Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бастауыш мектепті ақпараттандырудың қазіргі жағдайы мен даму бағыттары

Бастауыш мектепті жаңарту үйренушіге толық мәнді дербестік тұрғысынан қатынасты қамтамасыз ету мақсатында біліми кеңістікті ұйымдастыруда өзгерістер енгізумен қатар, оқыту мазмұнында да өзгеріс жасай отырып, оқу пәндерінің кірістірілу басымдылығын қамтамасыз ету көзделеді.

Жалпы орта білім беруді жаңарту құжаттарында көрсетілгендей, білім берудің мақсаты баланың қоршаған адамдармен, тұтастай әлеммен және өз өзімен оқытудың алғашқы кезеңінен бастап қарымқатынаста субъект ретінде дамуы орын алған. Аталған нұсқаулардың практика жүзінде жүзеге асуы білім үрдісті ұйымдастырудың әдістері мен формаларының өзгеруін, әрекеттік тұрғыдағы және тұлғалық-бағдарлы оқытудың жүзеге асуын, ақпараттық технологиялардың кең қолданылуын, сондай-ақ барабар педагогикалық негізделген инструментарийді, оны қолдану әдістемесін, мұғалімнің онымен жұмыс істеу даярлығын көздейді [8].

Қазіргі ақпараттық технологияны бастауыш мектепте қолданудың тиімді жолдарын анықтау барысында біз «Кішкене балаларға компьютердің қажеті қанша?» деген сауалға тоқталмай кете алмаймыз. Алайда, бұл мәселе жөнінде айтылатын пікір сан түрлі мазмұнда. Кейбір педагогтардың айтуынша, бастауыш сыныптарда компьютер –оқушы назарының ауытқуына себепші болады десе, екіншілері компьютерді үнемі пайдалану оқушылардың компьютер болмаған жағдайда қарапайым қосу, азайту амалдарын орындай алмауларына соқтырады деген негізсіз қауіп айтады. Сонымен қатар компьютер мектепте лингафон кабинеттері немесе теледидар сияқты қайран қалатын құлық және оның мектеп біліміне маңызды әсері болмайды деген пікір де қалыптасқан [8]. Біз бұл тұрғыда мектептің ақпараттық ғасырға бейімделуінен басқа таңдауы жоқ деген пікірге толық қосыламыз және қазіргі ақпараттық технологиялармен танысу осындай бейімделудің кішкене ғана бөлігі болып табылады.

А.П. Ершовтың және т.б. авторлардың [9] жұмыстарында көрсетілгендей, оқушылардың информатиканың негізгі ұғымдарын меңгеруі операциялық деп атауға болатын қазіргі ойлау стилін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл информатиканың мектепке оқу пәні ретінде енуіне себепші болды және соған сәйкес бұл пәнге оқытуда оқушылардың жас шамасы шектеулігі мәселесі пайда болды.

Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамып, ақпараттық қоғамның қалыптасуына байланысты біздің елімізде және дамушы шет елдерде де ақпараттық мәдениет қалыптастыру қажеттігі байқалды. Бұнда ақпараттық мәдениет ұғымы оқушылардың қазіргі ақпараттық технологияларды меңгеруі ғана емес, сонымен қатар әлемге жаңа көзқарас тұрғысынан қарау, жаңа қоғам талабына барабар ойлау стилін қалыптастыру деп түсінілді [10]. Сөйтіп, мектепте информатиканы оқытудың базалық кезеңіне мектептің оқу үрдісіне информатиканың бастапқы курсын кірістіру бұл қолданыстағы білім жүйесін толықтыру қажеттігін мойындауы, уақыт талабына сәйкес оның бейімделуі болып табылады. Білімде бұндай төмен қарай «жылжу» (оқу пәнін бастауыш сыныптарда оқыту) айтарлықтай жиі болуда және оны жетілдірудің бір тәсілі болып есептеледі.

«Бұнда басты ескерілетін мәселе бұл информатика пәні не мектеп пәндерінің ешбіреуін алмастыруды, не оның жалпы жүйесінде пәннің ролін өзгертуді, не гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің қарама-қатысын қайта бөлуді мақсат тұтпайды. Ол тек мектепте оқылатын әрбір пәнге жаңа, өте жетілдірілген деңгейдегі құралды ұсынады және ол құралды қолдана алатын мұғалімге оқушылар алдында өз пәнінің мәнін терең және тиімді түрде аша алуына көмектеседі. Сондай-ақ ерекше атап көрсетілетіні оқушылардың ақпараттық технологиямен қарым-қатынасын жас ерекшелігіне қарай шектеуін анықтауда балалардың компьютерде және перифериялық құрылғыларда жұмыс істеудің техникалық дағдыларын меңгеру қабілеті туралы ғана сөз етілмейді. Керісінше, бұндай құрылғыларды түрлі ойындарда қолдану машинамен қарым-қатынасты тек тәрбиелік жағынан мәнді етумен қатар, қызықты да қол жетімді етуі мектеп жасына дейінгі балалардың ең сүйікті ойыншығы ретінде компьютерді таңдауларына себепші болады» [11].

Аталған зерттеу жұмыстарын талдау барысында байқайтынымыз – бұл Е. Смирнов бір пән «информатика» шеңберінде барлық пәнге оқытуды қолдаса, ал В. Буцик информатиканың бөлек курс болып бөлінуін құптайды. Б. Хантер компьютерлік техниканы бастауыш мектеп оқушыларының оқу үрдісінде қолданудың басты дәлелін «білім алуға тең құқылы» ұстанымымен түсіндіреді. «Егер барлық балаларға есептеу техникасының барлық мүмкіндіктерін қолдануға үйрету міндеті қойылса, компьютерді үйрену тек жоғары сынып оқушыларының құзырында ғана бола алмайды» [12].

Екінші сауаттылық біріншімен бір уақытта меңгерілуі тиіс деген пікір логикалық тұрғыда тиімді болып табылады. Бұл жөнінде журналист Е.А. Кубичева тілшілердің берген сұхбаттарын жалпылай келе, мынадай тұжырымға келеді: «Егер бүгін ел көлемінде екінші сауаттылықты меңгеру, соған орай белгілі деңгейде жаңа сапалы ұрпақ қалыптастыру туралы сөз қозғалып жатса, ал сол екінші сауаттылықты және оған сай мүлдем жаңа дағдыларды қалыптастыруды барынша ерте бастауға болмай ма?» Автордың пікірінше, екінші сауаттылық біріншімен қатар меңгерілу қажет. Және ол тек бірмезгілде емес, тұтастай сіңісу негізінде, яғни сан, әріп, буын, олардың күрделі өзара қарым-қатынасы өте көрнекі де, қашан да өз көмегін ұсынудан жалықпайтын және ашу мен дауыс көтеруге жол бермейтін, сонымен қатар өзінің құпиялығымен, күрделілігімен тартымды көмекші ЭЕМ көмегімен меңгерілуі тиіс.

Ақпараттық технологияларды бастауыш сыныптың оқу үрдісіне енгізу туралы өз пікірін И. Белавина былайша білдіреді:

«Компьютердің жаңалығының мәні онымен өзара әрекет етуде ерекше көтеріңкі көңілкүй сезіміне толы. Бұл іс-әрекеттің интеллектуалды құрамы үшін ғана емес, сонымен бірге анықталған ынталы-тұлғалық білім үшін де қолайлы жағдай туғызады». Автор бұған қоса, компьютермен жұмыс ересек адаммен немесе құрбысымен ынтымақтастықтың қажеттілігін қалыптастырады деген тұжырымға келеді [13].

Белгілі психологтар В.В. Давыдов, В.В. Рубцов, А.А. Криницкийдің оқу ісәрекетін ұйымдастыруда компьютерлік жүйелерді қолдану проблемасы бойынша жүргізген зерттеу қорытындысы бойынша, компьютер оқу іс-әрекетін ұйымдастыру қызметін атқарады, бұл өз кезегінде ойлау үрдістерінің дамуының алғы шарттарын құрайды (жоспарлау, рефлексия, талдау, түсіну).

Көптеген мамандардың пайымдауынша, компьютерді оқу үрдісінде қолдану оқыту технологиясында маңызды өзгерістерге себепші болады. Басқа техникалық құралдармен салыстырғанда компьютерлердің басты басымдылығы мен жетістіктері неде десек, оны Е.И. Мащбиц былайша сипаттайды: компьютер оқу ақпаратын ұсыну мүмкіндіктерін кеңейтеді және ол түс, графика, мультипликация, дыбыс пен барлық қазіргі бейнетаспа техникасы арқылы жүзеге асады. Ашып айтсақ:

  1. Компьютер оқуға деген ынтаны күшейте алады. Бұған компьютердің жаңалығы, берілетін материалды басқару мүмкіндігі, мұғалім тарапынан берілетін түрлі ой-пікірлерді болдырмау, дұрыс емес жауаптан қорқуды жою себепші болады;
  2. Компьютер оқушыларды оқу үрдісіне белсенді жұмылдырады. Оның көмегімен әрбір оқушыға материалды меңгеруге қажетті қарқынмен қоюға, оны бақылауға алуға, керек кезінде қайтадан материалдың керек жерін қайталауға, оқушы тарапынан басқару және онымен қарым-қатынасқа енуге, оқу үрдісінің жүру деңгейі бойынша пікір айтуға болады;
  3. Қолданылатын оқу есептері жинағы едеуір кеңейеді. Оқушылар нақты есептерді шешу мүмкіндігіне ие болумен қатар оларды шешуді басқара алады және бұнда ол әрекеттің жалпыланған тәсілін меңгере алады. Әрекеттің жалпыланған тәсілін меңгеру оның анықталған типтегі тапсырмаларды шешуді үйренді дегеннің кепілі бола алады;
  4. Компьютер оқушылардың әрекетін бақылауын сапалы түрде өзгертуге мүмкіндік беріп, оқу үрдісін икемді басқаруды қамтамасыз етеді. Компьютердің көмегімен бір мезгілде бірнеше оқушы сұралып, олардың жауаптары тексеріліп және қателіктерінің болу себептері нақты анықтала алады.
  5. Компьютер оқушылардың өз ісәрекеттерінің рефлексиясының қалыптасуына көмектеседі. Ол оқушыларға өз ісәрекеттерінің нәтижесін ұсынуға мүмкіндік береді немесе тестілеу программасының көмегімен олардың тұлғалық ерекшеліктерін бағалауға, яғни ынтасын, өзін-өзі бағалау дәрежесін анықтауға көмектеседі [14].

Бастауыш мектептегі практик-мұғалімдердің тәжірибесіне сүйенсек, ақпараттық технология қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларын математикаға, қазақ, орыс, ана тілдеріне, еңбекке, геометрияға және құрастыруға үйретуде төмендегі мазмұндағы жетістіктер байқалған:

  • компьютермен жұмыс оқушылардың оқу ынтасын арттырып, дамытады;
  • компьютермен жұмыс барысында оқушыларда өз мүмкіндіктері туралы нақты өзіндік бағалау қалыптасады;
  • бағдарламалық қамтамасызданумен жұмыс нәтижесінде оқушыларда іс-әрекет құрылымы мен жүру тәртібі туралы нақты мағлұмат қалыптасады;
  • алгоритмдерді оқытуда немесе материалмен жұмыс барысында қолдану оқу үрдісінің уақытын қысқартып, оның тиімділігін арттырады [15].

Ақпараттық технологияларды бастауыш мектептің пәндерін оқытуға ендіру оқу техникасының, бағдарламалық қамтамасыздандыруға және мұғалімнің мақсатына қарай түрлі деңгейде көрініс таба алады [16]:

  • ақпараттық технологияны дәстүрлі курстардың кейбір тарауларында ішнара қолдану (бақылау, керекті дағдыны қалыптастыру және кейбір үрдістерді демонстрациялау үшін);
  • дәстүрлі курстар үшін компьютерлік қолдауды жасау (ақпараттық технология курс материалын өтуде үнемі қолданылады);
  • түрлі пәндер бойынша жаңа компьютерлік курстар жасау (оқыту технологиясы сапалы деңгейде өзгереді, компьютер курстың бөлінбейтін бөлшегі болып табылады).

Ақпараттық технологияның баланы дамыту құралы есебінде ролі зор. Өйткені мамандардың айтуынша, кез-келген балаларға арналған компьютер программасын дамытушы есебінде қарастыруға болады және олар қабылдау, есте сақтау, елестету сияқты жеке тұлғаның маңызды психикалық қасиеттерін дамытуға көмектеседі. Алайда, соның ішінде жеке тұлғаның нақты қасиеттерін дамытуға бағытталған және психологиялық-педагогикалық мақсатқа сәйкес жасақталып, бастауыш сынып оқушысының психикалық, психофизиологиялық даму заңдылықтарына негізделген бағдарламалық қамсыздандыруларды қолданғанда ерекше тиімді нәтиже алуға болады деп атап көрсетеді.

Бұған қоса ақпараттық технологияны оқушылардың информатика элементіне үйрету үрдісінде пайдалану танымдық ісәрекеттің иносферасына нақты әсер етуіне қатысты зерттеу деректері орын алған және бұл мәселемен қазіргі кезде педагогтар, философтар, психологтар айналысуда.

Оқытудың қазіргі ақпараттық технологиясын және дәстүрлі оқытуды қолдану деңгейіне қарай жалпы педагогикалық, яғни білім беру жүйесінің әр саласында қолайлы (соның ішінде оқу, тәрбие үрдісінде). ОҚАТ өзінің философиялық негіздемесіне сәйкес кез-келген басқа дидактикалық технологияға және жеке алғанда, оқытудың дәстүрлі технологиясына (ҚО) да бейімделуге бейім келеді.

Жоғарыда атап өткеніміздей, қазақстандық ғалымдардан компьютерлік технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануда оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық мүмкіндіктері алғаш Ж.А. Қараевтың ғылыми-зерттеу еңбегінде жете зерттелген. Алайда бүгінгі зор қарқынмен дамып келе жатқан ақпараттық қоғамда интернет желісі сияқты жаңа телекоммуникациялық жүйелердің пайда болуымен байланысты компьютерлік технологияның да педагогикалық мүмкіндіктері артты. Осыған орай, осы жаңа мүмкіндіктерді ашу арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыруды зерттей келе, Абықанова Б.Т. [17] өз зерттеу жұмысында бүгінгі таңдағы компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктерін төмендегіше топтайды:

  1. компьютерлік технология хабарды шексіз көлемде игеруге және оны аналитикалық өңдеуге мүмкіндік береді;
  2. компьютерлік технология құрылымдық мазмұндық диалог құру арқылы көрінетін коммуникативті байланысқа түсе алады;
  3. компьютерлік технология виртуалды кеңістіктегі жүйе құруға және танымдық белсенділікті арттыратын компьютерлік ойындар түріндегі танымдық үрдісті ұйымдастыруға жағдай туғызады;
  4. Web-сайт арқылы оқыту көмегімен оқушының дүниежүзілік әдістемелік жүйелермен танысуға мүмкіндік алуы;
  5. интерактивті жүйедегі жұмыс арқылы кері байланыс жасау мүмкіндігі;
  6. оқу үрдісіне компьютердің енгізілуі оңтайландыру есептері деп аталатын танымдық ролі зор оқушылардың қызығушылығын тудыратын есептің жаңа түрлерін шешуге ықпал етеді;
  7. қазіргі ақпарат көздері компакт дискілер мен қуатты процессорлар құрамына мәтіндік ақпарат, мультипликация, фото, бейне, модельдеу, дыбыстық сүйемел ететін жаңа сапалы бағдарламалар жасауға мүмкіндік береді;
  8. компьютерлік технологияның көмегімен атқарылатын қызметтің мазмұны жөніндегі хабарлармен жедел алмасуды жүзеге асыруға болады (интернет, электрондық пошта, видеоконференциялар);
  9. мультимедиялық технология, виртуалды лабораториялар оқулық материалының көрнекілігін және нақтылығын арттырады, шығармашылықпен жұмыс жасауына септігін тигізеді;
  10. ілезде өтетін немесе жүру үрдісі ғасырларға созылатын үрдістерді, адам денсаулығына зиянды ортада өтетін үрдістерді макро және микро әлемде болып жатқан үрдістердің параметрлері мен сипаттамаларын өзгерте отырып, оларды оқушылардың зерттеуіне мүмкіндік жасайды;
  11. интернет жүйесі дүниежүзілік компьютерлік жүйемен өзара байланыста болып, кез-келген тақырыпта ақпаратпен қамтамасыз ете алады. Мұның энциклопедиядан ерекшелігі ақпараттар легі толықтырылып, жаңарып отырады;
  1. ақпараттық коммуникациялық технология электрондық оқулықтың гипермәтінін барынша толықтыра түсуге мүмкіндік береді. Электрондық оқулықты қолдану оқушының жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді, оқыту үрдісін саралауға, жан-жақты ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі;
  2. компьютер оқушылардың бойында іс-әрекет рефлексиясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Ең алдымен компьютер оқушыларға өз іс-әрекеттерінің нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге, өзін-өзі бақылау мен түзетуді іске асыруға мүмкіндік береді;
  3. CD-ROM интерактивті дискілер, хабарландырудың электрондық тақталары, мультимедиалық гипермәтіндер сияқты жаңа электрондық технологиялар Mosaic және WWW интерфейстің көмегімен оқушыларды оқу үрдісіне белсенді түрде тартуға, оқу үрдісін басқаруды да жүзеге асырады;
  4. арнайы бағдарламалар арқылы, мысалы Power Point оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын туғызады, яғни фотосуреттер көрсетіп, қосымша материалдар үшін интернетке сілтеме жасайды;
  5. компьютерлік технология адамның танымдық зерттеу қызметінің жан жақты тәсілі, көп функционалды мүмкіндігі (есептеу, тексеру, музыкалық, графикалық, кең көлемді ақпаратты сақтау және өңдеу т.б.);
  6. электрондық пошта экономикалық және технологиялық жағынан тиімді технология болып табылады және оқу үрдісі кезінде оқу курстарының мазмұндық жағын жеткізу мен оқытушының оқушымен кері байланысын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Электрондық пошта көмегімен «виртуалды оқу сыныптарын» құрастыруға болады;

А.Б. Медешева өз зерттеу жұмысында бастауыш сыныптың оқу үрдісінде пайдаланылатын ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін былайша сипаттайды [18]:

  • оқушының қарекетін жеңілдетіп, уақыт көп кететін амалдарды орындаудан босатады, қажет ақпаратты өзі іздеп табуға мүмкіндік алады;
  • оқушы қатесіне оперативті реакция көрсете отырып, қате жіберіп алу қорқынышынан құтқарады, оның білімін бағалау функциясының көп бөлігін өзіне алады;
  • оқушыға өз ырғағында жұмыстануға мүмкіндік береді;
  • бағалау көрсеткіштері нақты, дәл болады;
  • мұғалімнің бос уақыты көбейеді;
  • мұғалім сыныптағы оқушылардың жағдайын толық көріп, әрбір оқушының қабілетіне қарай онымен жеке жұмыстануына мүмкіндік ашылады;
  • көрнекі бейнелі ойлауды, қозғалыстық және ауызша қарым-қатынас машықтарын, мақсатты әрекеттерді және әлеуметтенуді дамыту үшін мүмкіндіктер туғызады;
  • педагогикалық қарым-қатынасты, интерактивті байланысты күшейтеді.

ОҚАТ қолдану кезіндегі қазіргі оқытудың және дәстүрлі оқытудың тұжырымдамалық ерекшелігі мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетін мәнді түрде өзгеріске әкелуі. Жеке тұлға дамуының объектілік парадигмасынан субъектілікке көшу тұлғалық құндылықтарының басымдылығын және оқушыға мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің жоғары құндылығы деп қарауды жария етеді; баланың бірігерлікке, ішкі бостандыққа, белсенділікке және шығармашылыққа деген құқығын мойындауды бекітеді. Сондықтан оның негізгі мақсаты тануда, қарым-қатынаста, тұлға аралық қатынаста, өз шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруда жеке тұлғаның базалық қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұған қоса мұғалімнің оқу ББД-на (білім, білік, дағды) қатысы да өзгереді: олар оқытудың басты мақсаты болмайды, әлеуметтік мәнді қасиеттер (ойлау, тілдік, сезімдік, тәртібі, коммуникативтік, физикалық, шығармашылық және т.б.) дамуының құралы болады. Білімі үрдіс баланың даму табиғатын ескере отырып, жүзеге асырылады. Сөйтіп, бұл айтылғандардан ОҚАТ қолдануға негізделген қазіргі біліми парадигма өз бетімен дамып, өз-өзін тежей алатын шығармашыл, жан-жақты біліммен, мәнді қызығушылықпен және стандартты емес жағдаяттарда жауапты шешім қабылдай алатын үздіксіз дамыған ақпараттық қоғамда өз орнын таба білетін жеке тұлға түріндегі нәтижеге бағдарланғандығын көре аламыз. Сол себепті де ОҚАТ негізделген оқу үрдісін бастауыш сыныптан бастап қолдану өз нәтижесін беретіні сөзсіз. Бұған қоса бүгінгі күнгі практикаға және өз тәжірибемізге сүйене отырып, бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш сынып оқушыларына берер басты тиімділігін келесі сұлбадан көре аламыз (3сурет).

Осыған орай, қазіргі ақпараттық технологияларды бүгінгі ақпараттық қоғам, білімді жаңарту жағдайында бастауыш мектептегі оқыту әдістемесіне сәйкес қарастыру бізге оның келесі педагогикалық

мақсаттары мен мүмкіндіктерін ашуға мүмкіндік берді.

Бастауыш мектеп әдістемесіндегі қазіргі ақпараттық технологиялардың педагогикалық мүмкіндіктері мен мақсаты.

Мүмкіндіктері

Мақсаты

1

2

Қазіргі ақпараттық технология оқушының ынтасын арттырады. Жұмыс істеу жаңалығы ғана емес, сонымен қатар оқу тапсырмаларын қиындық деңгейіне қарай реттеп беру, дұрыс орындалған тапсырмаларды көтермелеу оқушылардың ынтасына жағымды әсер етеді. Сонымен қатар оқуға деген жағымсыз қарым-қатынастың басты себебін – сәтсіздікті, яғни оқудағы түсініксіздікпен, мәнді де түйінді мәселелермен сипатталатын келеңсіздіктерді толық жоюға жағдай жасайды. Компьютерде жұмыс жасай отырып, оқушы есептің шешуін қажетті көмекке сүйену арқылы соңына дейін орындай алады.

Қазіргі ақпараттық технологиялар арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқуға, оқу іс-әрекетіне деген ынтасын қалыптастыру арқылы, өзіне деген сенімділігін арттыруы

Қазіргі ақпараттық технология оқушыны белгілі ойын жағдайына ендіре отырып, оқу материалын көрнекі суреттермен, графикалар негізінде баяндай келе, оқушыға нақты көмек формасын сұрай білуге мүмкіндік беру арқылы оқу іс-әрекетін басқару тәсілін нақты өзгерте алады.

Қазіргі ақпараттық технологиялар жағымды көңіл-күйге құрылған ақпараттық оқу ортасында жаңа оқу іс-әрекетін басқару құралы

Қазіргі ақпараттық технологиялардың көмегімен оқу үрдісін икемді басқара отырып, оқушылардың ісәрекетін бақылауды сапалық жағынан өзгертуге болады. Барлық жауаптарды тексеруге, көп жағдайда жіберілген қателіктерді есепке алып қана қоймай, оның сипатын анықтап, дер кезінде оның пайда болуына себепші болған себептерді жоюға көмектеседі.

Қазіргі ақпараттық технологиялар тиімді бақылау құралы

Қазіргі ақпараттық технология оқушыларда өз ісәрекеттерінің рефлексиясын қалыптастырып, өз ісәрекет нәтижесін көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік жасайды.

Қазіргі ақпараттық технологиялар арқылы өз іс-әрекетінің нәтижесін көре білуге, өз-өзіне сыни көзбен қарай білуге дағдыландыруы

Бастауыш мектеп жасындағы балаларға тән сипат – бұл қызығушылық, белсенділік, жаңа жағдайға, жаңа талаптарға тез үйрену жылдамдығы мен икемділігі, ал олар оқушы тұлғасының көпжақты дамуының алғы шарттары болса, қазіргі ақпараттық құралдар осы шарттарды жүзеге асырудың бүгінгі таңдағы негізгі құралы болып табылады.

Қазіргі ақпараттық технологиялар арқылы бүгінгі ақпараттық қоғам жағдайында бастауыш сынып оқушысының жеке тұлғасын дамыту

Мұғалімнің сабақ жоспарын, конспект жазу, көрнекіәдістемелік құрал дайындау, оқушылардың өткен материалды меңгеруін тексеруін қатысты есепке алу және есеп жүргізу үшін мұғалімнің педагогикалық іс-әрекет құралы;

Қазіргі ақпараттық технологиялар бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық ісәрекетінің жаңа әмбебап құралы

Шығармашылық елестету, жағдайға байланысты тез шешім қабылдау, қоршаған ортаны тану қабілеттерін дамытып, қалыптастыру үшін бастауыш сынып оқушылары үшін интеллектуалды дамыту құралының жаңа түрі

Қазіргі ақпараттық технологиялар оқушыларды интеллектуалдық дамуларын қамтамасыз ететін зор танымдық құрал

Ақпарат көздерінен ақпарат алмаса отырып, өз құрбылармен, әріптестермен Интернет арқылы қарым-қатынас жасау мәдениетін меңгерту көзі.

Қазіргі ақпараттық құралдар арқылы коммуникативтік қабілеттерін дамыту, тілдесу мәдениетін меңгерту

Сауатты түрде іріктелген компьютерлік программалардағы, электрондық оқулықтағы ойындық және оқу тапсырмаларының, оларды шешу құралдары мен тәсілдерінің вариативтілігі ойынды таяудағы даму аймағында орналастыруға мүмкіндік беріп, оқушының жұмыс істеуіне игі әсерін тигізеді.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың орасан зор мүмкіндіктері арқылы білімді сапалы да мазмұнды деңгей-де меңгерту

Қазіргі ақпараттық технологиялар ұжымдық ісәрекетке құрылған оқыту мен жеке оқыту түрін ұйымдастыру негізінде өзара тәжірибе алмасу, мақсат қоя білу, оны жоспарлау, жетудің тиімді жолдарын таба білу, өз-өзін тәрбиелеу мүмкіндігі

Қазіргі ақпараттық технологиялар арқылы оқушылар-дың өз-өзін ұстай білу мәдениетін, өзін-өзі жүзеге асыра білу қабілетін дамыту

Қазіргі ақпараттық технологиялар арқылы шексіз көлемде түрлі ақпарат көздерінен керекті ақпаратты алып, өңдеп, сақтап, тарату мүмкіндігі, ақпараттық ісәрекеттің жаңа түрін меңгертуі

Қазіргі ақпараттық технологиялар негізінде оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру, ақпараттық қоғамда еркін әрекеттене білуге баулу

Электрондық оқулықтарда, компьютерлік программаларда оқу тапсырмаларын деңгейлік негізде құру арқылы барлық оқушылардың өз қабілетіне, білім деңгейіне қарай дамуын қамтамасыз ету арқылы олардың мүмкіндіктерін, даму деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берілуі

Қазіргі ақпараттық технологиялар арқылы оқушылар-дың өз мүмкіндік деңгей-лерін көре біліп, өз-өзіне деген сенімділілігін арттыру, өзіндік «менінің» қалып-тасына ықпал ету

Менің ойымызша, ақпараттық технологияның жоғарыда көрсетілген мүмкіндіктері мен жетістіктері оны бастауыш мектеп сабақтарында қолдану мүмкіндігін дәлелдеумен қатар, бастауыш мектепті ақпараттандыру болашағының үміті зор екендігін көрсете алады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Медешова А. Оқу ақпаратын ақпараттық технология жағдайында меңгеру. // Бастауыш мектеп. – 2005. -№3 23б.
  2. Кеңесбаев С.М. Білім беру жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы мұғалімдердің рөлі // Білім берудегі менеджмент – 2004. №3 – 14 б.
  3. Бектұрғанова Р. Ақпараттық коммуникациялық технология негізінде // Бастауыш мектеп – 2004. №8 – 11 б.
  4. Түсіпова А. Ақпараттандыру мәселелері хақында // Қазақстан мектебі – 2003 - №10 – 32 б.
  5. Тұрсынбаев А. Болашақ мұғалімдерді компьютерлік технологияларды пайдалануға кәсіби даярлау – Бастауыш мектеп – 2004, №1 – 62 б.
  6. Жақияұлы Ж. Оқушының білім деңгейін тексеруде компьютерді пайдалану. // Информатика негіздері – 2002. -№2 – 25 б.
  7. Мұхамбетжанов С. Информатика пәнін оқытуда оқушының өзіндік танымдық ісәрекетін қалыптастыру. //Білім берудегі менеджмент 2004. №4 – 21 б.
  8. Мухлис К. Компьютерлік оқытуды қазақ тілі сабақтарында қолдану // Білім берудегі менеджмент – 2004. №3 – 35 б.
  9. Райымбекова Д. Жаңа технологиялар негізінде. //Қазақстан мұғалімі. – 2003. – 3 маусым. 21 б.
  10. Байшоланова Қ.С. Ақпараттық жүйелер теориясы. – Алматы: Экономика, 2002.
  11. Абыканова Б.Т. Компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары / Пед. ғыл. канд. дәреж. алу үшін дайынд. диссерт Б.Т. Абыканова. – А., 2005. – 3 б.
  12. Медешова А. Оқу ақпаратын ақпараттық технология жағдайында меңгеру. //Бастауыш мектеп. – 2005. -№3 23б.
  13. Кеңесбаев С.М. білім беру жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы мұғалімдердің рөлі // Білім берудегі менеджмент – 2004. №3 – 14 б.
  14. Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы – І том, А-Ә. – Алматы: 1998 – 201 б.
  15. Медешова А. Бастауыш мектепте ақпарат туралы түсінік беру // Бастауыш мектеп. – 2004. №4 12б.
  16. Бектұрғанова Р. Ақпараттық коммуникациялық технология негізінде // Бастауыш мектеп – 2004. №8 – 11 б.
  17. Түсіпова А. Ақпараттандыру мәселелері хақында //Қазақстан мектебі – 2003 - №10 32б.
  18. Кларин М.В. Педагогические технологии в учебном процессе. – М., 1989.
  19. Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы. – А., 1999.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.