Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әлемдік деңгейдегі тмд елдерінің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын индекстер мен көрсеткіштерді бағалау

Елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі сипаттамалары барлық анықтамаларда халықтың өмір сүру деңгейінің жоғары болуы және қолда бар өндіріс факторларын қолданудың жоғары тиімділігі болып табылады. Онымен қоса елдің көшбасшылық позициясы оның территориясының көлемімен, табиғи байлықтардың болуы және әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейіне байланысты мемлекеттің сол немесе басқа елдер тобына жатуына байланысты емес.

Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі нақты нарықтық қажеттілікті қанағаттандырумен, ал сонымен қатар осы қажеттіліктің өзгерісіне жедел әрі икемді бейімделу қабілетімен салыстырғанда оның экономикалық потенциалына сонша тәуелді болып табылмайды.

Бәсекеге қабілеттілікті анықтаудың әр түрлі тәсілдерін біріктіре отырып мынандай қорытындыға келуге болады: елдің бәсекеге қабілеттілігі әлемдік экономикалық қатынастарға елдің белсенді қатысу қабілеті және өзінің артықшылықтарын қолдана отырып халықтың әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу және әлемдік шаруашылықтағы позицияны күшейту. Бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату үшін мемлекеттің макроэкономикалық саясаты және экономикалық субъектілердің белсенді қызметі (жеке және мемлекеттік компаниялар) сияқты, сонымен қатар мемлекеттің жинақталған капиталды оның ішінде адамдық ресурстарын рационалды қолдану қажет.

Бәсекеге қабілеттілік – көрсеткіштер жүйесінің негізінде әр түрлі мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілік деңгейін салыстыруды білдіреді.

Индустриалды даму барысында, нарықтық ортада салыстырмалы ұлттық артықшылықтарды қолданудан ғылымитехникалық, өндіріс циклының барлық сатыларындағы инновациялардың жетістіктеріне негізделген динамикалық түрде өзгеріп отыратын бәсекелес артықшылықтарды қолдануға бәсекенің жалпы векторын өзгертетін жаңа бәсекелес жағдайлар туады. Бір мемлекетте салыстырмалы және бәсекелес артықшылықтардың бір уақытта болуы, жаһандық экономикалық кеңістікте оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Бәсекелес артықшылықтардың барлық жиынтығын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: ресурстық – ерекше сапалы немесе санды ресурстардың болуы (табиғи, еңбек, инвестициялық, т.б.)операциялық – қолда бар ресурстарды қолданудың деңгейі немесе тиімділігінің сипаттамасы (инфрақұрылымдық, инвестициялық климат, ғылыми техникалық, білімдік, т.б.); стратегиялық – бәсекелес артықшылықтары бар субъектінде белгілі бір даму стратегиясының болуы және осы стратегияның сапасы (бәсекелес орта, әлеуметтік-мәдени, инновациялық, ақпараттық, жаһандық).

Дамудың заманауи сатысында артықшылық түрлері ресурстықтардан стратегиялық тар қарай күрделенеді, және соңғылары (стратегиялық тары) анағұрлым маңызды болады. Бәсекелес күрес барлық деңгейлерде дерлік стратегиялар күресіне айналады, ал стратегиялық компонент бәсекеге қабілеттіліктің бастаушы сипаттамасы болып табылады.

Бәсекеге қабілетті экономика концепцияларының арасында келесі концепцияларды айта кету қажет:

  1. кластерлі концепция, осының аясында әр түрлі салалардың фирмаларының бірігуі жүреді, сонымен қатар осы бірігулердің ішкі ресурстарды тиімді пайдалану мүмкіндігі маңызды мәнге ие болады. Осылайша, бәсекелес ортаның дамуы жетіледі, бизнес-климат жақсарады, өндірістің пайдалылығы жоғарылайды, халықтың еңбек қамтылу мәселесі шешіле бастайды, интеграциялық әлеует күшейеді;
  2. бәсекеге қабілеттілік әлеуетін жинақтау концепциясы, осыған сәйкес елдер бәсекеге қабілеттіліктің төрт сатысынан өтеді (6-шы сурет). Алайда, жоғарыда айтылып кеткендей, біздің ойымызша, осы айтылған сатыларға инфрақұрылымдық және ақпараттық сатыларды қосу керек, бұл экономиканың дамуының әр түрлі деңгейлерінде бәсеке кезінде жетістіктің критикалық факторларын анығырақ көрсетуге мүмкіндік береді;
  3. бәсекелес дамудың екі жол концепциясы (бәсекеге қабілеттілік пен экономикалық өсімге ең жаңа әлемдік білім мен технологияны тез меңгеру арқылы және өзіндік НИОКР мен инновациялық өндірісті дамудан болатын жоғарғы жол; өндіріс шығындары мен өзінің бәсеке өнімінің бағасын төмендету негізінде болатын төменгі жол);
  4. «кеңістіктік даму» концепциясы, ол стратегиялық жоспарлаудың қалыпты құралдарын кеңейтетін масштабты ұғымдармен жұмыс істейді: территориялық, аймақтық кеңістік, орналасу зоналары, кеңістіктік факторлар мен координаттар, полюстер мен даму дәліздері, кеңістіктік коммуникациялар;
  5. жаһандық даму концепциясы, осының аясында мемлекет үшін өзіндік жаһандық позиционерлеудің нгізгі бағыттарын шығару қажет.

«Жоғары жолмен» дамып келе жатқан инновациялық экономиканың локомотиві ۔ жоғары тұтынушылық және нарықтық құндылыққа ие, даму деңгейі төмен елдер артта қалып отыратындай және бағалық бәсекеде уақытша қатыса алмай қалатындай техникалық жағынан сондай күрделі немесе зияткерлік меншік туралы заңдармен сондай жақсы қорғалған жаңа өнімдерді үнемі және тез жасау болып табылады.

Дамушы елдердің көбі факторлы немесе инвестициялық экономика сатысында тұрып қалады да, өзінің өнімінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алмайды, солай олар «төменгі жолдың» траекториясында жүреді. Өкінішке орай, ТМД елдері, олардың ішінде Қазақстан да, осы топ елдеріне жатады, себебі оның экспортты өнімдерінің негізгі бөлігі жоғары сапалығымен немесе жасалатын өндірістік тауарлардың техникалық күрделілігімен емес, тек қана шикізат бағасының төмендігімен ғана әлемдік нарықта бәсекеге түсе алады (сурет 1).

Сурет 1. Бәсекеге қабілеттіліктің әлеуетінің жиналу сатылары

Мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін салыстырудың атақтылары Дүниежүзілік экономикалық форумы (World Economic Forum) және менеджментті дамытудың халықаралық институты (Institute for Managtment Development) жүргізген зерттеулер болып табылады. Осы ұйымдар құрастырған бәсекеге қабілеттілік рейтингінің көмегімен басқа елдермен салыстырғандағы елдің ағымдағы жағдайын анықтауға, ұлттық экономиканың күшті және әлсіз жақтарын білуге, ғаламдық экономикадағы мемлекеттің позициясын орнықтыру мақсатымен жүргізіліп жатқан экономикалық саясаттың тиімділігін бағалауға болады.

Менеджментті дамытудың халықаралық институтымен жасалған, дүниежүзілік экономикалық форум қамқорлығымен мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі жайлы алғашқы жыл сайынғы баяндама (The World Competitiveness Report) 1986 басып шығарылды. 1996 жылдан бастап бұл халықаралық ұйымдар бірнеше айрықша әдістермен өз бетінше зерттеулер жүргізеді, соңғы жылдары олардың нәтижелері екі жылдық түрінде: The Global Competitiveness Report (World Economic Forum) және The World Competitiveness Yearbook (Institute for Management Development) басылып шығады.

ДЭФ өзінің жыл сайынғы баяндамасында бәсекеге қабілеттіліктің екі негізгі құрамды көрсеткіштерін атап өтеді: Global Competitiveness Index (GCI-бәсекеге қабілеттіліктің ғаламдық деңгейі) және Business Competitiveness Index (BCIбизнестің бәсекеге қабілеттілік индексі). Индекстердің атауы өзгертілді, есептеулер әдістемесі жетілдірілді, бағаланатын мемлекеттер тізімі кеңейтілді. Екі индекстерді есептеу үшін статистикалық көрсеткіштер мен сарапшылар бағалары (компания топменеджерлерінің сұрауы) ақпараттық база қызметін атқарады.

Бәсекеге қабілеттіліктің ғаламдық индексі мемлекеттердің ғаламдық бәсекеге қабілеттілігін бағалайды және экономикалық өсім үшін маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерге негізделеді. Американ экономистері Д. Сакс және Д. Мак Артур құрастырған әдістермен есептеулер жүзеге асырылады. Индекс мемлекеттердің экономикалық өсу мүмкіндіктерін орта мерзімді перспективада көруге мүмкіндік береді. Интегральды индексті есептеу кезінде есепке алынатын негізгі көрсеткіштердің ішінде мына параметрлер жеке бағаланады: институттардың сапасы, инфрақұрылым, макроэкономикалық тұрақтылық, тұрғындардың денсаулығы,бастауыш және жоғары білім, кәсіби дайындық, тауар мен қызметтер нарығының тиімділігі, еңбек нарығының тиімділігі, технологиялық деңгей, нарықтың көлемі, компанияның бәсекеге қабілеттілігі және инновациялық потенциалы.

Бизнестің бәсекеге қабілеттілік индексі М. Портердің бәсекелестік артықшылықтар теориясына негізделген және мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін микродеңгейде бағалайды. Ол талдауға төмендегі факторлардың әсерін қосады: компанияның өнімділігі, олардың операционды тиімділігінің артуы,сонымен қатар компаниялардың өзара қалай бәсекелесетінін,қай стратегия оларға көбірек пайда әкелетінін анықтайтын ұлттық бизнес-климатты сапасы. Бизнестің бәсекеге қабілеттілік индексі «әл-ауқаттың ағымдағы жоғары деңгейін қолдайтын институционалды факторлардың жиынын, нарықтық құрылымдарды және экономикалық саясатты» өлшеуге мүмкіндік береді.

Екінші ұйым МДХИ «әлемдік бәсекеге қабілеттілікті есептеу нәтижесін» (The World Competitiveness Yearbook) басып шығарады. Бұл ұйым өзінің тәсілінде бәсекеге қабілеттілікті «компаниялардың құнның тұрақтылығын жасауын және азаматтардың әл-ауқатының ұлғаюын қамтамасыз ететін ортаны мемлекеттердің қалыптастырып және қолдау қабілеті» ретінде қарастырды (Дорогов, Миронов, Смирнов, 2006 ж.). Сайып келгенде, бизнес жүргізуге және өмір сүрудің ең жақсы шарттарын ұсыну арқылы мемлекеттер бірбірімен бәсекеге түседі. Мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілік рейтингін құрған кезде МДХИ сарапшылары әрбір мемлекетті, әрқайсысы одан да ұсақ бөлімшелерге бөлінетін, индикаторлардың 4 үлкен топтары бойынша бағалайды (елдің экономикалық дамуы, мемлекеттік басқарудың тиімділігі, кәсіпкерлік пен инфрақұрылымның тиімділігі).

ДЭФ рейтингтеріне қарағанда МДХИ рейтингі, экономика жағдайының әр түрлі аспектілерін сипаттайтын, жоғары дәрежеде статистикалық мәліметтерге сүйенеді, сұрау мәліметтеріне қарағанда.

ДЭФ және МДХИ рейтингтік әдістемесінің негізгі артықшылықтары:

  • статистикалық көрсеткіштерді және сұрау мәліметтерін кең ауқымды қолдану (314 көрсеткіш МДХИ үшін, 249-ДЭФ);
  • елдің макро және микро ортасын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді пайдалануы;
  • соңғы жылдар ішінде әдістеменің өзгермеуі уақыттың әр түрлі периодындағы мәліметтерді объективті түрде салыстыруға мүмкіндік береді (МДХИ үшін);
  • әдістеменің үнемі жетілдіріліп отырылуы, әлемдік шаруашылықтағы байланыстардың ғаламдану процесін, оның елдің бәсекеге қабілеттілігіне әсер етуін көрсететін жаңа көрсеткіштердің қосылуы (ДЭФ үшін).

Берілген рейтингтік әдістемелердің негізгі кемшіліктері:

  • сұрау мәліметтерін қолдану нәтижесінде есептеулердің объективтілігі мен дәлдігінің төмендеуі;
  • көрсеткіштердің (индекстердің) периодты қайта топтастырылуы елдің бәсекеге қабілеттілігінің динамикасына объективті түрде салыстыру жүргізуді қиындатады(ДЭФ үшін);
  • микро деңгейдегі субъектілердің экономикалық қызмет атқаруын сипаттайтын бірқатар көрсеткіштердің жоқ болуы (МДХИ үшін).

Сайып келгенде, бұл ұйымдардың өңдеулері жоғарыда көрсетілген кемшіліктер негізінде нақты бір елдің экономикалық спецификасын, олардың шаруашылық потенциалын және сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту стратегиясын талдауымен толықтырылуы керек.

Соңғы кездері әлем елдеріне ранг беру әлемдік шаруашылық жүйесінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін бағалайтын басқа индекстер негізінде жүзеге асырылады. Солардың ішінен мыналарды бөліп қарастыруға болады: экономикалық еркіндік индексі (ЭЕИ), адамдық потенциалдың даму индексі (АПДИ), «желілік дайындық» индексі және басқалары.

Берілген рейтингтер және индекстер өзіндік призма болып келеді,ол арқылы әлемдік қауымдастық әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалай алады.

1995 жылдан бастап «Мұра Фонды» институты The Wall Street Journal журналымен бірлесе сол немесе осы елдің экономикасы қаншалықты либералды принципке сай келетінін көрсететін экономикалық еркіндік индексін құрайды. Осы Рейтингтің авторлары экономиканы либерализациялау әл-ауқатқа апарады және рейтинг мұны дәлелдейді: экономикалық еркіндік дәрежесі көп немесе аз елдің әл-ауқат деңгейіне сай келеді деп тұжырымдайды.

ЭЕИ елдерді экономикалық еркіндіктің 10 категориясы бойынша бағалайды, солардың ішінде:

  • реттеу саясаты (ашылумен, жабылумен және ұлттық заңға сәйкес кәсіпорынның қызмет атқаруы процедураларына қатысты еркіндік дәрежесін бағалайды);
  • сауда саясаты (лицензия алу және экспорттық пен импорттық операцияларға келісім алумен,тарифтер және санитарлық пен техникалық нормалар қатаңдығымен байланысты еркіндік дәрежесі);
  • фискалды саясат (салық ауыртпашылығының дәрежесі);
  • мемлекетің араласуы (жеке кәсіпкерлердің мемлекет саясатына араласуы және мемлекет секторының үлесі, үкіметтің бюджет шығысына ауыртпашылық дәрежесі);
  • монетарлық саясат (ақша тұрақтылығына бағытталған іс шара);
  • инвестициялық саясат (энергетикаға, әскерге, спирт өнімдеріне және т.б салаларға еркін инвестициялық салымдар);
  • қаржы саясаты (реттеу қызметін және қаржы әдістерін жетілдіру дәрежесі);
  • жекеменшік құқығы (жекеменшік құқығын қорғау дәрежесі);
  • жемқорлықты тарату (Transparency International «Жемқорлықты қабылдау индексі» баяндамасының негізінде жемқорлықты тарату дәрежесі);
  • еңбек саласындағы саясат (еңбекке жалақы төлеу байланысы мен кәсіпорыннан жұмыстан босату және еркін қабылдау дәрежесі).

ЕЭИ 0 ден 100 ге дейінгі пайыз аралығында өлшенеді, мұнда минималды мағынаға негізделеді ең төменгі еркін экономика дәрежесі. Мемлекеттер 5 категория бойынша бірлестірілген:

  1. «еркін» 80-100 аралығындағы индекс;
  2. «негізінде еркін» 70 пен 79,9 аралығы;
  3. «салыстырмалы еркін» 60 пен 69,9 аралығы;
  4. «негізінде еркін емес» 50 мен 59,9 аралығы;
  5. «репрессивтілер» 0 ден 49,9 аралығындағы индекс.

Адам потенциалының даму индексі (АПДИ) бағытталған-сауаттылықпен мемлекеттегі орта жас өмір сүруді ,өмір сүру деңгейімен бағалап салыстыру. Бұл көрсеткіш адам потенциалын тұрғындар арасындағы дамуын зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл зерттеудің маңыздылығы мынада: ресурстарды адамдардың дұрыс қолдануын, адамның мемлекеттің экономика саласындағы әртүрлі сферасындағы мүмкіншіліктердің кеңеюін, индивидтің өмір сүру деңгейі мен оның толық қанды дамуы әрбір әлем мемлекеттерінің ең басты мақсаттарының бірі болуы қажет.

Индексті бағалау кезінде 3 типті көрсеткіш қолданылады:

  • орташа өмір сүру көрсеткіші;
  • мемлекеттегі үлкен жастағы тұрғындардың сауаттылық дәрежесі;
  • өмір сүру деңгейі, тұрғындардың сатып алу паритеті ЖІӨ арқылы бағаланған.

Әрбір әлем мемлекеттері тұрғындарының деңгейі мен олардың өмір сүру шарттары әр жыл сайын БҰҰ-ның баяндамасында даму программасы жазылады. Мемлекеттердегі тұрғындардың өмір сүру деңгейін және сапасын ажырату АПДИ қолдану арқылы іске асырылады.

«Жүйелік дайындық» индексі технологиялық ақпараттардың деңгейінің дамуын 68 параметрлері бойынша зерттейді. Қоғам деңгейінің дайындығын қатысуын және даму арқылы артықшылықтарға ие болу, ақпараттық компьютерлік технологиядан (АКТ) маңызды көрсеткіштерге айнала бастады, мемлекеттің потенциалын бағалау мен оның даму мүмкіншіліктерін бейнелейді. 2010 жылы Халықаралық экономикалық форумда ақпараттық – байланыс технологияларымен қаржы гүлденуі арасындағы байланыс алғаш рет белгіленді және де Ақпараттық технологияның Ғаламдық есеп (Global Information Technology Report) беруінде бірінші рет бейнеленді. Бұл құжат және де жыл бизнес мектебі INSEAD баспасында шығарылады, барлық мемлекеттер «желілік дайындық индексі» бойынша рангтеледі (Networked Readiness Index, NRI). Жалпы айтқанда NRI 3 түрлі индекс негізінде жасалған:

  1. акт шарттарын дамыту – 30 көрсеткіштер бойынша мемлекеттік реттеу мен желілік инфрақұрылымды, нарықтық ортаны бағалау (қаржы нарығының дамуы, қазіргі таңдағы технологияның қол жетімділігі, жоғарғы технологиялардың экспорты, салық жүйесінің маңыздылығы, еркін баспа, сот тәуелсіздігі, интеллектуалды меншікті қорғау, байланыс жүйелерінің саны, интернет – серверлердің қауіпсіздігі,білім саласына шығындар т.б.);
  2. іскерлік ортада және мемлекеттік құрылымда, Азаматтық ортада жүйелік инфрақұрылымды қолдануға дайындық 23 параметрі бойынша бағаланады (білім беру жүйесіндегі сапа, мектептің интернетке қосыла алуы, телефон мен компьютерлік байланыстың құны, технологиялық инфрақұрылымдағы мемлекеттің саясаты және т.б);
  3. акт дұрыс қолданудың деңгейі – 15 көрсеткіш бойынша талдау (байланыс телефонындағы абоненттер саны, дербес компьютерлер, Интернет жүйесін қолданушы және т.б).

ДЭФ мамандарының ойынша, қазіргі таңда Ұлттық экономиканың бәсекелестігінде ақпараттық технология басты роль ойнайды.

Интегралды индекстен бөлек, Одан да баға ұлттық экономиканың бәсекелестігін сипаттайтын, мемлекеттердің бәсекелестігінің динамикасын талдағанда жеке көрсеткіштерді бағалау маңызды. Мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілік деңгейін Халықтың жанбасына шаққандағы ЖІӨ қарап бағалауға болады. Бұл көрсеткіш мемлекеттердің экономикалық даму деңгейін көрсетеді. Бірақ Халықтың жанбасына шаққандағы ЖІӨ қарап ғана сипаттауға болмайды, себебі тауардың сапасы, тауардың бір бірлігіне кеткен энергиямен материалдық шығындарды тиімділеу, өндіріс құрылымы да ерекше орын алады. Әртүрлі мемлекеттердің ЖІӨ бағалау кезінде халықаралық сәйкестендіру жүргізіледі, бұның бір валютаға мемлекеттердің көрсеткіштерін макроэкономикалық қайта санау сатып алу паритетінің қабілеті (СПҚ) негізінде жатыр. СПҚ негізіндегі бағалау объективті болып табылады және мемлекеттердің дамуын бір ыңғай валюта деңгейінде көрсетеді.

Сонымен, халықаралық интегралды индекстерді комплексті талдау және оны құрастыру, ұлттық бәсекелестікті сипаттау, және де жеке статистикалық көрсеткіштер (Халықтың жанбасына шаққандағы ЖІӨ), халықаралық және аймақтық сәйкестендіру негізінде, мемлекеттердің экономикалық бәсекелестігін халықаралық және аймақтық деңгейде дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Даулетова А.М. Бәсекеге қабілеттілікті арттырудың инновациялық факторлары // АльПари.-2005.-№4.б. 37-42.
  2. Баринов В.А. Развитие организации в конкурентой среде // Маркетинг в России и за рубежом.-2008.№6.б. 3-13.
  3. www.inform.kz

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.