Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қаламгер Төлеген Жаңабайұлының публицистикасы

Аңдатпа

Бұл мақалада публицист-жазушы Төлеген Жаңабайұлының шығармашылық өмірі мен публицистикалық шеберлігі айтылады. Төлеген Жаңабайұлының шығармалары талданып, жазушылық, ақындық қырлары сөз етіледі.

Қазақ зерттеушілерінің ішінде публицисгикаға тұңғыш анықтаманы А.Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде берді. Ол публицистиканы «көсем сөз» деген қазақ сөзімен байланыстарды. Қазақ елінің өркендеуіне дәуір тамырын дөп басып отыратын публицисгиканың, сон ың доңғалағын дөңгелеткен қаламгерлердің үлесі орасан зор. Олар әр дәуір келбетін жаңғырта жеткізуде, бүгінгі заман талабына лайық байлам жасауда әркім әрқалай жолды таңдап алады. Мәселен, тарихшы дәуір талғамына тарихи тұрғыдан баға беруге ұмтылса, әдебиетші көркем туындылары арқылы үлес қосады. Қаламгерлер заман тынысын публицистика тілімен шындықтың шырайын аша көрсеткенді жөн көреді.

Сондай қаламгерлердің бірі - жазушы - публицист, ақын Төлеген Жаңабайұлы. Журналисттік пен жазушылық тізгінді қатар алып келе жатқан майталман жазушы. Туған жерге, отбасына, ағайын-досқа, ардақты азаматтарға арнаған кесгелі ойын ақ қағазға түсірген, сонымен қатар қазақ әдебиетінде публицистика жанрының қанат жаюына өзіндік үлесін қосып келе жатқандардың бірі десек болады. Публицистика қай кезде болмасын әдебиеттің алғы шептегі барлаушысы, тыңнан жол салатын, жаңа тақырыптардың көзін ашатын жаңашыл жасағы, жауынгер құралы.

Төлеген Жаңабайұлының публицистикасы туған жұртының тұрмыс- тіршілігімен байланысты болып келеді. Ақын жүрегін тебірентпеген тақырып кем де кем екенін байқаймыз. Оның өлеңдерінде адам жанынының небір нәзік пернелерін жаңылмай басып, біресе сыңғыры мол сырға, біресе күңіренісі мол мұңға батыратын сәттерімен қатар, атақонысының даласы мен қаласын, данасы мен баласын, тарихы мен тағылымын, салты мен салауатын сан қырынан толғаған тұстар молынан ұшырасады. Осының бәрі - Төлеген Жаңабайұлының көңілімен түйген ойлар, бейнесі анық, бояуы қанық дүниелер. Шеберліктің шеңберіне салған кезде тақырыптың ұсақ-түйегі болмайтынын публицист өлеңін абайлап, аңғара оқығанда түсіне бастайсың.

Жора-жолдастарына, туған-туыстарына жазған жырларынан аңқылдаған адалдық пен ақтық, ақ алмасгай жарқылдаған кісілік пен пәктік - ақын поэзиясының алтын арқауы екенін көреміз. Оны ақынның жазған өлеңдерінің әр тармағынан байқасақ болады. Мысалға, «Таптым асыл жанымды», «Қибат шеше», «Балдыздар-ай, балдыздар», «Достыққа, сірә, жетер жоқ» деген өлеңін ақын сыныптас құрдасына арнаған, «Келіндер сендей болсын, Рысты», «Айналайын, Айнамкөз», «Сүйіктісі ағамның», «Әлпешті, Әсет, әлпеште», «Ұлы Жамбыл аттасы» деген өлеңін Жамбыл жиенінің туылған күніне арнаған, «Қаршыға тектес Әндіржан», «Айболаттай теңін тапты Нұрлыгүл» және т.б.деген өлеңдерінің тақырыбынан жырдың нақты кейіпкері кім екенін білуге болады. Төлеген Жаңабайұлының жақындарына арнап жазған жырлары өте көп. Бұл қаламгер шығармашылығының ауқымды тақырыптарының бірі десек те болады. Огбасында әр адамның мерейтойына, маңызды күніне арнап жүрек жарды тілегін, ақ батасын өлең арқылы жеткізіп отырған. Оған мысал ретінде Tay тұлға бол ер жетіп деген өлеңін талдап көрейік:

Мерейжан, өссің мерейің, Биіктен самғау көрейін Алғашқы мүшел жасында, Батамды осы берейін-деп, іргелес көршісінің баласы Мерей Ғабитұлына шын жүректен шыққан тілегімен, аталық батасын айтады. Осындай бірнеше мысалдарды тізбектеп келтіруге болады. Мәселен, махаббат лирикасынан мысал келтірсек:

Көңілім жұлдызбен сырласты, Сәулемдей жымыңдап шақырған. Жүрекке сыр-күйді жырласты, Бейне бір таңым ба атырған-деп, ақын жүрек сезім сырын шерткенде іштегі алапат сезімді теңеулермен бейнелеп жырға қосты. Жүрекке сыймай, өлең болып ақ парақтың бетіне түскен бұл жыр ақынның асыл жарына арналған еді. Қаламгер буыныңды балқытып, көңіліңді шалқытар лирикалық өлеңдерімен қатар ел рухын, ер еңсесін көтерер азаматтық-патриоттық тақырыптағы туындыларымен де ерекшеленер қалам иесі. Публицист табиғаты бұнда да шынайылықты шырақ етіп, бұра тартуға мұрша қалдырмайды. Оның «Есте ғой, есте, сұрапыл соғыс» деген кітабы ерлік тақырыбына жазылған повесть, очерктер, эсселер, мақалалардан тұрады. Ол - Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына жазушы тарапынан жырық көрген сыйлық, яғни кітап.

Бұл кітапта 1418 күнге созылған алапат майданда болған оқиғалар тізбектелген. Ұлы Отан соғысында қайсарлықпен қызмет етіп, батылдықпен жау алдында туған өлкелерін қорғаған батырлар, бүгінгі ардагерлер туралы сөз болады. Жайық өзенінің төменгі сағасындағы жаудың бомбаларынан қырағылық пен батылдық, жігерлілік пен іскерліктің керемет үлгісі мен өнегесін көрсеткен атыраулық батырлардың ерен еңбектерін келешек ұрпаққа үлгі ету мақсатында жазылған. Онда Атырау аймағынан соғысқа кеткендердің саны, осы аймақта қалып сол сардарларға киім болсын деп жүн иіріп, азық болсын деп төрт түлік өсіріп, егін еккен азаматтардыңда ерен еңбектерін атап өтеді. Мысалы, Атырау өңірінен 42505 адам елімізді неміс басқыншыларынан қорғауға аттанды деп кітапта көрсетілген. Майданда қаза тауып, отбасына оралмағандардың саны 13827 боздақ делінген. Осылар туралы кітапта нақты айтылады. Мұса Баймұқановтың Кеңес Одағы батыры, Шүкір Еркіовтың «Даңқ» орденінің толық кавалері атанғаны туралы жеке тақырып арнап, ой бөліседі. Тақырыптар алуан түрлі. Бірі «Воронежге барып, 73 жылдан соң әкемнің бейітін тауып қайттым» деген болса, енді бірі «Тоғысқан тілектер, табысқан жүректер» деген атаумен майдангер Тәжіғали Садықов пен тыл аруы Сәния Ысқақова арасын байланыстырған хаттар туралы сөз болады. Бұлардың барлығын жазуда Төлеген Жаңабайұлы бір мақсатты ғана көздеді. Соғыс алаңында аянбай қызмет еткен сарбаздар мен оларға қажет заттарды майданға жіберу үшін жұмыс істеуден тынбаған еңбек өрендерінің есімі айтылмай келе жатқанына қиналып, осындай публицистикалық еңбегін жариялады. Оны «Немістердің үстінен ажал оқтарын сепкен авиация майоры Ермұқан Ідірісов, танкты ұршықша иірген взвод командирі Шәкір Сымғалиев, зеңбірекшілер тобын басқарған Қалу Мақиев және де басқа қызылқоғалық майдангерлерді қалай дәріптемейсің? Олар жөнінде зерттеу, тиянақтау істері жөнге қойылып, очерктер, эсселер жазылса құба-құп болар еді. Ең болмаса, публицистикалық дүниелерде аттары аталса кейінгі ұрпағы, зәузаты үшін мақтаныш болмай ма?» - деп жазылған қаламгер сөзінен аңғарамыз [1.6]

Төлеген Жаңабайұлының публицистикасына журналисттік қызмет етіп жүрген кезінде жарық көрген мақалаларын дамысал етіп келтірсек болады. Олардың тақырыбы сан алуан, сол кездегі заман ағымының көкейтесті мәселелері көтеріліп отырғандығын аңғаруға болады. Ол қай саланы болмасын мұқият зерттеп, жазады. Жиі жазылған тақырыптардың бірі ауыл шаруашылығы. Себебі, оның журналисттік өмір жолы осы ауыл өмірімен тығыз байланысты. Аудандық Коммунизм туы (қазіргі Қызылқоға) газетінде жүріп-ақ мал шаруашылығы мәселелерін қыл қалам ұшымен терең бейнелей білген журналист келе-келе бұл тақырыпқа әбден машықтанып та алды. Оның еңбегі де ауыл ішіндегі тұрғындардың арасында жоғары бағаланды. Ол мақалаларында цифрларға көп мән берді.Себебі, статистикалық салыстырулар мақаланың нанымды шығуына септігін тигізеді. Мына бір мақаласын мысалға алсақ: «Ежелден Ақ Жайық жағалауы - ақтылы қойға құтты мекен болған аймақ. Мұнда бұдан 15-20 жыл бұрын шопандар тамаша рекордтар тасқынын туғызды. 1966 жылы Индер ауданы бойынша әр жүз саулықтан 148 қозы, ал 1967 жылы 150 қозы алынды. Ал, ауданның Переводик совхозы осы көрсеткішті 159-165-ке жеткізді. Өкінішке орай бұл цифрлардың еңсесі кейінгі жылдары елеулі түрде аласырып кетті. Тіпті оның жүзден төмен сырғыған кезі де болды. Here бұлай? Байырғы шопандарды осы мәселе қатты толғантады» [2.1] Осылай басталатын «Міндет биігінен қарасақ»... атты мақаласы Индерауданында қой шаруашылығын өркендету талап деңгейінен төмендеп кеткенін ерекше атап көрсетеді. Бұл журналисттің іздемпаздылығын, әсіресе, экономикалық бағытта тақырыпты талдай алатындығын көрсетеді. Төлеген Жаңабайұлы мал шаруашылығы тақырыбында да мақалалар жазды. Онда шопандар ауылын, малды қыстаққа дайындау жолындағы фермалардың жай-күйі, ауылда мал дәрігерлерінің сиреп бара жатқандығын ашық жазды. Мысалы, «Коммунисттік еңбек» газетінде мынандай мақаласы жарық көріпті: «Өкінішке орай, соңғы жылдары Қызылқоға ауданы шаруашылықтарында мал мамандарының қатары өте сиреп барады. Әсіресе, фермалардағы зоотехникалық мал-дәрігерлік қызметтің тұтқасын ұстаушыларға мақтаудан гөрі сын садағы көбірек тиіп жатады. Бұл - ойлантарлық жай»- деп қазіргі уақытта да маңыздылығын жоғалтпаған мәселеге тоқталады [3.2] Осы мамандыққа тегін оқу гранттары бөлінседе, мал дәрігерінің саны көбеймей тұрғаны тек қана ауданның емес, еліміздің шешімін таппаған жағдай. Өзекті мәселелерді көтеріп, көкейтесті сұрақтарға жауап іздеп, ауқымды тақырыптарды мұқият зерттеп мақала жазған журналист Төлеген Жаңабайұлының шығармашылығы публицисттикалық еңбектерге өте бай. Оның туған өлкесіне, кіндік қаны тамған Қызылқоға ауданына арнаған өлеңдері, жазбалары көп кездеседі, Ақын туған жеріне деген ыстық сағынышын өлең арқылы жеткізіп отырған. Ұмтылмас балалық шағы өткен алтын бесігін мақтана отырып оған жыр арнайды. Мысалы, «Ел-тірегім» деген өлеңінде:

Сен жайлы сан толғанып, желпінемін, Туған жер Қызылқоғам - ел, тірегім. Құба дәң, бұйра құмды, көк майсалы, Далаңа жан-тәніммен елтігенмін, - деп, туған жердің табиғатын тамаша теңеулермен бейнелеп берді. Төлеген Жаңабайұлының табиғат лирикасындағы туған жер келбеті, өлең өрнектеріндегі табиғат перзенттері, жырға айналған жыл мезгілдері деп топтауға болады. «Табиғатты құрттық-ау», «Тынығайын қырға барып», «Аялай түсші ақ жаңбыр», «Күз», «Өзенім», «Жеті қарақшы», «Боранды түн», «Қызғалдақ» және т.б. табиғатты жырлайды. Мысалы мына «Күз» деген терт жол өлеңінде:

Ебіменен, деміменен сағасынан күз іліп, Жапырақтар түсіп жатыр, түсіп жатыр үзіліп. Қарашалар тектесіне, көсеміне ілесіп, Жылы жаққа барады ұшып, барады ұшып тізіліп-деп, күз мезгілінде болатын барлық табиғат құбылысын бір шумақ өлеңге сыйғызады. Бұл деген ақынның өлең жазудағы асқан шеберлігін көрсетеді. Ол көз алдындағы көріністерді жәй ғана көзбен көріп қоймай, көкірікпен қабылдап, өзінше, өзгеше бір бейнемен кейіптеп, кестеліп, бедерлеп көрсетеді.

Қорыта айтқанда, Төлеген Жаңабайұлының публицистикасы мен ой толғаулары - ерекше әсермен жазылған публицистикалық тың дүниелер. Қаламгер шығармашылығы - еліміздің болашақ жас ұрпақтарына, жалпы барлық адамзатқа тәрбие беретін, үлгі көрсететін туындылар. Себебі, ол шығармаларында ерлікті насихаттады, туған жерді құрметтеуді, табиғатты қастерлеуді, отбасына сүйіспеншілікпен қарауды және де тағы басқа адами құндылықтарды жазды, жырларды.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. «Міндет биігінен қарасақ...»\\\ Коммунистік еңбек, №52, 1980 жыл.
  2. «Мал маман орындаушылар ғана ма?»\\\ Коммунистік еңбек, №131, 1985 жыл.
  3. Т.Жаңабайұлы \ Кәусар - Алматы: «Арыс» баспасы, 2014ж.
  4. Өгепберген Әлімгереев \ Атырау қаламгерлері - Атырау: «Ағатай» баспасы,2014 ж.
  5. Т.Жаңабайұлы \ Қыран қияға қонады - Алматы: «Арыс» баспасы, 2014 ж.
  6. Т.Жаңабайұлы \ Есте ғой, есте, сұрапыл соғыс - Атырау: «Ақ Жайық» баспасы, 2015 ж.
  7. Т.Жаңабайұлы \ Сырбаз сырлар - Ақтөбе: «А - Полиграфия» баспасы, 2004 ж.
  8. Т.Жаңабайұлы \ Атырау көсемсөзшілері - Атырау: «Ағатай» баспасы, 2014 ж.
  9. Т.Жаңабайұлы \ Атырау қаламгерлерінің көркем публицистикасы - Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің баспа орталығы, 2015 ж.
  10. Т.Жаңабайұлы \ Зілдей сөзді Зімбіл - Атырау, 2001 ж.
  11. Т.Жаңабайұлы \ Шалдығып жеткен шындық - Атырау, 1997 ж.
  12. Т.Жаңабайұлы \ Тайсойған-Бүйрек ақындары - Ақгөбе: «А- Полиграфия» ЖШС баспасы, 2003 ж.
  13. Т.Жаңабайұлы \ Ығылман - Алматы: «Арыс» баспасы, 2001 ж.
  14. Т.Жаңабайұлы \ Іңкәр сезім - Ақтөбе: «A-Полиграфия» ЖШС баспасы, 2003 ж.
  15. Ахмет Байтұрсынов \ Әдебиет танытқыш - Алматы «Атамұра», 2003 ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.