақстан-2030» мемлекеттік даму стратегиясында республикамыз үшін мұнайдың құндылығын жəне оны ұлттық мүдде мен қызығушылықтар үшін пайдалану, Қазақстанның мұнай саясатының қатаң саяси-құқықтық негізін айқындаудың маңыздылығы жөнінде атап көрсеткен болатын. Мұнай – бұл Қазақстан Республикасының ұстанымын нығайтуға ықпал ететін сыртқы экономикалық дипломатияның маңызды рычагы [1], қазақстандық қазынаға айтарлықтай қаржының келуін қамтамасыз ететін жəне мұнай саласы экономиканың басқада салаларының дамуына, осының нəтижесінде халықтың тұрмыс-жағдайы деңгейінің жоғарлауына ықпал етеді [2].

Сондықтан, отандық мұнай секторын стимулдаудың тиімді механизмін қалыптастыру Қазақстан экономикасының тұрақты даму траекториясына кіруінің маңызды факторы болып саналады. Осы тұрғыдан алғанда, мемлекетіміздің Батыс облысы территорияларындағы жəне Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы мұнай кен орындарын барлаудың, өңдеу мен өндірудің қолайлы жағдайларын қалыптастырудың маңызы зор. Дəл осы Батыс Қазақстан облысы ХХІ ғасырда Қазақстанға энергоресурстарға деген өзіндік экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жəне əлемдік нарықтарға мұнайды экспорттауды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қазақстандағы мұнайдың бай қоры шетелдік инвесторлар мен кəсіпкерлер тарабынан үлкен қызығушылық тудырады, көптеген шетелдік мұнай компаниялары Қазақстанның бірқатар қалаларында өздерінің өкілдіктерін ашып, жергілікті кадрлармен ынтымақтастық орнатқан. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының кез-келген бір секторын тікелей инвестициялайтын трансұлттық компаниялардың маңызы зор. Мұнай саласы бойынша Қазақстан нарығында қызмет атқаратын жəне үлкен мөлшердегі капиталды инвестициялайтын көптеген шетел компанияларының маңызы бар. Негізінен мемлекетіміздің батысында орналасқан, Қазақстан территориясында шамамен 11-ге жуық — Теңіз, Қашаған, Өзен, Қарашығанақ, Қаламқас, Жаңажал, Жетібай, Ақтоты, Қаламқас-теңіз, Кенқияқ, Қайран мұнай кен орындары шоғырланған. Осы аталған мұнай кен орындарының барлығы кемінде бір немесе екі шетел компаниялары тарабынан инвестицияланады. Қазіргі уақытта Қазақстанда, соның ішінде Теңіз, Қашаған, Қарашығанақта 1993 ж. бастап американдық «Шеврон» (Chevron), ExxonMobil (Теңіз, Қашаған), ConocoPhillips (Қашаған) компаниялары, италияндық «Agip», британдық «British Gas» (Қарашығанақ), француздық «Total» (Қашаған) компаниялары қызмет жасайды. Осындай шетел компанияларының, капиталының Қазақстанға ену тарихы тереңде жатыр.

Сондықтан, біз үшін Бірінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңындағы жəне жылдарындағы Батыс Қазақстанның мұнайлы аудандарына шетел капиталының ену тарихын зерттеу үлкен қызығушылық танытады жəне осы тұрғыдан алғанда мақала тақырыбының өзектілігі ешқандай күмəн тудырмайды. Осымен қатар, Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Батыс Қазақстанға шетел капиталының енуі отандық тарихнамада зерттелмеген. Сондықтан, ХІХ-ХХ ғ. тоғысында Қазақстанның экономикалық дамуының тарихи тенденцияларын терең түсіну үшін аймақтық мəселелерге қатысты зерттеулердің қажеттілігі туындап отыр.

Методология жəне зерттеу əдістері

Мақаланы жазу барысында ең алдымен, жалпы тарих ғылымының қазіргі уақыт талабына сай дамуына мүмкіндік беретін историзм, диалектика жəне объективтілік принциптері басшылыққа алынды. Историзм принцпі мақаланың нысанын — шетел капиталын, компанияларын олардың пайда болу жағдайы жəне уақытымен тығыз байланыста қарастыруға мүмкіндік берді. Батыс Қазақстандағы шетел компаниялары мен қоғамдарын, олардың дамуы мен динамикасында қарастыруға, оның себеп-салдарын анықтау барысында диалектика принципі басшылыққа алынды. Объективтілік принципі өткен құбылыстарды олардың өзгеруіне, дамуына жəне тарихи байланыста жан-жақты қарастыруға мүмкіндік берді.

Сонымен бірге, Батыс Қазақстанның мұнайлы аудандарында шетел компанияларының құрылу тарихын, олардың мақсаты мен міндеттерін, мұнай кəсіпорындарына енуінің жолдарын зерттеу барысында салыстырмалы-тарихи əдісі қолданылды.

Пікір-талас

Бірінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында жəне жылдарында Англия, АҚШ, Франция, Германия, Италия, Голландия жəне Жапонияның ірі қаржы магнаттары алдымен ұлттық, соңынан əлемдік деңгейде мұнай көздері жəне мұнай өнімдері нарығы үшін белсенді түрде күрес жүргізген болатын. Мұнай көздерінің барлық мемлекеттерде жоқтығы жəне мұнайға деген сұраныс бұл күресті одан əрі ушықтырған болатын.

Мұнай-кен орындарын өздерінің қолдарына шоғырландыра отырып, ірі қаржы кəсіпкерлері экономикалық жəне саяси жағынан үстемдік етудің құралына ие болады. Сондықтан, капиталистік елдердің үкіметтерінің қолдауы арқылы қаржы магнаттары басқа мемлекеттердегі мұнай кен орындарын жаулап алады. Мысалы, ХХ ғ. басына қарай 1870 ж. АҚШ-та Рокфеллер құрған «Стандарт ойл» жəне 1882 ж.тіркелген «Стандарт ойл трест» компаниялары Америка, Еуропа жəне Таяу Шығыс нарығында үстемдік етуші рөл атқарған. Бірнеше жылдан кейін аталған екі компания əлемдік нарықта 1907 ж. голландық «Ройял Датч» жəне ағылшындық «Шелл транспорт энд Трейдин К» компанияларының бірігуі нəтижесінде құрылған «Ройял Датч Шелл» компаниясымен бəсекеге түскен болатын.

Осылайша, Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяғына қарай ағылшын магнаттары əлемнің мұнай нарығында өздерінің үстемдігін орнатты. Ағылшын монополиялары əлемнің барлық жерлеріндегі мұнай кен орындарын жаулап алып, оларға иелік ету үшін ұмтылыс жасады. ХХ ғ.басында ағылшын монополистері Орал-Ембі мұнайлы ауданына ұмтылыс жасаған болатын.

Бастапқыда, Ембінің мұнай байлығын игеру ұсақ кəсіпкерлердің қызметімен байланысты болды. И. Лебедев Қара-Шұңғұл шатқалына жақын жерде мұнайдың бар екендігіне назар аударып, оған сұраным (заявка) арқылы иелік етеді. Соңынан, бұл территорияны Лебедевтен отставкадағы штабс- капитаны Н. Леман 260000 рублге сатып алып, Ембіде алғашқы мұнай компаниясын құрады. «Леман жəне К» компаниясы өзінің байланыстарын пайдалана отырып, Орал облысының Гурьев жəне Калымык уездерінің алты волостарында пайдалы қазбаларды іздестіру жəне барлау құқығына ие болады. Бұл концессия көлемі 24000 шаршы верстты құрайтын ауқымды территорияны қамтыды. Бірақ, Леманның атымен белгілі болған концессия айтарлықтай оң нəтижелерге қол жеткізе алмаған [3; 41].

Сондықтан, 1907 ж. Леман шетел кəсіпкерлерімен, алдымен ағылшын, соңынан швейцария- герман капиталистер тобымен келіссөз жүргізе бастаған. Келіссөздің нəтижесінде, ағылшын капиталистері барлау жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында Орал-Ембіге өздерінің мамандарын жіберіп, Леманан концессия үшін құқығын сатып алып, Ембідегі алғашқы «Орал-Каспий мұнай қоғамын» құрады. Бұл қоғам мұнайға бай əрі көлемі жағынан 22500 шаршы верст территорияға ие болған [5].

Жалпы алғанда, аталған кезеңде, мұнай өнеркəсібіндегі шетел капиталы қызметінің айтарлықтай нығаюы байқалады. Ц.Л. Фридманның пікірінше 1910–1914 жж. аралығында Ресей шаруашылығының барлық басқа салаларына қарағанда мұнай өнеркəсібі шетел капиталымен кеңінен байытылған [3; 43]. Н.А. Глушковтың пікірінше əлемдік мұнай нарығы үшін қалыптасқан қолайлы жағдайдың арқасында 1913 ж. Орал облысының мұнайлы аудандарына ағылшындар, француздар, бельгейцтер жəне голландықтар назар аударып, мұнай құндылықтары Париж, Брюссель, Лондон жəне Амстрадам биржаларының бай объектілеріне айналған. Британдық империализм мұнайды белсенді түрде издестіріп, Голландық Үндістанға ұмтылыс жасап, Ағылшын-Парсы компаниясын құрады, Азиялық Түркияға енеіп, Батыс Қазақстанның бай мұнай көздеріне қызығушылық танытады [4; 8].

Жоғарыда атап өткендей, шетел капиталының, соның ішінде британдық капиталдың ұмтылыс жасаған ең жас мұнай ауданы Орал-Ембі болды. Бұл ауданға деген қызығушылық 1911 жылы Доссорда («Орал-Каспий мұнай қоғамдастығының» Леманнан сатып алған № 3 ұңғымада) 30 сағат ішінде 1,5 млн. астам пұт мұнайды атқылаған кезінде туды. Бұл атқылаған мұнайдың сапасы айтарлықтай жоғары, ондағы керосиннің үлесі 70 пайызды құраған. Сондықтан, ағылшын империалистері Ембі мұнай кен орнынын өздерінің қолына алу үшін барлық шараларды жасаған жəне Ембі ауданының айналасында ақылға сыймайтын серпіліс басталған болатын. Акцияның курсын шарықтату үшін «мұнай өзені туралы» сөз тарап, 1912 ж. Лондонда Ембі мұнай байлығын өңдеуге бағытталған құны 5 млн.фунт стерлингті (47 млн.рубль) құрайтын жаңа акцияларды даярлауға көше бастаған [3; 46].

Мысалы, Самара-Орал басқармасы бойынша мұнайды барлау жəне оған рұқсат алу үшін келіп түскен сұранымның көлемі Бірінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында айтарлықтай жоғары болған.

1914 ж. қарай ағылшын компаниясы «Орал-Каспий мұнай қоғамдастығы» иелігінде 12000 сұраным (заявка) болған. Мұнайды барлау үшін Самара-Орал жер басқармасына келіп түскен сұранымның саны 1917 ж. 1 қаңтарда 43869 жеткен. Мұнан басқа, Жер жəне мемлекеттік мүлік басқармасы орталығына Орал облысының Гурьев, Темирск, Либщенск уездерінің мұнай кен орындарын барлау үшін жалпы саны 20000 құрайтын өтініш келіп түскен. Ағылшын капиталы Ембі ауданына əртүрлі жолдармен: өзіндік ағылшын акционерлік компанияларын құру; атауы жағынан орыс қоғамының делдалдығы арқылы; орыс компанияларына іскер ретінде қатысу жолдары арқылы енген жəне басқарған. Шетел капиталының ену жолдары əртүрлі, ал мақсаты бір – ең бай мұнай кен орындарын иелену арқылы қысқа мерзім ішінде қомақты капиталды табысқа иелену болған [3; 45].

Жоғарыда аталған жолдардың əрқайсысына жеке тоқталсақ:

Бірінші топқа, яғни өзіндік ағылшын компанияларына Батыс-Орал мұнай қоғамы, Орал-Ембі қоғамы, Орталық Орал-Каспий қоғамы, Солтүстік-Каспий мұнай компаниясы жатады.

«Батыс-Орал мұнай қоғамы» (West Ural Petroleum Compani Ltd) 1912 ж. құрылған. Бұл компанияның иеленген сұранымына сəйкес компанияға Орал Казак əскерлерінің Сарайчинск станицасы ауданының манайын барлауға құқық берді. Осымен бірге, 1913 ж. «Орал-Ембі мұнай кəсіпорын қоғамы» (Ural Emba Oilfields Ltd) құрылған.

Өзіндік дербес ағылшын акционерлік компаниялардың қатарына 1912 ж. құрылған «Орталық Орал-Каспий қоғамын» (Central Ural Caspian Comp., Ltd) жəне 1914 ж. Лондонда тіркелген «Солтүстік Каспий мұнай компаниясын» (North Caspian Oil Comp., Ltd) атап көрсетуге болады.

Шетел, соның ішінде ағылшын капиталының Орал-Ембі ауданының мұнай орындарын барлау мен өңдеу үшін рұқсат алып, кіруіне орыс компаниялары мен Ресейдің мұнай өнеркəсібі ыңғайлы жағдайды қалыптастырған. Мысалы, мұндай жол арқылы əрекет еткен ағылшын акционерлік қоғамы қатарына «Ембі-Каспий мұнай өнеркəсібі қоғамы» мен «Орал-Каспий мұнай корпорациясы» болып табылады. Бірінші аталған ағылшын компаниясы аумағы жағынан 4450 десятинға тең «Ембі-Каспий» орыс компаниясы арқылы əрекет еткен.

Сонымен қатар, ағылшын монополистерінің ірі құралы «Орал-Каспий мұнай корпорациясы» болды. Бұл корпорация Леманның концессиясын жəне Орал облысының Гурьев уездінің Бланск, Ембі-Акбассовск жəне Джарчинск волостарындағы мұнай кен орындарын барлауға рұқсатын иеленген. Аталған корпорацияға берілген мұнай кен орындарының көлемі 22500 шаршы верстқа, ал тек қана Доссордағы берілген учаске саны 124 жеткен [3; 49].

Жоғарыда атап көрсеткендей, шетел капиталының Қазақстан жеріне, соның ішінде Ембі ауданына енуінің бірден бір жолы олардың орыс кəсіпорындарында іскерлік қатысуы арқылы кіру жолы болып саналады. 1912 ж. Орал облысындағы мұнайды барлау мен өндіру үшін «Ембі» акционерлік қоғамы құрылған болатын. Бұл қоғамның негізгі капиталы 6 млн.рубльді құраса, оның 2 млн.550 мың рублі ағылшындардың үлесіне тиісті болса, «Ембі» қоғамы акциясының үлкен үлесі (42,5 пайызы) «Нобель ағайындары серіктестігіне» тиісті болған [4; 15]. Яғни «Ембі» акционерлік қоғамына ағылшын капиталынан басқа неміс («Нобель ағайындары серіктестігі») жəне француз (Луи Дрейфус банкир үйі) қызығушылық танытқандығын көре аламыз.

Осымен қатар, Парижде ірі орыс, француз жəне ағылшын банктері арасында мұнай кен орындарына бай жерлерді жəне Орал облысының мұнай индустриясын дамыту мақсатында келісімшартқа қол қойылған. Келісімшартта орыстардың қызығушылықтарын Орыс-Азия жəне Санкт-Петербург Халықаралық коммерциялық банкі, ал француздардың қызығушылықтарын əйгілі «Луи Дрейфус жəне С.Бордак» банктері қорғаған.

Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Ембіге Майкөпте жұмыс жасау мақсатында «Колхида» акционерлік қоғамы келеді. Аталған акционерлік қоғамға ірі банктік фирмалар, атап айтқанда «Нобель ағайындары серіктестігі» (36 пайыз акцияның иесі), «Каспий-Қаратеңіз», «Бакниск мұнай өңдеуші қоғамы» қызығушылық танытқан. Айта кету керек, «Колихида» қоғамының үлескері ірі француз банк үйінің басшысы Ротшильд болған.

1913 жылдың екінші жартысында Орал облысының мұнайлы аймағын пайдалану мақсатында ірі кəсіпорын «Оңтүстік-Шығыс мұнай өнеркəсібі серіктестігі» құрылады. Ал, Бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде, яғни 1915 ж. Орал облысының мұнай кəсібін құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін «Ембі ауданының көмекші кəсіпорындарының акционерлік қоғамы» құрылған жəне ондағы негізгі үстем рөлді ағылшын капиталы атқарған. 1916 ж. аталған акционерлік қоғам «Оралмұнай акционерлік қоғамы» деген атаумен өзінің қызметін жалғастырған.

Мұнай фирмаларын техникалық материалдармен, қажетті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету үшін, сонымен бірге қаржы операцияларын жүзеге асыру үшін Гурьевте «Стукен жəне К» фирмасының конторасы, Орыс-Азия банкінің (фактілі түрде француз банкі, себебі ондағы 72 пайыз шетел капиталының 60 пайызы француз банкіне тиесілі болған) бөлімшесі ашылған. Орал-Ембі ауданында қызмет жасаған жоғарыда аты аталған қоғамдар еншілес кəсіпорындар бола отырып, үш ірі қаржы акцционерлік компониямен («Орыс мұнай корпорациясы», «Роял Датч Шелл» жəне «Нобель ағайындары серіктестігі») байланыста болған.

Мұнайлы аудандар үшін шетелдіктердің тарабынан келіп түскен өтінішетрдің үлкен бөлігі алып- сатарлық (спекуляция) мақсатын көздеген. Бұл жөнінде Орал облысының Темір мұнай ауданының басқарушысы Обуховский өзінің 1914 жылғы есебінде «Рұқсат алған тұлғалардың көпшілігі қазіргі уақытта мұнайды барлауға кіріскен жоқ, сұраным-рұқсаты иелену спекуляция мақсатын көздеген» деп атап көрсеткен. Орал-Ембі мұнайын пайдалану үшін құрылған акционерлік қоғамдардың да қызметі алып-сатарлық сипатта болған. Халықаралық қаржы топтары арасында жəне көптеген биржаларда Орал-Ембінің мұнай байлығына деген асқан сұраныстың пайда болуына қарамастан, бұл байлықты өңдеу үшін жұмсалатын қаржы капиталының көлемі аз сомманы құраған жəне мұның себебі шетел кəсіпкерлерінің «дайынға» ұмтылыс жасауымен байланысты болған.

Осылайша, Бірінші дүниежүзілік соңыс жылдарында Ембі ауданына орыс жəне шетел капиталы ұмтылыс жасады. Қазан революциясының қарсаңында Ембі ауданында қызмет атқару мақсатында құрылған компаниялар мен қоғамдардың капиталының жалпы соммасы 60 млн.рублді құраған жəне оның үштен екі бөлігі шетел капиталының үлесінде, ал үштен бір бөлігі шетел капиталымен тікелей байланыста болған орыс капиталының үлесінде болған [3; 52].

Қазақстанның мұнайға бай аудандарына иелік етіп, шетел капиталистері өз тараптарынан аз мөлшердегі қаржыны жұмсап, бай кен орындарын жыртқыштық жолымен пайдаланып, арзан жұмысшы күшін қатаң түрде қолданып, қомақты кіріс табуды көздеген жəне «бізден соң бəрі бір» деген принциппен əрекет еткен.

Ембідегі мұнай өнеркəсібі шетел капиталистері үшін қомақты кіріс əкелген. Мысалы, Ембіде қызмет жасаған акционерлік кəсіпорындарының кірісі жыл сайын өсіп отырған. 1912–1914 жж. «Орал-Каспий мұнай қоғамы» берген дивидендтің көлемі 7 пайызды құраса, 1915 ж. оның көлемі екі есеге өскен. Ал, «Ембі мұнай өнеркəсібі қоғамының» есебіне сəйкес оның жалпы кірісі 1913 ж. 737 мың рублді (негізі капиталы 4,8 млн.рубль болған) құраса, 1914 ж. оның көлемі 1440 мың рублге (негізгі капиталы 6 млн.рубль болған) жеткен [6; 8]. Бірнеше жылдың ішінде «Ембі» жəне «Орал- Каспий мұнай өнеркəсібі қоғамы» оған жұмсалған қаражатпен салыстырғанда көп табыс түсірген жəне Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында оның көлемі тағыда айтарлықтай өскен [3; 88].

Қорытынды

Бірінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында жəне жылдарында Батыс Қазақстанның мұнайлы аудандары шетел капиталистері тарабынан үлкен қызығушылық танытып, əлемдік нарықта маңызды рөл атқарған. Батыс Қазақстанның территориясында құрылған алғашқы шетелдік қоғамдар мен компаниялар индустриализация жолындағы алғашқы қадамдарды жеңілдеткенімен, Қазақстанның экономикалық дамуының анықтаушы факторы болған жоқ жəне экономикалық дамуға айтарлықтай ықпалы болмады. Себебі, шетел капиталистері тек қана пайда пайда-кіріс мақсаттарын көздеп, алдымен дайын мұнайды атқылаған аудандарға қызығушылық танытқан, жаңа мұнайлы территорияларды барлау т.б. жұмыстарына қаржы бөлмеген. Мұнай өнеркəсібінен түскен кіріс кəсіпорындардың дамуына жəне өндірістің əдістері мен тəсілдерін жетілдіруге жұмсалған жоқ. Шетел капиталистері қарапайым кəсіпорындарды құрып, оларда ескірген жəне минимум қажетті құрал-жабдықтарды қолданған, сондықтан бұл кəсіпорындардың тағдыры аз уақыттық болып, ондағы қондырылған құрал-жабдықтар тез ескіріп, істен шығып қалып отырған.

Сондықтан, өткен тарихи тəжірибеге шолу жасай отырып, отандық ғылымның болашақта дамуы үшін жəне қазіргі таңда Қазақстан Республикасының алдында тұрған экономикалық қатынастар мəселесін шешудің əдістерін жетілдіру мақсатында тарихтан сабақ алу қажет.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Послание Президента РК Н.Назарбаева «Новый Казахстан в новое время» [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K070002007_#z0
  2. Стратегия государственного развития РК «Казахстан–2030» [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://www.zakon.kz/60241-strategija-kazakhstan-2030-i-ee.html
  3. Фридман Ц. Л. Иностранный капитал в довреволюционном Казахстане / Ц. Л. Фридман. — Алма- Ата: Казах. изд- во, 1960. — 143 с.
  4. Глушков Н. А. Современное состояние буровых работ на нефтяных площадях Уральской области / Н. А. Глушков // Нефтяное дело. — 1911. — № 21. — С. 5–11.
  5. Эвентов Л. Иностранный капитал в нефтяной промышленности России (1874–1917 гг.) / Л . Эвентов. — М.-Л ., 1925. — 203 c.
  6. Алампиев П. М. Ликвидация экономического неравенства народов Советского Востока / П. М. Алампиев. — М .: Изд- во АН СССР, 1958. — 451 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.