Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әдебиеттегі кеңгірбай би жандосұлының тұлғасы: тарихи шындық пен көркемдік сипат

Автор туралы ақпарат. Нұрланова Асем Нұрлановна филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан-Американдық еркін университетінің доценті.

Аннотация. Бұл мақалада XVIII ғасырда Еңлік-Кебек тарихының сипаттамасына арналған шығармаларда өмір сүрген Кеңгірбай бидің әдеби бейнесі қарастырылады. Сондай-ақ, Еңлік пен Кебек өмір сүрген дәуірге байланысты туындылардың тарихи негізі қарастырылады. Тарихи шындық негізінде, әр жұмыстың сюжеттік айырмашылықтары, тарихи шындықтың көркемдік сипаттамасымен байланысы талданған. Автор көркем суреттерді өздерінің тарихи үлгілерімен салыстырады. Әдебиеттің мақсаты тарихты сол күйінде қайта жазу емес, оқырман барлығын ақылы мен жүрегі арқылы қабылдауы үшін, оны әртүрлі көркемдік түстермен жандандырып қайта жазу. Оқырманның қабылдау тұрғысынан әдеби сауаттылық тарихтан гөрі әлдеқайда басым. Сондықтан көркем мәтін тарихи мәтіннен ұзағырақ өмір сүреді. Өнерде өзіндік шындық бар. Қалай десек те, Кеңгірбай бидің өз заманының тегеурінді би, найзалы батыр болғаны өз алдына, оның қатал да болса, саналы саясатының арқасында қалың Тобықты Шыңғыстауын мекендеп, құт мекенге айналдырып, бүкіл қазақ атын әлемге танытатын Абай, Шәкәрім, Мұхтар сияқты даналарды дүниеге келтірді.

Қазақ тарихтың талай – талай талқысына түскен, сан ғасырлардың соқтықпалы – соқпақсыз, сүреңсіз сүрлеуінің соққысын көрген ұлт. Сол бір қилы – қилы кезеңдер дерде қара халық көпке көсем, сөзге шешен, жауға батыр бола білген, тегеурінге төтеп берер тұлғаларға арқа сүйеді. Шәкәрім Құдайбердіұлының шежіресінде Кеңгірбай бидің ата тегі былай таратылады: Арғын – Қотан – Тобықты – Расыптек – Мұсабай – Сүйірбас – Сары – Кішік Әйтек – Олжай – Жігітек – Кеңгірбай[1].

«Үш Олжай атанған Айдостан Ырғызбай, Қайдостан Бөкенші, Борсақ және Жандос (Жігітек) баласы тарайды. Шапқыншылық заманда жау қолында қалып қойған ағасының балалары Бөкенші мен Борсақты ұрланып барып, алып қашып, жаудан құтқарған ерлігі, ептілігі, естілігі үшін балаң жігітке риза болған жеңгелері «жігіт болып қалыпты», «жігіт – ақ» десіп Жандос содан Жігітек атанып кетеді қалады [2].

«Тақыр жерге шөп шықпайды» дегендей, Кеңгірбай бидің тегі де тегін жерден емес. Оның ата – бабалары әманда ел – жерін қорғаған батыр, бақуатты бай, сөзін сүңгідей өткізе алар сұлтан болған жандар. Кеңгірбай би де өз тұсында Шыңғыстау жерін қоныстанған Тобықтысына көсем болып, ол жерден қалың найман мен матайды, көп керей мен уақты бірте – бірте ығыстырады.

Ұлы Абай «Кеңгірбай басшы болмаса, біздің ел бытырап, әркімге сіңісті, телім болып кетер еді» деп Байкөкше ақынға «Кеңгірбай би» дастанын жаздырған, би бейіті басында жиі болған [3]. Абайдың Кеңгірбайға жақындығы жағын ғұлама жазушы М. Әуезов сөзімен келтірсек: «Абай Тобықтының үлкен руы – Кішік ішінде, Ырғызбай деген табынан шыққан. Ақынның үшінші атасы – осы Ырғызбай, бұ кісі 1750 жылдарда Ақтабан шұбырындыдан кейін Арқаға сырғып ауған жолда, Ырғыз өзенінің жағасында туғандықтан, соның атымен аталыпты. Ырғызбай – Айдос баласы, Айдостың өзге балаларының ішінде Көтібақ, Торғай дегені, одан соң Айдостың туысқаны Жігітектің баласы Кеңгірбай – барлығы да жаңағы жолдағы өзен – сулардың атымен аталған. Көтімалды өзенінің жағасында Көтібақ, Торғай өзенінің жағасында Торғай, Кеңгір өзенінің жағасында Кеңгірбай туыпты» [4].

М. Әуезов Кеңгірбай бидің айтқан билік сөздерін әдебиет тарихына енгізіп, «арбасып, ырғасып жұмбақпен, тұспалмен айтысатын билікке» жатқызады [5 ].

Елі Кеңгірбайдың атын атамай «Би ата», «Қабекең» деп кеткен. Бұл туралы Шәкәрім ақынға жүгінсек: «Қабекең – Кеңгірбай биге қойылған ат. Қабан сияқты бұрылмайтын мықты деген сөзден шыққан», дейді [6].

Алпыс жыл бойы танбай ел басқарған Қабекең қасиетті Шыңғыс топырағын қалың орман тобықтысынан құтты қоныс, ұрпағына тұрақ ету үшін қатал қайрат, тайынбайтын табандылық танытқан. Би өмір сүрген кезеңде қазақ жеріне ақ патшаның отаршылдық саясатының көлеңкесі де түскен тұс болатын. Бұл жағдайда да көрегендік танытып, елді тәуелсіз ұстауға тырысады.

Зерттеуші Н. Төреқұл өзінің «Даланың дара ділмарлары» еңбегінде бидің шешендік сөздерін, Кеңгірбай бабаның Семей оязының бұйрығымен тұтқынға түскендігі және одан өзінің шешендігі, алғырлығы, тапқырлығы мен айласы арқасында босанып шыққандығы туралы деректер келтіреді[7].

Патша үкіметі бидің саясатын ұнатпай, тағы да жаламен ұстатқанда, Қараменде және Көбей билер жемқор жендеттерге тоқсан өгіз айдап беріп, Қабекеңді құтқарып қалады [2].

Көнекөз қариялардың айтқандарына сүйене отырып, Абай ауданындағы Кеңгірбай би ауылының азаматы С. Шабданұлы би туралы мынадай мәлімет береді: «...Қабағы көзін жауып тұратын ойлы көзді ат жақты батыр тұлғалы, сұсты, арлы, тәкаппар кісі болған. Жұмбақтамай сөйлемейтін, сөйлесе сұғын қадап тік қарап, өктем сөйлейтін адам. Өз айтқаны болмаса, кісі сөзіне ырық бермейтін... Кеңгірбайдың ерекше қасиеті – ойлы философ, шешен тілді, батыл жүректі батыл болған. Ол билікті Әз Тәукенің «Жеті жарғысының» баптарына сүйеніп айтқан. Онда біреудің құда түсіп, қалыңын беріп ұрын барған қалыңдық – барар жерінің некелі қалыңдығы болып есептелген. Осы шартты бұзылған адамға өлім жазасы кесілген... Ғалым молда Жандабайдың Рахымы айтады: «Би атама бірде зеңгі жолдасы Әлтеке Сарым Шабан би «Құдайдан не тілейсің?» деп сұрақ қояды.

«Құдайдан бірінші тілейтінім – халқымның амандығы, екінші тілегім – ұрпақ тілеймін. Ұрпақ тілегенде – дана берсін, дана бермесе сана берсін, сана бермесе ебін тауып ала берсін...», деген» [8].

Мінезі қатты, айласы мол Кеңгірбай би қайыспас қаталдығымен де танымал болған.

Белгілі ғалым Т. Жұртбай: «Сырт жұртқа тырнағы қатты батқан», деп те айтады» [9].

Кеңгірбай би туралы ел аузында сақталған жоқтау бар. Оны «Жоқтаған жыр» деген атпен ХІХ ғасырда белгілі ғалым В. Радлов жарыққа шығарған [10]. Бұл жоқтауда биді «жеті атасы бай өткен», «қаптатып жылқы жаптырған» дәулетті, «жеті рудан қол жиған», «қабырғадан қан кешсе, қажымай оған күлетін», қарсы келген дұшпанға «қар жаңбырдай бораған» батыр, Қаратаудай қайратты, «қарасы мен төресі қамап ақыл сұраған» дана,

«Кәріп пенен қасарға», «жетім менен жесірге» қайырымы мол, «қонақ келсе қой семізін сойдыратын» жомарт тұлға ретінде сипаттайды. Тіпті жоқтауда Кеңгірбай бабаны «Хан иеміз» деп дәріптейтін, асыл нұрдан жаралған ерекше құбылысқа балайтын жерлер де бар.

Кейін осы жоқтау А. Байтұрсынов құрастырған «23 жоқтау» жинағына енген. Ғалым онда мынадай түсініктеме келтіреді: «Кеңгірбай он сегізінші ғасырда, Абылайдың заманында Тобықтыны билеген. Абылайдан 30 жыл соң алжып өлген. Ақын Абайдың бесінші атасы Айдос пен Кеңгірбай әкесі бір туысады. Бейіті Шыңғыстың бауырында, Қарауыл өзенінің жайылмасында Ши деген жерде. Жол аузында арбаның мұрындығы тиетін тұмсықта. Күн шығысында Орда жақта 3 шақырымда ақын Абайдың бейіті. Бұ да Шиде көрініп тұрады. Кеңгірбай Түркістаннан ел ауып келе жатқанда Ұлытаудың Алаша хан, Жошы хан бейіті тұрған Кеңгірдің өзенінде туыпты. Атын сонымен Кеңгірбай қойыпты. Туған жылы 1830-дың айналасы болса керек» [11].

Жоқтауда Кеңгірбай образын жеріне жеткізе мақтаумен қатар, жағымсыз қылықтарын да көрсеткен. Бірақ, А. Байтұрсынов даңқты бидің бейнесін қаралайтын төмендегі жолдарды алып тастайды:

«Тобықтының биі еді, Сексенге келген Кеңгірбай, Ішің толды параға.

Парадан алған көп мақпал. Өлгенде жайылсын қараңа. Екі жұртқа жем қылып Лажың не – дір алдыға?» [10].

Кеңгірбай бидің әдебиеттегі образы «Еңлік – Кебек» сюжетіне жазылған шығармалармен байланысты. Осы оқиға негізінде жазылған туындылардың қайсысын алсақ та, екі жастық өліміне себепкер болған басты тұлға – Кеңгірбай би.

«Еңлік – Кебектің» 1892 жылы «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген атпен «Дала уәлаяты» газетінің 31-39 сандарында жарияланған прозалық нұсқасында

«Тобықтыдан шыққан төбе би Кеңгірбай» екіжүзділік танытып, сыртынан Кебек жақта болса да, іштей қызғанған көңілмен өлімге кеседі. Бұл іштарлықтың себебі – Кебектің ел ішінде күннен күнге артып келе жатқан беделі елін жалғыз өзі билеп – төстеген биді тағынан ысырып жібере ме деген қорқынышта жатыр.

Шәкәрім ақынның «Еңлік – Кебек» поэмасында Кеңгірбай кешегі шешен билердің дәстүрін жалғастырушы. Шәкәрімнің аузындағы Кеңгірбай – «жұмбақтамай сөз айтпайтын», «қысылғанда баратын Қабекең». Ол мұндай шешімге амалсыз келеді. Кеңгірбай кесімін поэма барысында ақынның өзі «Найман тым көп, Тобықты аз, Арғын алыс» депақ ақпап алады. Дегенмен, үкімді Кеңгірбайдың аузынан шығартып, Еңлік пен Кебектің қаны оның мойнына жүктелгенін ашық айтып береді.

Шәкәрімде кінәлі Кеңгірбай емес, трагедиялық үкім де Кеңгірбайдікі емес, оны итермелеген салт пен сананың үкімі. Қоғамы мен заманының алдында құдіретті би Кеңгірбай да шарасыз.

Кеңгірбайға керегі ел бүтіндігі. Ол қара қауым тобықтысы үшін Еңлік пен Кебекті де аяуға құқы жоқ.

Сондықтан да, шәкәрімтанушы ғалым, белгілі әдебиет зерттеушісі Б. Әбдіғазиев айтқандай, «Шәкәрімнің Кеңгірбайы – жан дүниесі күрделі жан, бір қылығы ұнамды болса, екінші әрекеті оғаш көрінер тұлға» [12].

Ал оты аттас Мағауия Абайұлының дастанындағы Кеңгірбайы кекшіл, парақор би. Оқиғаны трагедияға бұрып, екі жасты өлімге қиюында мынадай гәп бар. Біріншісі – қыздың айттырып қойған жерінен пара алып қоюы, екіншісі – «Екі түйе сүйгенсе, ортасында шыбын өледі» дегендей, Тоқтамыспен арасындағы жеке басының араздығы; үшіншісі – «зор көкірек, өр сөзді» Кебектің ру ішіндегі өз беделін ығыстырып жіберер деген қорқынышы.

М. Әуезов Мағауия поэмасын өз тұсындағы ақындардан оқшаулап тұратын озық жайт ретінде де осы Кеңгірбай бейнесінің сомдалуын айтады: «Мағауияның уақытында, рушылдық салт бойынша тобықтының әруақ тұтып, қадірлейтін атақты биі – Кеңгірбай болатын. Заманында оның істеп кеткен озбыр, содыр істері болса да, рушылдық, ақсақалдық салт – сан бойынша кейінгі ұрпақ Кеңгірбайды сынамастан «баба» деп, «би» деп қадірлейтін.

Абай болса, қазақтың бұндай ескілікті кертартпа санасына өзінің сыны мен ақылын билеткен, бағындырған емес. Ол Кеңгірбайдың өз заманындағы парақорлық сияқты арамдықтарын ашық айтып, әшкерелеп жүретін. Еңлік пен Кебектің өліміне себепші болған – Кеңгірбайдың билігі. Ол осы билікті Матайдан пара алып айтты деп сынайды. Кейінгі надан ұрпақ Кеңгірбайдың атын да атамай, оны – «Қабекең» дейтін. Мағауия осы жөнінде еркін сыншылдық танытады. Кеңгірбайдың әулиелік, аруақты маскасын сыпырады» [12].

Мағауия Кеңгірбай қылығын ашық әшкерелейеді. Ақын суреттеуіндегі Кеңгірбай – «діні қатты», «пақарор», «надан», «арам», «залым би». Кеңгірбай сынды өз заманының парақор, надан, кекшіл, зұлым билерінің қылығын әшкеремек мақсатта ақын Кеңгірбай образын типтендіріп жібереді. Осы жерде тағы да Б. Әбдіғазиұлының пікіріне сүйенсек:

«Кеңгірбай бейнесі арқылы Мағауия сол кездегі қазақ қоғамының тағдырын қолына ұстаған байлар мен билердің озбырлығын сомдаған. Мағауияның Кеңгірбайы осындай үстемдіктің, әділетсіздіктің жиынтығы ретінде көрінеді. Оның бейнесінде қоспа сипаттардың, авторлық әсірелеудің мол болуының осындай құпиясы бар» [13].

Шәкәрімдегі сөзі дуалы беделді рубасы Кеңгірбай Мағауияда ұсақ, жеке басының ішкі есебін ойлаған айлакер би деңгейіне түсіп қалады. «Батыр аңғал келеді» дегендей, тіпті Кебекті қолға түсіргенде де айла қолданады.

Кеңгірбай айтты: «Сөйлес аттан түсіп, Батырым, қорқып жүрсің неден шошып. Әуелі өзді өзіміз сөйлеселік,

Сонан соң жіберейін қызды қосып, деп Кебекті алдап қолға түсіреді [14].

Шәкәрімде Кеңгірбай қатал үкімге екі ел арасындағы қантөгісті болдырмау үшін барса, Мағауияда жеке басының есебінен басқа, салтты желеу етеді:

Қатынына еш адам ие болмас, Қоймасақ тию салып осындайға [15].

Мағауияда трагедиялық халге әкелген және шешім шығарған орталық фигура

Кеңгірбай болса, Шәкәрімде қайғылы өлімдегі Кеңгірбай үлесі солғын.

М. Әуезовтің «Еңлік – Кебек» пьесадағы Кеңгірбай би «кертертпа ескіліктің» көлеңкесін түсіріп тұрған образ. «Еңлік – Кебектің» нұсқалары туралы алғашқы болып ғылыми талдау жасаған ғалымдардың бірі Р. Нұрғалиев ол туралы былай дейді: «Қазақ топырағында туған айрықша бір образбен жүздесеміз. Қаттылық, мұз суықтық бейнесіндей сұсты образ» [14].

Осы сұсты образ, жазықсыз жастардың жаналғышы өзін қалай ақтайды? Бұл турасында зерттеуші А. Нұрқатовқа сүйенсек: « Өзінің қорқау құлқының жендеті болған ол параға сатылып, Еңлік пен Кебекті азаптап өлтіруге бұйырады. Кеңгірбай мұның бәрін ата жолы, дін ғұрпы, шариғат заңы дегендерді жамылғы ете отырып жасайды» [16].

Жас Кеңгірбай шешен тілімен, өткір мінезімен жиын – той, билер кеңесінде тобықтының іргелі биі Қарамендені ығыстыра береді. Ел билеген екі би арасындағы араздықты, яғни тарихи шындықты М. Әуезов пьесасында қағыс қалдырмайды. Оны көркемдік шындыққа айналдырып, тартыс желісін күшейтеді. Жазушы Еңлік – Кебек қасіреті рулық бақталастықтың кесірінен болғанын үстемелей көрсету үшін Кеңгірбай мен Қарамендені бір – біріне қарама – қарсы қояды. Қос ғашықты наймандардың қолына беруді Қараменде сүйекке түскен таңбаға балайды. Кеңгірбай оны жақтырмайды. Пьесада Кеңгірбай Еспенбеттің екпінінен сескенеді. Жаулық өрті тұтанып кеткенін білген соң екі жасты ұстап бермек болып сөз байласады.

Әдебиеттің мақсаты өмірді қаз – қазпында көшіріп бейнелеу емес. Әдебиет болмысты көркемдеп, сан алуан сәттерді әр алуан бояумен боямалап, оқырманының санасына тыңнан жүлге салатындай әсерлендіріп, жандандырып беруімен де әдебиет.

Халық көңіліне жақын, әсерлірек көркем әдебиеттің тарихтан гөрі таразысы басым.

Сондықтан кейде көркемдіктің ғұмыры тарихи шындықтан ұзағырақ келеді.

Өнердің өз шындығы, көркемдіктің өз қисыны бар.

Қалай десек те, Кеңгірбай бидің өз заманының тегеурінді би, найзалы батыр болғаны өз алдына, оның қатал да болса, саналы саясатының арқасында қалың Тобықты Шыңғыстауын мекендеп, құт мекенге айналдырып, бүкіл қазақ атын әлемге танытатын Абай, Шәкәрім, Мұхтар сияқты даналарды дүниеге келтірді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз – қазақ һәм хандар шежіресі. – Алматы, 1991.
  2. Жанболатов М. Би ата асы // Абай. – 1996. №4.
  3. Мырзахметов М. Ғылыми түсініктемелер // Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 8 т. Алматы: «Ғылым», 2002.
  4. Әуезов М. Абайдың туысы мен өмірі // Шығармаларының елу томдық толық жинағы. Т.8. Алматы: «Ғылым», 2002.
  5. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы: «Ана тілі», 1991.
  6. Шәкәрім. Қазақ айнасы: Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: «Атамұра», 2003.
  7. Төреқұл Н. Даланың дара ділмарлары. – Алматы: «Қазақстан», 2001.
  8. Шабданұлы С. Кеңгірбай би // Ертіс өңірі, 19-ақпан, 2002 ж.
  9. Жұртбай Т. «Еңлік – Кебек» пьесасының тарихи негіздері // Мұхтар мұрасы. Алматы:«Қазақстан», 1997.
  10. Радлов В.В. Алтын сандық. Құрастырып, алғы сөзі мен түсініктемелерін жазғандар. – Қасқабасов С.Ісләмжанұлы К.. – Алматы: «Ана тілі», 1993.
  11. Байтұрсынов А. Ақ жол: өлеңдер мен тәржімелер, публ. мақалалар және әдеби зерттеу / Құрастырған Р. Нұрғалиев. – Алматы: «Жалын», 1991.
  12. Әуезов М. Абай Құнанбаев. Монографиялық зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: «Санат», 1995.
  13. Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім әлемі. – Алматы: «Раритер», 2008.
  14. Абайдың ақын шәкірттері. Дайындаған Қ. Мұхамедханұлы / Алматы: «Дәуір», 1993.
  15. Нұрғалиев Р. Трагедия табиғаты: Монография. – Алматы: «Жазушы», 1968.
  16. Нұрқатов А. М. Әуезов творчествосы. Алматы: «Жазушы», 1965.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.