Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Конституцияны білу – өркениетті өмір нормасы

Мақалада қүқықгық сенімділік қағидатын талдау. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын білудің конституциялық презумпциясы. оларды орындау міндеттілігі талданған. Конституциялық қүқық ғалымдарының конституциялық теориясының дамуына қосылатын үлесі сипатталды. Қазақстан Республикасы Конституциясының саяси- құқықтық және әлеуметгік мәнісін қазақстандық қоғам мен мемлекеттің тәуелсіздік алғаннанкейінгі дамуын анықтайтын өзгеше заңи-мәдени құбылыс ретінде зерттеген. Қазақстан Республикасы егемендігінің толық конституциялық-құқықтық сипатгамасы беріліп, оны нығайту жәнедамыту ісіндегі Конституцияның маңызы көрсетілгсн. Қоғамның дамуына және азаматтар мен олардың бірлестіктсрінің құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға. олардың занды міндеттерін орындауға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында мемлекеттік органдардың тиімді жұмысын, құқық бүзушыларды занды жауапксршіліккс тартудықамтамасыз етуде Конституцияның үстемдігі мен тікелей әрекеті конституциялық құқықтық тәртіптің өлшемдері ретінде аталған. Конституциялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін конституцияның үстемдігі қағидасына материалдық және формальды екі аспектте түсінуге болатындығына назар аударылып. олардың мазмүны ашылған. Конституцияның идеалды мәтіні конституциялық күкыктык тәртіпте орындалмайынша оның үстемдігіне кепілдік бере алмайды детей қорытындыға келген. Қонституциялық құкыктык тәртіпконституцияның түрақтылығын, оның объективті қажеттілікпен жиі түзетулеріне жол берілмеуін болжайды детей түжырым дәлелденген.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдығы конституциялық тәжірибені түсінуге, оның тиімділігін арттыру жолдарын қарастыруға маңызды себеп болып табылады. Қазіргі Конституция мемлекет пен қоғамның дамуында түрақтандырушы рөл атқарады. Конституциялық теорияның ғылыми әлеуетін көтеру мемлекетіміздің алдына қойған стратегиялық бағыттарын шешуші басты мақсаттардың бірі болып табылады. Қазіргі таңда көптеген азаматтарды «Конституция бойынша өмір сүру дегеніміз не?» деген өзекті сұрақ толғандыратыны сөзсіз. Академиялық және жоғарғы оқу орындарыадам құқығы мен бостандығын мойындайтын және қамтамасыз ететін құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекеттің конституциялық идеалына жетудің жолдарын көрсететін ғылыммен қамтамасыз ету мақсатында құқықтық сауаттылықты арттыруда «Қүқық негіздері» курсын оқытып жатыр.

Конституциялық билікке көшуде конституциялық нормалардың нақтылығын айқындап, оларды заңгерлердің біліп, күнделікті тәжірибеде қолдануы тұрақты әлеуметтік өмірге әкеледі. Құқықтық тәрбие - бүл ұлттық маңызы бар мәселе. Құқықтық білім беру жүйесін дамыту және заң ғылымын нығайту - мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Сондай-ақ, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму факторларының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Коституциясын білу мемлекеттік қызметке кіруге үміткер тұлғалардың кәсіпқойлық білімі мен дағдыларына қойылатын ең басты талаптардың бірі болып табылады.

Құқықты және мемлекеттің заңдарын білу конституциялық презумпциясы Конституцияны жалпыға бірдей білуді мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ғана емес, барлық азаматтарға міндеттейді. Өйткені, Қазақстан Республикасының Конституциясының 34-бабында «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті» делінген. Нақты қаратып айтылмаған: «әркім», «барлық», «ешкім», «ешкімге» деген сөздер халықаралық құқықтық актілерде қалыптасқан тұрақты терминологияға сәйкес келеді және олар пайдаланылатын бүл норма азаматтығына қарамастан, кез келген адамға қолданылатынын білдіреді. Осылайша, ҚР Конституциясының 34-бабы Қазақстан Республикасы азаматының, шетел азаматының және азаматтығы жоқ адамның «әрқайсысының» міндетін қамтиды. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау қоғамдық тәртіпті қалыпты үстау, мемлекеттің әлеуметтік, саяси, экономикалық функцияларын орындауы, еліміздегі заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін қажет. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жүктелген мемлекеттік құқық қорғау функцияларды жүзеге асыруға ықпал етеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң ережелерін бұзғаны кінәнің ауырлық дәрежесіне және нысанына қарай қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық немесе тәртіптік жауаптылыққа тартылады. [1, 6.270]

Конституция бойынша өмір сүру нені білдіреді? Өйткені, Конституция тек заңгерлер мен мемлекетгік қызметкерлерге ғана қатысты деген сөз жоқ, бұл барлық Қазақстан Республикасы азаматтарына ортақ Негізгі Заң. Конституцияны білу - бұл міндетті шарт және оны бұлжытпай орындау негізгі жауапкершілікті жүктейді.

Сонымен, «Конституцияны білу» деген нені білдіреді? Сонымен, «Конституцияны білу» деген нені білдіреді? Бұл «Конституцияның мәтінін немесе оның мазмұнын білу» дегенді білдіре ме? Немесе «конституцияның тарихын білу керек» деген бе? Әлде «конституциялық нормалардан басқа, оларды жасайтын заңдарды да білесіз бе» деген түсінікпе? «Конституциялық нормаларды орындау тәжірибесін білесіз бе» дегенсұрақ па?

Қойылған сұрақтарға жауап беру Конституцияның құзіреттіліктерін қамтамасыз ететін заңдылық қағидалары аясында ғана мүмкін болады.

Заңдылық қағидаларына: заң үстемдігі - барлық нормативтік және жеке құқықтық актілердің заңға бағыныстылығын білдіреді;заңдылықтыңтұтастығы- нормативтік актілерді түсіну мен қолдану елдің бүкіл аумағында бірдей болуы тиіс дегенді білдіреді; заңдылықтың мақсатқа сәйкестігі - құқық шығармашылық және құқықты жүзеге асыру қызметінің қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін ең дұрыс түрлерін қатаң түрде заңдардың шегінде таңдау қажеттігін, заңдылық пен мақсатқа сәйкестілікті қарама-қарсы қоюды болдырмауды білдіреді, яғни, мақсатқа сәйкестілікті себеп қылып заңды бүзуға жол берілмейді; заңдылықтың шынайылығы - құқықтық ережелердің барлық қызмет түрлерінде ісжүзінде орындалуына жетуді және оларды кез-келген түрде бұзу міндетті түрде жауапкершілікті көздейтінін білдіреді. [2, 6.77]

Осы заңдылық қағидаларына сүйене отырып төмендегідей негіздер бойынша сұрақтарға жауап бере аламыз.

Біріншіден, Конституцияны білу - Қазақстан Республикасы конституциялық даму тарихын, қолданыстағы Конституцияның қабылдану тарихын білу болып табылады. Өйткені, эр елдің конституциясы сол елдің элемдік дэрежесін анықтайтын құжат екені даусыз. Мемлекет белгілері осы құжат негізінде қалыптасады. Мемлекеттің басты мақсаты уақытпен қалыптасқан мемлекеттің механизм элементтерін: ұлттық мемлекеттік құрылымды, басқару құрылымын, мемлекеттің тэртіптік жүйесін қамтамасыз етуші құқық қорғау органдары құрылымын сақтап қалу. [3, 6.39]

Екіншіден, Конституцияны білу - Негізгі Заңның теориясын білу деп түсінеміз. Ата заңымыздың тұрақтылығын қамтамасыз ететін Конституция мэтінінің нақтылығы оның мазмұндық сапалығымен бағаланады. Негізгі Заңның мазмұны конституциялық теорияда көрініс тапқан. Ғылымда конституция негізін қалаушы философия - конституционализм философиясы болып табылады. Конституционализм - бұл биліктің жеке жэне ұжымдық бостандықтармен келісу мақсатында үкіметтің билігі заңдармен, тексерулермен жэне тепе-теңдіктермен шектелген басқару жүйесі. Конституционализм идеясы демократияның ілгерілеуімен жэне таралуымен тығыз байланысты. Конституция - бұл елдің негізгі заңы жэне тірегі, ал конституционализм - конституцияға немесе басқа да негізгі құжаттарға жэне конституциялық принциптерге негізделген басқару жүйесі. Конституциялық жүйеде үкіметтің беделі оның ұлттық конституцияда жиі кездесетін шектеулерді сақтауына байланысты. [4,6.57]

Үшіншіден, Конституцияны білу - конституциялық тэжірибені білу. Ғылымның дамуынаэлеуметтік сұраныс жэне қызметтегі тэжірибелік құзіреттіліктердің қажеттілігі негіз болады. Конституциялық тэжірибе конституциялық теорияның логикалық тұрғыдан толық қамтамасыз етілгендігін көрсетеді, өйткені ол мемлекет пен қоғам дамуының конституциялық жэне құқықтық заңдылықтарын түсінудің маңызды құжаты ретінде, ғылыми еңбектерде көрсетілген теориялық ережелердің тэжірибеде іске асырушы ретінде эрекет етеді жэне Конституцияны жүзеге асырудағы практикалық құқық қолдану қызметінің нэтижесі болып табылады.

Конституцияның дамуы конституциялық жэне заңды талап ететін жаңа элеуметтік қажеттіліктерді реттеуші қоғамдық қатынастардың үнемі өзгеруінде, дамуында, пайда болуымен байланысты. Осыған орай жоғары сенімділікті қамтамасыз ететін Конституция елдің элеуметтік деңгейін анықтайды.

Төртіншіден, Конституцияны білу - бұл конституциялық бақылау тэжірибесін білу, Конституциялық Кеңестің құқықтық ұстанымдарын толық білуді білдіреді, оның құқықтық сенімділік принципін мемлекеттің құқықтық жүйесінің қалыптасуы мен жүмыс істеуінің конституциялық қағидаты ретінде бекіту жөніндегі қызметі өте маңызды. Конституциялық Кеңес Негізгі Заңда белгіленген өзінің миссиясы мен функцияларына сай, Қазақстан өмірінің барлық жағын конституцияландыру үдерісіне белсене қатысады, заңнамада қазіргі заманғы жүйелі бастаулар орнығуына септігін тигізеді, жалпы танылған жэне ұлттық құндылықтарды мемлекет құрылысы мен құқық жүйесінде іске асырады, адамның, қоғам мен мемлекетгің арасында өркениетті өзара қарым-қатынастар дамуын ынталандырады. Конституциялық Кеңес дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы жэне республикалық референдум өткізу туралы мэселені шешеді; Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сэйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды; Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді. [5, 72-бап]

Бесіншіден, Конституцияны білу кәсіптік қызметте, күнделікте өмірде конституциялық құндылықтар мен идеалдарды білу, түсіну және басшылыққа алу болу табылады. Негізгі Заңның деңгейі конституциялық теория мен тәжірибедегі орын алатын қарама қайшылықтар туындауына байланысты азаматтардың оған деген қарым қатынастарына тәуелді болғандықтан, көтеріліп отырған мәселенің маңызы зор. Азаматтар мен лауазымды тұлғалардың конституциялық нұсқамалардың орындылығы мен тиімділігіне сенуі оларды жүзеге асырудың маңызды шарты болып табылады. Кейбір тұлғалар мұндай нормаларды жалпыға бірдей және міндетті деп қабылданбағандықтан, олар конституциялық құқықтық қатынастарға қатысушылардың ішкі саналы құқықтық міндеттеріне айналмайды. Сондықтан да, басты міндет конституциялық ойлау стилін қалыптастыру деп айтуға болады.

Заң оларды тудыратын сезімдерді емес, әрекеттерді реттейді. Сонымен бірге, заң - бүл адамдардың еркі мен санасы арқылы әрекетететін әлеуметтік қатынастарды реттеудің құралы. Құқықтық әлеуметтік қатынастарға эсер ететін психологиялық механизмінің маңызды ерекшелігі - құқықтық реттеу құқықтық нормаларда қарастырылған мінез-құлықты қалыптастыруға жэне реттеуге ықпал етеді. Заңның үстемдігін қамтамасыз етуге мүдделі адамдар осы заңдардың қабылдануына себепкер болтан адамдар болып табылады.

Заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бел буған тұлғалардың басты құқықтық эрекеті - дэлелдеу болып табылады. Қорғаушы болсын, мемлекеттік айыпкер болсын эмоцияға берілмей, заңдарға негізделген дэлелдемелермен эрекет етеді. Кэсіби заңгер теориялық білімін жинақталған фактілер мен дэлелдерге сүйене отырып тэжірибеде қолданатыны даусыз.

Кэсіби заңгер қоғамның озық дамуы сол елдің ғылымымен тікелей байланысты екенін айқын біледі. Ғылымның дамуына түрлі үлес қосатын ізденушілік жүмыстарда сол елдің халқының көзқарасы ескерілуі тиіс. Демократиялық қоғамда елдің элеуметтік жағдайына, тұрмыстық салтына байланысты сан пікірлер қалыптасатыны даусыз. Дамыған елдер тэжірибесі көрсетіп отырғандай демократиялық қоғамның көзқарасы билікпен үндес болуы үшін ғылыми зерттеушілік ізденістер болуы керек. Еліміз үшін өте зэру нэрсе ол құқық саласындағы іргелі жэне қолданбалы ғылыми зерттеу орталықтары.

Қазіргі кездегі негізгі өзекті мэселе - азаматтық қоғам. Бұл іске ешбір партиялардың дауы, қарсылығы жоқ, бэрі де осы бағытты мойындайды.

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті дамытпай демократияны, керісінше демократияны одан ары қарай дамыту үшін азаматтық қоғамды, құқықтық мемлекетті жетілдіруіміз қажет. Сонда бұлар қазіргі демократия теориясы мен практикасында бір бірінен ажырағыссыз, эволюциялық ұғымдар.[6, 6.118]

Ата Заңымыздың өскелең өмір талаптарына сай болуы үшін жаңа идеялар мен реформалардың қажетгігін ескеріп жиырма бес жыл бұрын Ата Заңды дайындауға қатысқан ғалымдар, ҚР ¥ҒА академиктері - Салық Зиманов, Султан Сартаев және Ғайрат Сапарғалиев жэне ҚР Үлттық Ғылым академиясының президент! Мұрат Журынов жэне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі қазіргі таңда ерекше бағаланады. Ресми мэліметтерге қарасақ, кужатты талқылауға 3 млн. 345 мың адам қатысыпты. Жүртшылық тарапынан сарапталған 31 мың 886 үсыныс түссе, соның 1 мың 100-і конституция жобасына енгізілген. Тұңғыш Президенттің өзі бастама көрсетіп, сол кездері Eypona мен Азияның, Солтүстік жэне Латын Америкасыньщ, барлыгы 20-дан астам дамыған және дамушы елдерінің конституцияларын зерттеп, зерделеп шықты. Сосын 1994 жылы өз қолымен Әділет министрлігіне жаңа конституцияның жобасын тапсырған екен.

Заң тұрғысынан сауаттылықтың бастауы, бірінші кезекте - Конституциями білу. Қоғамның қүқықтық мәдениетін арттырмай, әрбір азаматтың бойында Ата Заңға деген терең қүрмет сезімін тәрбиелемей, оның нормативтік ережелерін күнделікті тұрмысымызға сіңдіруге тікелей және белсенді араласуға дайындықты қалыптастырмай, экономикалық, саяси және әлеуметтік міндеттерді шешуге болмайтынын уақыт көрсетті.

АҚШ-тың танымал заңгерлерінің бірі - Л. Фридмэн өзінің «Американың құқығына кіріспе» атты кітабында былай деп жазады: «Құқықтық мәдениет - бұл сол немесе өзге бір заң практикада қаншалықты жиі қолданылатынын немесе бүзылатынын, одан қалай жалтаратынын немесе оны қалай теріс пайдаланатынын айқындайтын қоғам өмірінің барометрі, сонымен бірге қоғамдық күш те болып табылады. Құқықтық мәдениет жоқ жерде құқықтық жүйе де қауқарсыз».

 

Әдебиеттер тізімі

  1. «Қазақстан Республикасының Конституциясы. Ғылыми-практикалық түсіндірме: түсіндірме / Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент! - Елбасының Қоры. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі. - Астана: Полиграфкомбинат, 2018. - 664 б.
  2. Өміржанов Е.Т. Қүқық негіздері: оқу қүралы - Алматы: LEM. 2014. - 152 б.
  3. Пряхина Т.М. Знать конституцию /Вестник саратовской государственной юридической академии №1 (96)-2014. 38-45 с.
  4. Мотен Абдул Рашид.Конституция жэне конституционализм. Малайзиядағы үкімет жэне саясат Cengage Learning AsiaPteLtd. ISBN 978-981-4239-27-1; 981-4239-27-5. с.47-62
  5. Қазақстан Республикасыныц Конституциясы. 1995 жыл 30 тамыз (2019 ж. өзгерістер мен толықтырулар) http>//adilet2an.kz/kaz/docs/K950001000
  6. Рогов И.И. Конституция - Казақстанның қарышты дамуының негізі /Егемен Қазақстан. 30 Тамыз. 2017https://egemen.kz/article/157622-konstitutsiya-%E2%80%93-qazaqstannynh-qaryshty- damuynynh-negizi
  7. Қыдырбаев Ж.Б. Қоғамдық бірлестіктер азаматтық қоғам институттары ретінде. Х.Досмүхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы. №4 (47) жслтоқсан, 2017. 117-124 б.б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.