Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Казак поэзиясындағы шығыстық үрдістің С. Нұржан поэзиясында жаңғыруы

Светқали Нұржанның «Ай таранған тун» жыр кітабының мазмұндық құрылымы ақынның шығармашылық әлемінің идеялық жүйесін танытатындай. «Ғафыл-жалған» және «Ғашық-жалған» деп аталатын екі бөлімнен тұратын жинақ «Көкірегім-көне кітап» өлеңімен ашылады. Өлеңді ақын оқырман қауымға жүрегінің түбінен суырылып шыққан жыр-маржандарын «сөз киесіндей» танытып аманаттайды.

Сонымен бірге өлең атауы ақынның өз болмысында толық ашқандай, оның кеудесі туған жерінің тарихы мен «Ежелгі дәуір әдебиетінің» өкілдерінің жыр сипатына, яғни сопылық жыр-шежіреге әбден қаныққанының куәсі боламыз. Ақынның жыр сарыны ғана емес өмірдегі көзқарастары мен ұстанымдары да Хақ жолының кіршіксіз таза жолының хадистері мен сопылық әдебиет өкілдерінің трактаттары мен қағидаларына үндесіп, қанаттасып келеді.

Бұдан соң ақын ұлты мен жан серігі өлеңін дәріптеп келіп, әр түрлі жыр шоғырларын ұсынады. Өлең жинағын құраған жыр шоғырларының әрбірі өз алдына жеке бір поэтикалық әлем деп танысақ ақын шығармашылығының дәл бағасы болады. Біздің сөз етпегіміз шығыстың сарынымен қазақ поэзиясына XXI ғасырда өзінше өрнек әкелген «Хассақ ұзанының оғыз қызына озалы» жыр шоғыры.

«Хассақ ұзанының оғыз қызына озалы» жыр шоғыры мұң торлаған жан сезімінің құдіретін жүрекпен сезініп танисыз, қазіргі лириканың тіліне салсақ Фариза жыр кітабындағы қазақ бозбаласының қазақ сұлуына сырын ашқан жыр жолдарының ежелгі поэзияның сүрлеуіне салған үлгісі секілді қайран қалдырады. Шығыс шайырларының ғашықтық ғазалы поэтикасы өте сұлу ғажап әлем деп танысақ бүгінгі XXI ғасырда өмір сүріп отырған Светқали Нұржанның ой толғамын өрген жыр маржандары нәзік те биік поэзия үлгісіне айналған. Бұл - жаңа да тың қолданысты поэзия, белек әлемді шайыр. Жыр жолдары осы жинақтың ғаламтордағы «Әдебиет порталындағы» электрондық үлгісінде «Жан әлдиі», «Тылсым жұлдыз сүйегі», «Пәруана жыры», «Хәл», «Нұр перзенті», «Шамдал нұры», «Ғашықтар көші» - деп жеті тақырыптық бөлімге бөлінген, ал біздің қолымыздағы 2008 жылы жарық көрген кітапта жыр шоғырының ішкі тақырыптық атаулары алынып тасталынған. Бесінші жырда ақынның өз атынан ғашықтық ғазалға деген жүрек түкпіріндегі ғашықтық туралы жырымен сол әлемді іздеуі жүрегімен тылсымды тануы берілген. Шайырдың ғашықтық ғазалы туралы осы соңғы түйіні - сопылық әлемдегі сүю ғаламатының дүниені шарлаған ғажабының шексіз екенін, оның адам баласын сүюге үйрететін сырын ашады. Ғашықтық ғазалының ғажабын іздеген ақын жүрегі - жыр идеалын іздеген Бернияздай сандалатындай, Светқали Нұржанда әрбір жыр шумақтары, өлең ұйқастары жол толтыру емес, жан сырындай сындарлы, қасиетті есімдер мен ұғымдарды ауызға алған киелі сезімдер жиынтығы-галереясы.

Сенің нұрың- менің әппақ кебінім, Сол кебінге оранса еді өлігім.

«Жан-әлдиім - өзіңіз!..»- деп, Ақ ханша, Жаназамды оқыса ғой ерінің...

0 сол шақта күрт өзгеріп мына әлем,

Күлер еді ең әдемі күнәмен.

Нұр-кебінге оранғасын, мәңгілік

Өзіңе арнап Өлең оқып тұрар ем...

«Өзің!..» - деші,

көкірегіңе гүл қадап,

Кірпігіңнің әрбір талы бүр жамап.

Жаназа мен Жыр қиғанда некесін, Періштелер той жасайды іңгәлап. ...«Жан - әлдиім - өзің!» - деші...

XX ғасырдың басында қазақ әдебиетінің тарихына сыры түсініксіз жұмбаққа толы жырларымен енген Мағжанның рухтас, сырлас досы Шәңгерейдің ақындық мектебінің шәкірті Берниязда да осындай аралас лирика үлгісі керемет дамығаны көрінеді. Жалпы Шәңгерей шығармашылығы шығыстың сопылық медитациясының үлгісінде жазылған өзін қоршаған қоғамнан тыс басқа әлемге ұмтылу, танымдық кеңдік, және өзінің жарына деген махаббатын ғаламдық ғашықтық құштарлықпен бейнелеу үлгісі бар. Ал Мағжанның махаббат лирикасы мүлдем басқа классикалық мазмұн мен пішіндегі көркем элем болса да, ақынның өзінің жандүние сырын суреттеуде пішін өзгермегенмен идеялық мазмұнында сентиментализм мен астасқан асқақ рухты бостандыққа деген өшпес құштарлығын өлмес күш-сезіммен танытуда өлім мотивінің формаларын көркемдік шешімге әрдайым қолданады. Ал таза шығыстық күрделілікпен сопылық поэзияның қазақ поэзиясына әкелген Шәһкерім ақын философиялық еңбек жазуға дейін тереңдеген.

Сүйегімәрмәр Ақ ханша, мәртебең биік, Төменнен саған көз салып өртенем күйіп. Жан-теңізм\/\е. жүзесің Тылсым жұлдызххъ, Әппақ сәуледен басыңа сәукелең киіп.

Уыздай нұ/мн, жұққанда кермек ерінге

Тамсана берем,

білмеймін шөлдегемін бе?

Махаббат күйі ыңырсып қоя береді,

Сен саусақ бассаң, толқынның пернелерініхе

Бұл ғашықтың жанының күйі «жан-теңізі», «тылсым жұлдыз»,«сәулеі\е.н сәукеле», «уыздай нұр», «махаббат күйі ыңырсып», «толқынның пернелері» - болып өріледі. Ақынның өзі айтқандай ол үшін сөз қоры - қорымда, оның шығармашылығын оқи отырып көптеген жаңаша жаңғырған ескі сөздерге кездесіп өз тіліңнің мағыналық байлығына қайран қалып, соны тірілтіп қазақ поэзиясының көркемдік әлемінің көкжиегін кеңейтіп, поэтикалық танымын көркейткен Светқали Нұржан ізденісі мен талантына тәнті боласың. Мағжан «Ақан сері» публицистикалық мақаласында «теңіз терең емес, адам жаны терең» дейді, ал Светқали ақын сол тереңдіктің өлшемі теңіздің өзін тікелей адам жанына телиді «жан-теңізі», оқырман ғажайып белгісіз тұңғиық адам жаны түгілі, ойы бойламастай тұтқын етер «тылсымды» таныса да, «тылсым жұлдызды» ұғыну үшін тасқараңғы түнде жұмбағын ішіне тыққан сансыз жыпырлаған жұлдыздар түнегіне не болмаса сұп- суық тылсымына санаңмен жоғалу ақылға сынақ болары қақ. Сондай-ақ, ақынның «сәуледен сәукеле», «уыздай нұр», «махаббат күйі ыңырсып», «толқынның пернелері» әр біреуі жеке өз алдына образ сомдап эпитет жасап тұрған қолданыстары тың, өзіндік сүрең салған дербес поэтикасы деп айта аламыз.

... Сен десем, үн боп тамады қобыздың мұзы.

...Киіп барамын кебінін сағыныихмлнын,..

... Телмірем тылсым төріне- мұрат табардай...

Өзіңдей Нұрды сүйгеннің, мүмкін бе, сірә, Күнәһар жерде қалуы - жұмаққа бармай? Тағы бір Аңыз жаралсын Абыз -Далацан Талпынып Тылсым жұлдызға - киеліма мен, Жазғанмын қобыз - көңілдің жиегіне өлең [2] Ақынның әрбір жолы эпитетті көрініс: «үн боп тамады», «сағыныш кебіні», «телмірем тылсым төріне», «күнәһар жерце», «жұмақ», «абыз - дала», «тылсым жұлдыз - киелім», «қобыз - көңілдің жиегі» тағы да басқа болып келтіре беруге болады, жыр кітабының бетін аудара берсең ақын поэтикасының кеніне тереңдей бересіз. Жыр жолдарында көбіне кездесетін «тылсым» бірде жұлдызға қатысты берілсе, енді бірде сол жұмбақ әлемнің мағынасын жұлдызсыз өзі ғана ашады. Сондай-ақ, ақындық қолданыста қоғамнан безіну, өмірден түңілу өзі айтқандай «иманы әлсіздің ісі» - деп, ашық айтылмайды, әйтседе «күнәһар жер, «кірден жаралған пенде» мен «жұмаюың», «Нұрдың Перзенті» қолданыстарының арақатынасы арқылы ақын биіктік пен тазалықты дәріптейді. Ал келесі «абыз - дала» шежіре мен тарихқа толы туған жер тарихының көркем образы болса, «тылсым жұлдыз- киелім» аспан әлемін - жыр әлемімен алмастыра өріп, «қобыз - көңілдің жиегі» деп көңілдегі мұң да емес, қайғы да емес, күңіренген шердің образын «қобыз» аспабының тарихи-кәсіби қасиетін шебер ойнатады. Жалпы ақынның шығармашылық әлемі және поэтикасы ұлттық поэзиямызда өз алдына тыңнан түрен салған жаңалықты дүние болып табылады.

...Періштелер патшасының ақтығы ең, Алла саған арзу қылды, Ақ ханшам.

«Мен» дегенде, дәтің - мықты, діт - берік, «Сен» дегенде, біздіктөзім бітті өліп...

...Сендей жанға ынтық болған шайырі\у\\\

Моласынан шырақ жанса, таң қалма!

... Мұратына жеткен емес бір ақын.

Өзің ғана - әуейілеу ғашықты

Әулиеге айналдырыптынатъм.

...Кеңиді әлі-ақ біздер сіңген тар мола.

Мерт болады дұға қылып біздерге, Шырағымнан шырқ айналған пәруана. [1] Жалпы С.Нұржан махаббатты тануды шексіздікпен байланыстырады немесе адам санасындағы биік ұғымдарға телиді. Ақын үшін сүю, ғашық болу ол сананың қалыпты жағдайдан шығып өзгеше бір күй кешуі «әуейілеу ғашықты, әулиеге айналдырып» болып берілсе, «ынтық шайыр хлоласынан шырақ жанса, таң қалма!, ...Мұратына жеткен емес бір ақын» - деп келіп, ғашықтық сезімді одан әрі асқақтатады, біз өлген соң да біздің ғашықтық ғазалымыз талай сандалған пенденің жүрегіне махаббат гүлін егіп табындырады, олар да біздерше сүйіп, ғашықтық жолында жандарын құрбан етеді «Мерт болады дұға қылып біздерге, Шырағымнан шырқ айналған пәруана».

Светқали ақын поэзиясындағы «әуейі, шайыр, әулие, пәруана» кіршіксіз тазалықтың символдары, ол осылай күнделікті пенделік тіршіліктің күйбеңінен «кірлеген» «жанын шайып алғысы келетіндей еселей дамытады.

Сен! - десем болды,

жанымнан тың ырғақтгбам,

Сен! -десем, сөйлеп кетеді сыбырлап ғалам . ..Жапырақтардың жанары жиі шықтанып, Көбелек шөлі гүлдермен сүйісіп қанып ...«Құс жолы» -түннің қанаты...

Сөгіле қозғап,

Қисая жаздап дүние, төгіле жаздап...

...Дүниенің өзі осындай:

«Сен!» - деп қалғанда,

Жайымды менің ұға бер - мен боп толған да!

Есіміңді іздеп ес кетіп жүрген шағымда, Күп - күрең тастың астынан қабаржып маған, Шопан - Атада тіл қатты Оғаржық қаған: «Ешқашан сені түсірмес - дастандар ізге, Шын сүйсең - оның іздерін аспаннан ізде!..» Ақ ханша!

Жолың бар екен мызғымас та айқын, Тірліктің түнектерінен бізді бастайтын. Қарармын саған қарашық талмай, Ізіңнен жүрсем адасып қалмай...

...Армансызбын, Нұр Перзенті - Ақ ханшам!

- Нұрды сүйген жанды кейде жадқа алсаң...

Сол жетед маған - жадыңа бір сіңсем болды!

- Өртейді демің ғаламды - күрсінсең де енді!.. 03.06.2003 ж. Шынжыр. [2]

XX ғасыр мен XXI ғасырдың тоғысында әдебиетке қалам тартқан ғашықтық ғазалын қазақша өрбіткен ақынның жыр шоғыры кейіпкерлердің тарихы болып қана айтылса жансыз мүмкін нәрсіз болар ма еді, жырдың күші мен қуаты ақынның ол сезімді өзі болып танып, өз жүрегінен өткізіп жазғанында. Жыр тосын жағдай емес, керісінше ақынның өзін мазалаған көңілдегі музаға өмір беруде өзіндік шығармашылық ізденісінің жемісі болғандықтан да жыр тірі организмге айналып жұмақтан тіл қатып тұр. «Армансызбын, Нұр Перзенті - Ақ ханшам! Нұрды сүйген жанды кейде жадқа алсаң...». Ақынның жырындағы «Нұр перзенті - Ақ ханша» бұл қарапайым әйел бейнесінен жоғары нұрдан жаралған романтикалық сезімнің формасы, яғни қиялдан туған құбылыстай суреттеліп отыр.

«Ақ ханша! Жолың бар екен мызғымас та айқын, Тірліктің түнектерінен бізді бастайтын. Қарармын саған қарашық талмай, Ізіңнен жүрсем адасып қалмай...» пенделер үшін тіршілік қам-қарекетінен арманға жетелер мызғымайтын айқын жол - ол ақиқат жолы, қарашығыңды талдырып, адаспауға табындыратын азапты да тәтті лэззатты жол - ол Хақтың жолы. Себебі адамзат тарихына жазылып кетер махаббат сезімі - ол құдіреттің сыйы.

Ал осы ғашықтық ғазалына алтыншы және жетінші өлең болып қосылатын «Шамдал нұры», «Ғашықтар көшінде» ақын ғашықтық ғазалының құрсауынан кеудесіне «мұңсінді» орнатып қоштасады. Бұл сұлу жырдың тарихына арбалған ақын жанының ант берген «жан сөзі» мен «елімнен көшіп барады ғашықтар көші» деп қоғамдағы күйкі тірліктің ішінде жүріп те қиялымен аспан әлемінің пердесін қозғап, жыр керуеніне ілесетін екіұдай әлемін суреттейді. Өлең жолдарына тоқталайық:

Жел үрген шам емес пе - ұрынса жан, Жетті әзер тіл қатуға бүгін шамам.

Ұсындым - дауыл ұрып тамырымды, Жанымның нұрға ораған жырь\н саған. ...Күзгі түн, қоңыр төрге ыңылжағып, Кеудеме сурет салдың мұңсіңді әнмен. ...Күрсінсең - қоңыр түнше күрсін, қарғам, Қалдырмас кімді арманда бұл сұм жалған!.. ...Осылай иемденіп кеткем сені, Жа нарда н жанды оқитын қисыныммен.

...Үшында кірпігімнің қалып қойдың, Жандыуға малыпқойдың, Ақ ханшам-ай!.. Ғ/мб/д>б/мбұлқынады тар шеңберде, Япырмай, біздей ме екен бар шерменде? - Кетерсің кірпігімнен от боп тамып,

Білтесібіржалпетіп-Жанcewe/да!..04.06.2003 ж. Шынжыр. [1]

Ақын бір сәтке емес бүтін өлең бойына өзін материалдық дүниеден баз кешкен бәдәулердей ұстайды. «Жел үрген шамемес пе - ұрынса жан» жел үрлеген шамның тағдыры аласұрған адамның шыбын жанының көрінісіне баланған, Шәһкерім ақын айтқандай «Мен сорлы жоққа ғашық боп» -деп жанының қалауына ие бола алмаған пенденің жан қалін осы шумақтың соңғы үш тармағы саралап баяндағандай боласың. «Күзгі түн - ыңыл жағып», «...мұңсіңді әнмен сурет салу», «қоңыр түнше күрсіну», «арманда қалдырар сұм жалған» Светқали ақынның өлеңдеріндегі ойды берудегі сөз орнын алмастыру яғни ойнату интерпретациясының құдіреттілігі қарапайым ұғымға сұлу сипат салуында болып келеді. Бұл ақын поэзиясының бірден-бір ерекшелігі болып табылады. Айталық, «Жанардан жанды оқитын қисыныммен» көзінен адамның ішкі сырын ұғу, «Үшында кірпігімнің қалып қойдың» көзді кіреуке тартқызып, кірпікке ілінген көзжасына айналған сезім күйі, «жанды уға малып» Абайдан Мағжанға ұласқан ащы «у» мен тәтті «у» жан сезімінің көп сөзбен айтып жеткізе алмас шырынын дөп беретін қолданыс екені рас. «Қол емес, қызыл тілім кісендеулі» болып өткен Мағжаннан Мұқағалидың кеудесін қысқан тар шебер Светқали ақынның шығармашылығында «ғұмыр» формасында көрінеді. «Ғұмырым бұлқынады тар шеңберде», «шерменде» тіпті екі жолдың ойын байланыстырып «шерменде болған ғұмырым» десе де өлең өзінің құндылығы мен көркемдігін жоғалтпайды. Сонымен ақында ешбір логикалық жүйе аяқсыз үзілмейді, мысалы, ақын «ұшында кірпігімнің қалып қойдың» десе, енді жан шыдатпас азабынан сезімнің «кірпігімнен от боп тамып» кетерсің деп күрсінеді, «жел урген шамның күйін кешкен» ессіз күйдегі жанының қалінің өлсе өзімен бірге кетер сарқылмас сағынышына айналғанын жырдың соңғы жолында «білтесі бір жалп етіп - Жан сөнгенде» -деп түйіндейді

«Ғашықтар Елі көшіп барады жырақта, Мінәжат Түні тиедідаусы құлаққа.

Мән бермес едім:«Өшкен бір дәурен-дағы»,- деп, Оғыздың қызы, сен барсың онда, бірақ та» - Сол Көшке кейін дәп қылып алдым еруді, Қызыл да жасыл ғажап керуен шерулі.

Пендені, бірақ ішіне қарай өткізбес

Кемпірғосақтың көпірі жатыр керулі. [1]

Ақынға елес беретін «ғашықтар елі», «мінәжат түні», «ғажап керуенге ...еру», «пендені.. өткізбес, ^емпірғосақтың көпірі керулі» ғажайып қиял әлемі, фантазиясы мен алған тақырыбының материалын жіті зерттеп, оқиға табиғатын жан-тәнімен зерделеген бірде шежіреші, бірде тарихшы, бірде сөз зергеріне айналатын С.Нұржанның сөзбен соққан махаббаттың сұлу сарайы оқырманды да ой тазалығына шақырып тұрғандай баурайды.

...Ол Көштіңдаусы жанға енді тыным бермес те.

Салып барады жұлыныма байлап әндерін, Аңыздан жеткен арудың бәрі сол Көште Мезі етіп кейде мыйсыз мәжіліс, кер кеңес, Аржағына өтем - пайда болғанда перде - елес. Жұмақтай көріп, жұртында түнеп жатар ем, Ол Көштің жолы аспанда да емес, жерде емес Жүрсеңцер болды, шығармай, соғып, елді естен, Қалармыз біздер сырымызды айтып желте ескен. Бейіш - Мекенге біржола көшіп жеткенше,

Оғыздың қызы, ажырай көрме сол Көштен...09.06.2003 ж. Шынжыр. [1,19]

Ақын Светқали Нұржанның «ол көштің даусы жанға енді тыным бермес те» адамижандүниесі нені іздейді, нені сағынады, неден безеді, нені көксейді тағы да басқа сұрақтар бұл шайырға дейінде «жыр көшінің» дауысын естіп елтіген, қоғамның тар шеңберіне сыймай «мезі етіп кейде мыйсыз мәжіліс, кер кеңес, аржағына өтем - пайда болғанда перде - елес» -деп өзді-өзі арпалысқан ақындардың шешуі жоқ жан-жұмбағы.

Ақынның «салып барады жұлыныма байлап әндерін» деген жолдағы ой салмағы жыр кульминациясындай ақындықты тағдырына айнымассерік еткен, айнымас азабына айналдырған шайыр ғана өзін дәп осылай сезінері рас.Бұл жыр шайыры іздеген әлем, жыр әлемі, шежіре мен аңыздың әлемі «аңыздан жеткен арудың бәрі сол Кәште, жұмақтай көрер ем, ол көштің жолы аспанда да емес, жерде емес» сол сиқырлы элемге аттанар ем деп жан тазалығын бүкіл философиясына арқау еткен Шәһкерім де іздеген, сағынған сағым құбылыс, қоғамнан безінген Мағжанның өзінше танып Қорқыт болып қобызын алып көрге енуді аңсап тапқысы келген тыныш әлем, ол - бейіш дінмен келер әр пенденің өз кеудесінде, саябағы өз жанында «аржағына өтем - пайда болғанда перде - елес» өз-өзіңнен бөлектену, бұл «жаттану» ұғымынан бөлек шынайы шығармашылық құбылыс. Қиял әлемінен ажыраған ақынның «қалармыз біздер сырымызды айтып желте ескен, бейіш - мекенге біржола көшкенше, Оғыздың қызы, ажырай керме сол Көштен» - деген жолдарының сыры да «Ер есімін ел ұмытса да жел ұмытпас...» - туған жердің тарихына енгенде ел есіне де орнығарына үміт еткен Мағжанның да сырлы әлемі ұлт руханиятын байытқан қазынаға айналғанындай, ақынның өзі тілек еткендей жырдың қоңыр мұңы тағдырының мәңгілік жазары таусылмас сырлы әлеміне айналары хақ.

«Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған, сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман» - Мұқағали ақынның осы жыр жолдары өлең жинағының ішінде ерекше көңіл аударатын туынды. Неге? Себебі ақын шығыстың ғашықтық ғазалының ішкі дүниені сыртқа өрудің тылсымына қадам жасаған. Бұл өлең тіпті әр тармақтағы буын санымен де өзге, яғни «шекпен киген қазақтың қара өлеңін, шапан жауып өзіне қайтарамын» демекші, қара өлеңнің сипатынан бөлек әлемді танытып тұр.

Ал Светқали ақынның сол ғазалдарды оқып-танып қана қоймай, сол үлгіде поэзия тудырғанының куәсі боламыз. Ақын шығыс поэзиясының ғажабын бойына құйып, ойына тоқуды Хассақ ұзанының ғашықтық ғаріп күйін өз басына көшіріп, сол әлемнің Оғыз қызының сұлулығына өзі ынтызардай күй кешеді. Бұл ақынның ғашықтық ғазалын жазу үшін оның тарихын зерттеп, мұң мен сағыныштың жасаған оқиғасындай етіп жүрек сезімінің образын сомдайды. Ғашығы үшін ғаламды ойша шарлаған ақын жүрегі есінінен адастырған жамалының жүзін бір көру үшін тау мен тасты аралап пенделік тіршіліктен баз кешкендей болады. Шын мәнінде де қазақ поэзиясы үшін ежелгінің мазмұны мұңмен өрілген оқиғасы ғашықтық болып келетін жаңаша махаббат лирикасы емес ғашықтық ғазалы дүниеге әкелген.

Ғаламға ғашық болғандай пенденің өзін сезіммен өртеп сүюдің мектебі шығыс поэзиясы санаға сіңірері ақиқат құбылыс, әйтседе жыр кітабы жабылса бірге бәрі жоғалып әсері ғана көңіліңді біраз уақыт алаңдатып, тірліктің келесі бір күйбең тірлігі басталғанда сол тіршіліктің астында көміліп қала береді. Бірақ бұл - Әбіштен бастап сезілген, Есенғалида жалғасқан, Светқалида шарықтау шегіне жетіп дамыған Маңғыстау жырының мектебі.

Жалпы шығармашылық жаратылысқа өң мен түстің арасындай күй кешу жат құбылыс емес, бұл әркімде әрқалай көрініс беруі мүмкін, себебі ақындық талант, өлеңнің құдіреті қону үшін де жанпида күй кешкен дарындар тарихынан көруге болады.

Бұндай ғажап сәттер Светқали Нұржанның өзі суреттегендей «Ай таранған түнде» де болуы ғажап емес:

«Бұл бір ғажап түн болды- ay

- Ай таранған,

Құшып алған шыңдарды айқара орман.

Киесі бар бұл түннің, Иесі бар,

Айта көрме әбес сөз, байқа, қарғам!

Yp - жұлдыздар тағып ап Ай шашағын, Құс жолында кілкиді майса сағым.

Тербеліп тұр бар Ғалам... Осы қазір

Мәді - мақам шығардай, Ғайса - сарын.

Аспан - құртты сорпаға езген кесе...

Сенбес едім, бұл түнді көз көрмесе.

Кеш болуы мүмкін- ау қалса ертеңге, - Бүгін түнде дүние өзгермесе.

...Үмітінің иегін түнге сүйеп,

Бір жаңалық күтіп тұр

Барша Ғалам.

Құс жолымен келеді ақ тулы Айым, Бар бір қанға тараған тәтті у мәйін. Құбылаға сәжде қып сыңсып жатыр, Шұғылаға шомылған аққу-қайың. Көз алдыңа көшіп кеп қияндағы,

Бұл бір ғажап тун болды - ay қиялдағы. ... 06.02.2008 ж. Шынжыр

Сонымен ақын жырларының толағай теңіздей тасқындатқан, сұлу үніндей сыбызғының сыңсытқан, оқиға мен шежіреге толы бай эпикалық қоры қазақ поэзиясының ғасырдан ғасырға өтер бай қазынасы деп танимыз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. 1. Нұржан С. Ай таранған түн. Алматы: «Жазушы» баспасы, 2008
  2. 2. НұржанС. Шығармашылық тоқырау - тоқмейілдіктен болатын кесел. Сұхбаттасқан Қарагөз Сімәділ.// «Қазақ әдебиеті» газеті. №30, 29 шілде 2011 ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.