Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көркем публицистиканың шебері

Андатпа

Мақалада мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, публицист Әбіш Кекілбаев шығармашылығының стильдік ерекшелігі, философиялық ой- толғамдары, жазушы туындыларындағы психологизм, суреткердің дара қолтаңбасы туралы айтылады.

Өткен ғасырдың 60-жылдары әдебиетке келген қаламгерлердің қай- қайсысының да шығармалары көркемдік деңгейі жоғары, рухани жағынан бай, заман талабына сай келген туындылар еді. Бұл кезеңде қазақ әдебиеті көптеген ерекшеліктерімен өзгешеленді. Көркем проза мен публицистикада заман жаңалықтары кең ашылып, адамдардың, жалпы қоғамның өсу жолдарының күрделілігін көрсету, сол арқылы дәуір ерекшелігін диалектикалық тұрғыдан түсіндіру, көркем әдебиеттегі психологизм, философиялық лирика, кейіпкерлердің жаңа бейнелерін ашу әдебиеттегі жаңа үдеріс болды. Қазақстандағы әдеби қозғалыстың да қарқынды дамыған кезеңі осы кезең олды. Проза, поэзия, драматургия, публицистика жан- жақты дамыды, көркемдік қуаты артты. Ал 70-90 жылдары тарихи романдар, өмірбаяндық романдар, повесть, әңгіме, эссе-романдар, публицистикалық толғаныстар түрі жағынан да мазмұны жағынан да жетілді.

Қазақстан өз егемендігін алып, тұғырын тіктеп, тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін Елбасы Н.Назарбаев елдің қамын ойлап, сол жолда қалам тербеп жүрген ақын-жазушыларды билікке тарта бастады. Ондағы мақсат - ел саясатын жүргізуде білікті азаматтардың кеңесі мен бағыт- бағдарына сүйену болатын. Сол азаматтардың арасында көрнекті жазушы, ҚР мемлекеттік Сыйлығының иегері Әбіш Кекілбаев та бар еді. Белгілі қаламгер, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Әбіш Кекілбаев елдің әлеуметтік, экономикалық мәселелерін терең зерттей отырып, ел болашағы, ұлт тағдыры, мемлекеттің әл-ауқатын көтеру, тұрмыс-тіршілік мәселелерін мақалаларына, публицистикалық еңбектеріне де арқау етті. Оның қай шығармасы болмасын әрқайсысында ұлттық болмыс автордың дүниетанымдық көзқарасымен астасып жатады. Өзінің ойлау қабілеті бойынша елдің рухани тұтастығын, болмысын бүкіл әлемге танытуды көздейді.

Көрнекті жазушы Ә.Кекілбаев көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп өркендеп келе жатқан әдеби шығармашылықтың бір тармағы болып келетін публицистикада да ерен еңбек етті. Өйткені ол егеменді еліміздің барлық саяси өмірі мен қоғамдық шаралар, қоғамның тыныс-тіршілігінен хабардар болды. Сондықтан да оның публицистикасында тәуелсіздік тақырыбы, тәуелсіздік құндылықтар жай сезімнің емес, терең ойдың, данышпандықтың, ақыл-парасаттың аясында берілді. Тәуелсіздік туралы салмақты да салиқалы ойлары аз емес. Оның еңбектерінің көпшілігі қазақ халқының асыл мұрасы тіл мен дін, салт-дәстүрді сақтауға арналған.

Қоғамдағы қайшылықты көрсетіп, тәуелсіздікке қол жеткізу, қоғамның саяси - мәдени салаларына елеулі өзгерістердің енуі, мемлекетіміздің іргелі ел болып қалыптасуы жазушы-публицист шығармаларының арқау болды. Өзінің «Сайран-құмарлық санаға тұсау» атты мақаласында қоғамдық ой- толғанысқа толы мәселелерді қозғаса [1], «Заманмен сұхбат» еңбегінде қоғамдық саяси көзқарастар деңгейі, қоғамдық сананың қалыптасу факторлары мен дамуының ерекше көрсеткіштері туралы ой толғайды [2].

Сының арқасында небір саяси ахуалға негізделген сюжеттердің тігісін білдірмей жатып суреттеген. Бұл ерекшелігі жөнінде жазушы Н.Оразалин мынадай пікір айтады: «Әдебиетте жаңа сөз айту екенің біріне бұйырған. Ал, бұйрығы жетіп, дүниеге келген жаңа сөз, шын мәнінде жаңа сөз - әдебиеттің ортақ абыройы, ұлттық көркем ойдың мерейі». Жазушы қаламынан қай шығарма болмасын тереңінде астарлы ой, керемет қуат жатады. Бірінгі күннің көкейкесті мәселелерін, ақиқат шындықты суреттерлік шеберлікпен оқырмандарына ұсынды. Сөз зергері Т.Медетбек қаламгердің осы ерекшелігіне, жазушылық шеберлігіне жоғары бағасын былайша берген еді: «Ә.Кекілбаевтың қай шығармасының да болмасын тереңінде астарлы ой, астарлы қуат жатады. Ол көтерген бүгінгі күннің көкейкесті мәселелері сол астарлы ой мен сол астарлы қуаттан танылып, таралады».

Жазушы еңбектерінің бір тобы - са парна мал ық туындылар. Атап айтқанда «Ұя мен жебе» (1968), «Тырау, тырау тырналар» (1995), «Ұйқыдағы аққудың оянуы» (1984) атты еңбектері - сапарнамалық шығармалар [4]. Бұл еңбектерінде ел мен елді салыстырып ондағы аңыз әңгімелерді оқырманына дәйекті деректер арқылы әр елдің өмір сүру деңгейін, тұрмыс-салтын көркем тілмен жеткізе білген.

Көп жазушылардың көкейінде жүрсе де, қаламына арқау болмаған саяси тақырыптарға батыл барып, қалам тербеген де Әбіш Кекілбаев еді. Әлеуметтік мәселеледі көтере отырып халық тұрмысын оңалту сияқты күрделі мәселелердің шешімін табуға ерекше деп қойды. Оралмандар мәселесі де назарынан тыс қалған жоқ. Олардың туған елім деп келіп, нақты орналаса алмауы, қажетті көмекті алудағы кедергілердің көптігі туралы да аз жазған жоқ. Тек жазып қана қойған жоқ, олардың шешімін табу жолын да көрсетті.

Елдің дамуы кезеңінде кездескен келеңсіздіктер кезінде оны ескерту үшін халқын сабырға шақырған мақалалары, мемлекеттік тілді сан-саққа алып, саудаға салған әрекеттерге қарсы тіл мәртебесін көтеру туралы еңбектері жазушы қаламының құдыреттілігін танытты. Өркениетке бет түзеуге ұмтылған халықтын бағдарын көрген жазушы сабыр мен қанағатты медет тұтты. Ел еңсесін көтеріп, ілгері ұмтылу үшін керек қасиеттерді өз шығармаларында көкке үлгі етті.

Бүгінгі публицистикаға қойылатын талап - шығарма қандай тақырыпқа жазылса да, логикалық жағынан көңілге қонымда да дәлелді болуы. Осы тұрғыдан алғанда Ә.Кекілбаев шығармашылығы - қазіргі публицистикадағы тілдік ерекшеліктердің талаптарына толық жауап беретін, даралық қолтаңбасы бар дүниелері. Қоғамды алаңдатқан ісгерге әрдайым өз пікірін ашық айтатын, қоғамдық ахуалды жақсартуда, күрмеуі қиын мәселелерді шешуде әрдайым ой қосып, бел шеше кірісетін дара және дана тұлға Әбіш Кекілбаев - бүгінгі заман бейнесін жасаған кемеңгер.

Оның публицистикалық еңбектері арқылы оқырман бүгінгі заман бейнесін таныды. Қалам сырдарының міндеті халықтың қорғаны болу болса, жазушы, қоғам, және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаев еңбектері осы үдірістен шықты. Ел болып ұйысып Халық болып қамдануды міндеттеген шығармалары өмірдің әр саласына қосқан үлесі, дамудың даңғыл жолын салған еңбектері болды. Әлеуметтік белсенділік қажет болып тұрған тұстарда халқымыздың рухани мерейіне қатысты көптеген іс-шараларды жүзеге асыруға көмектесті.

Жазушылық өнері мен шеберлігі ерекше бағалайтын шетелдік ғалымдар мен жазушылардың өздері де оның шығармашылығы мен туындыларын өте жоғары бағалады. Ол әдебиеттің тарихы мен шежіресіне, тіршілігі мен танымына ешқашан салғырт қарамаған жан, сондықтан да қай кезде қалам ұстаған әдебиет саңлақтарының көне басында тұрды. Қызмет бабымен көптеген елдерді аралады. Сонда да қолынан қаламын тастаған жен. Тек қана қазақ жерінде емес, сонымен бірге әлем аренасынан ойып тұрып орын алған Әбіш Кекілбаевтың қоғамда алатын орны ерекше. Кезінде замандастары берген «оның тұңғиығы терең, ойлы сөздері, жастайынан көсемдікке, әсемдікке құмартқан даналық бола жастан - ақ қалыптасқан» бағасы көп нәрсені аңғартады.

Сондықтан Әбіш Кекілбаевтың терең мазмұнды ой-пікірлерін, қоғамдық - саяси көз қарасгары мен ой-толғаныстарын, дүниетанымын оқып үйрену болашақ ұрпақтың, жасгардың парыздарының бірі де бірегейлі.

 

Әдебиеттер тізім:

  1. Ә.Кекілбаев. Әдебиет әлемі-өнер өрісі. Алматы, 1999 ж. 405 б
  2. Ә.Кекілбаев. Заманмен сұхбат. Алматы, 1996 ж. 8 б
  3. Ж.Дүйсенбаева. Ә.Кекілбаев шығармасындағы тарихи тағлым. Алматы, 2007. 170 б
  4. Ә.Кекілбаев. Сапарламалар. Алматы, 2010
  5. Ә.Кекілбаев. II томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1989 ж. 400 б

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.