Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың теория және практикалық мәселелері

Осы мақалада мүлікті сенімгерлікпен басқарудың негізгі құқықтық мәселелері, теория және практикалық сұрақтары, құқықтық реттеудегі ҚР азаматтық заңнамасындағы қайшылықтар мен қиындықтар қарастырылды. Сол сияқты Қазақстан Республикасының азаматтық құқық теориясында сенімгерлікпен басқару құқығының заттық құқықтарға жатқызылатындығы, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты нақты шарт болып табылатындығына назар аударылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында жеке және мемлекеттік меншік нысандарының бекітілуі, мемлекеттік экономиканың ішкі тұйық жүйесінің қатынастарына қолданылатын жедел (оралымды) басқару мен шаруашылықты жүргізудің, мемлекеттік меншіктің жеке тұлғалардың қолына берілуі тиіс болған кездегі қатынасты теңдей (бірдей) реттей алмаушылығына әкеліп соқты. Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары жаңа институтты талап етті. Мүлікті сенімгершілікпен басқару осындай институт болып саналды.

Мүлікті сенімді басқару қатынасы ҚР Азаматтық кодексінің нормаларымен реттеледі (44-тарау). Кейбір заң актілері мүлікті сенімгершілікпен басқаруға қатысты нормалардан тұрады. Атап айтқанда, бұл 1995 жылдың 17 сәуіріндегі Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" Заңы (ақшалармен трасталық операциялар), 1997 жылдың 20 маусымындағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы зейнеткерлікпен қамтамасыз ету туралы" Заңы (зейнетақы активтерін басқару) және өзге заң актілері. Бірқатар заңға сәйкес актілер бар, мысалы, 2000 жылдың 20 қаңтарындағы №99 ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген, мемлекет қызметшілерінің мүліктерін сенімгерлікпен басқару тәртібі туралы Ереже және т.б.

Қазақстан республикасының заңдары мүлікті сенімгерлікпен басқару түсінігіне анықтама бермейді. Алайда, сенімгерлікпен басқару туралы жалпы ережелер негізінде мынадай анықтама беруге болады: мүлікті сенімгерлікпен басқару - заңмен немесе шартпен белгіленген өкілеттіктер шеңберінде берілетін тұлғаның мүдделерін немесе өзге заңдастырылған тұлғаның (пайда алушының) мүдделері үшін жүзеге асырылатын оның билік етуіне, пайдалануына және басĸаруына берілген мүлікті өз атынан басĸару жөніндегі сенімгерлікпен басқарушының қызметі.[1,191 б]

Мүлікті сенімгерлікпен басĸару міндеттемелік құқықтың басқа да институттарынан әр қилы пайда болу негіздерімен ерекшеленеді. Мүлікті сенімгерлікпен басĸару меншік иесі емес тұлғамен құрылған жағдайда кұқықтык коллизиялар кездеседі. Бұл көбінесе аталмыш кұқықтык институттың жаңаша ĸолданылуымен, АК-тің ережелерін ары қарай дамытатын арнайы заңдардың жоқтығымен түсіндіріледі.

Қ.Р АК-тің 883-бабы 2-тармағына сәйкес мүлікті сенімгерлікпен басĸару мына негіздер бойынша пайда болды.

  1. Мәміле (атап айтĸанда, шарт бойынша, өсиет орындаушы тағайындалған өсиет бойынша);
  2. Сот шешімдері (банкроттыĸ, әрекетке қабілетсіз, хабар-ошасыз кеткен немесе қайтыс болады деп жарияланған азамат мүлікіне қорғаншылық белгіленген кезде және заң актілерінде көзделген басĸа жағдайларда);
  3. Әкімшілік акт (кәмілетке толмаған, ĸайтыс болған адамның мүлкіне қорғаншылық белгіленген; кәсіпкер мемлекеттік ĸызметке кірген кезде және заң актілерінде көзделген басĸа жағдайларда) .

Мұндай жағдайларда, мүлікті басĸаруды жүзеге асырушы тұлғаға, мүлікті сенімгерлікпен басĸару құрылтайшысының ерекше сенім білдіруіне құрылатын қатынас туындайды. Өйткені сенімгер басқарушы басқарманы құрған тұлғамен бағыныштылық байланыста болмауы тиіс, ол сенімгер басĸарушы оның мүдделерін немесе ол белгілеген (тағайындаған) тұлғалардың мүдделерін, пайда алушының мүдделері үшін басқаруға қажетті өзге сапаларды, құпиялықты, жауапкершілікті, тәртіпті жақсы қорғауға кабілетті екеніне сенімді болуы тиіс.

Мыналар мүлікті сенімгерлікпен басĸару субъектілері болып саналады:

  1. Құрылтайшы - бұл меншік иесі, сондай-аĸ өзге заттық кұқық субъектісі немесе сенімгерлікпен басқаруға мүлікті беруге уәкілетті құзырлы орган (нотариус - мұрагерлік мүлікті басқаруға; қамқоршылық және қорғаншылық органы - кәмелетке жасы толмағандардың мүлкін басқаруға; сот - банкроттыĸ кезінде және т.б.).
  2. Сенімгер басĸарушы - өз атынан мүлікті басĸаруды жүзеге асыратын тұлға, мүлікті басĸаруды жүзеге асыруға келісетін, кез келген әрекетке қабілетті тұлға сенімгер басқарушы бола алады.
  3. Пайда алушы - мүлікті басĸару соның мүдделері үшін жүзеге асырылатын тұлға. Сенімгер басĸарушы болып саналмайтын кез келген тұлға, мемлекет немесе әкімшілік-аумақтык бірлік пайда алушы бола алады. Егер сенімді басқаруды құру кезінде, пайда алушы атап көрсетілмесе, сенімгерлікпен басĸару құрылтайшысының өзі пайда алушы болып саналады.

Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, аĸша, бағалы қағаздар, мүліктік кұқықтарды қоса отырып, кез келген мүлік сенімгерлікпен басĸару объектісі болуы мүмкін.[2] Басĸаруды жүзеге асыру кезіндегі сенімгер басқарушының негізгі міндеттері болып мыналар саналады: өз меншігі сияĸты, құрылтайшының мүлкін басқаруды қамтамасыз ету; өзінің меншікті мүлкінен мүліктің есебін бөлек жүргізу, ал басĸару процесінде сатып алынған мүлікті сенімгерлікпен басқару мүлкінің құрамына енгізу; мүліктің саĸталуын ĸамтамасыз ету; бөтеннің заңсыз иелігінен мүлікті алу туралы сотĸа талап білдіру, сондай-аĸ мүлікті басĸару бойынша кедергілерді жоюды талап ету.

Ол қайтыс болғаннан кейін және құрылтайшы банкроттыĸĸа ұшырағаннан кейін мұрагерлікті берушінің борыштары бойынша кредиторлардың талаптарын қоспағанда, сенімгерлікпен басқаруға берілген мүлікке құрылтайшының борыштары бойынша өндіріп алуға рұқсат етілмейді.

Сенімгер басқарушының оған берілген мүлікке ĸатысты кез келген мәміле жасауға, оның ішінде кепілдікке беруге құқығы бар, алайда пайда алушының мүдделерін қорғау оның іс-әрекетінің негізгі принципі болуға тиіс.

Кей жағдайда сенімгерліпен басқарудың жекелеген түрлерін реттейтін арнайы заңдардың нормалары АК-те бұндай ĸатынастар үшін белгіленген оның туындау (белгілеу) жолдарына сәкес келмей жатады. Мәселен Қ.Р "Мемлекеттік қызметкерлердің мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру тәртібі туралы Ережесі" 2000 жылғы №99 Қаулысымен бекітілген. Мемлекеттік қызметкерлердің мүлікті сенімгерлікпен басқаруға берудің негізі оның өз ĸызмет бабын жеке пйдасы үшін қолдануын шектеу қажеттілігі болып табылады. Бұл мынадай схема бойынша жүргізіледі. Мысалы, ĸызметкер өзінің мүлкін мемлекеттік ĸызмет ісі бойынша арнайы органға береді, ал ол өз кезегінде қызметшіге белгісіз сенімгер басқарушыны тағайындайды.

АҚШ азаматтық құқығында жанадан сайланған ел Президентінің мүлкі трастың сенімгерлік меншігіне өтеді. Ал меншік иесі өз мүлкіне баĸылу жасай алмайды және өз мүлкінің табыстылығына ыĸпал етуі шектеледі. Сондықтан мемлекеттік қызметшінің мүлкін басқаруға берудің негізгі әкімшілік акт болып отыр. Елімізде мүлікті сенімгерлікпен басқарудың институты пайда болғанға дейін траст англо- американдық құқығында болып келді.

"Траст" ағылшын тiлiнен аударғанда "сенiм" деген сөзді бiлдiредi. Траст бұл сенiммен басқаруға берiлген мүлікке деген кұқықты анықтайтын және меншiктi иеленудің ерекше нысаны. Мүлікті меншіктенуші оны басĸа тұлғаға (сенімгерлікпен басқарушыға) табыстайды. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру меншік құқығының сенімгерлікпен басқарушыға ауысуын туғызбайды және трастылық шартпен, яки мүлікті сенімгерлікпен басĸару шартымен рәсімделеді, бұл шарт бойынша бір тарап (басқарудың құрылтайшысы) өзінің мүлкін сенімгерлікпен басқарушыға сенімгерлікпен басқаруға береді, ол осы мүлікті басқару құрылтайшысының немесе ол көрсеткен үшінші тұлғаны (бенецифиардың - пайда алушының) пайдасына басқаруға міндеттенеді.

Қ.Р Үкіметі Ережесінде басĸа схеманы ĸолданады. Ережеде сенімгер басĸарушы мемлекеттік қызметшінің таңдауымен тиісті шарт негізінде мүлікті сенімгерлікпен басĸаруды жүзеге асыратын кез келген тұлға ретінде анықталады.[3] Сол себепті, әкімшілік актіден туындау негізі келсім-шарттық негізге ауысып кетіп отыр. Бұл мәселенің құқықтық сипатынан, экономикалық сипаты басым.

Мүлкікті сенімгерлікпен басқару белгіленуінің негізі ретінде әкімшілік актіні қарастырайық. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға берудің бір жағдайы қайтыс болуышының мүлкін беру болып табылады. Бұл әрине, өсиет болмаған немесе өсиетте оның орындаушысы болған жағдайда орын алады. Қ.Р АК- нің 1071-бабы бойынша сенімгер басқарушыны нотариус заң бойынша мұрагерлердің өтінішімен мұралық ашылу орны бойынша тағайындайды.

Сенімгер басқарушыны тағайындау механизімі және нотариустың рөлі заңды анықталмаған. Қ.Р Әділет министірлігі нотариалдық іс-әрекеттер жасау тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Ол нұсқаулыққа сенімгер басқарушыны тағайындаудың мынадай механизімі қарастырылады: мұрагердің немесе жергілікті атқарушы органның өтініші қажет (егер заң бойынша мұрагерлер жоқ болса немесе белгісіз болса), мұраға қалған мүліктің тізімі жасалады, егер де басқаруды қажет ететін мүлік болса, сол сияқты мұрагерлер мұраны қабылдағанға дейін мұра қалдырушыға несие берушілердей талабы білдірілсе нотариус сенімгер басқарушы тағайындайды және ол жөнінде мүлік тізімі актісінде оның аты-жөні, тұрғылықты жері, егер сенімгер басқарушы қол қояды, нотариус сенімгер басқарушыны тағайындағаны жөнінде қаулы шығарады. Ал заң бойынша мұрагерлер келген жағдайда, олардың талап етуі бойынша мұраны сенімгерлікпен басқарушы мұраның есебінен оған қажетті шығындар өтеліп, қисынды сыйақы төлене отырып кері шақырып алынуы мүмкін. Сөйтіп, Қ.Р АК-нің 1071-бабына сәйкес нотариусқа сенімгер басқарушыны тағайындау қызметі жүктеледі. Осыған байланысты мынандай сұрақтар туындайды:

  1. Нотариус сенімгер басқарушыны қалай таңдауы тиіс?
  2. Ненің негізінде, нотариус құрылтайшы болуға құқылы?
  3. Нотариустың қандай дәрежеде жауапкершілігі бар?
  4. Сенімгер басқарушының құқықтарымен міндеттерін белгілуде оның өкілдігі қандай?

Бірінші сұраққа жауап беру қиындық туғызады. Азаматтық кодекстің ерекше бөлімі қабылданғанға дейін мұраға қалған мүлікті сақтау мен басқару функциясы әдетте, мұрагерлердің біріне жүктелетін. Қазір мұрагерлердің бірін сенімгер басқарушы ретінде тағайындау ҚР АК-нің 884- бабына қайшы келеді,

Себебі:

  1. Меншік иесі, сондай-ақ өзге де заттық құқық субъектісі немесе мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беруге уәкілетті құзыретті орган құрылтайшы бола алады.
  2. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, кез келген адам сеннімгер басқарушы бола алады. Сенімгер басқарушы тек оның келсімімен тағайындалуы мүмкін.
  3. Сенімгер басқарушы болып табылмайтын кез келген адам, сондай-ақ мемлекет немесе әкімшілік аумақтық бөлініс пйда алушы (мүддесі үшін мүлікті басқару жүзеге асырылатын тұлға) бола алады.
  4. Егер заң актілерінде немесе мүлікті сенімгерлікпен басқару шартында өзгеше көзделмесе, мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы пайда алушы болып табылады.

Осыған сәйкес сенімгер басқарушы мен пайда алушы бір адам бола алмайды. Жекелеген жағдайларда, басқаруға мүдделі адам болса, сенімгер басқарушыны таңдау онай болады. Бұған мысал ретінде ЖСШ-нің екі құрылтайшысының бірі қайтыс болып, ЖСШ-дағы үлеске сенімгер басқарушы тағайындалғанға дейін банк ЖСШ есеп шоты бойынша операцияларды тоқтатқан Қарағанды облысында болған оқиғаны айтуға болады. Мұрагерлердың келісімі бойынша және құрылтайшының өзінің де келісімімен нотариус басқарушы ретінде екінші құрылтайшыны тағайындайды. Сонымен бірге Қазақстанда сенімгерлікпен басқару қызметін жүргізуге кәсіби дайындалған белгілі бір тұлғалардың болмауынан мұраға қалған мүлікті қорғауға 2010 жылы небәрі 19 жағдайда ғана (ал 2009 жылы 1144 шара қолданылған) шаралар қолданылған. Соған байланысты бұл мәселенің шешімін табу үшін АК-нің 884-бабының 3-тармағына сенімгер басқарушы бір мезгілде пайда алушыда (мұраға қалған мүлікті басқару жағдайында) бола алады деп өзгеріс енгізу қажет: "сенімгер басқарушы болып табылмайтын кез келген адам (мұра қалған мүлікті басқару жағдайын қоспағанда), сондай-ақ мемлекет немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс пайда алушы (мүддесі үшін мүлікті басқару жүзеге асырылатын тұлға) бола алады".

Енді, мүлікті сенімгерлікпен басқару субъектілерін анықтайтын АК-тің 884-бабына тоқталайық. Бұл бапта меншік иесі, сол сияқты басқа да заттық құқықтың субъектісі немесе мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беруге уәкілетті құзырлы орган құрылтайшы бола алатындығы айтылады. Бұл анықтамаға сәйкес нотариус сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы болуға құқығы жоқ,өйткені ол меншік иесі де, қандайда бір заттық құқықтың иесі де, құзырлы орган емес. Бұл мән-жай бір жағынан, Азаматтық Кодекстің 1071-бабы мен 884-баптары арасында өзара қайшылықтар туғызады. 1071-бап нотариусқа құрылтайшы рөлін жүктесе, 884- бап оны құрылтайшы болу құқықтары бар тұлғалардың арасынан шығарады. Келесі жағынан, нотариус бұл жағдайда құрылтайшы емес, тек заңға сәйкес сенімгер басқарушыны тағайындауға уәкілетті тұлға болып табылады. Нотариус сенімгер басқарушы тағайындауда оның жауапкершілігі де артады.

Егер нотариусты басқару құрылтайшысы деп санасақ, онда АК-тің 884-бабының 1-тармағында ол жеткілікті көрініс таппаған. Ресей заңында, атап айтқанда РФ АК-нің 1014-бабына сәйкес "сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы мүліктің меншік иесі, ал 1026-бапта көзделген жағдайда басқа тұлға болып табылады". 1026-бапта "басқару құрылтайшы құқығы тиісінше қорғаншылық және қамқоршылық органына, өсиетті орындаушыға немесе заңда көрсетілген басқа да тұлға тиесілі болады" делінген.[4]

Нотариус міндеттеме субъектісі ретінде басқарудың құрылтайшысы бола алмайды. Өйткені нотариусқа басқарушы тағайындағаннан басқа ешқандай функция заңды бекітілмеген, сонымен қатар ол міндеттеме тарабының белгілеріне ие емес (ол талап ету құқығына және міндеттемеге ие болмайды), Нотариус басқарушыны тағайындап қана қоймай, одан оның уәкілеттігі көрсетілген құжаттар талап ете алады. Өзінің құқықтық мәні бойынша тікелей "Әкімшілік актілерден туындайтын міндеттемелер тиісті акт міндеттеме суъектілерімен қатар, оның орындалу шарттарын да анықтайды". Нотариус мұралық мүлікті сенімгерлік басқарудың орындалу талабын анықтауға міндетті болғанымен, сенімгер басқарушының өкілеттігін азайтып енмесе көбейтіп белгілеуге құқығы жоқ. Сенімгер басқарушының құқығын куәландыру үшін нотариус қаулы қабылдайды және оның "мұраны сенімгерлікпен басқарушының уәкілеттігін түсіндіру туралы жазба" бөлімінде басқару сол шарт жөніндегі жалпы ережелермен қолданылатын заңға сәйкес жүзеге асырылады және АК-нің 1059-бабына сәйкес орындалады деп көрсетілуі тиіс. Мүлікті сенімгерлікпен басқару, жоғарыда атап өткендей, әртүрлі негіздер бойынша туындайды. Егер ол сот шешімі немесе әкімшілік актісі негіздерінде туындаса, онда сенімгерлікпен басқару субъектілерінің міндеттері арнайы нормативтік актімен реттеледі, яки сенімгерлікпен басқаруға мүлікті беруге уәкілетті тұлға нұсқау береді.

Мәмілелер негізінде туындайтын мүлікті сенімгерлікпен басқару, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты түрінде (формасында) қатысады.

Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша бір тарап (сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы) екінші тарапқа (сенімгер басқарушыға) мүлікті сенімгерлікпен басқаруға береді, ал екінші тарап құрылтайшы атаған тұлғаның (пайда алушының) мүдделері үшін осы мүлікті басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді (ҚР АК 886-бабы).

Меншік иесі сенімгерлік басқаруға мүлікті бере отырып, басқарушыға иелік ету, пайдалану және билік жүргізу құқығын бермейді, бар болғаны сенімгер басқарушыны осы құқылылықты өз атынан жүзеге асыру құқығымен бөледі. Сонымен бірге меншік иесінің өзі, сенімгершілікпен басқару шарты қолданылып тұрған кезде, өзіне жататын сенімгерлікпен басқаруға берілген мүлікке иелік ету, пайдалану және билік жүргізу құқығын жүзеге асыра алмайды.

Мүлікті сенімгерлікпен басқару заңға қайшы келмейтін кез келген мақсаттар үшін құрылған болуы мүмкін. Осы мүліктен табыс алу ғана емес, сонымен бірге мүлікті көбейту немесе оны тиісті дәрежеде жай ұстап тұру мүлікті сенімді басқарудың мақсаты болуы мүмкін.

Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты нақты шарт болып саналады, мүлікті басқарушыға сенімгерлік басқаруға берген кезден шарт жасалған болып есептеледі . Егер мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты мемлекеттік тіркеуге жататын болса, осындай тіркеуден өткен кезден ол жасалған болып саналады.

Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты тапсырма және комиссия шарттарына ұқсас, алайда өзіндік ерекшеліктері де бар. Атап айтқанда, мүлікті басқару (мүліктік құқықты), кейбір жағдайларда құрылтайшының өзі болып саналса да, үшінші тұлғаның - пайда алушының мүдделері үшін жүзеге асырылады. Сенімгерлікпен басқару шарты мәмілелер негізінде туындайтын мүлікті сенімгерлікпен басқару формасының бірі болып саналады, ал соттардың шешімдері мен әкімшілік акт сенімгерлікпен басқарудың өзге негіздері болып саналады.

Акцияларды, өзге бағалы қағаздарды, мемлекеттік қызметкерлердің мүлкін басқару олар туралы арнайы нормативтік актілермен қосымша реттеледі.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Витрянский В. В. Договор доверительного управления имуществом. М.: Статут, 2002. 191 с.
  2. ҚР Азаматтық Кодексі(ерекше бөлім) 1999 ж. - Режим доступа:www.zаkоn.kz
  3. ҚР Үкіметінің "Мемлекеттік қызметкерлердің мүлкін сенімгерлікпен басқаруға беру тәртібі туралы Ережесі" 2000 жылғы №99 Қаулысы www.zаkоn.kz
  4. Гражданский кодекс Российской Федерации (часть вторая): Федеральный закон от 26.01.1996 № 14-ФЗ. - Режим доступа: http://kоdеks.systесs.ru/ gk_rf/

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.