Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Медицина университетінде шет тілі сабағын кәсіби оқытудың ерекшеліктері

Бұл мақалада шет тілін кәсіптік бағытта оқытудың ерекшелігі, тиісті оқу әдісі мен тақырыптардың материалдары таңдалып, болашақ кәсіби маманға қажетті қабілеттіліктерді дамытудың жолдары қарастырылады. Кәсіптік бағытта шет тілінен сабақ беретін оқытушы көп қиыншылықтарға тап болып жатады. Осы мәселелерді шешу жолдары қарастырылып, кәсіби бағытталған шет тілін оқытудың сипаттамасы айқын көрсетілген.

Кіріспе Жаңарған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты мақсаттарының бірі ретінде әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену бағыттары адамды жоғары маңызды құндылық деп танып, қоғамның дамуының өзегі болып табылатын болашақ мамандарды кәсіби даярлау сапасын жетілдіру басты бағдар. Шет тілін кәсіптік бағытта оқытудың ерекшелігі, ол жоспарланған курс нақты кәсіби мағынасы бар мақсаттан және міндеттерден құрылуы. Тиісті оқу әдісі мен тақырыптардың материалдары таңдалып, болашақ кәсіби маманға қажетті қабілеттіліктерді дамыту көзделеді. Кәсіби бағытталған шет тілі екі жағдайда оқытылуы мүмкін. Олар болашақ мамандықтары туралы ешбір хабарсыз болады да, оқытушының көмегіне жүгіне отырып, оқылатын материалды, кәсіби тақырыптарды болашақ мамандығына қажетті лексиканы үйренуді мақсат етеді. Ал кадрларды қайта даярлауды оқыту анағұрлым жеңілірек, себебі студенттер арнайы берілген тақырыпқа оңай бағытталып, кәсіби лексиканы тез меңгереді. Олар өзіне қажетті кәсіби қарым- қатынас қабілетін біледі де, ең қажеттісіне көңіл бөледі. Демек,шет тілін оқытуда екі жағдайда екі түрлі болып келеді. Шет елдердің әдістемесінде ағылшын тілін оқытудың зерттеу үрдісі «ағылшын тілінде білім беру» (instructional English) және «жедел ағылшын тілі» (orentional English) деп ажыратылады. Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, әлемдік ортада алдыңғы шептен орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына, қазіргі таңдағы оқытудың дидактикалық жаңа сипаты - жаңа оқыту технологияларын, оқу ақпараттарын ұтымды қолдану, шығармашылық оқыту түрлерін кеңінен пайдалануына байланысты.

Материалдар мен тәсілдер. Кәсіби құзыреттілік деп маманның жеке бас сапалары мен оның психологиялық - педогогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады. Кәсіби шет тілін оқытудың ерекшелігі,әр салада (мысалы тарих, эканомика, ғылым, бизнес, медицина) немесе арнайы сабақтарға ғана тиесілі болуы. Осындай жағдайларды ескере отырып,шет тілін оқытқанда әр мамандыққа көңіл бөлініп отырады. Яғни, таңдалған лексикалық бірліктер, жазбаша мәтіндер барлығы дерлік студенттің болашақ мамандығын ескеріп құралады.

Ағылшын тілі кәсіби шет тілінде басынан бастап оқытылмайды. Себебі, кәсіптік білім берудің мақсаты тек кәсіби қарым-қатынасқа бағытталады және кәсіби білімді тек ересек адамдар ғана жалғастырып оқиды. Кәсіби шет тілін оқыту жағдайлары тек оқу үдерісінде өзгеріп отыруы мүмкін, себебі оқыту материалдары жаңарып отырады.

Медицина университеттерінде 1-ші және 2-ші курстарда ағылшын тілі теория жүзінде медициналық тақырыптарды толығымен дерлік қамтылып оқытылады. Осы алынған білімнің нәтижесінде 3-ші курстан бастап, кәсіби қарым- қатынасқа бағытталып оқытылады. Бұл сабақтарды шет тілі пәні оқытушылары емес арнаулы кәсіби мамандар жүргізеді. Кәсіби шет тілін ауызша оқыту барысында кәсіби қарым- қатынастардың сөйлеу үрдісі жүзеге асырылады. Сондықтан, оқу үдерісінде типтік жағдайлар ескерілуі керек.

Өйткені олар кәсіби байланыстарға ғана тән болмақ.Олар мотивациялық қажеттіліктерді шет тілдік қарым- қатынас жасауда қолданады, сондықтан шет тілін кәсіби бағдарламалық түрде оқыту кезінде тек қана тиімді түрлерді қарастырып қана қоймай, тәжірибе түрінде әртүрлі тілдік оқу, сөйлеу шаралары, рөлдік ойындарды қолданған жөн. Бұл кәсіби шет тілді ортаның имитациясын арттырады. Сонымен қатар, шет тілдік қарым қатынас жасауда студенттің мотивациясын жігерлендіреді. Осындай әдістен кейін ғана сөйлеу түрлерінесөйлеу мәнеріндегі тактикалар қалыптасады. Шет тілі болашақ маманның кәсіби бағыттарын қалыптастыру тәсілі ретінде

Н.Д.Гальскова шет тілін кәсіби бағдарлап оқытуда студенттің екі жақты бағытта дамитынын атап өткен,яғни,студент арнайы білімді игерумен қатар шет тілін де жетік меңгере алады деген. Оның ойынша тілдік емес ЖОО-дарда шет тілін кәсіби және әлеуметтік бағдарда оқыту тиімді тәсіл болып табылады. Н.Д.Гальскованың зерттеуі бойынша, шет тілін кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыру үшін келесі жағдайларды ескеру қажет [1,49]:

  • Шет тілінде сөйлеу әрекетінің нақты мақсаттарын анықтау;
  • Сөйлеу әрекетінің әлеуметтік және кәсіби бағдарлары;
  • Тапсырмаларды орындау барысында студенттердің қанағаттануы;
  • Студенттердің тапсырмаларды орындау барысында твочествалық жағынан қарауды қалыптастыру;
  • Қолайлы психологиялық жағдай жасау;

Н.Д.Гальскова мен П.И.Образцовтың зерттеу жұмыстарының бірі шет тілін кәсіби бағдарлап оқытудың теориясы болып табылады, олар тілдік емес ЖОО-дарда шет тілін оқытудың кәсіби бағыттағы ұстанымның ірге тасын қалады. Бұл авторлардың тұжырымдамасы бойынша, шет тілін оқытудың мақсаты өз мамандығының аясында білім жетілдірудің бір тәсілі ретінде қабылдануы қажет. Яғни, студентті өз мамандығының бағыты бойынша оқыту, арнайы мәтіндермен жұмыс жасау, сөйлеу дағдысын дамыту үшін арнайы мәтіндерді оқу, мамандығына байланысты сөздік қорын кеңейтіп байыту.

Тілдік емес ЖОО-дарында болашақ мамандарды дайындау барысында тілді кәсіби бағдарлап оқытудың мәселелері көп аспектілі болып сипатталады. Ғылыми және ғылыми- әдістемелік әдебиеттерде шет тілі жоғарғы кәсіби білім жүйесінде оқыту пәні ретінде көптеген ғалымдармен жан- жақты зеріттелген. Атап айтқанда И.Л.Бим, Н.Н.Гез, И.А.Зимняя «Жоғары мектеп шет тілі қарым-қатынас құралы ретінде оқытудың мәселелері» , В.М.Кузовлев,

В.Т.Костомаров, А.А.Леонтьев, Е.И.Пасов «Шет тілін оқытуда коммуникативті дағдыларды қалыптастыру мәселелері» Л.Ш.Гегечгори, Н.И.Гез, М.А.Давыдова, Р.П.Мильруд «Кәсіби бағытты қалыптастыру».

Кәсіби шет тілінің арнайы сипаттамасы тұрақты (absolute) және ауыспалы (variable) болып келеді. [1,24]

Тұрақты (absolute) сипаттама:

  • Арайы пәндерді оқытуда қолданылатын әдістерді пайдалану;
  • Лингвистикалық жанрға сүйене отырып, тақырыптық мәтіндермен жұмыс жасау;
  • Ауыспалы (variable) сипаттама;
  • Кәсіби шет тілі әр түрлі арнайы пәндер үшін әзірленуі мүмкін;
  • Оқу жағдаятына байланысты кәсіби бағытталған шет тілі пәнінің әдістемесі жалпы шет тілі пәнінің әдістемесінен өзгеше болып келеді;
  • Кәсіби бағытталған шет тілі жоғарғы оқу орнында оқитын студенттерге арналады;
  • Кәсіби бағытталған шет тілі шет тілінен базалық білімі бар студенттерге оқытылады.

Сонымен, кәсіби бағытталған шет тілін оқытудың сипаттамасы:

  1. Курстың құрылымы мен оқыту мақсатына байланысты оқытылуы, яғни мамандарды дайындауға немесе санатты жоғарылатуға;
  2. Кәсіби тілді оқыту үшін шет тілінен алған базалық тілді қолдану,
  3. Курстың нақты кәсіби бағдарға бағытталуы (эканомика, қаржы, бизнес, медицина, маркетинг) әр мамандықтың ерекшелігін ескере отырып, лексикалық біліктіліктерді қалыптастыру;

Қазіргі кезде елімізде «шет тіліне арнайы мақсатта оқытушы» деген мамандық ешбір университетте оқытылмайды. Сондықтан, кәсіптік шет тілі пәнін педагогикалық университеттердің шет тілі мамандығын бітірген немесе филолог мамандары оқытуда. Шет тілін кәсіптік бағытта оқыту өте кең көлемде деп айтуға болады. Себебі оқытушы тек шет тілін оқытып қана қоймай, термин сөздерді де өздігінен жақсылап меңгертуі керек. Бірақ, ол жас мамандардың кез келгенінің қолынан келе бермейді. Сондықтан, кәсіптік шет тілінен сабақ берген оқытушы көп қиыншылыққа тап болып жатады. Осы мәселелерді 5 категорияға бөліп қарастыруға болады:

  1. Психологиялық қиыншылықтар (жалпы шет тілі пәнінің оқытушысын, кәсіптік шет тілі пәнінің оқытушысын даярлау);
  2. Концептуалдық қиыншылықтар (кәсіптік мәтіннің мазмұнын түсінбеушілік);
  3. Лингвистикалық қиыншылықтар (арнайы мақсатқа арналған шет тіліндегі лексиканы студенттердің толық меңгере алмауы);
  4. Ұйымдастыруда кездесетін қиыншылықтар (оқытудың мақсаты мен міндетіне бағытталған курстық оқыту бағдарламасын жасағанда кездесетін қиыншылықтар)

Шет мемлекетттердің әдіскерлері кәсіби бағытталған шет тілі пәнін оқытуда оқытушыларға келесі ұсыныстарды ұсынады:

  • Кәсіп бойынша оқу материалдарын меңгеруге;
  • Мамандық тілін меңгеруге;
  • Студенттер оқытушының қателерін түзеуге дайын болуы тиіс.

Әрине мұндай қателіктер шет тілінен емес кәсіптік сала жағынан болуы мүмкін. Британдық әдіскерлер жүргізген зерттеулерде шет тілінің оқытушылары кәсіптік пәннің негізін толық білмегендіктен мәтіндерді аударғанда түрлі келеңсіздікке тап болып жататынын дәлелдеген. Шет тілі пәні оқытушысы қандай тәсілді таңдамасын, міндетті түрде берілген кәсіптік бағыттан хабардар болуы тиісті. Оқытушының оқыту әрекетін сәтті етудің бір жолы «топпен оĸ,ьпу»(team teaching), екі немесе одан да көп мамандықтың оқытушыларының бірігіп жұмыс жасауы [2,38]. Мұндай топтық жұмыс жүргізу жайлы шетелдік және қазақстандық авторлар кейінгі кезде көп сөз етуде. Топтап оқытудың мынандай жақсы жақтарын кездестіруге болады:

  • Студент өзінің жетістіктерін академиялық талаптар жағынан бағалап, бұрын түсінбеген немесе жіберіп алған материалдарды қайталайды.
  • Студенттер бұрын дәріс түрінде жазған тақырыптарын шет тілінде қарым -қатынас жасау арқылы тәжірибе ретінде қайталауға мүмкіншілік алады.

Қорытындылай айтқанда, медицина университеттерінде шет тілін оқыту барысында кәсіби мамандыққа бағыттау дағдысымен іс-әрекет негізінде өздігінен ізденетін, өздігінен шешім қабылдайтын,нарық заманында өмір сүріп, адал еңбектенетін, бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді.

Елбасымыздың бастамасы бойынша университетімізде «Тілдің үш тұғырлығы» ұлттық мәдени жобасын іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде осы жоба аясында Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі мен біздің шет тілдер кафедрасы бірігіп «Тілдарын» олимпиадасына студенттерді қатыстыру дәстүрге айналып отыр. Бұл олимпиаданың негізгі мақсаты университетті бітіруші болашақ дәрігерлер үш тілдік тосқауыл, тілмашқа мұқтаждық болмауы керек. Сонымен қатар біздің университетімізде үшінші курстан бастап клиникалық сабақтар кәсіби ағылшын тілінде жүргізілуде. Бұл өз кезегінде дәрігерге деген сұранысты арттырады, олардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Гальскова Н.Д., Н.И.Гез. Теория обучения иностранным языкам. - М.: Издательский центр «Академия», 2009.
  2. Поляков О.Г. Теоретические и практические аспекты разработки профильно-ориентированных программ по английскому языку \\ ИЯШ.-2004.№1.-С.12-16.
  3. Бородуллина М.К., Карлин А.М., Лурье А.С., Минина Н.М. Обучение иностранному языку как специальности(Немецкий язык) - М.:«Высшая школа»,1975. - С. 5-10

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.