Зерттеу көрсеткендей, мейірбике персоналы да, ол көмек көрсететін пациенттер де олардың арақатынасындағы этикалық- құқықтық аспектілерде және ол арақатынасты реттейтін заңдылық-нормативных актілер бойынша жеткіліксіз білікті. Сондықтан ұйымдастырылған зерттеу жұмысы орта медициналық қызметкерлердің кәсіби жұмысындағы биомедициналық этика аспектілерін айқындап бекіту және персонал мен пациент өзара қатынасын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді меңгеру деңгейін жоғарылатуды көздейді.
Медициналық этика және деонтология маңызы денсаулық сақтауға тікелей эсер ететін әлеуметтік-экономикалық қатынастардың өзгерістерімен, нарықтық, маркетингтік үдерістердің енгізілуімен, медициналық көмек сферасының коммерциализациялануына байланысты арта түседі.
Оның үстіне медициналық қызметкерлер де, пациенттер де этикалық-құқықтық өзара арақатынастар сұрақтарында және бұл арақатынастарды регламенттеп реттейтін заңдылық-нормативтік актілер мен басқа құжаттар бойынша жеткіліксіз білікті *1, 2].
Осы орайда мейірбикелік көмек көрсетудегі орта медперсоналдың биомедициналық этика негіздерін нығайту мақсатында медико-әлеуметтік зерттеу ұйымдастырылды. 2012 жылы Алматы қаласының қалалық №7 клиникалық ауруханасының емханасы және №18 емхана мейірбикелерінің пациенттермен өзара қатынасындағы биомедициналық этика аспектілері жөніндегі пікірлері анонимді сауалнамалық сұрау арқылы зерттелген.
Зерттеу жүргізуде қолданылған социологиялық, статистикалық, сараптамалық зерттеу әдістері негізінде 30 мейірбике персоналы және сол мекемелерден көмек алған 110 пациент мәліметтері ғылыми-статистикалық өңделді.
Пациент-респонденттердің негізгі бөлігі соңғы жылдарда медициналық мекемелердегі көмек көрсету сапасының артқанын пациенттерге ұқыпты түрде құрметпен қараумен (58,2%), медициналық персоналдың кәсіпқойлығының артқандығымен (62,3%), сонымен қатар медициналық көмек көрсетудегі медициналық қызметкерлердің жауапкершілігінің, әдептілігінің (70 %) ұлғайғандығымен түсіндіреді. Алайда, медициналық персоналдың біліктілігі мен кәсіпқойлығындағы олқылықтарды 3,7% пациенттер көрсеткен.
Жалпы алғанда, пациенттердің 43%-ы мейірбике жұмысымен толық қанағаттанған, 37% - өздеріне көмек көрсеткен мейірбикені өте ұқыпты да мейірімді деп бағалаған, келесі «мейірбике әрдайым асығып, дұрыс назар аудармайды» -12% , «мейірбике пациентке қатысты өзін бұрыс, дөрекі ұстады» -8% жауап белгілеген.
Медперсоналды жеке марапаттау практикасына қатысты мәселеде пациенттердің басым бөлігі (70,3%) - шынайы алғыс деп санаса, қалғандары - көрсеткен көмегінің ақысы ретінде гонорар (13,5%) және ашық түрде «пара» (16,2%) деген. Материалдық төлемдер және марапаттаулардан кейін пациенттердің 1/3-і көмек көрсету сапасының артатынына (34,2%), 13,6% - медперсоналдың ерекше назар аударатына, 20% - достық сезімдер қалыптасатынына, қалған ¼-í - сондай әрекеттен соң нәтиженің оңтайлы жағына өзгеретініне сенімді. Медперсоналдардың 80%-ы болса пациенттер тарапынан марапаттау практикасын - шынайы алғыс деп түсінеді. Дегенмен, 1/3-і материалдық марапаттаудың көмек сапасын оңтайлы өзгертуге әсері барын, 64,4% мейірбикелер пікірі бойынша, пациентке деген ұқыпты да достық қатынас қалыптасатынын жасырмайды.
Құқы және мораль медперсоналдан кәсіби борышын сәйкес деңгейде орындауды, пациенттік жеке тұлғаға, оның туыстарына, әріптестеріне деген құрметті талап ететін маңызды нормативті жүйелер болып табылады (А.Н.Савицкая, 1982).
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде мейірбикелер пациенттер мен медициналық қызметкерлердің қуқықтары мен міндеттерін анықтайтын заңдылық актілерде біліксіз екендіктері анықталды. Медициалық ортада «Мейірбикенің этикалық кодексі» сияқты құжаттың бар екендігін, небары, 28,8% мейірбике білсе, оның мазмұнымен 11,1%-ы ғана таныс. 60% медперсонал пациенттердің негізгі құқықтары жөнінен хабардар.
Мамандықтың әсеріне байланысты көмек көрсетуші медперсонал пациентке ең жақын адам, оның «сенетін тұлғасына» айналады. Аналогиялық пікірді барлық сұралған респонденттер қолдайды (кесте 1).
Кесте 1 - Мейірбикенің пациентпен өзара қатынасын анықтайтын параметрлер
Параметрлер |
Мамандар жауаптары |
% |
Пациентпен арақатынаста қандай қиындықтар сезінесіз? |
пациентпен сөйлесу барысында |
30 |
дәрігер тағайындаған емді орындау барысында |
32,2 |
|
қиындық сезінбеймін |
47,8 |
|
Барлығы |
100 |
|
Медперсонал және пациент арақатынасына не эсер етеді? |
Пациенттің жасы, жынысы |
28,7 |
Пациент мінез-қулқы/қарым қатынас мәдениеті |
40,2 |
|
Барлығы медперсоналға байланысты |
31,1 |
|
Барлығы |
100 |
|
Соңғы кездері жұмысыңызда пациентпен шиеленіс оқиғалары орын алды ма? |
Иә |
37,7 |
жоқ |
62,3 |
|
Барлығы |
100 |
Зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе, мейірбикелік персоналдың медициналық құқы және биомедициналық этика аспектінде дайындығын күшейту шараларын ынталандыру маңызды. Осы негізде әдістемелік-практикалық қуралдар, дайындық курстары, қабілетін шыңдау орталықтарын жабдықтау мақсатқа орай. Республикалық маңызға ие «Мейірбикенің Этикалық Кодексін» өңдеп, функционалдық мазмұнын әрбір медперсоналдан тәжірибе жүзінде талап ету зерттеу нәтижелері көрсеткен олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік берері сөзсіз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Отношение населения к своему здоровья и системе здравоохранения: Результаты социолог. Исслед // / *Под ред. Г. Нокиной, В. Гуревич+. - Алматы: *Фонд XXI век+, 2002. - C. 15-41.
- Биомедицинская этика, учебное пособие/под ред. Мишаткиной Т.В., С.Д. Денисова, Я.С. Яскевич. - Минск.: ТетраСистемс, 2003. - С.136-166.