Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

N.tabacum l. өсімдік шикізатын (дәндері) жинау, дайындау  және сақтау ережесі

Мақалада ежелгі дәуірден халықтық медицинада қолданып келе жатқан және отандық фитопрепаратты алуға жарамды өсімдік шикізаты N.Tabacum L. дәндерінің зерттелу өзектілігі және өсімдік шикізатының дайындалуы қарастырылған.

N.Tabacum L. өсімдік шикізатының (дәндері) сапасын қамтамасыз ету үшін тиісті дайындау, жинау, кептіру, ұсақтау және сақтау шарттары ұсынылған.

Кіріспе. Өсімдік шикізаты дәрілік заттарды өндіруге арналған биологиялық белсенді заттарды алудың маңызды көздерінің бірі. Қазіргі таңда фармацевтикалық нарықта ұсынылған барлық дәрілік препараттардың 40% -ға жуығы өсімдік тектес препараттар. Статистикалық зерттеулер бойынша бүкіл әлемде ауруға шалдыққан адамдардың көпшілігі табиғи шикізаттан дайындалған препараттарды қолдануды жөн көреді. Биологиялық белсенді заттардың табиғи көзі ретінде қызығушылық тудыратын өсімдік шикізаттарының бірі N.Tabacum L. дәндері.

N. Tabacum L. дәндері өте ұсақ. Бір граммда шамамен 10-15 мың дәндер бар. Дәндердің шамасы ұзындығы бойынша O, 4-0,9 мм және ені бойынша 0,3-0,5 мм шегінде өзгереді.

N.Tabacum L. дәндерінде 35-40% жуық май бар, жетілген дәндерінде никотин кездеспейді. Дәндер 5-6 жыл бойына өнімділікті сақтайды.

Зерттеудің мақсаты N.Tabacum L. дәндері өсімдік шикізатын жинау технологиясын, кептіру тәсілін және сақтау шарттарын жасау.

N.Tabacum L. бұл биіктігі 120-180 см болатын бір жылдық өсімдік. Сабағы тік өседі, жапырақтары кезекті, ірі, тұтас, ашық жасыл. Сабақтарының шыңында гүл үймесі шоғырланған. Әр түрлі сорттардағы сабақтардағы жапырақтар саны 20-50 -ге дейін құрайды.

N. Tabacum L. дәндері өте ұсақ. Бір граммда шамамен 10-15 мың дәндер бар. Дәндердің шамасы ұзындығы бойынша

O, 4-0,9 мм және ені бойынша 0,3-0,5 мм шегінде өзгереді.

N.Tabacum L. дәндерінде 35-40% жуық май бар, жетілген дәндерінде никотин кездеспейді. Дәндер 5-6 жыл бойына өнімділікті сақтайды [1, 2].

Сыртқы жағдайлардың әсерінен N.Tabacum L. өсімдігі сыртқы климаттық және ішкі әсерлерден өзгеруі мүмкін. Аталған жағдайларға байланысты өсімдіктің биіктігі, жапырақтардың өлшемі, олардың саны, вегетациялық кезеңнің мерзімі өзгереді. Мысалы, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Абай ауылында мәдени өсірілетін Талғар 25 сортының жапырағының ұзындығы 15 см, ал Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Масақ ауылдық округі, Қазтай Ұлтарақов ауылы аумағында өсірілген Талғар 25 сортының жапырағының ұзындығы 32 см дейін. Сондықтан N.Tabacum L. өсіру белгілі бір топырақ-климаттық аймақтарда орналасқан және сол аудан жағдайына қалыптасқан немесе тиісті түрде іріктелген сорттары ғана өсіріледі [3].

Материалдар мен әдістер.

Біздің зерттеуіміздегі мәдени түрде өсірілетін N.Tabacum L. дәндері шикізаты 2018 жылдың күзгі мезгілінде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Масақ ауылдық округі, Қазтай Ұлтарақов ауылы аумағында 2 гектардан астам алқапта N.Tabacum L. дәндерінің толық пісіп жетілу кезеңінде дәрілік өсімдіктерді жинаудың тиісті тәжірибесіне (GACP) сәйкес жүзеге асырылды [4]. N.Tabacum L. дәндері Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Масақ ауылдық округі әкімі Е.Нұрмаханов және ЖК «Чеботова А.Н.» директоры анықтамасымен сәйкестендірілді (14 ақпан 2019 ж. Анықтама №64-02).

N.Tabacum L. дәндерін дайындау (жинау) қазанның аяғында қарашаның басында жапырақты сындыру аяқталғаннан кейін терең күзде басталды. Аяз басталғанға дейін шикізатты жинау қол еңбегімен жүргізілді. Пісіп-жетілген гүлшоқтары қорапшаларымен бірге іріктеліп кесіп алынды. Сегіз сағаттық жұмыс күні ішінде (бір адам) N.Tabacum L. өсімдік шикізаты 130 150кг шамасында жиналды. Жаңа жиналған шикізатта ылғалдың мөлшері жоғары деңгейде, яғни 50-60 пайызды құрады. N.Tabacum L. өсімдік шикізатын тазарту, кептіру параметрлері Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы АҚ «Фармакогнозия» кафедрасында жүргізілді және өсімдік шикізатына өндірістік регламент құрастырылды.

Шикізаттағы артық су мөлшерінен арылу мақсатында жиналған өсімдік шикізаты күн көзінен таса, жақсы желдетілетін орынға жұқа қабатпен жайылды және мүмкіндігінше жиі орын ауыстырылып тұрды. Ауа райына байланысты шикізат осы қалпында 5-6 күнге дейін кептірілді. Осы уақыт ішінде шикізат кебеді, шикізат бойында 15-20% дейін ылғал қалды және осы қалпында N.Tabacum L. дәндері сабақ қалдықтарынан бөлініп алынды. Кептірілген шикізатта дәндер мен ұсақталған қорапшалардың үлесі 40-50% құрады. Кептіргеннен кейін шикізатты сабақ қалдықтарынан және ұсақталған қорапшалардан тазарту елеу әдісі арқылы жүргізілді. N.Tabacum L. дәндері өте ұсақ болғандықтан елеуіштің тор ұяшықтары арқылы өтіп, жинақталып отырды. Барлық қоспалардан толық арылу мақсатында екі үш реттік елеу жүргізілді.

Тазартылған N.Tabacum L. дәндерінен артық ылғалды аластату кептіру әдісімен жүргізілді [5]. Одан әрі қайта өңдеуге немесе сақтауға жарамды шикізат, құрамында 7-8% ылғалдан аспайтын N.Tabacum L. дәндері дайындалды. Дайындалған N.Tabacum L. дәндері шикізатына топырақтың қатты бөлшектері, кір, шаң, жәндіктер секілді бөгде қоспалардың құрамына бақылау «Тексеру» ЖШС лабораториясында жүргізілді. Дайын шикізат 10 кг крафтқағаздан жасалған қаптарға шикізат атауы, дайындау орны, жинау уақыты және салмағы көрсетілген заттаңбаны жапсыра отырып, буып-түйілді. Шикізатты дайындау мен кептірудің технологиялық схемасы 1-суретте көрсетілген.

1 зіз [

Сурет 1 N.Tabacum L. дәндерін дайындау мен кептірудің технологиялық схемасы

N.Tabacum L. дәндерін дайындау мен кептірудің технологиялық схемасы

Нәтижелер. N.Tabacum L. дәндерінің химиялық құрамына «Тексеру» ЖШС лабораториясында зерттеулер жүргізілді. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей N.Tabacum L. дәндерінің құрамына негізінен майлар мен протеин, сондай-ақ көмірсулардың кейбір мөлшері, негізінен сахароза кіреді. 1кестеде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Масақ ауылдық округі, Қазтай Ұлтарақов ауылында мәдени өсірілетін N.Tabacum L. дәндерінің химиялық құрамы көрсетілген.

Кесте 1 N.Tabacum L. дәндерінің химиялық құрамы

Көрсеткіштер

N.Tabacum L. сорты

Талғар 25

Юбилей

1

су

7,85

6,9

2

Протеин

26,4

26,8

3

Май

38,2

36,4

4

Талшық

4,51

4,42

5

Көмірсулар

3,77

3,97

6

Күл

3,72

3,79

Қазақ тамақтану академиясында жүргізілген зерттеу үлгілерінің нәтижелері N.Tabacum L. дәндерінде ауыр металдардың, пестицидтердің және басқа да уытты элементтердің толығымен кездеспейтінін көрсетті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлықэпидемиологиялық қызметі сараптамасының қорытындысы бойынша уыттылық дәрежесі бойынша N.Tabacum L. дәндері 4-санатқа жатқызылды (аз қауіпті өнімдер).

Сот сараптамасы институты сарапшысының қорытындысы бойынша толығымен жетіліп піскен N.Tabacum L. дәндерінде никотин мен оның туындылары жоқтығын көрсетті.

Қорытынды.

  1. N.Tabacum L. дәндері шикізатын ашық ауада, тікелей күн сәулесінің әсерінен қорғалған, орташа температура 30±5 болған жағдайда кептіру ұсынылады.
  2. N.Tabacum L. дәндері өсімдік шикізатын сақтау СанЕжН 19.03.15 ж. № 232 сәйкес және 24.04.15 ж. № 262 ДЗ, ММБ және МТ сақтау және тасымалдау бойынша 18 С артық емес.
  3. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы АҚ, «Фармакогнозия» кафедрасында тәжірибелік өнеркәсіптік сериялар үшін N.Tabacum L. дәндері шикізатына өндірістік технологиялық регламенті әзірленді.
  4. ҚР МФ талаптары бойынша шикізаттың химиялық құрамына «Тексеру» ЖШС лабораториясы және Қазақ тамақтану академиясында зерттеулер жүргізілді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. А.П. Богоявленский Актуальные проблемы стандартизации фитопрепаратов и растительного сырья для их производства // Фундаментальные исследования. 2013. № 5-6. С. 1184-1187.
  2. Егорова, К.А. Российский рынок лекарственного растительного сырья // Интересный научный журнал. 2014. №1. URL: http://intersj.ru/node/9 (дата обращения: 14.02.2019).
  3. Натуральная география: официальный сайт / Казахстанско клек средства. URL: http://www.kаzls.ru/natural_geography/ (дата обращения 01.02.2019).
  4. Н.Ф. Гусев Перспективы использования лекарственных растений в современной России // Известия ОГАУ. 2014. № 2. С. 167-170.
  5. Касьянов, З.В. Анализ оборота лекарственного растительного сырья и сборов в аптеках Перми // Приволжский научный вестник. Ижевск: 2013. №11(27). С. 139-141.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.