Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Атырау облысындағы қырым-конго геморрагиялық безгегінің иксод кенелерінде таралуы

Мақалада Қазақстан Республикасы (ҚР) Атырау облысы аумағында Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағын анықтау және үй жануарларының паразиттік иксод кенелеріне зерттеу жүргізілді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ЖШҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалы мен Атырау облысының обаға қарсы күрес станциясы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына зерттеу жүргізді. Кенелердің залалдануын анықтау үшін ИФТ әдістері қолданылды.

Жұмыстың мақсаты Атырау облысындағы иксод кенелерінің түрлік құрамын зерттеу және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) жұқтыруын анықтау болып табылады.

Зерттеу материалдары мен әдістері: зерттеуге арналған материал өрістен, малдардан (сиырлар, түйелер, ешкілер, қойлар, иттер) жиналған және адамды тістеген кенелер болып табылады. Конго Қырым геморрагиялық қызбасын анықтау үшін ИФТ әдісі қолданылды. Деректерді өңдеу кезінде статистикалық талдау әдістері пайдаланылды.

Кенелердің эпидемиологиялық рөлі.

Табиғатта иксодты кенелер екінші дәрежелі рөл атқарады өсімдіктерді тозаңдатпайды, құстар мен жануарлар санын реттеу факторларына жатпайды. Дегенмен, олар жер шарының көптеген аумақтарында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының резерві ретінде эпидемиологиялық және эпизоотиялық маңызы зор. Иксод кенелерінің отбасында 650-ден астам түрі бар [2].

Кенелер ауруларды тасымалдаушы болып табылады:

  1. Бактериялық (Ку-қызба, бруцеллез, эрлихоз)
  2. Вирустық (Қырым қызбасы, энцефаломиелит)
  3. Инвазиялық аурулары (қышыма, пироплазмидоз, кене сал) [5].

Кене энцефалиті еңбекке қабілетті халықтың денсаулығының нашарлауына, мүгедектікке және өлімге әкеп соқтырады [4].

2015 жылға иксод кенелерін зерттеу.

2015 жылы Атырау қаласында және оның 7 ауданында малдан және егістіктен кенелер жиналды. Барлығы 320 бас ірі қара мал қаралып, 2095 дана иксод кенелері жиналды, соның ішінде: H.asiaticum - 1180, H.scupense - 223,

  1. anatolicum 239, H.detritum 45, D.niveus 395, R.schulzei 1, R.pumilio 12. Бір жануарға кененің молшылық индексі 6,5.

Сурет 1 2015 жылы ІҚМ-дан жиналған кенелерді түрлері бойынша бөлу (%)

Құрманғазы, Жылыой, Махамбет ауданының аумағында барлығы 696 дана иксод кенелері жиналды, оның ішінде түрлері бойынша: D.daghestanicus 510, R. Shulzei 39, R.

Pumilio 1, H. Asiaticum 146.

2015 жылы ИФТ әдісімен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын анықтау үшін 2503 дана (315 пул) иксод кенелері зерттелді. Сонымен қатар, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы 9 кененің пулында оң нәтижелер алынды (2,8 %).

Оң нәтижелер Құрманғазы (6 елді мекенде), Жылыой (2 шатқалда, 2 елді мекенде), Махамбет (1 шатқалда) және Атырау қаласында (Алғабас ауылы 1 елді мекенде) алынды.

Атырау қаласының обаға қарсы станциясының КонгоҚырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағын іздестіру мақсатында Құрманғазы, Жылыой аудандарында малдан иксод кенелерін жинау жұмыстары жүргізілді. Барлығы 2472 дана иксодты кенелер (795 пул) жиналып, зертханалық зерттелді, оның ішінде 16 кенелер пулында оң нәтижелер алынды, иксодты кенелердің жұғу пайызы 2% құрады.

Кесте 1 Аудандар бойынша таралуы

Аудандар

Жалпы кенелер зерттелді (дана)

Пул, барлығы

Оң нәтижелер

% жұқтыру

Жылыой

1113

124

7

5,6

Құрманғазы

1359

671

9

1,3

Барлығы

2472

795

16

2

Оң нәтижелер Құрманғазы (6 елді мекенде), Жылыой (2 шатқалда, 2 елді мекенде), Махамбет (1 шатқалда) және Атырау қаласында (Алғабас ауылы -1 елді мекенде) алынды. Оң нәтижелер әртүрлі 257 кенелерде анықталды, оның ішінде: h.asiaticum 241, h. marginatum 2, D. niveus 10, H. scupense 4.

Сурет 3 2015 жылы зарарланған кенелер түрлері бойынша бөлу

2016 жылы иксод кенелерін зерттеу.

2016 жылдың сәуір-мамыр айларында Атырау қаласында және оның 7 ауданында малдан және егістіктен кенелер жинау жүргізілді.

Барлығы 205 ірі қара мал басы тексерілді, бұл ретте 1053 дана иксодты кенелер жиналды, оның ішінде h.asiaticum 839, d. Niveus 208, R. Schulzei 5, R. Pumilio 1. Бір жануарға кененің молшылық индексі 5,1 құрады.

Сурет 4 2016 жылы ІҚМ-дан жиналған кенелерді түрлері бойынша бөлу (%)

Құрманғазы, Жылыой, Махамбет ауданының аумағында барлығы 623 дана иксод кенелері жиналды, оның ішінде түрлері бойынша: d. niveus 413, h. asiaticum 198, R. Pumilio 12.

2016 жылы ИФТ әдісімен 1496 дана иксод кенелері (295 пул) Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына зерттелді. Сонымен қатар, КҚГҚ оң нәтижесін ірі қара малдан жиналған кенелердің 6 пулынан, 46 данасында (2,3%) табылды. Оң нәтижелер Жылыой ауданы Тұрғызба, Жаңа

Қаратон елді мекендерінде, Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округінде алынды.

Кесте 2 2016 жылы КҚГҚ-да кенелерді зертханалықзерттеу нәтижелері

Аудундар

жалпы кенелер зерттелді (дана)

пул

% жұқтыру

барлығы

оң нәтижелер

Атырау қаласы

156

30

3

10,0

Жылыой

310

69

3

4,3

Индер

251

37

0

0

Исатай

42

9

0

0

Құрманғазы

617

99

0

0

Мақат

19

4

0

0

Махамбет

106

18

0

0

Жалпы аудан бойынша

1496

266

6

2,3

Оң нәтиже Атырау қаласы мен Жылыой ауданында анықталды.

Атырау қаласының обаға қарсы күрес станциясы КонгоҚырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағын іздестіру мақсатында Құрманғазы, Исатай, Қызылқоға аудандарында ауыл шаруашылығы, үй жануарларынан иксод кенелерін жинады. Барлығы 2747 дана иксод кенелері (1096 пул) жиналып, зертханада зерттелді, оның ішінде 9 кененің пулында оң нәтижелер алынды, иксод кенелерінің жұғу пайызы 0,8% құрады.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағын іздеу мақсатында ИФТ әдісімен Исатай және Құрманғазы аудандарының 651 сынамасы зерттелді.

Тексеру нәтижесінде Құрманғазы ауданы бойынша 4 оң сынама алынды: 1 пул Hyalomma asiaticum 1 дана, 2 пул Hyalomma asiaticum 13 дана, 3 пул Hyalomma scupense кене 8 дана, 4 пул Hyalomma scupense кене 2 дана.

Қызылқоға ауданында 446 ауыл шаруашылығы жануарлары тексерілді (оның ішінде 284 сиыр,10 түйе,100 ешкі, 50 қой, 2 жылқы). Барлығы 1020 дана кенелер жиналды.

Кенелердің түрлік құрамы: Hyalomma asiaticum 918 дана, Hyalomma marginatum 74 дана, Dermacentor niveus 21 дана, Dermacentor marginatus 4 дана, Rhipicephalus sculzei 3 дана.

Қызылқоға ауданы бойынша бес сынамада КҚГҚ оң нәтижелер анықталды. 1 пул кене Dermacentor niveus 2 дана , 3 пул кене Hyalomma asiaticum 1 дана, 3 пул кене Hyalomma asiaticum-18 дана, Hyalomma marginatum 9 дана, 5 пул кене Hyalomma asiaticum-3 дана.

Кене шағу бойынша медициналық көмекке жүгінген: 2015 жылы 40, 2016 жылы 42 адам, олар 14 күн медициналық бақылауға алынды.

2016 жылы КҚГҚ 64 адам тексерілді, оның ішінде кене шағуымен 18, қызба ауруларымен 46, нәтижелері теріс.

2015 жылы КҚГҚ да 89 адам тексерілді, оның ішінде кене шағуымен 40, қызба ауруларымен 49, нәтижелері теріс. Зерттеу нәтижелері.

ҚР Атырау облысы аумағында 2015 2016 жылдары иксодты кенелердің 9 түрі анықталды. Кенелердің түрлік құрамы: h.marginatum, h. asiaticum, h. scupense, h. anatolicum, h. detritum, d. niveus, R. schulzei, R. pumilio, d. daghestanicus. ІҚМ-дан жиналған кенелердің арасында h. asiaticum (56% 2015 жыл, 80% -2016 жыл) түрі басым, ал алқапта жиналған кенелердің арасында d. daghestanicus (76% -2015 жыл), d. niveus (68% -2016 жыл) басым болды. Облыс бойынша иксод кенелерін жұқтыру пайызы 2% (2015 жыл) және 2,3% (2016 жыл) құрады. Кенелердің ең жоғары зақымдануы Жылыой ауданында 5,6%(2015 жыл), 4,3% (2016 жыл) және Атырау қаласында 10% (2016 жыл). Бұл антропогендік әсерге байланысты.

Атырау облысы бойынша таралу мен жұқтырудың ең жоғары көрсеткіштері Hyalomma asiaticum болып табылады. 2015 жылы H.Asiaticum КҚГҚ жұқтыру деңгейі 94% құрады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Абдулгазис С.С. Особенность распространения иксодовых клещей на территории Крыма // Человек-Природа-Общество: Теория и практика безопасности жизнедеятельности, экологии и валеологии. 2015. №1. С. 23-24.
  2. Значимость клещей в ветеринарной медицине // VetPharma. 2015. №1(23). С. 37-38.
  3. Ефимова А.Р., Дроздова О.М., Рудакова С.А. Эпидемиологическая характеристика клещевых инфекций в Кемеровской области // Sciences of Europe. 2016. №2-2(2). С. 19-22.
  4. Оборин М.С., Артамонова О.А. Теоретические аспекты анализа науч ных работ по изучения клещевых инфекций // Антропогенная трансформация природной среды. 2015. №1. С. 51-57.
  5. Джамбулатов З.М., Ахмедов М.М., Сакидибиров О.П. К фауне клещей Респулики Дагестан. // Юг России: экология, развитие. 2018. Т.13, №2. С. 43-51.
  6. Соколова О.В., Чащин В.П., Попова О.Н., Бузинов Р.В., Пасынкова М.М., Гудков А.Б. Эпидемиологические особенности распространения клещевого вирусного энцефалита в Архангельской области // Экология человека. 2017. №4. С. 12-19.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.