Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Еліміздің жастарына патриоттық тәрбие беру және алғашқы әскери дайындық пәнінің маңыздылығы

Мемлекеттің барлық тарихы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мен Отан қорғаушылардың жоғары рухын, батылдығын, ерлігін, жауапкершілігін, ұрыстағы беріктігін қалыптастыру міндеттерін табысты шешумен байланысты. Әскери патриоттық тәрбиелеу азаматтарға патриоттық тәрбие берудің негізгі бөлігі. Әскери патриоттық тәрбие беру, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді қорғаудың міндеттерін шешу үшін қажетті, патриоттық және рухани психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға міндетті. Әскери патриоттық тәрбиелеудің мақсаты азаматтардың патриоттық парыздың терең түсінігін, Отан қорғауға дайындығын қалыптастыру, және де еліміздің тұтастығы мен бірлігін нығайту, Қазақстан халықтарының достығын сақтау міндеттерін шешуге қабілетті азаматтарды тәрбиелеу.

Ұлттық бірегейлік сақтаудың басты жолдарының бірі болып жастарға патриоттық тәрбие беруде халықтың мәдени мұрасын пайдалану болып табылады.

Жастардың адамзаттық, патриоттық қасиеттерін қалыптастыру проблемасына Қазақстан Үкіметі құжаттарында және Елбасы Жолдауларында аса үлкен мән берілген. Елбасы өзінің жолдауларының бірінде «Өз тарихымыз бен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар» (1997) десе, екіншісінде «біз бірлесе отырып, ерікті ұлт жасақтау жолында, алға жылжуымызға қажетті берік негіз қаладық» (2005) деп өзіміздің тарихымызды, дінімізді, ұлттық қасиеттерімізді алдыңғы қатарға қойған.

Президенттің патриоттық сезімге толы осы ой-пікірі Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында»ең маңызды міндеттер ретінде «өз Отаны Қазақстанды сүю, азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, мемлекет рәміздері мен халықтарының салт-дәстүрлерін құрметтеу, ата заң мен қоғамға қайшы келетін көріністерге төзбеу, әлемдік және Отандық жетістіктерін игеру, Қазақстанда тұратын басқа да халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін, тарихын жете білу», деп көрсеткен.

«Қазіргі жастарға патриотизм тән бе?». Әрине, қазіргі жастарға патриотизм тән. Себебі, көріп отырғанымыздай «Дипломмен ауылға»«Жас Отан жастар қанаты»«Студенттік құрылыс жастары» бағдарламаларда жастар үлесі көп. Олардың елін, жерін сүйген патриоттық сезімін осыдан аңғаруға болады. Сонымен қорыта айтарымыз, қазақстандық патриотизм бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін білуі тиіс. Отан – от басынан басталады десек, туған облысымыздың, қаламыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын білгізудің мәні зор. тілін білуі тиіс. Отан – от басынан басталады .

Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік әрбір азаматтың мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындауы.

Қазақстанның баянды болашағы өскелең ұрпақтың қолында. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу отбасынан бастау алып, білім ошақтарында жалғасын табады. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу – барлық оқу орындарының, барлық пәндердің, соның ішінде «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің алдында тұрған басты міндет. «Алғашқы әскери дайындық» пәнін Кеңестер Одағы тараған соң, орта оқу орындарынан алып тастау – жастарға әскери патриоттық тәрбие беру, оларды әскер қатарында қызмет етуге дайындау ісіне едәуір зиянын тигізіп, жалпы білім беру деңгейіне де әсер етіп, Қарулы Күштерінің жеке құрамының моральдық адамгершілік сипатында көрініс тапты. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы №1340 «Алғашқы әскери дайындық туралы» қаулысы бойынша «Алғашқы әскери дайындық» пәні жалпы орта білім беретін мектептер мен бастапқы және орта кәсіптік білім беретін ұйымдарда 1996 1997 оқу жылынан бастап қайта енгізілді. Патриотизмі әр Қазақстандыққа тиесілі қасиетӘр адам отаны үшін отқа да, суға да түсуге дайын болу керек.

Біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, көп ұлтты мемлекет болсақ та, біз тату-тәтті өмір сөреміз. Әр азаматтың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілігі, патриотизм сезімі мол.Жыл сайын мыңдаған азаматтарымыз Отан алдында борышын өтеу үшін әскерге аттанады, осылай біздің азаматтарымыз отанға деген патриотизмімін білдіреді.

Патриоттық сезімді күшейтуге негіз болатын «Азаматтық борыш, Азаматтық парыз» болып, осының түпкілікті мағынасы – сүйіспеншілік, халқына, жеріне құрмет пен борышы.Егер осыдан борыш дегеніміз не? деген сұрақ туындаса. Онда борыш дегеніміз әр адамның өзіне жүктелген істі орындауға жауапкершілігін түсініп мойындауы.

Жастарға патриоттық тәрбие беруде тек қазіргі кезде емес сонымен қатар бұрынғы кезде аса үлкен мән беретін болған. Ұлы философ Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауып әкеледі»,деп айтты.Біздің ең басты парызымыз ол өскелең ұрпаққа жанжақты тәрбие беруіміз.

Алғашқы әскери дайындық пәні қазіргі өсіп келе жатқан жастарды патриотизмге үйретеді.Отанға және Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілік, әскери борышты мүлтіксіз орындауға рухтандыратын пән болып саналады.

Сөзсіз отанды қорғау ол әрбір азаматтың парызы. Еліміздің, жеріміздің қорғаушысы болуды армандайтын ұл, қыздарымыз көп. Өсіп келе жатқан жастарымыз жақсы біледі Отанды қорғау үшін ең алдымен білім керек. Болашақта тәуелсіз еліміздің мақтан тұтар аяулы ұл,қыздары – Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағулова сынды халқының құрметті азаматы болуды армандайды.

Біз өте жақсы білеміз заман күннен – күнге өзгеруіне байланысты отансүйгіштікке, тәрбиелеудің өзіндік бір қасиеттері болады. Ол ең алдымен «Ұлтжандылық», «Отансүйгіштік», «Патриотизм» ұғымдары сол заманның ақиқатынан, наным – сенімінен туындайды. Отанға деген сүйіспеншілік бойындағы күш – құжаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет ғұрыпты мен салт – дәстүрін құрметтеу сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан бастап қалыптаса бастады.

«Отан үшін отқа түс, күймейсің», деп аманат қалдырған Бауыржан Момышұлы. Осындай отанын сүйген және ол сезімінен қуат алған, ел қорғаны болған перзенттері бар елдің алар асуы мен шығар белесі әлі алда. Сондықтан да біздер халқымыздың қас батырлары – Қабанбай мен Бөгенбайды, Исатай мен Махамбетті, Кенесары мен Наурызбайды, Райымбек пен Қарасайды, Қасым хан мен Абылай ханды қадір тұтып қастерлейміз.

1996 жылы Алғашқы әскери дайындық сабағы Қазақстан Республикасының Үкіметінің арнайы қаулысымен енгізілді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі мерзімді әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметті өткерудің жағдайларына қысқа мерзімде бейімделіп, өздеріне сеніп тапсырылған қару – жарақ пен жауынгерлік техниканы меңгеру үшін жас сарбазды дайындау көлемінде қажетті білім алу тиіс.

Әрбір жасөспірім жасынан «Қазақстан – менің Отаным», «Ол мен үшін жауапты болған сияқты, мен де ол үшін жауаптымын», деген қарапайым ойды меңгеруі керек. Мектептерде оқушылардың әскери киім киюі әскери патриоттық тәрбиелеудің негізгі кілті. Алғашқы әскери дайындық пәнімен әскери – патриоттық тәрбие тығыз ұштастырыла отырып,жастардың әскери істі жақсы меңгеруіне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсілдері мен құралдарын дұрыс пайдалана білуіне ықпал етеді.

Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге балып келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі десе де болады. «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» дей келіп, адамның ұлы болуы үшін кісіге «Нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» керектігін ұлы Абай да жеріне жеткізе өсиет етіп кетті. Бұл өсиет, пікірлер бүгінгі мектептерімізде жеке тұлғаны патриотизм рухында тәрбиелеудің темірқазығы.

«Отанды сүю отбасынан басталады», отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Патриот, ержүрек адамды, табанды күрескерлерді тәрбиелеудің негізі оқу орындарында қаланады.

Қазақтардың Азамат соғысына және Ұлы Отан соғысына қатысуы туралы айтатын болсақ, олар біздің тәуелсіздігімізге өлшеусіз үлес қосқан. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан даласынан 1 млн. 200 мыңға жуық ұлдары мен қыздары майданға аттанып, 600 мыңнан астам адам қайта оралмады.Олар біздің болашағымыз үшін, Отан үшін өздерін құрбан еткен. Біз оларға өмір бойы қарыздар болып өтеміз.

Бауыржан Момышұлы атамыз атқандай: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзіңнің тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды, жеке адамның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын барлық жағынан біріктіреді» деп «ұлттық патриотизм»«қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама берген.

Елімізде өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру мақсатында мынандай ұсыныстар айта кету абзал. Қазіргі кезде жас жауынгерлердің әскери қызметі жұмыс жасау қажет. Мемлекеттік тілде әскери кітаптар шығарылуы керек. Сонымен қатар қазіргі кезде телеарналарда әр түрлі әскери бағдарламалар ашу керек.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінің айтсақ, бүгінгі күннің заманауи талаптарына сай қызмет көрсететін білім ошағы. Ал, ұстаздар ұжымы болса білімді, жігерлі, өз болашағына нық сенімді жас ұрпақты тәрбиелеу үшін тынымсыз еңбек етуде. Осындай білгір, білімді, қажырлы да қайратты ұстаздардан білім алып, қанаттары қатайған шәкірттерден болашақта Қазақстан Республикасының экономикасына зор үлес қосатын нағыз мамандар шығатынына сенімдімін.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. ҚР азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылға арналған мемлекеттік бағдарлама.
  2. «Әдеби әлем», Қазақстандағы алғашқы әдебиет порталы.
  3. Жастарды патриотизмге тәрбиелеу – Мұғалімнің басты міндеті – 7-9 бет
  4. Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29 Заңы.
  5. Алғашқы әскери дайындық кітабы. 10 сынып

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.