Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Теміртапшылық анемиясы бар ерте жастағы балаларды диспансерлік бақылау

Теміртапшылық анемиясы бүкіл әлем бойынша анемиялардың арасында 80 % құрайды. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының мәліметтері бойынша нәрестелер 20-25% құраса, ал 40-50% ерте жастағы балалар болып табылаДы. [1] Сидеропениялық анемия гемоглобин мөлшерінің төмендеуімен көрінеді, ол ағзаға темірдің аз түсуімен және де оның сіңірілуінің төмендігі нәтижесінде дамиды. Сондықтан аймақтық дәрігер үшін анемияның ерте диагносткасы мен уақытылы ем шараларын жүргізу алдын алу жолдарында маңызды орын алады.

Аймақтық дәрігердің қызметтегі негізгі көрсеткіші - балалардың сапалы диспансеризациясы болып табылады. Алматы қаласының №8 ҚБЕ №25 педиатриялық аймағының диспансерлік есебінде ТТА бойынша 43 бала тіркелген. Олардың ішінен 1 жасқа дейінгі 6 (13,9%), 1 жастан 3 жасқа дейін 31(72,2%), 4 жастан 5 жасқа дейін 6 (13,9%) бала құрайды.

Балалардың барлығында ТТА диагнозы анамнезге орай, клиникалық көрінісі, қанның жалпы анализі бойынша, лабораториялық тексерулер мәліметтеріне орай: гемоглобиннің деңгейі, түсті көрсеткіштің мәні, эритроциттер саны, қан сарысуындағы темірдің құрам деңгейіне байланысты қойылды. Гематологиялық зерттеу бойынша ТТА I дәрежесі 40 (93%) балада, II дәрежесі 2 (4,6%) балада, ал III дәрежесі - 1(2,4%) балада анықталынған.

1жасқа дейінгі балаларды уақытылы тексеру нәтижесінде 1-12 ай жас шамасындағы 6 баладан ТТА ерте анықталды. Басқа ауданнан келген 1балада тексеру барысында III дәрежелі ТТА анықталынып, жедел түрде 2 ҚКБА стационарлы емдеуге жіберілді.

Тексеріс нәтижелері бойынша, теміртапшылық жағдайы бар 1 жасқа дейінгі балалар тобында жүктілік кезіндегі 3 анада ТТА, ал 2 анада кеш гестоз болғаны анықталды. Ерте жастағы балалар тобында 10 балада қосымша тамақтандырудың кеш басталғаны, 5 балада аллергиялық диатез, ал 4-уі әлеуметтік қауіп тобынан екендігі анықталған, 3 бала ЖІИ сырқаттанған.

ТТА негізгі клиникалық көріністері ретінде балалардың жалпы әлсіздігі, тәбетінің төмендеуі, тершеңдік, мазасыздануы мен ұйқысының бұзылысы, жиі лоқсу, тері мен шырышты қабаттарының бозаруы және де салмақ қосуының нашарлауы байқалған. Антропометриялық зерттеу бойынша 15 балада салмағы мен бойының жасына сәйкес келмеуі, 9 балада салмағының 5-7% жеткіліксіздігі анықталынған.

ТТА негізгі емі ретінде рационалды тамақтану, күн тәртібі мен бала күтімі және де темір препараттарын қолдану болып табылады. Барлық балаларға құрамында темірге бай тағамдарды (ет, бауыр, қарақұмық, арпа, тары ботқалары, жаңа сығылған шырындар, қызылша, т.б.,) қолдану, баланың дұрыс күтімі, ұзақ таза ауада серуендеу, тыныс жолдарының жедел жұқпалы инфекциялардың алдын алу, массаж, емдік дене шынықтыру тағайындалды.

Сонымен қатар темір препараттарын пероралды тамшы не сироп түрінде тағайындау балаға да қолайлы.

Кепілдемелі тегін медициналық көмек көлемі аясында балаларға тегін рецептер Актиферрин-тамшы және Ферравит сиропына берілді. ТТА емі ретінде темірдің орташа тәуліктік дозасы 3-4 мг/кг, сонымен қатар темірдің жақсы сіңуі мақсатында фолий қышқылы жас ерекшеліктеріне сай мөлшерлеп берілді. [2]

Ерте жастағы балаларда темір тапшылығы жағдайы жиі дәрумендердің жеткіліксіздігіне әкелетінің ескере отыра, комплексті түрде полидәруменді препараттары - Биовиталь-гель, Мульти-табс Бэби -тамшы тағайындалды.

Ем шараларын жүргізгеннен кейін клинико-лабораторлы зерттеулер нәтижесінен анықталынды: диспансерлік есептегі 30 (69,7%) балада 3-4 аптадан кейін, 5 (13,9%) балада алғашқы 14-15 күннің ішінде, ал 8 (16,4%) балада 4-5 аптадан кейін жағдайлары жақсарған. Темір препараттарымен емдеу барысында 1 балада диарея байқалған, пробиотиктермен емделгеннен кейін жағдайы қалыпына келді.

ТТА алдын алу шаралары ұрықтың антенаталды дамуы кезінде аймақта жүргізілуі тиіс. Босанға дейінгі патронаждарда аймақтық дәрігер міндетті түрде жүкті әйелдерге пероралды ферропрепараттарды тағайындауы қажет.

ТТА постнаталды алдын алуы мақсатында барлық аналарға алғашқы 6 айға дейін баланы табиғи тамақтандырудың қаншалықты маңызды екендігін түсіндіруі қажет. Ана сүті, құрамындағы лактоферрин арқасында биожеткілікті темірдің толықтай сіңірілуімен ерекшеленеді. Ал 6 айдан кейін темір қоры азая түседі. Сондықтан осы уақыттан бастап, балаға дер кезінде біртіндеп құрамында темірге бай қосымша тағамдар беру қажет.[3] Аймақ дәрігері жүргізген теміртапшылық жағдайлардың ерте диагностикасы, дұрыс емі және алдын алу шаралары бала денсаулығын сақтауда өте маңызды.

ҚОЛДАНЫЛҒАН әдебиеттер

  1. Куанышбекова Р.Т., Садыкова В.Б., Мырзабекова Г.Т. Работа участкового врача с детьми раннего возраста здоровыми и из групп риска.
  2. *Рук. для врачей+. Алматы; 2003.-128 с.
  3. Дадамбаев Е.Т. Амбулаторлық-емханалық педиатрия *оқулық].Алматы, 2010.306 б. Асқамбай К. Балалар аурулары *оқулық].Алматы., 2011.502 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.