Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Алғашқы үстаз» - Ыбырай Алтынсариннің көркем әдебиеттегі бейнесі

(Ж.Молдагалиевтің «Таза брлақ» романы негізінде)

Ұстаз тақырыбының кеше де. бүгін де. ертең де дабыл қақтыруы - уақыт талабынан туған қажеттілік. Көтерген тақырып - тәрбие тағдыры. мұғалім табиғаты болғанымен. әр жазушының тарихтағы Ұстаздар жүріп өткен жолды суреттеулеріндегі өзіндік шеберліктерін. өмір сүріп отырған дәуірінің талғамын. үстанымьш. идеясын. қаламгерлік қарымын тану.

Жайсаңбек Молдағалиев 1935 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Ы.Алтынсариннің жерлесі, үлы ұстаз ашқан мектсптен дәріс алған. Прозадағы Ыбырайтану жолына өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалам тербей бастаған. 1978 жылы «Алғашқы қоңырау» повесі. кейін толықтырып, өндсп 1984 жылы «Таза бұлақ» атты романға айналдырды. Жазушы шытарманы жазуға он жыл өмірін арнады. 1973 жылы басталған романы 1983 жылы жазылып бітіп, 1984 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген.

Мақалада «Таза бүлак» романында Ж.Молдағалиев мұрағаттық материалдар мен тарихи деректердің негізінде ой қорыта отырып. жаңа идеялық мақсаттар шеңберінде Ыбырай Алтынсариннің кең ауқымда алынатын көп қырлы күрделі тұлғасын ашып берген. Қазак әдебиетінің тарихында да, ағартушылық идея жолында да бар болмысымен оқшау түрагын Алғашқы ұстаз - Ыбырай сынды түлғаның өмірі мен тарихи келбеті арқылы кейінгі үрпақ санасына жеткізген.

¥лы ұстаз - Ыбырай бейнесі романда тарихи шындыққа негізделген көркемдік болжаммен өрнектелген. Аныз бен тарихи дсрек желісі роман сюжетінде қатарласа дамып. көркемдік негізде қисынды қиюласкан.

Kipicne

Жайсаңбек Молдағалиев 1935 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Ы.Алтынсариннің жерлесі, ұлы ұстаз ашқан мектептен дәріс алған. Прозадағы Ыбырайтану жолына өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалам тербей бастаған. 1978 жылы «Алғашқы қоңырау» повесі, кейін толықтырып, өңдеп 1984 жылы «Таза бұлақ» атты романға айналдырды. Жазушы шығарманы жазуға он жыл өмірін арнады. 1973 жылы басталған романы 1983 жылы жазылып бітіп, 1984 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген.

«Алғашқы ұстаз» бейнесі - қазақ тарихи прозасына, ұлттық руханияттың қалыптасуына айтулы үлес қосқан әрі әдеби, әрі тарихи тұлға. Қазақ қаламгерлері үлағатты тұлға бейнесін сомдау арқылы ұлтымыздың азаттық жолындағы сан- қилы оқиғаларын сол тұлғалар тағдырымен байланыстырып, шығарма арқауына негіз етіп алды. Біртуар тұлғалар бейнесін сомдаудың түп-төркіні ұлттық болмыс-бітім арқылы, кейіпкердің жан әлеміне үңілу арқылы - қазақ ұлтының талайлы тағдырын, бүгінде қол жеткізген тәуелсіздігінің бедерін көрсеткісі келген.

Негізгі бөлім

Шығарма атауы «Таза бүлақ» Ы.Алтынсарин әңгімесінен алынған. Жалпы, шығарма идеясы да сол әңгімемен тығыз байланысты. «Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-бірне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жердей шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Cy шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш қылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты: - Әй, жолаушы, болсаң осы бүлақтай бол, - деп. Манаты үш жолаушы бүлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты: - Бұл жазылған ақыл сөз екен, бүлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бүған бөтен бүлақтар қүйып, сүйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мүнан мүрат сол сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де, зорайып мүратыңа жетесің дегені ме деп білемін, - деді. Екінші жолаушы мүсэпір молда екен, басын шайқап; - Жоқ мен олай ойламаймын, бүл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бүл бүлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанда салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бүлай болса адамға да әбірет сол, біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек, - деді. Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бүл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсың?» - деп сүрады. Жігіт айтты: - Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бүл бүлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бүған адам мен айуан мүнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болдаы. Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бүлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп тұссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін, - деді» [1,25].

Міне, осы Ыбырайдың әңгімесіне сай болашақ үрпақтың сана- сезіміне эсер ететін, елінің ертеңін ойлайтын оқырмандарға сый ретінде тартқысы келетін туындысы ретінде қабылдауға болдады.

Екіншіден, Ы.Алтынсарин сынды өмірін бүлақтай етіп, ұлтымыздың жарқын болашағы үшін ерен еңбек жасаған «Алғашқы ұстаздың» бұлақ болып қазақ даласын сусындатқаны деп те түсінуге болдаы.

Туынды төрт бөлімнен тұрады. Алғашқы бетке тоқталсақ, «Бұрыңғыдай емес, Ыбырайдың бекініс ішіндегі жүмысы да үстемелеп көбейіп кетті. Ояз бастығы жылы суға түсетін едім деп, шілде басталысын тоспай-ақ саялы орманды, мөлдір көлдері көп Аманның қарағайы деп аталатын мекенге кетіп, онда киіз үй тіккізіп, өзінше жайлауға шығатынды эдет қылып алғалы қашан!» [12, 3]. Шығарманың кіріспесінен-ақ Ыбырай Алтынсариннің оқуын бітіріп, қызметке араласа бастаған кезін байқаймыз. Орыстың отаршылдық эккі саясатының да ұстазды ұршықша үйірілітіп, өз маңайынан алыстатқысы келмейтіні байқалады.

Ұлт болашағы жолында ағартушылық бағытты басшылыққа алып, поэзиялық, прозалық таным деңгейін білім жолында биікке көтеруге ұмтылған Ыбырай Алтынсариннің бейнесі тарихи тұлғалық деңгейге көтерілген. Романның эр бетінде бағдар сілтеп, ойға жетелеп отыратын таным қуаты мен тағлым мүратының сырына қанығу міндетін арқалайсыз. Жастайынан білімді атанған, «қараңғы қазак көгіне күн болуды арман етіп» мектеп ашуға ұмтылған, алайда кең дүниеде сол тілегін құлшыныспен орындау жолындағы Ыбырайдың толғанысы ойға батырады.

Өзінің тарихи романында Ж.Молдағалиев мұрағаттық материалдар мен тарихи деректердің негізінде ой қорыта отырып, жаңа идеялық мақсаттар шеңберінде Ыбырай Алтынсариннің кең ауқымда алынатын көп қырлы күрделі тұлғасын ашып берген. Қазақ әдебиетінің тарихында да, ағартушылық идея жолында да бар болмысымен оқшау тұратын Ыбырай сияқты тұлға кейінгі дәуірдегі оқулықтарда Ыбырайдың өмірі мен тарихи келбеті арқылы кейінгі ұрпақ санасына жеткізген.

Ыбырай бейнесі де романда тарихи шындыққа негізделген көркемдік болжалмен өрнектелген. Аңыз бен тарихи дерек желісі роман сюжетінде қозғалысқа түсіп, қисынды қиюласқан, көркем шындыққа айналған.

Тұлғаның шынайы бейнесі досы Н.И.Ильминскийге жазған хаты арқылы көрінгендей. «Мектеп - халыққа білім берудің бұлағы, олар қазақ даласының кез келген жеріне ретсіз, рабайсыз орналастырыла салатын болса, түк те пайда бере алмайды. Біздің барлық үмітіміз қазақ халқының келешегі - осындай қолайлы мектептерде тұр. Сондықтан, мектептерде жөні түзу. Түбегейлі білім берілетін болсын, ғылымнан кенжелік көрген халықтың мектепке ынтасын арттыру үшін оны бітірушілерге қай жөнінен болса да бір артықшылық жағдай туғызылсын, сонда ғана оқушылардың саны молайып, ынталы жастар өседі. Осылай еткенде ғылыммен қаруланған, дүниетанымы, ой-өрісі кеңейген жастар көбейеді» [3,6].

Автор романның басты идеясы халық тағдыры, ал халық атынан сөз алып отырған Ыбырай мүғалім екендігін байқатады. Себебі, алдымен Ыбырайды жетім шәкірт Күдерінің ойымен таныстырып, кейін губернаторға бара жолында осы екі жанды бірлікте сабақтастыра қарайды. Мүның бәрі, шығарманың негізгі мақсаты - халықтың арман мүддесі мен жарқын болашағы үшін ерекше орын алған Ыбырай Алтынсарин бейнесін көрсету еді. Себебі, «Таза бұлақ» романында суреттелетін тұлғалардың бәрі дерлік халық санасынан орын алған жандар болатын. Сол эпикалық бейнелерді төмендетіп алмай, оларға реалистік нақтылық, даралық келбет дарыту оңай емес еді. Көрнекті ғалым Ш.Елеукенов: «Тарихи роман жанрының бір құндылығы - ол әрдайым халқының өткен тарихы мен қазіргі өмірінің арасына салынған рухани өткел тәрізді. Ол халқының өткен тәжірибесін бүгінгі өмірге алып келеді, бойымызға ата ұрпақтың рухани күштерін дарытады. Сол кездегі қара түнек күшке қарсы күрескен озық ойлы адамдардың қимыл-әрекетін біз тамашалаймыз, тамашалаймыз да еліктейміз» деп тарихи роман жанрының халықтың жүріп өткен жолындағы орнын бағамдайды «Замандас парасаты» [5,300] атты еңбегінде.

Біз тоқталып отырған романның жанрлық сипаты да ерекше болып келеді. Көптеген тарихи оқиға мен шынайы кейіпкерлерді шетінен толық суреттеу бір шығарма көлемінде мүмкін еместігін ескерген автор негізгі күшті баяндау мен айтушыға салады. Бірақ бұл құрғақ баяндау емес, бояулы, нақышты, адам мінезі мен әрекетінің түпкі сырын ашып көрсете алатын күрделі әрі ғибратты туынды болып саналады.

Қаһармандардың түр келбеті де, сөйлеген сөзі де ойы да, тартыс үстіндегі қайшылықты күресі де осы бір «баяндау сарынына» сыйып, романның көтерген жүгін айқындап тұр. «Таза бұлақ» романының бүкіл оқиғалық, сипаттамалық талдау, көркемдеу жүгін екі ғана айтушы - автор мен шәкірт Күдері әңгімесі даралап көрсетеді. Осыдан барып шығармада айтушы қызметі маңызды орынға шығып, романдағы тарихи сипат көрінісі лирикалық шегініс арқылы шежіре мен сол кездің басты проблемасы іштей қабысып, шынайы көркемділікпен басты фонда орын алған. Бұл ретте жазушының реалистік сарында өміршең дәстүрлерден үйрене білгендігін атап айтар едік.

Түркі - монгол халықтарында ертеде эпосты, жырды бір емес, екі жыршы қатар айтатын, бірін - бірі толықтырып, кезектесе сөйлейтін дәстүр болтан. «Таза бүлақ» романында оқиғалар желісін кейде Ыбырай мүғалім, кейде шәкірт Күдері дамытып, кейде автор жалғап, өрбітіп отыратындығы сол фольклор тәсілін пайдаланғандай эсер қалдырады. Бірақ, туындының құрылысы мен сюжеттік шешімінде фольклордан дарыған эдістер кездескенімен, талдау, мінездеу, даралау тэсілі реалистік эдебиет үлгісінде жаңаша сипатта өрбіген. Эпосты туғызған дэуірдің қайталанбайтыны секілді, оның көркемдеу тэсілдері де жалаң көшірілмейтіні белгілі. Әрбір қаламгер өзінің алға қойған мақсатына, өмір материалының көлемі мен сипатына орай ауыз эдебиетінің бай қазынасынан үйренуі, ізденуі қажет екені белгілі. Осындай сэтті қолданылған көркемдік байланыс Ж.Молдағалиевтің «Таза бүлақ» романының тартымды болуына, көтерген жүгінің ұлттық негізден бастау алып, бірнеше ғасырдың шындығын көрсетуге көмектескен. Сонымен қатар туындының бүкіл сюжеттік желісінде автор тарихи деректерді толыққанды пайдаланып, шығарманың реалистік сипаты арта түскен.

Оқиғаны тартымды, эсерлі баяндауда халық аңыздары мен ертегілері дэстүрінен үйренер тұстарының қажеттілігі жоғары екендігін М.Әуезовтің мына пікірінен байқауға болады: «Көркем поэзияға ауызша поэзия қаншалық бөгетсіз, сатысыз көп қор қүйған болса, бүгінгі көркем прозаға да халықтың ауызша эңгімесі сондайлық жатық жолмен көп араласып, қабысып жатыр» [4, 161].

Қорытынды

Туынды да халқымыздың бірнеше ғасыр көлемінде бастан кешкен сұрапыл қиындықтары, ел мен жердің бостандығы тэуелсіздігі үшін күрестері біресе шежіре, бірде аңыз, кей жағдайда тарихи фактілерден баяндалады. Қорыта айтқанда, романда көркемдікпен өрілген тарих шежіресі сипаты басымдау келеді. Бүның бэрі негізгі идеяға - қазақ халқының қаһармандық, үлт болашағы үшін арпалысын, білім, ағартушылық бағытта іргелі роль атқарғанын көрстеуге жүмсалған.

Шындығында, «өткен ғасырдың 60-жылдарында ұлттық тарихтың бет алысын келер үрпаққа түсіндіру мақсатында тарихымыздың өткенін зерделеп, тарихи қүндылықтарды таныту, тарихи шығармаларға арқау болған қазақ халқының басынан өткен оқиғаларды келер ұрпақ зейінінде қалдыру мақсатында көлемді туындылар дүниеге келді. [6,4]

Қазақ халқының орыстың отаршылдығына қарсы күресін, еңбегін саралай отырып, тарихтың шежірелі жырын автор бүгінгі оқырман алдына тартуға күш салған. Сонымен бірге, «Таза бүлақ» романында XIX ғасырдың тарихнамасы беріліп қана қоймай, оның құбылыстарына терең талдау жасалынып, сол тарихнаманың көркем пішінге түскен желісі берілген.

Қорыта келгенде, ұлттық проза дэстүрінде «Алғашқы ұстаз» образын сомдауға күш салған Ж.Молдағалиевтің «Таза бүлақ» туындысы тарихи роман жанрында өзіндік тың жолға түрен салғанын, өткен тарихтың ізімен өткенімізді көз алдымызға әкеліп, болашақ үрпақты елді сүюге, сонау ғасыр жүгі арқалап әкеткен ұлттық рухымызды тереңнен таныстыруда елеулі орны бар шығарма екендігімен құндылығы жоғары болмақ.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы A.. Білім, 2003.-112.
  2. Молдағалисв Ж. Таза бүлақ. Роман. A., жазушы, 1984.-344.
  3. Алтынсарин Ы. Тандамалы шығармалары A., Қазақстан, 1995.-125.
  4. Елеукенов Ш. Замандас парасаты. Әдеби сын. A., Жазушы, 1977.-300.
  5. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 16 т. 1985.-400.
  6. Садықова А.Т. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі тарихи тұлғалар бейнесінің сомдалуы // Х.Досмүхмедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы, 2018, желтоқсан, №4 (51), - 137.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.