Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

І. Жансүгіров шығармаларының кейбір синтаксистік ерекшеліктері

Мақалада Ілияс Жансүгіров шығармаларының кейбір синтаксистік ерекшеліктері қарастырылады. Ілияс Жансүгіров дәстүрлі поэтикалық синтаксисті пайдалана отырып, оның дамуына үлес қосқандығы дәлелденеді. Белгілі бір құбылысты суреттеуде жай сөйлем түрі – хабарлы сөйлемнің жиі қолданылатыны мысалдармен дәйектеледі. Ақын өлең шумақтарында бір жолда бірнеше жай сөйлемді қатар қолданатындығы ерекшелік ретінде сипатталады.

Ілияс Жансүгіров шығармаларынан сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерінің барлығы, атап айтқанда, хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдердің коммуникативтік қызметтен басқа стильдік қызметте жұмсалуы, сөйлем түрлерінің кейіпкер тілінде, авторлық баяндауда да белгілі бір мақсатта қолданылатыны «Күйші», «Дала», «Құлагер» поэмалары, «Жолдастар» романы, «Гималай» өлеңінің мәтіндерінен алынған мысалдармен дәлелденіп, сипатталады.

Поэзия тілінде құрмалас сөйлемнің сабақтас түрі: -іп,-іп,-п тұлғаларымен жасалғандары жиі кездесетіні анықталып, ақынның өлең ұйқасын көсемшенің тиянақсыз формасына құруы оқиға желісін үзбей, өлеңге ырғақ, екпін беруге мүмкіндік береді деген ой түйіндейді. «Біздің жазда», «Арманым» өлеңі осы тұрғыда талданды.

Халық ауыз әдебиеті мен Абай поэзиясында дәстүрлі поэтикалық синтаксистің біраз түрлері жасалды. Осы екі қайнар бұлақтан сусын-

даған І. Жансүгіров те дәстүрлі поэтикалық синтаксисті пайдалана отырып, оның дамуына үлес қосты. Ақын белгілі бір құбылысты ег-

жей – тегжейлі суреттеуде немесе қысқа қайыру үшін жай сөйлемдерді пайдаланады.

Мырза солқ – солқ жылады, Мұқан іштен ыңыранды.

Ұлжан талды, жынданды. (Кәмпеске).

Күн батты, жұлдыз шықты, жабылды ымырт, Шөгісті, қонды асқарға мұнар, бұлт.

Ел жатты. Жылқы жусау. Тоғай тынды.

От сөнді. Қатын қайтты қайнатқан құрт. (Мақпал).

Мұндай қолданысты барлық шығармаларда кездестіруге болады. Дәстүрлі әдебиетте сөйлем бір жолға, не екі – үш жолға созылып, тиянақталып отырады. Еш уақытта сөйлем өлең жолдың ортасында аяқталмайды. Осы дәстүрді Ілияс жазба әдебиетінде «бұзады».

Ат жанды, көлік күткен Балта манап, Ұзаққа берілмеді тор төбел ат.

Сынды Ұзақ. Кектенді Ұзақ, бұзды бата, Бұзылды екі арасын ант аралап.

Немесе:

Тандыр тас, талайсыз тас, таңбалы тас, Тағдырын талай жастың алғалы тас – Біткен тас. Талай – талай зарыққан жас. Өрт өмір, өзен көзді, арманы – тас.

І. Жансүгіровтің поэзиялық шығармаларынан сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерінің барлығын кездестіреміз. Хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдер коммуникативтік қызметтен басқа стильдік қызметте жұмсалады. Мысалы: Кейіпкердің жан – дүниесін, күйініш – сүйінішін білдіру – бейнелеу үшін ақын бұйрықты, лепті сөйлемдерді жиі қолданады. Күйші жігіттің өнеріне риза болған Қарашаш монологы тек қана қысқа лепті сөйлемдерге құрылады:

Соқ жігіт! Соқ! Соқ! Жігіт! Күйіңді тарт! Тоқтатпа, тарт! Дегенім – қалағаным шарт. Толғауы тоқсан күйдің бір – ақ күй бар Солқылдат! Бастыр! Бастыр! Қадап! Қадап!

І. Жансүгіров шығармалары синтаксисінің бір ерекшелігі ретінде сұраулы сөйлемдердің молынан қолданылуын айтуға болады.. Сұраулы сөйлемдер кейіпкер тілінде болсын, автор тілінде болсын белгілі бір стильдік мақсатта жұмсалады. Мәселен, Ілияс поэзиясында риторикалық сұраулы сөйлемнің орны ерекше.

«Гималай» өлеңінің әр шумағы «Гималай асқар неге олай?» деген сұраулы сөйлеммен аяқталып отырады. Мысалы:

...Сол күннен нұр ала алмай, Басы мұнар, бауыр тар...

Гималай асқар неге олай?

...Сол анадан сүт алмай, Көзі соқыр, көңілі тас, Гималай асқар неге олай?

«Гималайдағы» риторикалық сұраулы сөйлемдер еңсесі түскен, езілген елдің ендігі өмірі не болмақ деген ойға жетелейді. Өлеңнің екінші «Жауап» бөлімінде өзі шешімін айтады, яғни алғашқысында ақын оқырманнан жауап күтпейді. «Күйші» поэмасында:

Адамның арғымағы осы шығар, Пендеге бітеді екен мұнша көрік? 

деп, Қарашашты алғаш көргеннен есінен таныған Күйші оның қармағынан құтылғанша, оған қайран қалумен, түсіне алмай, дал болумен өтеді.

Күйші жігіт күйлердің көркемдік-эстетикалық ішкі мән-мағынасын терең түсінетін қыз қиялында өзі «табынып жүрген» төңірегіндегілерден де биік, абзал, арынды, қол жетпес асау, алып тұлғаға айнала бастайды:

Беу жаным, жігіт екен! Бағлан торы! Безектеп не қылмақшы мынау қолы? Есіл ер хан боп неге тумады екен?

Қарадан неге туған, алда сорлы? 

дейді күрсініп. Алланың жігіті күй өнерінің

«ханы» етіп жаратқанымен, тегі қара болғаны әмірі күштінің «әділетсіздігін» аңғартатынын мойындап, қыз ауыр ойға батады:

Бұл сорлы Дулат па екен, Үйсін бе екен? Күйшім боп өміріне жүрсін бе екен?

Сүйкімді, жігіттің бұл бұлбұлы ғой, Қарашаш осыған-ақ тисін бе екен? 

деп орындалмайтын арманмен арпалысады ханыша. Күйшіні басыбайлы құлы етіп ұстауға қимады, «бұлбұл жігіттің» өмірлік жарына лайықтығына еш шүбәсі қалмады. Бірақ қалыптасқан заң, қатал тәртіп бойынша есігіндегі құлдың «төбесіне құл басымен шығуға» хақысы жоқ, сүйекке таңба, асыл тегін қорлау болып табылатын симптом екенін ескертіп, сезім қуатымен балқып кеткен денесін шапшаң игеріп, аяғын тарта қояды... Күйші алдында өзінің ақсүйектік тегін танытып, өткір ыза мен зілді кескінді «жүзін қайта киеді». Ақын бұл поэма арқылы жастарды сегіз қырлы, бір сырлы, өнерпаз болуға үндейді. Сарқылмайтын дәулет сарқылады, тозбайтын тон да тозады, тақ та тақымнан кетеді, мәңгі ғұмыр сүру өнерге ғана тиесілі сыбаға екенін Сарыүйсін жігіті айдай әлемге әйгілеп береді [3]. Жоғарыдағы үзіндіде сұраулы, лепті сөйлемдер Қарашаштың психологиялық жай – күйін беруде таптырмас көркемдік әрі астарлы ойды жеткізудің құралы ретінде жұмсалған.

Ақын екі кейіпкерге аласапыран психологиялық жай – күй кештіреді, оны жеткізудің амалы ретінде риторикалық сұраулы сөйлемді сәтті пайдаланады. Сол арқылы кейіпкермен бірге оқырманға да алай-дүлей күй кешіреді. Арпалысты риторикалық сұраулы сөйлемдер арқылы бере отырып, оқырманды Қарашашпен бірге күйзелтеді. Сұраулы сөйлемдердің мағынасы жалпы және альтернативтік мағыналарға негізделгенімен, коммуникация үстінде түрлі өң алатынын ескере отырып ғалым Р.Әмір оларды «ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер, альтернативті білдіретін сұраулы сөйлемдер,риторикалық сұрақты білдіретін сөйлемдер, түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер» деп төрт топқа бөледі [2]. Ақын «Күйші» поэмасында лепті, бұйрықты сөйлемдерді, «Дала» поэмасында сұраулы сөйлемдерді жиі пайдаланады. «Күйшіде» сұсты да «аруақты» Қарашаш үнемі өктем сөйлейді:

«Тарт күйшім!» деп ханыша жарлық етті... немесе «Қой, күйшім, жетер!» деді жымың етіп... Ақырып, о жендетін қыз тоқтатты: Қолыңды қоқаңдатпа! – деп, Күйшіме...

«Күйшідегі» лепті, бұйрықты сөйлемдер зілді. Қарашаштың өктем, аруақты жердің қызы екендігі осы сөйлемдер арқылы астармен беріліп отырады. Ал «Дала» поэмасындағы лепті, бұйрықты сөйлемдер қысқа, ұранды, жеңіл келіп, көңілдің көтеріңкілігін білдіреді. Мысалы:

Уа, Шүйінші!.. Шүйінші! Ояныңдар! Тұрыңдар!

Бірің қалмай жиылшы! (Дала).

Поэманың «Той бастау» бөлімі – түгел дерлік лепті сөйлемдер. Жыршы эмоциясын білдірумен қатар, еңбекші қауымды еңбекке, жаңа өмірге үндеу, шақыру, үгіт-насихат түріндегі бұйрықты сөйлемдерден өрілген бөлім десе де болғандай.

«Жолдастар» романының «Прологы» толығымен сұраулы, лепті сөйлемдер. Сол сұрақтардың жауаптары роман бойында өріледі. Көтеріңкі көңіл күйдің шешімі – «Ура! Ура!»

ұраны болып келеді. Осы романда «Сатан осы Нәзипаның себебімен биыл осы Қояндыны көріп келіп отыр емес пе? Әйтпегенде Сатан сонау Қояндыға қайтар ма еді? Қояндыға қайтпағанда сонау қойшылықтан құтылар ма еді? Қойшылықтан құтылмағанда сонау ақ вексіл жыртылар ма еді? Үй ішін көріп қуантар ма еді?» деген контекс бар [1]. Сөйлемдер сұраулы сөйлемдер. Алғашқысы – риторикалық; екінші, үшінші, төртінші, бесінші сөйлемдер – альтернативті сұраулы сөйлемдер. Іздеулі альтернатив мүшелер жасырын тұр. Жауабы оқырманның үлесіне қалдырылған.

Поэзия тілінде сабақтас құрмалас сөйлемнің – ып, іп, -п тұлғалы түрі жиі қолданылады, ақын өлең ұйқасын көсемшенің тиянақсыз формасына құрады да, оқиға желісін үзбей, екпіндете жырлайды. «Біздің жазда» өлеңінде осы тұлға арқылы жаз қызығының молдығы, ұзақтығы үзілмей, сабақтастырыла көрсетілсе, «Арманым» өлеңі көсемшенің –й тұлғасына, балаларға арналған өлеңдері көбіне жедел өткен шақ түрінде – ды, -ді, -ты, -ті формаларымен беріледі.

Поэтикалық синтаксисті инверсиясыз елестету мүмкін емес. Инверсия – тіл білімінде сөйлем мүшелерінің дәстүрлі қалпын өзгеріске түсіру, сонымен қатар, сөйлем мүшелерінің қалыпты орнын өзгерту арқылы актуализация

– ой екпінін түсіру көзделеді. Ой екпіні түсірілген сөз баяндауыштың алдына қойылады. Қалтарыс позициясындағы сөз баяндауыштан соң тұрады.

Егіліп қайыршақтай жұмсардым ба,

Қайратым қара тастай қайда кетті.

Таза тілдік тұрғыдан талдағанда, «жұмсардым ба» деген баяндауыштың алдындағы

«қайыршақтай» сөзіне ой екпіні түсірілген.

Лапылдап мұз көңілді күйдірген күй, Балқытып мұз жүректі сүйдірген күй («Күйші»).

«Лапылдап, балқытып» баяндауышынан кейінгі қалтарыс позициядағы сөз, сөз тіркестері ұйқас үшін қажет болған. Ақын енді бірде инверсияны толық пайдалана отырып, өзіндік жаңа тіркестер қолданып, сөйлем мүшелерінің орын тәртібін ауыстырып отырады.

...Күйінді ол, күңіреніп Құлагерге. Айырылды ол, аттан – жақсы, достан – тәтті. Әдеттегі сөйлеу тілінде «Ол Құлагерге кү-

ңіреніп, күйінді», «Ол жақсы аттан, жақсы достан айырылды» болар еді. Қайталау мен инверсия қатар қолдана отырып, ел еркесі

Ақанның қайғы – қасіретін әсірелей жеткізуді көздегені анық.

І. Жансүгіровтің поэзиялық шығармашылығы тілдік ерекшеліктерінің бірі – диалогты пайдалануы. Диалог – көркем шығарманың мықты негізі. Ол прозалық шығармада образ ашу ғана емес, жалпы шығарма архитектоникасын құрудағы аса өтімді, ұтымды тәсіл. І.Жансүгіров поэмаларында диалог жиі қолданылады. І.Жансүгіров шығармаларынан диалогтың барлық түрін: таза түрін (екі адам арасындағы сөйлесу), аралас түрін, полилогты де (бірнеше адамның сөйлесуі) кездестіреміз. Мысалы, диалогтың таза түрі мен аралас түрін ақынның поэмаларынан жиі ұшыратамыз.

  • Алдияр!
  • Айт, күйшім!
  • Ертең елге қайтайын!

Тарта бер, асықпа әлі, ақын, күйшім!Дедім ғой тілегіңді мақұл, күйшім.

Қыстайсың биыл менің өз қолымда, Қайтасың жаз шыққан соң ақыр, күйшім.

(«Күйші»).

«Алдияр!», «Ертең үйге қайтайын!» Күйші жігіттің сөзі. Жалынышты үн. Бас бостандығынан айырылып жалтаң болған адамның үні. Ол: «Мен еліме қайтам, немесе Ертең еліме қайтамын», деп айта алмайды. «Қайтайын» сөзі І жақ бұйрық рай формасымен берілсе де, интонация арқылы «-шы» жұрнағының «тілек» мәні сезіледі. Мысалы: «Құлагер» поэмасының

«Құлагер» бөліміндегі ат сынын естіген ел – жұрттың жарыса тіл қатысуы, яғни диалогтың полилогты түрі арқылы әр қазақтың атқа өзінше сын айтарлық қауқарын жамырай, жарыса сөйлеген сөздеріне аңғартады.

  • Осы ма, Құлагерің? – деседі жұрт.
  • Жүйрігі жануардың қай жағында
  • Бітімі ойқы-шойқы, ордашорқы,
  • Пішкендей жануарды, олақ өлшеп.
  • Алмайды мынау бәйге жылқы көрсек, Көк етті кедір – бұдыр, бөлшек – бөлшек.
  • Көкшетау шолағын да мақтайтын ел, Осыған ит болайық бәйге берсек.

Қысқасы, І. Жансүгіров поэмаларында да,

өлеңдерінде де диалогты қолдану арқылы кейіпкер образы ашыла түседі.

«Бөктерім Батыраштың Көк атын!» деп, Оттапсың аузыңа ие болмай.

Бұл – кеппе кеуде, өркөкірек Батыраштың сөзі.

...Би болсаң би шығарсың Алтайыңа, Тілімді терезем тең, тартайын ба?

Көгіңді бөктірмесем, атым сенікі, Шапса да әкең мініп байталына.

Бұл – ел еркесі, өзіне де, атына да сенімді Ақанның сөзі. Берілген үзінділер арқылы әр кейіпкерді тани аламыз.

І. Жансүгіров диалогтарындағы қуатты сөз түйіні көбінесе синтаксистік параллелизмдер арқылы теңеу, риторикалық сұрақ, лексикалық қайталаулар арқылы беріледі. Тағы бір ерекшелігі диалог кейіпкер мінезін ашуда, образ жасауда бірден-бір тәсіл болмай, көбінесе кейіпкердің іс-әрекеті автор атынан суреттеу мен мінездеуге қосымша, көмекші тәсіл ретінде қолданылатындығы. Диалог авторлық баяндаумен тығыз байланысты. Бұл байланысты ақын мағыналық жағынан ғана емес, соны мен бірге, құрылым мен стилистикалық жақтан тең ұстайды. Ақын сөйлеу тілін көркем шығармаға енгізудің, кіріктірудің, орнықтырудың әдіс-тәсілін меңгере отырып, мақсатына жетеді.

І. Жансүгіров шығармалары тұнған сурет, сенімді іс-әрекет, ұтымды образға толы. Мазмұны бай. Ұтқыр сөз, астарлы ой астасып жатады. Бұл тума таланттың, білімнің, ізденістің, еңбекқорлықтың жемісі. Шығарма тақырыбы құрылым-құрылысы, мазмұны, мазмұн түзететін сөз, сөз тіркесі, сөйлем, көркемдік кестесін өзгертіп көркемдегіш құрал, оларды пайдаланудың әдіс-тәсілдері, өзінше қолданудың жолдары таңдаудағы талғампаздық І. Жансүгіров талантына оқырманның «таңдайының суын жұтқызып, толғантып, толықсытып, емірентіп, қиынға қызықтырып, ынтық қылды». Ақын шығармаларының өресі биік, өрісі кең, келелі ой-пікірі бар, тілі шұрайлы, сондықтан да уақыт өткен сайын ол бізге жақындай түседі.

 

Әдебиеттер

  1. Жансүгіров І. Көп томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Қазығұрт, 2003.
  2. Р.Әмір, Ж.Әмір. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Санат, 1998.
  3. Сыдықов Т. І.Жансүгіров және дәстүр жалғастығы. Зерттеулер, портреттер. – Алматы: Арыс, 2011. – 488 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.