Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оңтүстік Қазақстан облысында тарихи-мәдени туризмнің даму ерекшеліктері

Мақала Қазақстан Республикасынын тарихи мәдени туризмінін дамуы; тарихи мәдени туризмді дамытуға арналған бағдарламалар мен жасалынған жұмыстар; Онтүстік Қазақстан облысынын мәдени-тарихи туризмі туралы баяндалып, дамыту бағдарламалары көрсетілген.

Адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым- қатынас қарама қарсы. Бір жағынан адам мен қоршаған орта арасындағы қиын комплексті қарым- қатынас, екінші жағынан ғылыми-техникалық прогрестін әсерінен адам қызметінін табиғатты түрлендіруінен болатын қоршаған ортанын интенсивті өзгеруі.

Туризм адам мен қоршаған орта арасындағы қайшылықтарды жоюға бағытталған. Алайда мемлекеттегі жана нарықтық жағдай ішкі туризмді дамытудын проблемаларын, әсіресе әлемдік туристік нарықтағы бәсекелестік жағдайын үлкейтті.

Ғылым-білім потенциалынын болуы мәдениеттін туримзге әсерінін бастапқы нүктесі болып табылады. Туризм өзінін танымдық функцияларын қоса туристерді қабылдаушы мемлекет тұрғындары ғылым және білім негізіне сүйену керек. Сондықтан Қазақстанда жоғары квалификациялы кадрлар көп болса, резидент емес туристерді мемлекетке тарту мүмкіндігі де көп болады. Тұрғындардын ғылым-білім потенциалы дегеніміз тек кәсіптік білім категориясы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттін тарихын және салт-дәстүрін, әр түрлі өнердін және қолөнердін түрлерін менгеру, бірнеше шет тілін білуі керек. Бұл резиденттердін және резидент еместердін жақын қарым-қатынасын айқындайды.Қазіргі танда Қазақстан Республикасы территориясында 24 мыннан астам тарих, археология, архитектура және өнер ескенткішетрі бар. Тарих және мәдениет нысандарынын Қазақстан Республикасынын ұлттық тарихын жанғыртуға үлкен манызы бар. Олардын ішінде Онтүстік Қазақстан облысында орналасқан Арыстан баб мазары, Қызылорда облысындағы Асан ата және Айқожа ескерткіштері,Алматы облысындағы Жаркент мешіті. Азрет Сұлтан, Жидебай бөрлі Ордабасы тарих қорықтары уникалды орындар болып табылады. Тарихи-мәдени архитектуралық-этнологиялық, археологиялық және басқа ескерткіштер орналасу жағынан туризмге әсері әр түрлі бола алады. Бұл Қазақстаннын барлық территориясы көне ескерткіштердін көптігімен сипатталады. Мысал ретінде, Қазақстаннын "Ұлы Жібек жолы" бойында орналасқан туристік орталықтарын айтсақ болады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінін "Жібек жолынын тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердін мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризмнін инфрақұрылымын жасау" атты мемлекеттік бағдарламаға жарғы қабылдауы туризм индустриясын және қонақжайлылықты дамытуға және қалыптастыруға себеп болып отыр. Қазахстанда 9000 аса археологиялық және тарихи мұралар, 118 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, олардын арасында 11 мемлекеттік ұлттық табиғи парк ашылған. Елдегі ен танымал орындар Алматы облысындағы "Алтын Емел" мен "Іле-Алатау ұлттық паркі", Павлодар облысындағы "Баянауыл", Ақмола облысындағы "Көкшетау" мен "Бурабай" болып табылады. "Тамғалы Тастағы" жартасқа салынған суреттер, Шарын шатқалы, "Сынғырлауық құмдар" және "Бесшатыр" сақ қорғандары аса көрнекті деп саналады. Экотуризмді көпшілік арасында тарату мақсатымен "Іле-Балхаш Регатасы" және "Ертіс меридианы" секілді шаралар үнемі ұйымдастырылады. Қазақстанда тау шанғысы спортымен шұғылдануға қажетті барлық жағдай жасалған, бұл тұрғыдан алғанда еліміз биік таулы елдерден кем емес. Әсіресе, Алматыдағы "Шымбұлақ" пен "Медеу" спорт кешендерін, Ақмола облысындағы Щучинск-Бурабай демалыс аумағын атап өтуге болады. Қазақстан тұрақты даму мен беделі көтерілуінін арқасында бүкіл дүние жүзіне танылып отыр және осыған туризм өз үлесін қосады. Қазақстаннын туристік өнімінін сапасын қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік денгейдегі шараларды іске асыру. Бұл бағдарламанын негізгі бағыттарынын бірі - Қазақстаннын мәдени-тарихи және рекрияциялық аймақтарын дамыту және сақтау. Ол үшін мынандай шараларды іске асыру қажеттілігі қарастырылған:

  • мәдени-тарихи және табиғи рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;
  • халық арасында туризмнін құндылықтарын насихаттауды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қамтамасыз ету;
  • Ұлы Жібек жолы бойындағы археологиялық, архитектуралық, құрылыстық обьектілерді зерттеу және т.б. Елімізде тарихи-мәдени туризм түрін дамыту үлкен манызы бар. Осыған орай өз жұмысымда Онтүстік Қазақстан облысы бойынша мәдени - тарихи құндылықтарды зерттемекпін.

Онтүстік Қазақстан ұлы - дала өркениетінін мәдениеті дамыған Орталық Азия қалаларынын шоғырланған жері. Ұлы Жібек жолы жерінін қилысында орналасқан Онтүстік Қазақстан обылысынын жері Сырдария өзенін жағалаған көшпенді мемлекетінін мәдениетінін өркендеген бесігі болып есептелінеді.

Онтүстік Қазақстан облысы тарихи ескерткіштерімен әйгілі - қорғандар, бекіністер, ежелгі қалалық кесенелер, тұрғындардын қоныс қалдықтары жетерлік. Онтүстік Қазақстанда кездесетін қазіргі тандағы қалалар (Түркістан, Шымкент, Сайрам, Арыстанбаб) мын жылдық жасымен өлшенеді. Сондай-ақ, Ортағасырлық көне қалалар (Отырар, Сауран және т.б) ортағасырдын тарихи жазбаларынын беттерінен орын алған.

Онтүстік Қазақстан - орнитологтар мен ботаниктер үшін таптырмас әсем де керемет табиғат орындарына бай аймақ. Ақсу - Жабағылы табиғи қорығы және Сайрам-Өгем ұлттық табиғи бағы сияқты орындар бар. Сарағаш, Манкент және Біркөлік секілді табиғи минералдық қорлары, емдік қасиеттерімен ерекшелінеді. Батыс Тянь-Шань тауларынын биік нүктесі - Сайрам шыны (4238 метр), тау туризмі мен альпинистер үшін таптырмас орын.

Онтүстік Қазақстан - ежелгі цивилизациянын жері. Ежелгі дәуірден бастап қазақ жерінін тұрғындары тұрмыстық мәдениетті құраған болатын.

Ұлы жібек жолы жерінін қиылысында Онтүстік Қазақстан облысынын жері қазақ мемлекетінін бесігі болып есептеледі. Онтүстік Қазақстан облысы тарихи ескерткіштерімен әйгілі - қорғандар, бекіністер, ежелгі қалалық кесенелер, тұрғындардын қоныс қалдықтары жетерлік. Онтүстік Қазақстан облысынын 802 тарихи және мәдени ескерткіштердін ішінен 528 археология ескерткіштері, 42 тарихи ескерткіштері, 226 архитектулық ескерткіштер.

Онтүстік Қазақстан облысынын қалаларынын ішінде Түркістан қаласы ерекше орын алады. XVIXIX ғасырдағы Ұлы Жібек жолында орналасқан

Түркістан қаласы Қазақ хандығынын астанасы және түрік тілді халықты адамдардын орталығы. Бұл жерде Қазақстаннын архитектуранын монументалды ескерткіштердін, қасиетті орны болып есептеледі. Қазақ хандығы тұсында Онтүстік Қазақстаннын ортағасырлық қалалары әртүрлі жағдайда еді. Бірі Түркістан қаласы сияқты Қазақ хандығынын астанасына айналса, біреулері түрлі соғыстардан күйзеліп, құлдырау кезенін бастан кешірді.

Түркістан қаласы діни орталықтардын бірі, екінші Мекке ретінде манызды болып есептеледі. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі XIV-XV ғ.ғ. Тамерланнын бұйрығымен құрылған ЮНЕСКО әлем ескерткіштерінін тізіміне 2004 жылы енгізіліп, ежелгі қасиетті орындардын ортағасыр сәулетінін киелі мекені. Мұсылмандарда Қожа Ахмет Яссауи Мұхамедтен кейін екінші болып саналады.

Арыстан баб кесенесі - Қожа Ахмет Яссауидін ұстазы мен рухани тәлімгері, діни дәруіш және уағызшы Арыстан бабтын бейітінде орнатылған XIIXIV ғасырлар сәулетінін қызықты ескерткіші. Отырар қалашығынан және Шәуілдір ауылынан 2км, Шымкент қаласынан 150 қашықтықта орналасқан. Ескерткіш өнір мұсылмандарынын басты ғибадат ету орындарынын бірі.

Түркістаннын солтүстігінде 40 км шақырықта Ұлы Жібек жолы бағытындағы ежелгі қала Сауран (XVII ғ.) бейнелеу жазылымдары сақталған.

Сауран - Ақ орда астанасы. Сауран бекінісінен қалған үйінділер көп жылдардан бері қызықты оқиғаларды және көне ескерткіштерді ұнататындардын жиі баратын жеріне айналды. Жер асты суын жинаитын кәріздер - Сауран қалашығынын ен қызықты нысаны болып саналады, бұл жүйе осы жерде орасан масштабта орын алған: онын ұзындығы 110 шақырымнан артық.[3]

Отырар, ортағасырлық ұлы ойшыл Әбу Насыр әл- Фараби туған аймақ астанасы ретінде кенінен танымал. XII ғасырдын аяғында атақты Александрия кітапханасынан кейінгі ен ірі кітапхана - Отырар кітапханасы орналасқандығы жайлы тарихи деректерде кездеседі.Қазақстаннын ортағасырлық тарихында манызды рөл атқарған қалалардын бірі - Отырар. Бұл қала Әбу Нәсір әл-Фарабидің Отаны ретінде әлемге танымал. Деректер онын Түркістан атты тарихи өлкенін астанасы болғанын көрсетеді. Отырар Қазақстан аумағында күміс, мыс тенгелермен қатар алтын ақша соққан жалғыз қала. Отырардын аса құнды тарихи ескерткіш екенін онда ЮНЕСКО/ Жапонияның мақсатты қорының "Көне Отырар қалашығын сақтау мен реставрациялау" жұмыстарын жүргізгені, Қазақстан үкіметі тарапынан ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енгізуге ұсынылғаны айғақтай түседі. Отырар - Қазақстанның басқа ортағасырлық қалаларымен салыстырғанда ең көп археологиялық зерттеу жүргізілген нысан.[3]

Кеме қалған - Шымкенттен 40 км қашықтықта, Аламаты-Ташкент жол бойында ерекше ескерткіш орнатылған. Теңіз деңгейінен 910 метр биіктікте Қазғұрт асуының басында Нұһ пайғамбардың кеме монументі орнатылған. Өрт кезінде Нұһ пайғамбар кемесі әлемді топан су басқанда, дәл осы Қазғұрт тауының басына тоқтап, адамзат ұрпағы мен тіршілік иелерінің барлығы аман қалып, жаңа өмір тіршілігін бастапты. Халық арасында Қазғұрт тауы жайында бұрыннан қалған аңыздар бар.

Қазақстан Республикасы туризмді дамыту бойынша бағдарламалар, көптеген іс-шаралар жүргізеді. Сонын бір дәлелі ретінде жылсайынғы елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жолдауында туризм саласы экономикамызды дамытатын бірден бір сала ретінде көрсетеді. Дәлірек мысал келтіретін болсақ Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың2023жылға дейінгі тұжырымдамасы Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаң- тардағы "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының туризмін дамытудың әзірленген жүйелі жоспарларына, Ақмола облысының Бурабай курорттық аймағын, Алматы қаласының маңындағы тау шаңғы аймағын, Кендірлі демалыс аймағын, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың кластерлік бағдарламасының мастер- жоспарына сәйкес әзірленді.

Бұдан басқа, Тұжырымдама Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша "100 нақты қадамның" Ұлт - жоспары (57, 86-қадам) шеңберінде көзделген негізгі қағидаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарымен белгіленген экономиканы әртараптандырудың басты бағыттарына және "Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 732 Жарлығына сәйкес, Қазақстанның 2050 жылға дейін ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыруды ескереді.

Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың стратегиялық пайымдауы - бұл 2023 жылға қарай Қазақстанды жаһандық танымал туристік дестинация ретінде бекіту. [1]

Экономиканы әртараптандырудың және республика халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттырудың ұлттық мақсаттарына қол жеткізу мақсатында туризм индустриясы туризмнің ішкі және халықаралық нарықтарында тартымды туристік өнімдерді ұсынатын туризмнің кәсіби қызметкерлері шұғылданатын бәсекеге қабілетті туристік бизнесі бар белгілі бір туристік кластерлерде дамуға тиіс. Осы бағыттағы даму барлық жұмылдырылған мүдделі тараптар - мемлекет, бизнес және қызметкерлер үшін туристік қызметтен түсетін кірістердің қуатты және тұрақты өсуіне ықпал етуге тиіс.

Туристік кластерді құру іс жүзінде аумақтың тұрпатын айқындайды және өңірдің оң имиджін қалыптастыруға әсерін тигізеді, бұл жалпы алғанда жоғары ықпалдастырылған туристік ұсыныстар мен бәсекеге қабілетті туристік өнімдерді құрады. Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мәдени саясаты тұжырымдамасының басымдылықтарын ескере отырып, Қазақстанда алты мәдени-туристік кластер құрылуы мүмкін: Астана - Еуразия жүрегі, Алматы - Қазақстанның еркін мәдени аймағы, Алтай маржаны, Ұлы Жібек Жолын жаңғырту, Каспий қақпасы, Табиғат пен көшпенді мәдениеттің тұтастығы.

"Ұлы Жібек Жолын жаңғырту" Қызылорда облысының орталық және шығыс бөліктерін, Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бөлігін, Жамбыл облысының оңтүстік-батыс бөлігін қамтитын кластер болып табылады. Шымкент қаласы кластердің орталығы болады, онда мынадай туристік қызығушылықтың орындары ұсынылған:

  1. Ежелгі Түркістан және "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы-мұражайы объектілері (ЮНЕСКО объектілері);
  2. ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген ортағасырлық Отырар қалашығының және отырарлық алқаптың археологиялық объектілері;
  3. Сауран археологиялық кешені;
  4. Палеолиттік учаскелері мен геоморфологиясы бар Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы; ЮНЕСКО- ның алдын ала тізіміне енгізілген Арпаөзен петроглифтері;
  5. Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
  6. "Ақсу-Жабағылы" мемлекеттік ұлттық табиғи қорығы;
  7. Байқоңыр ғарыш айлағы;
  8. Қызылорда, Сарыағаш, Тараз қалалары;
  9. "Қасқасу" тау курорты.

Болашақта кластер үш облыстың қалған бөліктерін қамти отырып, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген түркіге қасиетті Меркі, сондай-ақ "Жібек жолы" сериялық ұлтаралық номинациясына енгізілген объектілер (Жетіасар алқабының ескерткіштері, Сығанақ қалашығы) секілді жаңа туристік қызығушылық орындарын ұсынуы мүмкін.

Ұлы Жібек Жолын жаңғырту кластері "Ұлы Жібек жолының жүрегі" ретінде сипатталатын болады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге мәдени туризм мен турне жатады.

Бүгінгі таңда мәдени-тарихи туризмді дамыту үшін алдымен, инвесторларды тарту, тарихи ежелгі қалалары бар территориялардың инфрақұрылымын, олардың ескерткіштерін, ғимараттарды модернизациялау мен жөндеу мақсатында ішкі қорларды іздеу және туризм бойынша заңнаманы реттеу керек. Қалалық ортаны дамыту мақсатында тарихи аймақ шеңберінде мәдени-тарихи туризмнің арнайы қорын құра отырып, басқару жүйесін қалыптастырған да жөн.

Ежелгі қалаларды туристік орталыққа айналдыру ұлттық және халықаралық денгейде дамыту, болашақта туризмді экономиканын ен табысты салаларынын бірі болуына ықпал етеді.

Ежелгі қалалар мен тарихи ескерткіштері бар жерлердін табиғи ортамен үйлесімі, тарих пен мәдениет ескерткіштерінін болуы аймақтық және халықаралық мәдени-тарихи туризмнін кен дамуына негіз бола алады. Осындай қалыпта туристердін әлеуметтік топтарынын қызығушылықтарын шешуге және туристердін кәсіби, әрі күнделікті тәжірибесінін кенеюіне, ежелгі қалалар манында туризмнін дамуына әсер етеді, ал ол өз кезегінде бірқатар экономикалық-әлеуметтік мәселелерді шешеді.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мәдени-тарихи туризм аймақтық дамудын басты турресурсы бола алады, өйткені онын туристерды саяхаттауға шабыттандыратын өте манызды сипаттамалары жеткілікті. Бүкіл әлем бойынша туристердын өзін-өзі дамытуға деген ынталары өсіп келе жатыр, басқа елдін мәдениетімен, тарихымен, ерекше ескерткіштерімен, бұрын сол елдін аумағында болған тарихи оқиғалармен танысып, жананы үйренуге деген қызығушылықтары артуда. Тек шетелдіктерге ғана емес, өз отандастарымызға да туристік мәні бар ескерткіштерімізді таныстыратын турлар құру арқылы ішкі туризмді де дамытуымызға болады және мәдени-тарихи туризмнін аймақтық және халықаралық денгейде дамуындағы болашағы зор сеніммен айта аламыз. Онтүстік Қазақстан облысында мәдени- тарихи, археологиялық және діни орындар көптеп орналасқандықтан, біз мәдени- тарихи туризмді дамытуға мүмкіндігіміз зор болып табылады.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық даму басқармасы басшысынын орынбасары Қарлығаш Бекбаеванын айтуынша, қазір осы саланы дамытудын бас жоспары дайындалуда. Әзірге туристер үшін екі бағыт - тарихи ескерткіштер мен экологиялық туризм жобасы жасақталды. Мұны іске асыруда онтүстіктіктермен тәжірибе алмасып, бірлесе қызмет атқару қажет.Онтүстік Қазақстан облысы ЮНЕСКО-нын қайта өркендету бағдарламасына енген Ұлы Жібек жолынын мемориялдық трассасында орналасқан. Облыс шкарасында 837 - археологиялық ескерткіштер, 155 - құрылыс және архитектуралар, 5 - тарихи, 7 - монументалдық қол өнерлер анықталып есепке алынған. Аймақта тарихи орталықтарды қайта өркендету және туризм инфрақұрлымын дамыту, мәдени, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді кешендік шешуге мүмкіндік береді. Облыстағы тарихи-мәдени ескерткіштердін кейбіреулері әлемдік тарихта жоғары бағаланып, ЮНЕСКО-нын құрамына енген. Облыс біздін мемелекетіміздін қалалық мәдениетінін бесігі болып есептеледі. Нақ осы жерде қазақ тарихындағы ен манызды қалалар орналасқан. Бұл дегеніміз елімізде ішкі және сыртқы туризмді дамытуға үлкен тірек болады және бағдарламамыз туризмді дамыту мақсатын жүзеге асыруды, халықаралық стандартқа сай туристік қызмет өндірісі бойынша өзімздін дамыған туристік индустриямызды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасынын Президенті- Елбасы Н.Ә. Назарбаевтын Қазақстан халқына Жолдауы "Әлеуметтік-экономикалық жанғырту Қазақстан дамуынын басты бағыты". 2012 жылғы 27 қантар. [электрондық ресурс]. - Кіру тәртібі: http:// www. akorda. kz/kz/page/kazakstan-respulikasynyn- prezidenti-n-a-nazarbaevtyn-kazakstan-khalkyna- zholdauy-27-01-2012zh_1341124121
  2. Закон РК от 13 июня 2001 года №211 "О туристской деятельности в Республике Казахстан" // Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001. - №13-14.
  3. ҚазақстанРеспубликасынынмәденимұралары [электрондық ресурс].- Кіру тәртібі: http:// www.madenimura.kz/2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.