Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

А. Байтұрсынұлы еңбегіндегі дауысты дыбыстар жіктелімі

Мақалада қарастырылған басты мәселе қазақ тіл білімінің негізін қалаған А. Байтұрсынұлы әліпбиіндегі дауысты дыбыстар болып табылады. Ол қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор. Байтұрсынұлының «Оқу құралы» (1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. «Оқу құралы» қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады. Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. «Әліпби деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліп-би жақсы болмақшы», – деп жазды тұңғыш қазақ әліпбиінің негізін қалаушы А. Байтұрсынұлы. Мақалада А. Байтұрсынұлы еңбегіндегі дауысты дыбыстар қарастырылады.

Кіріспе

«Əліпби деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дəл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым əліп-би жақсы болмақшы», – деп жазды тұңғыш қазақ əліпбиінің негізін қалаушы А. Байтұрсынұлы (Baitursynov, 1992: 400).

Қазақ əліп-биі – қазақ тілі əріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының мəдени өмірінде түркі халықтарымен бірге қолданыста болып табылатын əр түрлі əріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі.

Қазақ фонологиясында дыбыстардың бірбірінен айырмасын іздеп, оларға сипаттама жасау тұңғыш тіл маманы А. Байтұрсынұлының зерттеулерінен басталады. А.Байтұрсынұлы қазақ фонетикасының іргелі ұғымдарын жүйелеп берді. Əрбір ұғымды қатаң терминологиялық мəнде көрсетіп, оларды арнайы атаулармен атады. Қазақ фонетика ғылымының айырым белгі терминдерін жасап, жүйелеп қалыптастырды (Оspangazieva, 2017: 93).

А. Байтұрсынұлының 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқу құралында» (қазақша əліппе) буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, жарты дауысты дыбыс, дəйекші, жіңішкелік белгісі, харіп секілді терминдер берілген. Ал, 1914-1915 жылдары жəне одан кейінгі жылдары 1928 жылға дейін бірнеше рет басылған «Тіл құрал» оқулықтары (қазақ тілінің сарфы) қазіргі таңдағы қазақ тіл біліміндегі зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ сияқты терминдердің негізін қалаған оқу құралдарының бірі.

А. Байтұрсынұлы терминдерінің күштілігі сөздің ішкі мағыналық құрылымына негізделген. Фонетикалық принциптің ең негізгі авторы А. Байтұрсынұлы. Дауысты дыбыс дегеніміз не? Кез-келген нəрсенің естілуі дыбыс, өзеннің сылдырап аққаны естілсе, дыбыс, ағашқа ұя салған құстардың тамылжыта əн салғаны естілсе, дыбыс, яғни естілген нəрсенің барлығы дыбыс. Дауысты дауыс бар деген сөз, ал дауыссыз дауыс жоқ деген сөз.

Қазақ грамматологиясының негізін қалаған А. Байтұрсынұлы. Ақымет төте жазуды дыбыс əдіс жолына негіз еткендігін ескерсек, дыбыс негізді əдіс арқылы метатіл орын алады. А. Байтұрсынұлы қазақ тіл білімі ғылымында грамматологияның метатілін қалыптастырды.

Тілдің дыбысталу мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілетін үн дыбыс деп аталады да, оны жазу тілінде белгілейтін шартты белгі əріп деп аталады. Демек, дыбысты айтамыз жəне естиміз, ал əріпті жазамыз жəне көреміз. Əріп – жазуда дыбысты белгілейтін шартты таңба. Айтылғанда, өкпеден ауа ешбір кедергісіз, еркін шығатын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады (Isaev, 2007: 11).

1912 жылы жарияланған «Айқап» журналының № 4-5 санында қазақ тілінде 24 дыбыс, оның ішінде 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауысты бар деп беріледі. Дыбыстар дауысты, дауыссыз һəм жарты дауысты болады. Соған қарай харіфтер де дауысты, дауыссыз һəм жарты дауысты болып бөлінеді (Baitursynov, 1992:147). Қазақ тіліндегі жиырма төрт түрлі дыбысты таңбалаудың өзіндік ерекше жолы мен жүйесін ұсынған А. Байтұрсынұлы «қ» мен «ғ» дыбыстарының ылғи жуан, «к» мен «г», һəм «е»-нің ылғи жіңішке айтылатынын ескерте отырып, былай деп жазады: «Егерде бұл 19 дыбыстың жуан айтылуы үшін бір белгі, жіңішке айтылуы үшін бір белгі керек десек, мысалы: ت (т), س (с) сықылды, онда 19 дыбысқа 38 белгі керек болар еді. Бұған дəйім жуан айтылатын «қ» мен « ғ»-ны қосқанда дəйім жіңішке айтылатын «к», «г», «е»-лерді қосқанда, бəріне 43 белгі (харіп) керек» (Baitursynov, 1992: 324).

Дыбыс пенен харіфтің бір зат еместігін Ақыметтің еңбектерінен байқауға болады. Яғни, екеуі екі бөлек нəрсе. А. Байтұрсынұлының «Оқу құралындағы» тілдегі бар дыбыстың басбасына арналған белгісі /əрпі/ бар болуы керек деген тұжырым үнемі жазу тəртібінде негізге алынды. Емле – жазу үшін шығарған нəрсе, жазу – тіл үшін шығарған нəрсе. Олай болса, тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек деген пікірін негізге алсақ, тіл харіф үшін шығарған нəрсе емес, харіф тіл үшін шығарған нəрсе болып табылады. Олай болса харіфі жоқ деп, тілдегі дыбысты жоғалту емес, ол дыбысқа жоқ харіфті іздеп табу керек. Харіфке бола тілді бұзбайды, тілге бола харіфті бұзып өзгертеді. Осы қағида Ақымет жасаған төте жазуда көрініс табады. Əліпби ережесіне сəйкес дауысты дыбыстар сөз басында келсе, олардың харіфтерінің алдына сүйеу таяқ қойылып жазылады.

Дауысты харіфтер: а –ا, о –و, ұ –ؤ, ы –и –ی, е –ڍ, ه. Мысалы, «ұ» əрпінің алдында берілген ا таяқ сүйеу болу үшін қойылған. Бұл «ұ» əрпі сөз басында келсе ғана қойылатын таяқ, бұл таяқ оқылмайды, тек сүйеу үшін ғана қойылады деп ережеде арнайы айтылған. Мысалы: ұр – ١ؤر, ұн – اؤن, ұқ –اؤق. Бұл мысалдан дауыссыз дыбыстың дауысты дыбысқа бағынғандығын жəне соңғы дауыссыз дыбысты өзгертіп, жаттығу ретінде беру арқылы ұ дыбысын үйрену жеңіл болатындығын байқауға болады.

Дауыссыз харіфтер: б –ب, п –پ, т –ت, ж –ج, ш –چ, д –د, р –ر, з –ز, с –س, ғ –ع, қ –ق, к –ڬ, г –گ, ң –ڭ, л –ڶ, м –م, н –ن. Жарты дауысты, яки орта дыбыстардың өз алдына оңаша харіфтері жоқ. Олардың орнына бүтін дауысты «у» һəм «й» харіфтері жүреді. Жарты дауысты дыбыстардың харіфтері екендігі, дауысты дыбыстардың соңынан я алдынан бір буында келгенінен ғана байқалады. Бір буынның ішінде дауысты дыбыстардың соңында я алдында «у» я «й» тұрса, ол жарты дауысты харіфтер болады, мəселен: «ау» деген сөзде «у» дауысты харіфтің соңында тұр. Мұнда «у» бүтін емес, жарты дауысты харіф. «Ай» деген сөзде «й» дауысты харіфтің соңында тұр. Мұнда «й» бүтін емес жарты дауысты харіф, «у» һəм «й» харіфтері дауысты дыбыстарға да, жарты дауысты дыбыстарға да ортақ харіфтер болғандықтан, «тел» харіфтер деп аталады (Baitursynov, 1992: 147).

Нəтиже мен талқы

Ал, 1927 жылы жарияланған «Жаңа мектеп» журналының № 2 санында жарияланған Елдестің «Қазақ дыбыстары» деген мақаласына байланысты Қызылорда, 28.04.1927 жылы жарияланған «Дыбыстарды жіктеу туралы» мақаласында Ақымет өз пікірін білдіреді. Сонымен, біздің қарастыруымызша, Ақыметте екі түрлі жіктелім орын алғандығын байқауға болады.

  1. 1912 жылы жарияланған «Айқап» журналының № 4-5 санында қазақ тілінде 24 дыбыс, оның ішінде 5 дауысты (а, о, у, ы, э), 17 дауыссыз (б, п, т, ж, ш, д, р, з, с, ғ, қ, к, г, ң, л, м, н), 2 жарты дауысты (у, й) бар деп берілген жіктелім.
  2. Ақыметтің Қызылорда, 28.04.1927 жылы жарияланған «Дыбыстарды жіктеу туралы» мақаласында 12 дауысты (толық дауыстылар – а, е, о, ұ, ы, шала дауыстылар – р, ң, л, м, н, у, и) жəне 12 дауыссыз (б, п, т, ж, д, з, с, ш, ғ, қ, к, г) бар деп берілген жіктелімі.

1-кесте – А. Байтұрсынұлының жіктеліміндегі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар (Қызылорда, 28.04.1927 жылы жарияланған «Дыбыстарды жіктеу туралы» мақаласындағы дауыстылардың жіктелімі)

Дауыстылар

Толық дауыстылар

Шала дауыстылар

а, е, о, ұ, ы

Бұлар Ақыметтің жіктелімінде

толық дауыстылар деп аталады.

Толық дауыстылары кең шығысты, тар шығысты болып екіге айырылады.

Аңғал түрлісі

Қымқыру түрлісі

Ауыз шығысты

Мұрын шығысты

а, е, ы

о, ұ

р, л, у, и

ң, м, н

р, ң, л, м, н, у, и

Бұлар Ақыметтің жіктелімінде

шала дауыстылар деп аталады.

Ауыз шығыстылары босаң жолды, қысаң жолды болып екіге бөлінеді.

Мұрын шығыстылары босаң бөгеулі, қысаң бөгеулі, тұйық бөгеулі болып үшке бөлінеді.

Босаң жолдылары

Қысаң жолдысы

Босаң бөгеулі

Қысаң бөгеулі

Тұйық бөгеулі

р, у, и

л

ң

н

м

2-кесте – А. Байтұрсынұлының жіктеліміндегі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың өзара ерекшелігі

Дауыстылар

Толық дауыстылар

Шала дауыстылар

а, е, о, ұ, ы Толық дауыстылар

буын ішінде дауыссыз дыбыстардың алдында да, соңында да келеді.

Аңғал түрлісі

Қымқыру түрлісі

Ауыз шығысты

Мұрын шығысты

а, е, ы

Орын талғамайды.

о, ұ

Бас буыннан басқасында келмейді.

р, л, у, и Септегенде

«дың», «дан», жіктегенде

«мыз» келеді.

ң, м, н Септегенде «ның»,

«нан», жіктегенде «біз»

келеді.

р, ң, л, м, н, у, и Шала дауыстылар буын ішінде

дауыссыздың соңында келмейді.

Ауыз шығыстылары босаң жолды, қысаң жолды болып екіге бөлінеді.

Мұрын шығыстылары босаң бөгеулі, қысаң бөгеулі, тұйық бөгеулі болып үшке бөлінеді.

Босаң жолдылары

Қысаң жолдысы

Босаң бөгеулі

Қысаң бөгеулі

Тұйық бөгеулі

р, у, и Сөз басында

келмейді.

л

Сөз басында келеді.

ң

сөз басында келмейді.

н алдындағы

дыбысқа əсері бар.

м алдындағы

дыбысқа əсері жоқ.

3-кесте – А. Байтұрсынұлының жіктеліміндегі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарға сипаттама (1912 жылы жарияланған

«Айқап» журналының № 4-5 санында қазақ тілінде 24 дыбыс, оның ішінде 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауысты бар деп берілген жіктелім бойынша)

Дауысты дыбыс

Дауысты дыбыстар сипаттамасы

1

а

езулік, жуан дауысты, ашық дауысты

2

о

еріндік, жуан дауысты, ашық дауысты

3

у

еріндік, жуан дауысты, қысаң дауысты

4

ы

езулік, жуан дауысты, қысаң дауысты

5

э

езулік, жіңішке дауысты, ашық дауысты

6

у

еріндік, жуан, жіңішке дауысты, қысаң дауысты

7

и

езулік, жуан, жіңішке дауысты, қысаң дауысты

С.М. Исаевтың жіктелімі бойынша қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар деп беріледі. Олар: а, ə, е, э, о, ө, ү, ұ, ы, і, и, у. Бұлардың ішінде э тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылады (электр, элеватор, т.б.) жəне и мен у екеуі қосынды (дифтонгоид) деп аталады: и – ы+й немесе і +й жəне у-у +у немесе ұ +у. Дауысты дыбыстар буын құрайды, дауыссыздар буын құрай алмайды. С.М. Исаевтың жіктелімінде қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар үш жақты жіктеледі (Isaev, 2007: 12).

  1. Тіл қатысына (жасалу жолына) қарай жуан жəне жіңішке болып бөлінеді. Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы жəне бірде жуан, бірде жіңішке и, у. Жіңішке дауыстылар ə, е, (э), ө, ү, і жəне бірде жуан, бірде жіңішке и, у.
  2. Иек (жақ) қатысына немесе жасалу орнына қарай ашық жəне қысаң болып бөлінеді.

Ашық дауыстылар: а, ə, е, (э), о, ө. Қысаң дауыстылар: ы, і, и, ұ, ү, у.

3.Ерін қатысына қарай езулік жəне еріндік болып бөлінеді. Езулік дауыстылар: а, ə, е, (э), ы, і, и.

Еріндік дауыстылар: о, ө, ү, ұ, у.

Қазақ тілінің дауыстылары мен дауыссыздарының тағы бір басты айырмасы: дауыстылар буын жасай алады да, дауыссыздар буын жасай алмайды. Сондықтан дауыстыны буын құрағыш дыбыс деп, дауыссызды буын құрай алмайтын дыбыс деп те атауға болады. Бұл дыбыстардың атқаратын қызметіне қарай айырылуы (Kenesbaev, Мusabaev, 1962: 232).

С. Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаевтың жіктелімі бойынша қазіргі қазақ тілінде мынадай тоғыз жалаң дауыстылар (монофтонг) бар: а, е, ы, і, ə, о, ө, ү, ұ. Бұдан басқа мынадай екі қосынды дауыстылар (дифтонгоид) бар: и, у (Kenesbaev, Мusabaev, 1962: 233).

С. Мырзабековтың жіктелімі бойынша қазіргі қазақ тілінде он бір дауысты фонема бар. Олар дыбыстау мүшелерінің қызметіне қарай іштей үш топқа жіктеледі (Мyrzabekov, 1993: 18).

Ə. Жүнісбектің жіктелімі бойынша қазақ тілінде 9 əліпби дауысты дыбыс бар. Олар қолданымдағы əліпби құрамында былай таңбаланады: а, ə, е, о, ө, ұ, ү, ы, і.

4-кесте – С.М. Исаевтың жіктеліміндегі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар

Ерін қатысына қарай

Езулік

Еріндік

Иек (жақ) қатысына

(жасалу орнына) қарай

ашық

қысаң

ашық

қысаң

Тіл қатысына (жасалу жолына) қарай

Жуан Жіңішке

а ə, е

ы (и)

і (и)

о

е

ү (у)

ұ (у)

5-кесте – С. Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаевтың жіктеліміндегі қазақ тіліндегі дауысты фонемалар

Ерін қатысына қарай

Езулік

Еріндік

Жасалу жолына қарай

Ашық дауыстылар

Қысаң дауыстылар

Ашық дауыстылар

Қысаң дауыстылар

Жасалу орнына қарай

Жуан дауыстылар

а

ы (и)

о

ұ (у)

Жіңішке дауыстылар

а, е (э)

і (и)

ө

ү (у)

6-кесте – С. Мырзабековтың жіктеліміндегі қазақ тіліндегі дауысты фонемалар

Тілдің қатысына қарай

Еріннің қатысына қарай

Жақтың қатысына қарай

Жуан (гуттураль) дауыстылар

Жіңішке (палаталь) дауыстылар

Еріндік (лабиаль)дауыс тылар

Езулік дауыстылар

Ашық дауыстылар

Жартылай ашық дауыстылар

Қысаң дауыстылар

а, о, ұ, ы, у

ə, ө, ү, і, е, и

о, ө, ұ, ү, у

а, ə, ы, і, е, и

а, ə

о, ө, е

ұ, ү, ы, і, и, у

Қазақ тілі дауысты дыбыстары жалаң (монофтонг) жəне құранды (дифтонг) болып екіге бөлінеді (Zhunisbek.2009: 54). Біркелкі айтылатын дауысты дыбысты жалаң дауысты дыбыс деп атаймыз, олар: а, ə, ы, і, ұ, ү. Бір дыбыстан басталып, екінші дыбыспен аяқталатын дауысты дыбысты құранды дауысты дыбыс деп атаймыз, олар: о, ө, е.

7-кесте – Ə. Жүнісбектің жіктеліміндегі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар

Дауысты дыбыстар

а, ə, е, о, ө, ұ, ү, ы, і

Жалаң (монофтонг)

дауыстылар

а, ə, ы, і, ұ, ү

Құранды (дифтонг)

дауыстылар

о, ө, е.

Неліктен у, э дыбыстары дауысты дыбыс қатарына қосылған деген сауал туындайды? Біздің ойымызша, бұл орыс тілінің əсерін күшейту, əсірелеу мақсатында қазақтың дүниетанымын өзгерту мақсатында енгізілген өзгеріс. Себебі, əріп арқылы беріліп тұрған мəдениет, дүниетаным, ақпарат адамның санасында қалып қояды. Адамның санасындағы ақпарат біртіндеп жады арқылы қалыптасып, адамның дүниетанымының өзгеруіне əкеліп соғады. Бұдан əріп арқылы берілетін когнитологиялық аспект бар екендігін, адам санасында қалыптасатын таным арқылы адам санасына түбегейлі өзгеріс енгізуге болатындығын байқаймыз.

Жоғарыда аталған ғалымдардың дауысты дыбыстар жіктелімін салғастыра келе, қай ғалымның идеясы А. Байтұрсынұлына жақындау деген ой туындайды. Сонымен, Ақыметтің қалыптастырған емлесіне жақын келетін идея – С.М. Исаевтың, С. Кеңесбаевтың, Ғ. Мұсабаевтың қарастырған дауысты дыбыстар жіктелімі. Дауысты дыбыстар саны жағынан сəйкес емес, бірақ құрамы, жіктелімі жағынан ұқсастықтар мен сəйкестіктер басым. С.М. Исаевта қысаң дауысты ретінде и мен у дыбыстары қарастырылады. Ал, С. Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаевта екі қосынды дауыстылар (дифтонгоид): и мен у бар деп көрсетіледі. Ал, аталған ғалымдардың бұл жіктеуі Ақыметтің 2 жарты дауысты бар деп қарастырған дыбыс жіктеліміне сəйкес келеді. Сонымен қатар, Ақыметте бар дыбыстардың көпшілігі аталған ғалымдардың жіктелімінде бар. Ал, С. Мырзабеков пен Ə. Жүнісбектің қарастырған дауысты дыбыс жіктелімі А. Байтұрсынұлынан алшақ. Аталған дыбыстар Ақыметте бар болғанымен, жуан, жіңішке, құранды, жалаң деп қарастыру жағынан келгенде кемшін тұстары баршылық.

Қорытынды

Қорыта келгенде, жоғарыда аталған ғалымдардың дауысты дыбыс жіктелімі қайдан бастау алады деген сауал туындайды? Қазақ тіл білімі ғылымында бұрын соңды емле тəртібі түзілмегендігін ескерсек, жалпы түркітану ғылымында, əсіресе ХХ ғасырдың басында түркітану ғылымында Байтұрсынұлының емлесі үлгі емле болды. Ақыметтің қазақ тіл білімі ғылымында қалыптастырған əр таңбасында мəн бар, ұлттық таңбалық ерекшелік бар. Яғни, аталған ғалымдардың дыбыстарды жіктеуі А. Байтұрсынұлының қалыптастырып кеткен дыбыстар жіктеуінен бастау алады. Қазақ тіл білімі ғылымындағы қарастырылған дыбыстар жіктеуінің барлығы А. Байтұрсынұлының жасаған дыбыстар жіктеуіне негізделген. Сонымен, А. Байтұрсынұлы қазақ тіл біліміндегі грамматологияның негізін қалаушы.

 

  1. Əдебиеттер
  2. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу – ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б. Оспанғазиева Н.Б. Қазақ тіліндегі дыбыстардың фонологиялық сипаты. Абай атындағы ҚазҰПУ. Хабаршы.
  3. Филология ғылымдары сериясы. – 2017. – № 3 (61).
  4. Исаев С.М. Қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы: Өнер, 2007. – 208 б. Үшінші басылым. Кеңесбаев С., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі: лексика, фонетика. – Алматы, 1962.
  5. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1993. – 136 б. Жүнісбек Ə. Қазақ фонетикасы / Əлімхан Жүнісбек. – Алматы: Арыс, 2009. – 312 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.