Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Адам құқығы адамзат қоғамының құнды туындысы

Аталмыш мақалада адам құқығының адамзат қоғамының құнды туындысы ретіндегі негізгі аспектілері қарастырады. Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін одан эрі дамыта беру мэселелеріне баса назар аударылады.

Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетке бет бұрған кезінен бастап өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жэне элеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам жэне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екендігін мэлімдеді [1].

Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке адам, қоғам жэне мемлекет үшін өмірлік маңызы жэне ең жоғары элеуметтік мэні бар құқықтар мен бостандықтарды баянды етеді. Олар эрбір еркін жеке тұлғаның ар-намысын қамтамасыз етудің алғы шарты болады. Олар азаматқа, қоғам мүшесі ретінде сол қоғамды басқаруға, жаңғыртуға қатысу үшін қажет. Олар адамның материалдық жэне рухани қажеттілігін қанағаттандыру үшін экономикалық жэне элеуметтік жағдайлар туғызады.

Республикамызда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мемлекеттің маңызды саяси, экономикалық жэне элеуметтік міндеттерінің қатарына жатқызылған. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Қазақстан халқына Жолдауында "Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажеттігін" атап көрсетті [2].

Қазақстан Республикасының Конституциясы адамға, оның құқығы мен бостандығына жоғары құндылық ретінде қарайды. Мемлекетіміз тэуелсіздік алған жылдан бері елімізде қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін кeп жұмыстар атқарды. Мұндағы ең маңызды мэселе, бірінші кезекте, Елбасының сындарлы саясатының арқасында қазақстандық қоғам ішкі тұрақтылықты сақтай білді, яғни этносаралық, конфессияаралық жэне басқа да қақтығыстарға жол берілген жоқ. Мемлекеттің құқықтық тұрғыдан дамығанына адамның жэне азаматтың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету жэне қорғау деңгейі дэлел болады. Бұл көрсеткіш өте маңызды, өйткені, ол азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру үдерісі кезінде бірден-бір негізгі бағыт болып табылады, ол өз кезегінде, Қазақстан жүргізіп отырған саясатқа халықаралық қоғамдастықтың сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.

Бұл ажырамас өзара қатынасты талдау кезінде адам мен азаматтың құқықтары бұзылатын қоғам ешқашанда ерікті, ашық және демократияшыл қоғам бола алмайтынына көз жеткіздік. Өзін адамнан, оның құқықтары мен бостандықтарынан жоғары қоятын мемлекетті өркениетті, ізгілікті мемлекет санатына қосуға болмайды. Сондықтан еліміздің құқықтық дамуы Конституцияға, халықаралық танылған қағидаттар мен құқықтық нормаларға сәйкес болуға тиіс.

Қазіргі әлем жағдайында адамзаттың гуманистік мақсат-мұраттарын білдіретін құқықтық қағидаттардың және қоғамдық институттардың тұрақты жақындасуы және өзара сіңісу үдерістері жүріп жатыр. Сол себепті еліміздің Конституциясы Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған халықаралық құжаттардың негізгі ережелерін басшылыққа алған. Конституцияның 2-бөліміне кіретін бірқатар баптар адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарына арналған [1], оның негізіне Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясының нормалары алынған. Бұл Қазақстанның таңдаған демократия мен жалпы адамзаттық құндылықтар жолынан таймайтындығының айғағы.

Адам кұқықтары мен бостандықтары құқықтың ерекше саласы болып табылады. Өйткені, оның құрамында адамзаттың ортақ өмір сүруіне қажетті құндылықтар: өмір сүру бостандықтары жеке автономия және т.б. жинақталған. Бұл құндылықтар адам құқықтарында өзінің нормативті жағынан бекітілген және құқықтық құралдарымен институт арқылы қамтамасыз етілген. Қазақстан әлемдік реформа бағытымен дами отырып адам құқығын ең жоғары құндылық ретінде жариялады және бұл салада халықаралық стандарттарға сүйенеді. Бұл қалыптар "Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында" [3]; "Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пакт" [4]; "Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт" [5]; "Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенция" [6] және басқаларда бекітілген.

Қазақстан Республикасы адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын корғау саласында ұлттық заңдылыққа сүйенеді. Қазақстанның халықаралық конвенцияларға қосылуы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау саласында әлем стандарттарына қол жеткізуінің басты факторы болып табылады.

Құқықтар мен бостандықтарды жариялап кана қою жеткіліксіз, оларды іс жүзіне асыру өте күрделі міндет. Казіргі кездегі кезек күттірмес мәселенін бірі, демократиялық өзгерістер барысында Декларацияда, Конституцияда аталған құқықтарға өмірлік мазмұн беру. Әрине, оны жүзеге асыру өте күрделі іс, өйткені біздін мемлекетімізде барлық құқықты жоғары дәрежеде материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ. Құқықтық мемлекет азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау функциясын жүзеге асыруы үшін процедура мен механизмдерімен және институттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл механизмдер және институттар әр кезде өзгерісте, қозғалыста болады, яғни олар қоғамдық жағдайлардың өзгеруіне қарай икемделіп отыруы керек.

Құқықтық мемлекеттегі адам құқықтарының мәселелері мемлекет қызметінің басты, тұғырнамалық қағидасы ретінде қарастырылуға тиіс. Адамның құқықтарын мемлекет бекітеді, оларға кепілдік береді, бірақ бір өкініштісі іс жүзінде, оларды мемлекеттің өзі жиі бұзып отырады. Сол себепті барлық мемлекеттік органдардың қызметінің басты, тұғырнамалық қағидасы ретінде адам құқықтарын қорғау қағидасын бекіту қоғамның тұрақты, тиімді өмір сүруінің кепілі болып табылады. Әрбір мемлекеттік орган осы қағиданы өздерінің заңда белгіленген міндеттеріне, құзыреттілігіне және билік өкілеттіктеріне сәйкес іске асыруға бағдарланған. Адам құқықтарын қорғау тарихи дамудың нәтижесі болып табылады. Ол әр мемлекеттің әлеуметтік, саяси және экономикалық жағдайларымен және ерекше тарихымен, мәдениетімен және құндылықтарымен тығыз байланысты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес барлық мемлекеттер өздерінің дамуы мен құндылықтарын сақтау жолында саяси жүйесін таңдауға еркіндіктері бар. Ал, басқа мемлекеттер оған араласпауы тиіс. Егер мемлекеттің егемендігі қамтамасыз етілмесе, онда азамат құқықтары туралы мәселе де болуы мүмкін емес.

Батыс демократиялық мемлекеттердің азаматтары адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмі мен стандарттарына жетіп, өз құқықтарымен күрес үшін үлкен мектептен өтті. Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, Европадағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік ұйымына және басқа да халықаралық ұйымдардың қатарына қабылданып, халықаралық қалыптарға сәйкес өз заңдылықтарын адам құқығы концепциясын өңдеуге мойын бұрды.

Осыған орай батыс үлгілері мен батыстық тәжірибелер Қазақстанда оның халқының менталитетіне, психикасына, дәстүріне, мәдениетіне қарамастан қолданыла алмайтындығын көрсетеді. Адам құқықтары аясындағы реформалардың нәтижесі кең көлемде халықтық шараларды қолданудың қажеттігіне, оның халықтың қабылдауына тікелей байланысты.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру адам құқықтарын қорғайтын барлық ұлттық мемлекеттік органдардың жауаптылығымен және белсенді ролімен тікелей байланысты. Бұл біріншіден, атқарушы, құқық қорғау, сот органдарына әр адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен сақтауды, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өздерінің дайындығына сәйкес байланысты болады.

Соңғы жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, құқықтық шаралар мен қол жеткізілген механизмдер оңды нәтижелер бермей келеді, себебі мемлекет өзінің органдары мен лауазым иелерінен тұлғаның құқықтарын қорғауды орындау немесе орындамау міндеттілігін сұрауға қабілетсіз болып отыр. Құқықтар мен бостандықтарды шектеу сатысы шектеу әрекеттері енгізілген құндылықтар мен жағдайларға сәйкес келуі керек. Осыған сәйкес демократиялық, құқықтық мемлекеттің қағидалары шектеулерге жауап беруге тиіс.

Нақты қоғам жағдайларында адам мен азамат құықтары мен бостандықтары мемлекеттік саяси жүйе, экономикалық тиімділігінде, құқықтық мәдениет ерекшеліктеріне кепілдік берілген негіздерде жүзеге асырылады. Демократиялық дәстүрлері бар мемлекетте құқық пен бостандықтарды қорғауға соттар, адам құқықтары жөніндегі парламент уәкілеттігі, жеке конституциялық шағым мен өтініш беру институттары, адам құқықтары жөніндегі конституциялық және халықаралық шарттар мен мемлекеттік институттарды тікелей қолдану арқылы қатысады.

Адам құқығы тұрақты түрде дамып, олар ішкі заңдылықтарды, сонымен бірге халықаралық заңдылықтарды да көбейтіп отырады. Жаңа құқықтар мен бостандықтардың туындауында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімді құралдарын, тәсілдерін іздестіру жүргізілуде. Қазақстан Республикасы да демократиялық және құқықтық мемлекет құруға ұмтыла отырып, адам құқықтары мәселелеріне аса мән беріп, адамды ұлттық құндылық ретінде бағалауда.

Адамның құқықтары мен бостандықтарын тану деген халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормаларымен көзделген, сондай-ақ табиғи құқықтардан туындайтын ажырамас құқықтар мен бостандықтардың бүкіл ауқымының мемлекет Конституциясында бекітілуін білдіреді. Адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау мемлекеттік органдардан, оның лауазымды тұлғаларының адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын немесе төмендететін кез келген әрекеттерден аулақ болуын, сондай-ақ олардың адамдармен жүзеге асырылуының барлық жағдайларының жасалуын талап етеді. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау мемлекеттік органдардың бұзылған құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтіру немесе осындай бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі қызметін қамтиды, сондай-ақ осындай қорғаудың тиісті құқықтық кепілдіктерін жасауға бағытталған.

Конституциялық құрылыстың ізгілігі адамның мемлекеттен басымдығын білдіреді, яғни адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін құрылғандығын білдіреді. Осы қағидасымен Қазақстан Республикасының Конституциясы осыған дейінгі мемлекет және оның мүддесінің адам құқығынан жоғары тұрғанды бекіткен конституциялардан түбегейлі ерекшеленеді. Әрекеттегі Ата Заңымызда бекітілгендей: "Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады".

Мемлекеттердің жандандырылуымен байланысты, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін институттарының пайда болуына байланысты, адам мен азаматтың конституциялық институты үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Осындай жандандырулар адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмінің де жетілдірілу қажеттілігін туындатады.

Адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселелерді қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы да оған ерекше мән беріп, маңызды да құнды мәселе ретінде бағалайтындығын көреміз. Оған аз уақыт ішінде еліміздің демократияға айқын бет бұрып, азаматтың құқықтары мен бостандықтарын конституциялық құрылыстың негізі етіп қалағаны, ішкі және сыртқы саясатты қалыптастырғаны дәлел.

Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары жүйесін одан әрі жетілдіруге байланысты құқық қорғау мүмкіндіктері кеңейтілді, ендігі жерде нақтылы іс-қимыл қажет. Ең бастысы, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін одан әрі дамыта беру болып табылады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл (2017 жылы енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен). http:// www.zakon.kz
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері". 2018 жылғы 10 қаңтар. http:// adilet.zan.kz
  3. "Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы". Декларация Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда № 217 А (III) қабылданған. http:// adilet.zan.kz
  4. "Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пакт". 1966 жылғы 16 желтоқсанда Нью-Йоркте жасалған. http:// adilet.zan.kz
  5. "Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық Пакт". Нью-Йорк, 16.12.1966. http:// adilet.zan.kz.
  6. Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенция. Рим, 4 қараша 1950 ж. (21 қыркүйек 1970 жылғы, 20 желтоқсан 1971 жылғы, 1 қаңтар, 6 қараша 1990 жылғы, 11 мамыр 1994 жылғы енгізілген өзгерістерімен). http://adilet.zan.kz.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.