Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

ҚР зейнетақы жүйесінің жетілдіру жолдары

Зейнетақымен қамсыздандыру кез келген ел үкіметінің басты назарындағы әлеуметтік мәселелер қатарына жатады. Қазақстан Республикасында да азаматтардың қартайғанда әлеуметтік қамсызданды- руға құқықтары Конституцияда бекітілген.

Экономикалық дамуды ескеретін қаржылық тұрақты, дербестендірілген зейнетақы жарналар арқылы еңбек үлесімен өлшенетін әділ жүйе құру қайта құрудың басты мақсаты болып табылды.

Еліміздегі зейнетақы жүйесін реформалаудың 14 жылы ішінде толыққанды көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құруға арналған тұжырымды және нормативтік құқықтық база қалыптастырылды, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің инфрақұрылымы жасалып, дамытылуда, зейнетақы жүйесін басқарудың белгілі бір тәжірибесі жинақталды. Бұл қолданыстағы жүйеге қажетті талдау жүргізуге және тиісті түзетулер енгізуге мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда зейнетақы қызметі рыногында 11 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеуде. Салымшылардың дербес зейнетақы шоттарының саны 8,2 млн. бірлікті құрайды. Бұл ретте қорларға міндетті зейнетақы жарнасын белсенді төлеушілердің саны 5,6 млн. адамды немесе жұмыспен қамтылған адамдардың 67 %-ын құрайды (1999 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп). Салымшылардың зейнетақы жинақтары 2011 жылдың басынан бері 393,2 млрд. теңгеге немесе 17,4 %-ға көбейіп, 2 триллион 651 млрд. теңгені құрады.Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері 2 триллион 546 млрд. теңгеден астам сомаға инвестицияланды, бұл барлық зейнетақы жинақтары сомасының 96 %-ы. Реформаның алғашқы жылдары қорлардың инвестициялық портфелінде мемлекеттік құнды қағаздар басым болған болса, қазіргі кезде мемлекеттік құнды қағаздарда инвестициялардың үлесі төмендеген, бұл орайда корпоративтік құнды қағаздарға және екінші деңгейдегі банктердің депозитіне салынған зейнетақы жинақтарының көлемі өсуде.

Ең алдымен, зейнетақымен қамтамасыз етуді қайта құру нарықтық өзгерістерді нақты қарастыратын теориялық тұрғыны ескеру арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз етуді ұтымдастырудағы негізгі мәселе зейнетақымен қамтамасыз ету институттарын дамытудың ұтымды қатынастарын анықтауда болып табылады. Оның тиімді үйлесуі үшін:

  • -зейнетақымен қамтамасыз етудің ерікті жеке үлгісін жасау;
  • әлеуметтік тәуелділіктерді бағалау мен негіздеу бойынша ғылыми құралдар жасау;
  • әлеуметтік зейнетақы мен зейнетақылық сақтандырулардың ұйымдастырушылық, қаржылық, құқықтық формалары, зейнетақының әлеуметтік және сақтандырушылық мәнін, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік сақтандыру сегменттері арасында ұтымды қатынасты қалыптастыру;
  • зейнетақы жүйесінің негізгі әлеуметтік субъектілерінің (жұмыс беруші, жұмыскер, мемлекет) тең деңгейде қатысуының (жарналарды төлеушілер, алушылар үшін де көзқарастарының теңгермешілігіне қол жеткізу) жаңа тәртібін орнату;
  • халықты зейнетақымен қамтамасыз етуді қаржыландырудың ерікті жеке тетігін (сақтандыру құралдарын аз қамтылғандардың пайдасына қайта бөлу, бірақ “кім сақтандыру жарнасын көбірек төлесе, сол зейнетақымен көбірек қамтылады” деген басты қағида) жасау;
  • сақтандыру жарналары мен зейнетақының көлемдері арасында өзара байланысты қалыптастыру. Ол сақтандырушының құқығы мен жауапкершілігін теңестіруге мүмкіндік береді;
  • барынша зейнетақы жүйесінің әлеуметтік тиімділігі, бір жағынан қартайғандағы кедейлікті жою, бүкіл халықты әлеуметтік қорғау, екінші жағынан-сақтанgырушыларgы зейнеткерлікке шығу кезінде еңбек еткен мерзіміне сәйкес табыс деңгейін сақтап қалу;
  • еңбекке жарамдылығын жоғалту және денсаулығына зиян келетін тәуекелділігі жоғары өндірістер үшін міндетті кәсіби жүйені қалыптастыру және жүйелендіру.

Ол үшін Қазақстан тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз етудің жаңа үлгісін жасау керек. Қазіргі қазақстандық зейнетақымен қамтамасыз ету нарығы өзінің қалыптасу кезеңінде.Тәжірибелер көрсеткендей Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз етуді қайта құру, оны жекелеп жетілдіру емес, түбегейлі өзгертуді талап етеді.

Зейнетақымен қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі таңда азаматтардың зейнетақы жүйесінің қай бөлігіне жататыны және қандай мөлшерде зейнетақы тағайындалатыны туралы түсініксіздігі тұрғындардың арасында жаңа ақпараттармен қамту қажеттілігін айқындайды. Себебі, кеңес одағы кезінен қалыптасып қалған пікірлер зейнетақымен тек мемлекет тарапынан қамтамасыз ету түсініктері әлі де болса орын алуда. Сонымен қатар, зерттеу жұмысында зейнетақылық жарналардың көзі және міндетті зейнеткерлік сақтандыру кезіндегі салымшылардың зейнетақыларын қалыптастыру тәртіптері жасалынды.

Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесш жетілдіруде экономикалық- математикалық әдістерді пайдаланудың маңызы өте үлкен.

Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесшің негізгі экономикалық көрсеткіштерін математикалық талдауда оның: зейнетақы алушылар саны, белгіленген зейнетақының орташа айлық мөлшері, ЖЗҚ-ныңсалымшыларының саны, ЖЗҚ-ғы тұрғындардың зейнетақы жинақтары, еңбек ақының орташа айлық мөлшері және қамтылған тұрғындар саны сияқты негізгі көрсеткіштері қарастырылады.

Қазақстанда өмір сүру ұзақтығына қарамастан, зейнет жасына жеткеннен кейін сақтандырылған адамға аннуитеттер төлеуді көздейтін зейнетақымен сақтандыру жүйесі де белсенді енгізілуде. 2007-2011 жылдар аралығында зейнетақы аннуитеті шартын жасаған салымшылардың саны 300 есеге (29 шарттан 6,5 мың шартқа дейін), зейнетақы аннуитеттер бойынша сыйақылар жинағы 500 есеге (32 млн. теңгеден 15,8 млрд. теңгеге дейін) өсті.2008 жылы басталған әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс дамыған елдердің әлеуметтік- экономикалық жағдайына едәуір әсерін тигізді. Дағдарыс ықпалын ескерген Қазақстан қаржы жүйесін сауықтыру жөніндегі кешенді шаралармен қатар, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз санатының өмір сүру деңгейін төмендетіп алмау үшін алдын алу шараларын қарастырды. Осындай дағдарысқа қарсы шаралардың бірі зейнетақы төлеміне құқық туындаған сәтте, яғни зейнетке шығар кездегі инфляция деңгейіне қарай міндетті зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша кепілдіктермен қамтамасыз ету болды.

Сондай-ақ, мемлекет зейнетақы алу құқықтары реформаға дейін туындаған 1 млн. 735 мың зейнеткер үшін ынтымақты зейнетақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындауда. Зейнетақы жүйесін реформалаудың алғашқы жылдарында табысты орташа зейнетақымен ауыстыру ставкасы кеңес кезіндегіден (1991 жылы - 42,8%, 2001 жылы - 34,2 %) төмен болған болса, 2005 жылы базалық зейнетақы төлемінің енгізілуін, сондай-ақ соңғы үш жылғы жыл сайынғы 25-30%-дық өсірулерді ескеретін болсақ, ынтымақты зейнетақы жүйесіндегі зейнеткерлердің ауыстыру ставкасы 2011 жылы 46,1 %-ды құрады, бұл Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымына сай келеді. Мұндай шаралар зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшерін 24047 теңгеге, орташа мөлшерін 35829 теңгеге, ең жоғары мөлшерін 52226 теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Дамудың оң үрдістеріне қарамастан, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде шешімі табылмаған оның қаржылық тұрақтылығы, сенімділігі, шынайылығына (зейнетақы төлемдерінің сәйкестігі) және әлеуметтік тиімділігіне қатысты бірқатар жүйелі проблемалар бар. Қазіргі таңда Экономикалық даму және сауда министрлігімен, Ұлттық банкпен бірлесіп қолданыстағы зейнетақы жүйесінің жай-күйіне кешенді талдау жүргізу, сондай-ақ оны одан әрі жетілдіруге жағдай жасау үшін әдістемелерді айқындау жұмыстары басталды. Сондай-ақ Қазақстанның Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасындағы бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберінде зейнетақы жүйесінің барлық деңгейлерінде актуарлық есептер жүргізу және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру және одан әрі дамыту жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін Дүниежүзілік банк сарапшылары тартылған.

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Президент – Ұлт көшбас- шысы Нұрсұлтан Назарбаев «қазақстандық жолдың жаңа кезеңі – ол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер» екенін атап өтіп, Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында жақын онжылдықта әлеуметтік қорғау мәселесі еліміздің негізгі даму басымдықтары болып белгіленген.

Осыған байланысты, жақын келешекте қолданыстағы зейнетақы жүйесіне параметрлік өзгерістер енгізуді талап ететін базалық және ынтымақты деңгейлерде зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру тетіктерін әзірлеу өзекті мәселенің бірі болып тұр. Келешекте, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін базалық зейнетақының мөлшері 2015 жылға ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің 60%-на жеткізіледі, ал ынты- мақты зейнетақы төлемдері жыл сайын инфляция деңгейіне қарай міндетті түрде өсіріліп тұрады.

Тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметімен қамтуды кеңейту, жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметін және олардағы зейнетақы төлемдері тетігін жетілдіру, сондай-ақ зейнетақы аннуитеттері рыногын дамыту қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдірудің басты бағыты болып табылады.

Қазақстан Үкіметі 2011 жылдың наурызында бекіткен «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының аясында тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейту жоспарланып отыр. Аталмыш бағдарлама өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар мен табысы аз қазақстандықтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесуге ғана емес, өз бетінше жұмыспен қамтылған адамдарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартуға да бағытталған.

Жұмыспен қамту бағдарламасының нәтижесінде жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылған өз бетінше жұмыспен айналысатындардың саны 2016 жылға қарай шамамен 1,0 млн. адамды құрайтын болады. Бұл ретте бағдарламамен қамтылған өз бетінше жұмыспен айналысушы адамның 60 %-ы жалдамалы қызметкер

мәртебесіне ие болады. Өз бетінше жұмыспен айналысатындардың жалақысын төлеуге жұмсалатын субсидия сомасынан 10 % мөлшерінде міндетті зейнетақы жарна аударылатын болады. Өз бетінше жұмыспен айналысатындардың екінші бөлігі (40 %) өз пайдасына 22,2 млрд. теңге сомасында міндетті зейнетақы жарнасын аударады. Сонымен бір уақытта өз бетінше жұмыспен айналысатындардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу есебі мен мониторингін жетілдіру шаралары қабылданады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық проблемаларын шешу құнды қағаздар рыногының жай-күйімен тікелей байланысты, себебісалынған зейнетақы активтерінен инвестициялық табыс алу портфельдік инвестициялар шеңберінде ғана мүмкін және орынды болады. Биылғы жылдан бастап, жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржылық құралдар құрылымы бойынша және инвестициялық қатерлер деңгейі бойынша ерекшеленетін бірнеше инвестициялық портфельдерді (консервативтік, біркелкі) қалыптастыратын болады.

Бұл орайда жинақтаушы зейнетақы қорының әрбір салымшысына (алушысына) зейнетақы жинақтарын көбейту мақсатында инвестициялық портфельді өз бетінше таңдау құқығы беріледі.

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері тетіктерін жетілдіру және келешекте зейнетақы аннуитеттері рыногын дамыту аяқталғаннан кейін аннуитеттерді одан әрі кеңінен қолдану, бірлескен аннуитеттердің түрлерін енгізу жоспарлануда, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібіне де бірқатар өзгерістер енгізілетін болады.

Қорыта келе, Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамытудың келешек перспективалары ұлттық экономиканың шикізат моделінен индустриялық- инновациялық моделіне өтуімен тығыз байланысты, оның басты құрамдас бөлігі қоғам мен мемлекеттің заманауи зейнетақы жүйесінің жалпы рентабельдігіне тікелей әсер ететін тыныс-тіршілігінің барлық салаларын жаңарту болып табылады, ал мемлекеттік шығыстарды жоспарлаудың негізгі басымдығы халықтың тұрақты өсуі, өмір сүру деңгейінің артуы және олардың әл-ауқатын нығайту болған және бола да беретінін атап өткім келеді.

Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі көрсеткіштерінің өзара байланысын зерттеу - жұмыстың ең маңызды мәселесінің бірі. Бұл жүйедегі жүргізіліп жатқан іс-шаралар негізгі көрсеткіштерді реттеумен байланысты. Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жақсартуда дұрыс шешім қабылдау үшін осы жүйенің негізі болатын айнымалылардың бір біріне қалай әсер ететінін білдік. Атап айтар болсақ, нарықтық экономикада зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіне тікелей әсер ететін факторлар арасындағы байланыс зерттелді.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. 1.Зейнетақы қорларының дамуы және қалыптасуы // ҒЕ “Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы аймақтық экономиканың өзекті мәселелері. Кітап 1, Экономика сериясы, .115-119 б. Шымкент, ХҚТУ, 2003
  2. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының жағдайын бағалау // ҒЕ “Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы аймақтық экономиканың өзекті мәселелері. Кітап 1, Экономика сериясы:, 316-318 б. Шымкент , ХҚТУ, 2003
  3. Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесін талдау // Экономикалық журнал “Аль Пари” 2/3, Алматы, 2004 - 141-144б.
  4. Инвестиционная деятельность фондов и оценка пенсионных активов Орталық Азия одағының ұлттық экономика жүйесінің мүмкіншіліктері мен интеграциялық болашағы // Халықаралық конференцияның материалдары.Ібөлім Қ.А Ясави атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Түркістан, 2005 - 15-18б.
  5. 5.Зейнетақы төлеуді жетілдіру жолдары //Орталық Азия одағының ұлттық экономика жүйесінің мүмкіншіліктері мен интеграциялық болашағы. Халықаралық конференцияның материалдары.ІІ бөлім Қ.А Ясави атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Түркістан, 2005-146-147б.
  6. Негосударственные пенсионные фонды как иститутциональные инвесторы социальной сферы //Хабаршы Вестник Аль–Фараби атындағы ҚҰУ Экономика сериясы №5 (1) Алматы, 2005- с.16-17
  7. Нарықтық экономикадағы зейнетақымен қамтамасыздандыру жүйесін реформалаудың әлеуметтік мәселелері //“Әуезов оқулары -3”халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектері. – Шымкент, 2007--19-21б.
  8. 8.Зейнетақы жүйесінің қалыптасу қағидалары мен модельдері // Оңтүстік Қазақстан ғылымы мен білімі. Республикалық ғылыми журнал № 7(72) – Шымкент,2008 3-6 б.
  9. Зейнетақы жүйесі дамуындағы факторлар // “Әуезов оқулары -7: М.Әуезов және қазақтанудың өзекті мәселелері” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектері. – Шымкент, 2008-173-176 б.
  10. Нурмагамбетов А.М. Рынок труда: правовые проблемы и перспективы.- Алматы: ТОО "Баспа", 2011г. стр 12-14
  11. Абилкасимов С. Переориентация на активные формы борьбы с безработицей. Вести Казахстана- 20 октября, 2011, с.3.
  12. Бейсенов С.Д., Мухамбетов С.Ж. Инфраструктура рынка труда. Человек и труд- № 1, 1993, с.18-20.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.