Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ағылшын, орыс және қазақ тілдері паремиологиялық бірліктерінің семантикалық сипаттамасы («еңбек – еңбегі жоқтық» тақырыптық тобының материалдары негізінде)

Осы мақалада еңбек тақырыбына байланысты орыс және қазақ мақал-мәтелдері мен олардың ағылшын тіліндегі баламалары қарастырылды. Еңбек және еңбегі жоқтық туралы паремиялардың ұқсастықтары мен өзгешеліктері анықталып, сол паремиологиялық бірліктердің семантикалық компоненттері талданылды. Адамның еңбек ету үдерісін бейнелейтін ағылшын, орыс және қазақ тілдері мақал-мәтелдерінің материалдары негізінде біз тек сол халықтың мәдениетімен ғана танысып қоймаймыз, сонымен қатар сол халықтың психологиясы мен дүниетанымымен танысуға мүмкіндік аламыз. Ағылшын, орыс және қазақ тілдері «Еңбек – еңбегі жоқтық» тақырыптық тобының паремиологиялық бірліктерінің семантикалық сипаттамасы салыстырмалы түрде алғашқы рет талданып отыр. Туыс емес тілдердің «Еңбек – еңбегі жоқтық» тақырыптық тобының паремиялары салыстырмалы түрде лингвистика саласында әлі күнге дейін толығымен зерттелмеген. Осы бағытта жүргізілген зерттеу жұмысы ағылшын, орыс және қазақ тілдері паремияларына ортақ және жеке ұлттық ерекшеліктерін анықтауға септігін тигізіп, оның практикалық және теориялық маңыздылығын арттыра түспек деп тұжырымдаймыз. Үш генетикалық жағынан туыс емес паремиологиялық бірліктерінің семантикалық сипаттамасы салыстырмалы түрде алғашқы рет талданып, оның ұлттық және тілдерге ортақ маңыздылығы лингвистикалық, жалпы филологиялық әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы зерттелді.

Кіріспе

Кез-келген халықтың тұрмыс-салты, менталитеті, халық психологиясы мен оның тарихы, әдет-ғұрпы мен мәдениеті, туған өлке табиғаты мен құбылыстары тілде сөздер ретінде бейнеленеді және ол сөздер сол тілдің сөздік құрамының қатарын құрайды. Сөздік құрам тілдің даму күйін қамтып көрсетеді. Сөздік құрамнан бөлек, өнегелік құндылықтар, адамның эстетикалық қажеттіліктері мен дүниеге деген көзқарасы, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы қорытылған тарихи және қоғамдық тәжірибесі мақал-мәтелдерде одан да анық байқалады. Сондықтанда мақал-мәтелдер, әрі халық ой-санасының бірқилы көрінісі, әрі халық даналығының қазына байлығы.

«Ертеде Британдық либералды саясат кер Элл Расселл, мақал-мәтел – көпке ортақ даналық, әрі бір адамның ұшқыр ойы. Ең бастысы мақал-мәтелдің қысқа, кең мағыналы сөйлемдер арқылы келтірілуінде. Мақал-мәтел біреуге сабақ бола алатын насихат. Адам жадында еш қиындықсыз жатталады», – деп Престон өз пікірін білдіреді (Preston Th., https:// www.gutenberg.org/files/39281/39281-h/39281-h. html). Ал, кеңес фольклоршы Г.Л. Пермя ков мақал-мәтелдерге келесідей түсініктеме береді: «Мақал-мәтелдер – біріншіден, көбінесе фразиологиялық тіркестерге ұқсас тұрақты тіркестерден құралған тіл құбылысы болса,

екіншіден, ол белгілі-бір пайымдамаларды білдіретін логикалық бірліктер, үшіншіден, ақиқат деректерін жиынтықтаудың айқын нақышталған үлгідегі көркемдік миниатюрасы» (Permyakov, 1988: 13). Енді өзіміздің қазақ тілі түсіндірме сөздігіне назар аударатын болсақ, мақал-мәтелдерге келесідей түсіндірме берілген:

«Мақал-үлгі-өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз; «мақал», – деп қысқа, образды, ұйқасты, тұжырымды нақыл сөзді айтамыз» (Daurenbekov, 2001: 102).

Түрлі ұлт өкілдері айналадағы қоршаған әлемдіәрқалайқабылдайды, сәйкесіншеолардың сөздік қоры, мақал-мәтелдері түрленіп келеді. Түрлі халықтар мақал-мәтелдерінде тек сол халықтың өзіне ғана тән арнайы ерекшеліктері бар болғанымен, олардың арасында бір-біріне ұқсас келетін мақал-мәтелдерді де кездестіруге болады. Әр түрлі халықтардың мақал-мәтелдерін салыстырмалы түрде зерттеу арқылы халықтың қайталанбас ерекшеліктері мен тілдердің өзіндік реңін анықтауға септігін тигізеді.

Әр түрлі себептерге байланысты түрлі халық мақал-мәтелдері құрылымы болсын, семантикасы жағынан болсын бір-біріне ұқсас келеді. Мақал-мәтелдер немесе ғылыми тілмен айтатын болсақ, паремиялардың өзара ұқсас бо лып келуінің бірнеше себептерін паремиолог Г.Л. Пермяков былай деп түсіндіреді:

  1. түрлі халықтардың бір тілдер тобынан шығу себебіне байланысты;
  2. кей жағдайларда сан ғасырлар бойынан тығыз қарым-қатынаста болған көршілес ел болу себебіне де байланысты;
  3. қоғам дауының кезеңдерінде халықтың бастан өткізген тарихи тәжірибесінің ортақ болуында (Permyakov, 1988: 20).

Сонымен, даму сатысының түрлі деңгейлерінде тұрған елдер паремияларының мағынасы жағынан синонимдік қатар құруына шағын қауымдастық тілдердің славян, балтық, герман, кельт, роман, иран, үнді, түркі тілдері секілді бірыңғай тілдер тобынан шығуына; мыңдаған жылдар бойынан экономикалық және саяси жағынан бір-бірімен тығыз қарымқатынас орнатқан шекаралас мемлекет болуына; және белгілі-бір ұлт өкілдерінің бастан кешкен тарихи уақиғаларының ұқсас болуына байланысты тілдегі паремиологиялық бірліктер семантикалық сипаттамасы жағынан бір-біріне ұқсас болып келеді.

Жоғарыда келтірілген себептерден бөлек паремиялар ұқсас келуінің негізгі заңдылықтарын бұзып, оларға қарама-қайшы келетін паремияларының бірізді болуы үдерісіне себеп болаалатын, паремиолог Г.Л. Пермяков атап кеткен келесі тармақтарды мысал ретінде жатқызуға болады. Олар:

  1. бірыңғай туыстық қатынаста емес халықтар арасында паремиялар ұқсастығының бар болуы;
  2. бір-бірімен ешқандай қарым-қатынастары жоқ халық арасында паремиялар ұқсастығының бар болуы;
  3. қоғам дамуының түрлі сатыларында орналасқан халықтардың паремиялары да кей жағдайда бір-біріне ұқсас келуі (Permyakov, 1988: 20).

Көріп отырғанымыздай, генетикалық жағынан бір емес ұлттар арасында, ешқандай экономикалық, саяси және мәдени қатынасы жоқ елдер арасында, тіпті, даму деңгейі бірдей емес елдердің паремиялары да бір-біріне ұқсас болып келуі мүмкін.

Түрлі халық мақал-мәтелдерін типологиялық түрде зерттеу арқылы олардың ортақ белгілері мен өзгешеліктерін анықтай отырып, түрлі халық мәдениеттерін бір-біріне жақындатуына, халықтардың өзара түсіністік қабілетін орнатуына көмегін тигізеді. Қай тілде болмасын, мақалмәтелдердің тура және ауыспалы мағыналарын дұрыс түсініп, оларды дәл және орынды қолдану мәдениетаралық қарым-қатынас үдерісін жетілдіруінің негізі болып есептеледі.

Мәдениетаралық қарым-қатынас үдерісінің жетілуі мемлекет арасында қоғамдық келісім мен халықаралық ынтымақтастық қарымқатынастың орын алуына жол ашады. Ал, бұл дегеніміз – өз алдына әлемдік жаһандану үдерісінің немесе бірыңғай адамзат қауымы қалыптасуының негізгі факторларының бірі. Сондықтанда, тек тіл мамандарына ғана емес, сонымен қатар мәдениеттанушыларға да паремиялар аясында жүзгізілген зерттеу жұмыстарының маңызы орасан зор.

Негізі, мақал-мәтелдер қай тілде де болмасын, әліпби немесе тақырыптық, мәселен, адам, еңбек туралы, ғылым-білім туралы, достық, жалқаулық, байлық, өмір, дін туралы мақалмәтелдер деп алуан-алуан тақырыптарға сараланады. Паремиялар тақырыптары шексіз. Осы тақырыптар арасындағы қолданыста ең жиі кездесетін тақырып – еңбек турасындағы мақал-мәтелдер. В.И. Даль пайымдауынша

«Негізгі құндылықтарды білдіретін кез-келген мәдениеттің өзінің кілт сөздері болады», – дегендей (Dal, 1989: 86), «еңбек» лексемасы өзге жиі кездесетін сөздермен қатар кез-келген мәдениеттің негізгі сөздері қатарына жатады.

Бұл кілт сөздер адамдардың ой-санасында болмысты тану үшін қолданылатын ұғыну құндылықтары бар қандай да бір мәдениет өкілдерінің ерекше ментальді құрылымдарын, яғни, концептін құрайды (Berikhanova, 2014: 74). Сөз концепт мәртебесін алу үшін және көпшілік қолданылатын сөзге айналып, ұлт сөзіне айналу үшін ол белсенді түрде фразеологиялық бірліктер, мақал-мәтелдер қатарына қосылу керек. Ол сөз номинативті тығыздылыққа ие болу керек (Vezhbitskaya, 2001: 47). Осындай фразеологиялық және паремиологиялық бірліктер қатарынан белсенді қолданыстағы сөздер қатарына «еңбек» сөзін, ал оның антонимі ретінде «еңбегі жоқтық» сөз тіркесін жатқызуға болады.

Халық даналығы, адам тәжірибесі мен білімнің ерекше жинақтаушысы, әрі таратушысы бола отырып, мақал-мәтелдер халық танымының ерекшеліктері, адамның өмірге деген қарымқатынасының ерекшеліктері турасында және дәстүрлі емес жолмен қоғамның көкейтесті мәселелерін шешуде, яғни, еңбекке деген қарымқатынасы турасында мол мәліметтер қорын тасымалдайды (Zakharova, 1999: 26). Еңбек адам өмірінде өте маңызды рөл атқарады. Еңбекке деген құштарлық, іскерлік, шеберлік, оқуға деген ынта адам үшін маңыздылығы зор болғандықтан, сөзсіз, ол халық шығармашылығында да өз бейнесін таба білді.

Эксперимент

Шынайы өмірдегі заттардың арасындағы қарым-қатынастарды білдіру сипаты мен логикалық мағынасы бір «Еңбек» тақырыбын дағы паремиялар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде де кездеседі. Мысалы, нақтылықты, кез-келген істі уақытылы істегенді ұнататын ағылшындықтардың паремиялар қоржынына келесі паремияарды жатқызуға болады. Олар: �e that would eat the fruit must climb the tree. / cөзбе-сөз аудармасы: Жеміс-жидек жегің келсе, алдымен оны үзу үшін ағаштың басына шығу керек/ 2. �e who would eat the nut must first crack the shell. /cөзбе-сөз аудармасы: Жаңғақ жегің келсе, алдымен жаңғақ қабығын аршы/ 3. He who would search for pearls must dive for them. / cөзбе-сөз аудармасы: Меруерт іздегің келсе, суға сүңгі/ 4. After dinner comes the reckoning. / cөзбе-сөз аудармасы: Түскі астан кейін ақысын төлеуге тура келеді/ 5. A cat in gloves catches no mice. /cөзбе-сөз аудармасы: Мысық қолғаппен тышқан ұстамас.

Қазақ халқы ертеден мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын кәсіп ете отырып, еңбек етудің адам өмірінде алатын орны ерекше екенін түсінген. Тек еңбек еткен адам өз нанын өзі тауып жей алады деп түсінген. Бұл өмір шындығы мен түсініктері, қазақ халқының санасында келесі тұрақты тіркестер ретінде нық сақталып қалған: 1. Кім еңбек етсе, сол тоқ.

  1. Еңбек етсең – емерсің. 3. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тілінбей. 4. Еңбегіне қарай өңбегі.
  2. Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар.
  3. Істесең, тістерсің. 7. Қол ойнағанның аузы ойнар. 8. Ексең егін, ішерсің тегін.

Жоғарыда келтірілген паремияларға ұқсас, ақыл мен адами моральді, сөз шеберлігін көрсете білген, орыс халқы өз мақал-мәтелдер қорымен мақтан тұтады. Мәселен: 1. Хочешь есть калачи, так не сиди на печи! 2. Без труда не вынешь и рыбку из пруда 3. Любишь кататься, люби и саночки возить. 4. Без труда нет плода. 5. Кто хочет съесть орешек, тот должен сломать скорлупу. 6. Кто хочет рыбку съесть, тот должен в воду лезть. 7. Не замочив рук, не умоешься.

Жоғарыда келтірілген ағылшын, қазақ және орыс тілдерінің паремиялар тізбегінен түрлі халықтардың паремиялары бір-біріне мағыналас болып келетінін, сонымен қатар, бір тілдің ішінде мағынасы бір-біріне жақын паремияларды да кездестіруге болатынын көре аламыз. Жалпы, ағылшын, орыс және қазақ тілдерінің паремияларын салыстырмалы түрде зерттеу арқылы сол паремиялар ішінде болып тұратын заңдылықтарды анықтауға көмегін тигізеді. Енді, жасалатын келесі жұмыс бұл көп тілдер паремияларынының семантикасын салыстырмалы түрде тура және ауыспалы мағыналарын анықтай отырып талдау.

Тіл мамандары тек сөздердің ғана тура және ауыспалы мағыналарын ажыратып қоймай, сонымен қатар паремиялардың да тура және ауыспалы мағыналары болатынын анықтайды. Мысалы: ағылшын тіліндегі «zoo» сөзінің аудармасы, баршамызға белгілі, «хайуанаттар бағы» деп аударылады, орыс тіліне аударатын болсақ, «зоопарк». Бұл сөздің тура мағынасына жатады. Ал, егер, «zoo» сөзін «The classroom was a zoo» сөйлемінде қолданатын болсақ, «zoo» сөзін «хайуанаттар бағы» деп аудармай, оны «жабайы» немесе «өте шулы» деген ауыспалы мағынамен аударуды талап етеді. Сәйкесінше, қазақ тілінде «көздің жасы» деп «жас» сөзі тура мағынада қолданылып тұрса, «жас адам», «жасы үлкен» деген сөз тіркестерінде «жас» сөзі ауыспалы мағынада қолданылып тұр.

Осыған ұқсас, тура және ауыспалы мағынада айтылатын паремияларды да тілде кездестіруге болады. Мәселен: ауыспалы мағына білдіріп тұрған ағылшын тілі паремиясы: �e who would search for pearls must dive for them. /cөзбе-сөз аудармасы: Меруерт іздегің келсе, суға сүңгі/. Кері мағынаны білдіріп тұрған орыс тілі паремиясына келесі паремияны жатқызуға болады. Мысалы: Не замочив рук, не умоешься. Ал, қазақ тілі паремиялардың ауыспалы мағынада қолданған паремияларға мысал: Қол ойнағанның аузы ойнар.

Мәтін мен талқы

Сонымен, жасалып жатқан зерттеу жұмысына сәйкес «Еңбек» тақырыбына байланысты ағылшын тілі паремияларының тура және ауыспалы мағыналарын талдап көрелік. Мәселен: �e that would eat the fruit must climb the tree. – паремиясын қазақ тіліне cөзбе-сөз аударатын болсақ, ол келесі түрде мағына береді. Яғни: Жеміс-жидек жегің келсе, алдымен оны үзу үшін ағаштың басына шық. Бұл паремияның тура мағынасына жатады. Паремия ең алғашқы рет 1721 жылы Джеймс Келли «Шотландық мақал-мәтелдер» атты жинағында кездеседі (Martin, https://books.google.kz/ books?id=fgaUQc8NbTYC&pg). Бұл паремияға ұқсас мақал-мәтел XVI-ғасырдың аяғында Дж. Грейндждің «Алтын Афродита» (1577) атты туындысында «Who will the fruit that harvest yields, must take the pain», – деп түрленіп келеді (The Oxford Dictionary of Phrase and Fable, http:// www.encyclopedia.com/humanities/dictionaries- thesauruses-pictures-and-press-releases/eat). Қазақ тіліндегі аудармасы: Жемісті молынан жинаған қиындыққа төзеді. Келтірілген, «�e that would eat the fruit must climb the tree», – деген ағылшын тілі паремиясының ауыспалы мағынасында, кезкелген саланың үздік шебері болып шығу үшін немесе жақсы бір затқа (жеміс) қол жеткізу үшін талмай еңбек ету керек (ағашқа міну) деген мағынаны білдіреді. Мәселен, спорт, ән айту, сурет салу, жазушылық саласы болсын, жал пы, кез-келген салада нәтижеге жету үшін көп еңбектену керек деген сөзді білдіреді.

Ағылшын тілі паремиясы: �e who would eat the nut must first crack the shell, жоғарыда мысал ретінде келтірілген, ағылшын тілі паремиясына ұқсас келеді, алайда, бұл арада жеміс сөзі, жаңғақ (nut) сөзімен, ал, талға шығу сөз тіркесі, жаңғақтың қабығын сындыру (crack the shell), – деп түрленіп келіп тұр. Егер, паремияны сөзбе-сөз қазақ тіліне аударатын болсақ, оның аудармасы келесідей болып келеді: Жаңғақ жегің келсе, алдымен жаңғақ қабығын аршы. Бұл паремияның тура мағынасында бадам жегің келсе, оның сыртқы қабығын аршымай, ішіндегі дәнін жей алмайсың десе, паремияның ауыспалы мағынасында өзіңе қажетті бір затқа қол жеткізгің келсе, сол мақсатыңа жету үшін бар күш-жігеріңді салу керексің деген мағынаны білдіреді.

Келесі ағылшын паремиясы: He who would search for pearls must dive for them. Паремияның қазақ тіліндегі сөзбе-сөз аудармасы: Меруерт іздегің келсе, суға сүңгі. Бұл нақыл сөздің авторы – Дж. Драйден (1631-1700). ‘All for Love’, ‘Prologue’, �BQ атты еңбектерде нақыл сөз ең алғашқы рет қолданылған. Нақыл сөз авторы қарапайым халық арасында ұмытылып, казіргі таңда мақал-мәтел ретінде кеңінен қолданысын тапты. Бұл паремияның тура мағынасында, су астындағы терең жатқан меруертті алғың келсе, суға терең сүңгу керек деген мағынаны білдіреді. Ал, паремияның ауыспалы мағынасы алдында мысал ретінде айтылып кеткен паремияларға ұқсас: іс-әрекет етпейінше, белгілі-бір нәтижеге жетпейсін. Бір затты қалап тұрсаң, соны иемдену үшін талмай еңбек ету керек деген мағынаны білдіреді.

Тағы бір жоғарыда талданылған паремияларға мағынасы жақын ағылшын паремиясы, ол: After dinner comes the reckoning. Ағылшын паремиясының сөзбе-сөз аудармасы: Түскі астан кейін ақысын төлеуге тура келеді. Паремияның тура мағынасында: түскі ас, әрине, дәмді, бірақ оның ақысын төлеу керектігін ұмытпау керек, тегін азық деген түсінік жоқ, деген мағынаны білдірсе, ауыспалы мағынада: Ерте болсын, кеш болсын, кез-келген заттың өз сұрауы бар, деген мағынаны білдіреді. Яғни, бұл паремияда бір істі істеу үшін, екінші бір әрекеттің істелуін талап етеді. Ағылшын тілі After dinner comes the reckoning – паремиясының мағыналық реңкі бірбіріне сәйкес келетін синонимдік қатары өте көп, мәселен: 1. If you dance you must pay the fiddler. Сөзбе-сөз аудармасы: Билегің келсе, ақысын төле. 2. �e that would have eggs must endure the cackling of hens. Сөзбе-сөз аудармасы: Жұмыртқа алғың келсе, тауықтың қытқылдауына шыда.

  1. No pains, no gains. Сөзбе-сөз аудармасы және қазақ тілі баламасы: Бейнетсіз, зейнет жоқ.
  2. Love me, love my dog. Сөзбе-сөз аудармасы: Мені сүйсең, итімді де сүй. 5. You called the tune, now you must pay the piper. Сөзбе-сөз аудармасы: Өлеңге тапсырыс берсең, ақысын өзің төлейсің.

6. You’ve made your bed and now you must lie on it. Сөзбе-сөз аудармасы: Төсегіңді қалай жайсаң, солай жатасың. Қазақ тілі баламасы: Төсегіңе қарай аяғыңды соз.7. �e who likes skiing downhill must enjoy climbing uphill. Сөзбе-сөз аудармасы: Шаңғы тебуді ұнататын адам, тауға қарай өрмелеуді де ұнатады. Орысша баламасы: Любишь кататься, люби и саночки возить.

Келесі ағылшын тілі паремиясы: A cat in gloves catches no mice. Қазақ тілінде сөзбе-сөз аудармасы: Мысық қолғаппен тышқан ұстамас. Бұл паремияның ағылшын тілінде ең алғашқы рет қай уақытта қолданғаны белгісіз. Алайда, осы паремияға ұқсас келетін француз тілінде «a gloved cat will never mouse well (ағылшын тіліне әдеби тілмен аударылған),» – деген паремия XIVғасырда жазба деректерінде қолданылады (Phrase and Idiom Dictionary, https://writingexplained.org/ idiom-dictionary/a-cat-in-gloves-catches-no-mice/). Француз паремиясының аудармасы ағылшын тілі паремиясының қазақ тіліндегі паремия аудармасының мағынасына тура сәйкес келеді. Бұл паремияның тура мағынасында мысықтың тышқан аулау стиліне байланысты айтылған. Егер мысық тырнақтарын қолданбаса, ол тышқан аулау кезінде тышқанды ұстай алмайды, дей келе, паремияға тура уәждеме немесе образды мағына берсе, сәйкесінше, паремияның ауыспалы мағынасында адам тым нәзік немесе жуас болатын болса, ол өз мақсатына жете алмайды, дегенді білдіреді. Кей жағдайларда жігерлік пен қайраттылық танытып, адам өзөзіне сенімді болу арқылы ғана, белгілі-бір нәтижеге жете алатыны туралы айтылады. Бұл арада, сонымен қатар, паремияларды құрайтын сөздердің метафораланып келетіндігі туралы айта кету керек. Мәселен, a cat in gloves cөз тіркесі мен mice сөзі метафора ретінде қолданылып тұр. Тура мағынада мысық қолғап киіп алады деп ешкімнің ойына да кіріп-шықпайды, сондықтан да алдыңғысы нәзік немесе жуас адам деген мағына берсе, соңғысы жетістікке жету, мұратқа жету деген мағынаны сомдайды.

Жоғарыда келтірілген ағылшын паремиясына семантикасы жағынан ұқсас келесі орыс тілі паремиясын талдап көрелік. Мәселен: 1. Хочешь есть калачи, так не сиди на печи!. Ежелгі славяндар тұрғын үй ішінде нан мен асты пісіру үшін «орыс пештерін» қолданған.

«Орыс пештері» үй жылытқан, пеш үстінде киім мен аяқ-киімдерін, тіпті, майда балықтар, саңырауқұлақтар мен жидектерін кептіретін болған. Кейде диқаншылар пеш үстінде буға шабына отырып, денелерін қыздырған. Әсіресе, қыстың ұзақ қақаған күндері қарттар пеш үстінде балаларға ертегі оқып, пеш үстінде ұйықтағанды ұнатқан. Бір сөзбен айтқанда, «пешсіз үй – үй емес» деп есептеген. Орыс халық санасында осы тұрмыс қалпі паремияларда «нан жегің келсе, пештің үстінде бос отырмай, іс-әрекет ет» дей келе, тек орыс халқының өзіне ғана тән бейнелер жиынтығымен сипаттала отырып, тура мағынада айтылған болса, оның логикалық формасы жоғарыда келтірілген ағылшын паремияларының мағынасына дәлме-дәл сәйкес келеді. Әрине, бұл паремияның ауыспалы мағынасында нан жегің келсе, пештің үстінде отыра берме дегенді әрдайым білдіре бермейді. Ол: белгілі-бір нәтижеге қол жеткізгің келсе, іс-әрекет ет, жұмыс жаса, қол қусырып отыра берме деген ауыспалы мағынада айтылған зат.

Без труда не вынешь и рыбку из пруда – паремиясының тура мағынасында еңбексіз, балықты да тоғаннан алып шығара алмайсың деп келсе, паремияның ауыспалы мағынасында бір нәтижеге жеткің келсе, еңбек ет, кез-келген іс, күш пен зейінді талап етеді. Бір затты армандап, сол затқа қол жеткізу үшін ештеңе істемей, керуетте жалқауланып жататын болсаң, ол еш жақсылыққа, ешқандай жақсы нәтижелерге алып келмейді. Арманға қол жеткізу үшін еңбектен деп, алдында мысалға келтірілген ағылшын және орыс тілі паремияларының семантикасын қайталайды. Мәселен, ағылшын тілінде сөйлеуді үйренгің келсе, көп оқып, көп тыңдау керек. Әрдайым реті келсе, сол тілде сөйлеп жүру керек. Бұл жағдайда «балық», – деп отырғанымыз, ол – ағылшын тілі да, оқу, тыңдау, сөйлеу, деп отырғанымыз, ол – еңбек. Әдетте, ауыр жұмысқа шағымданған адам осы мақал-мәтелді өз сөзінде қолданады.

Келесі талданылатын орыс паремиясы: Любишь кататься, люби и саночки возить. Паремияның тура мағынасында сырғанағың келсе, шанғыңды тасы, деп келсе, оның ауыспалы мағынасында: осы өмірде кез-келген заттың өз сұрауы бар, ойын-сауық, қуаныш, өкініш, қайғы үшін ерте болсын, кеш болсын, еңбекпен, ақшамен, уақытпен, кей жағдайда абырой-беделмен ақысын төлеу керек болады деп паремияға мән-мағына береді.

Без труда нет плода – паремиясынының тура мағынасында адам маңдай тер төкпей ағаш жеміс бермейді деп келеді. Ағаш жеміс бере бастасын десеңіз, ағашты алдымен отырғызу керек, күнделікті суарып тұру керек, оны баптап күту керек ал, паремияның ауыспалы мағынасында еш нәрсе оңайлықпен келмейді деген мағына береді. Сәттілік құпиясы – мақсатқа жету үшін талмай еңбек етуде. Сонда ғана мақсатыңыз жақындай түспек. Әлемдегі бай, әрі сәтті атақты адамдар, тек ауыр еңбек және білімге деген құштарлығы арқасында өмірде өз дегендеріне жете білді деп түсіндіреді.

Не разгрызешь ореха – не съешь и ядра, Кто хочет съесть орешек, тот должен сломать скорлупу, Кто хочет рыбку съесть, тот должен в воду лезть – жаңғақ жегің келсе, алдымен оның қабығын аршы, балық жегің келсе, алдымен суға түс деп тура мағына берсе, оның ауыспалы мағынасында: ештеңе де оңайлықпен келмейді деп, өмір қиындығын жаңғақты аршығанға, суға түскенге теңесе (не разгрызешь ореха, сломать скорлупу, в воду лезть), мақсатқа жетуді жаңғақ дәнін, балық жегенге теңейді (не съешь и ядра, кто хочет съесть орешек, кто хочет рыбку съесть). Бұл арада мағына жағынан паремиялар бір-бірімен сәйкес, параллель болып келетіндігін көруге болады. Параллель ретінде мағынасы жағынан өзара жақын паремиялар түрлі логикалық трансформалар көмегімен белгіленеді. Ядро, жаңғақ, балық ретінде түрлі транформалар көмегімен паремиялар бір мағынаға иемденеді де, транформалар көмегімен паремиялар түрленіп келеді. Алғашқы Не разгрызешь ореха – не съешь и ядра паремиясы жұмысқа деген оң қарым-қатынасты білдіреді. Яғни, білгілі-бір нәтижеге қол жеткізу үшін, сол іске күш салу керек дей келе, паремияны жағымды коннотацияға ие паремиялар қатарына жатқызуға болады. Кто хочет съесть орешек, тот должен сломать скорлупу; Кто хочет рыбку съесть, тот должен в воду лезть паремиялары да жағымды коннотацияға дарытады.

Не замочив рук, не умоешься – Паремияның тура мағынасында қолыңды суламай, жуына алмассың деп келсе, ауыспалы мағынасында өмірдің ащысын татпай, тұщысын білмессің, қайғыны сезінбей, шын бақыттың қандай екендігін түсінбессің немесе жұмыстан қорықпаған адам ғана өзінің мақсатына жетеді деген мағынаны білдіреді.

Жоғарыда келтірілген ағылшын және орыс тілдерінің паремияларына мағынасы жағынан сайма-сай келетін қазақ паремиялары да бар. Ұлы Абай атамыздан қалған «Сегіз аяқ» өлеңінің Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тілінбей, – атты қос жол үзіндісі қанатты сөздер ретінде, еш өзгеріссіз халық жадында жатталып, осы күндері мақал-мәтел ретінде халық арасында кеңінен қолданысын тапты. Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңі ғасырлар бойынан ауызша, кейінен жазбаша түрде сақталып, ұрпақтанұрпаққа өзгеріссіз күйінде таралып отырды. Жазба деректердің сақталуы арқасында бұл мақал-мәтел өз кіндігін «Сегіз аяқ» өлеңнен үзбеген мақал-мәтел қатарына жатқыза аламыз. Қазіргі заман зерттеулеріне жүгінетін болсақ: «азық табудың жолы ретінде мифтік күш туралы көрініс береді», – деп паремия еңбек атауының когнитивті-семантикалық құрылымына сипаттама береді (Karymbaeva, 2010: 12). Паремияның тура мағынасында: егер ерінбей жұмыс істесең, қарның тоқ болады да, істемесең, аш қаласың, – деген мағына бер се, ауыспалы мағынасы метафора қызметінің арқасында паремияға өзге мағына беріп отыр. Паремиялардың көбісі метафораланып келеді. Адам ойын өрбітуде паремиологиялық бірліктердегі метафора стилистикалық құбылыс ретінде зор рөль атқарады. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тілінбей – паремиясында тояды қарның тілінбей бөлігі еңбекпен салыстырылып отыр. Еңбектенген, жұмыс жасаған адам ғана тоқ жүреді, – дей келе, метафора тек осы сөздер мағынасының аясында ғана шектеліп қалмай, сонымен қатар, өзге жеке сапа мен қосымша қасиеттерін білдіретін тағы бір қосымша мағынаға негізделеді. Бұл арада, тояды қарның тілінбей сөз тіркесі бірінші мағынасынан бөлек, екінші бір мағынағы ие. Сонымен, паремияларда метафораның қолданылуы паремияға негізгі мағынадан бөлек тағы бір өзге мағына беретінін көріп отырмыз. Метафора бір сөз мағынасын екінші бір сөз мағынасының орнына қолданылған және екінші мағынаның маңызды сипатын анықтауда қолданылатын жасырын теңгерімдерден тұрады (Arnold, 2012: 64). Әдетте, метафора паремияларда қосымша мәнерлілік пен бейнелілікті білдіру үшін қолданылады.

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тілінбей паремиясына синонимдік қатар ретінде Кім жұмыс етсе, сол тоқ; Еңбек етсең – емерсің; Істесең, тістерсін; Қол ойнағанның аузы ойнар, – деген паремияларды жатқызуға болады. Бұл арада да паремиялардың тура мағынасында еңбек етсең өне бойы тоқ жүресің, жұмыс жасасаң, тура мағынада тістейсің деген мағынаны білдіре бермейді. Бұл жалпы паремияның образды түрде айтылған мағынасы. Емерсің, тістерсің, аузы ойнайды, тоқ жүру, – деген сөздер мен сөз тіркестерінде қазақ халқы дүниетанымы, болмыстағы әр түрлі заттар, құбылыстар мен жағдайлардың нәтижелері образды түрде беріліп тұр. Әрекет ету арқылы ғана, белгілі-бір нәтижеге жетуге болады деп, негізгі ойды, паремиялар, жоғарыда келтірілген сөздер мен сөз тіркестері көмегімен астарлап жеткізіліп отыр. Осындай қос мағына беретін сөздер мен сөз тіркестердің паремияларда қолданылып келуі, паремияларды әсерлі, көркем, ажарландыра түсетіндігі сөзсіз.

Еңбегіне қарай өңбегі – паремиясы Баласағұн мұрасы ретінде Абай пайдаланған, оны дәлелдейтін материал бар. Абай осы мақалды түрлендіріп: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тілінбей», – деп қолданған деген тұжырым да кездеседі. (Dzhumataeva, 2012: 6). Еңбегіне қарай өңбегі – паремиясы тура мағынада да, ауыспалы мағынада да қолданылып тұр. Жалпы, ауыспалы мағынасы жоқ паремия болмайды. Жұмысты бар құлшынысыңызбен, жақсы істесеңіз, молшылықта өмір сүресіз, – дей келе, кез-келген адам осы өмірді соған сай барынша еңбек етеді. Сонымен, паремиялардың тура мағынасы мен ауыспалы мағынасы шындықпен жанасып тұрған паремияларды да кездестіруге болады.

Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті бо лар – паремиясында қатты, тәтті сөздері жай ғана заттың түр – түсін, сын – сапасын анықтап тұрған жоқ, ол бұл паремияда қатты бейнет сөз тіркесі – ауыр еңбек, машақатты жұмыс ретінде, ал татқаның тәтті болар, – деу арқылы, мақсат-мұратқа жету, еңбек нәтижесін көру – деген мағынаны білдіріп, паремияларда сөз бен сөз тіркестердің метафораланып тұрғанын көреміз. Адам баласы адал еңбек ету арқасында ғана мақсатына қол жекізе алады. Адал істелген еңбектің нәтижесі адамды шынайы қуанышқа бөледі. Тек тер төгіп, өз күш-қайратын жұмсап, қиналып, шыдап, өз қолымен, ақылымен жұмыс жасаған адам баласы ғана еңбектің дәмін татады. Әркімге өзінің қара еңбегімен келген нәрсе ғана ыстық және ең қымбат болып келеді, – деп паремияның мән-мағынасы өзгеріп келеді. Паремияларда метафоралардың қолданылуы паремияларға экспрессивті-эмоционалдық сипат береді. Паремиялардағы метафоралар – паремия мағынасының тура мағынадан ауыспалы мағынаға қарай жылжуына себебші.

Ексең егін, ішерсің тегін – паремиясы да мағынасына қарап, ой тура айтылмай, астарлы мағынада жұмбақтап айтылғанын көреміз. Адам баласының жер бетінде қаншалықты өмір сүруі дұрыс еңбек ете білгендігінің арқасында. Тек шынайы еңбек етудің арқасында ғана адамның жемісі өніп, қиындыққа төзе алады. Қазақ халқы да өзге жұртпен қатар егін, мал шарушылығымен айналысқан халық. Алайда, кей зерттеушілердің пікіріне жүгінетін болсақ: «Тілімізге тым ерте еніп, санамызға сіңісіп, кеткен мақал-мәтелдерді кезінде хатқа түспегендіктен, бұл күнде қай халықта бұрын шыққанын анықтау, ажырату оңай емес. Дегенмен, әр халықтың өзіне тән шаруашылық кәсібін еске алып, қазірде қазақ мақал-мәтелдері ретінде қолданылып жүрген

«Не ексең, соны орасың» («Қар ким экканин орар»), «Диқан болсаң, күз айда, күз айдасаң, жүз айда» («Декқан булсанг, куз хайда, куз хайдасанг, өз хайда») т.б. мақал-мәтелдері өзбек тілінен ауысқан деуге болады, өйткені түркі тілдес халықтар ішінде татар мен өзбек ертерек жер жыртып, егін егіп, отырықшы ел болған және қолөнері, жеңіл өнеркәсібі бұрын шығып, айырбас, сауда жұмысымен ертерек шұғылданғаны белгілі. Сондықтан да, диқаншылық, бау-бақша, сауда-саттықпен байланысты мақал-мәтелдердің бірсыпырасы солардан таралуы әбден мүмкін», деген тұжырымдамалар да кездеседі (Dinaeva, 2015: 345). Сәйкесінше, «Ексең егін, ішерсің тегін» паремиясы өзбек тілінен енген паремия қатарына жатқызуға болады.

Сонымен, жоғарыда келтірілген «Еңбек – еңбегі жоқтық» тақырыптық тобының ағылшын, орыс және қазақ тілдерінің паремиологиялық бірліктері семантикасы жағынан бір тіл ішінде ғана бір-біріне сайма-сай келмейді, сонымен

қатар өзге тілдер аясында да мағыналас паремияларды кездестіруге болады. Халық түрлі даму сатыларында орналасқан болса да, бір тілдер тобынан шықпаған болса да, паремиялардың мағынасының бір-біріне жақын болатынын көруге болады. Қазақ халқы: Кім жұмыс етсе, сол тоқ, – десе, орыс халқы: Хочешь есть калачи, так не сиди на печи! – дейді, ал, ағылшындықтар: Жеміс-жидек жегің келсе, алдымен оны үзу үшін ағаштың басына шығу керек. (�e that would eat the fruit must climb the treе) – деп паремиялар түрленіп келеді.

Жоғарыда келтірілген «Еңбек-еңбегі жоқтық» тақырыптық тобының ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде синонимдес паремиологиялық бірліктерінің семантикасын жекежеке талдай келе, төменде келтірілген кесте де паремиологиялық карта құрылды. Әрине, өзге мақал-мәтелдер жинақтарында да бұл паремияларға семантикасы жағынан ұқсас басқа паремияларды да кездестіруге болады, алайда, біз тек қолда бар материалдарды ғана қолдана отырып, үш тілде тек бір мағынаға сәйкес келетін паремияларды ғана төменде келтірілген кестеге іріктеп алдық.

Түрлі халықтар паремияларының бірдей болып келуіне, елдердің бірдей даму сатысында орналасқан/орналаспағаны, көршілес/көршілес емес мемлекет болуының себебіне, бір тілдер тобынан шығу/шықпауына, экономикалық, мәдени және саяси қарым-қатынаста болу/болмауына байланысты емес, ол – халықтардың тек өздеріне ғана тән болмыс пен түсініктерінің, сол халықтың ой-санасында бейнелік қатарды құруына байланысты. Халықтардың этникалық, географиялық, мәдени, дүниетанымдық ерекшеліктері сол халықтың өзіне ғана тән бейнелік қатарды құрайды. Жоғарыда келтірілген паремиялар мысалында қарның тоқ болсын десең, еңбектен, деген мағынаны пайымдайды. Осылайша, әр халықтың өзіне ғана тән, тұрақты мекеніне байланысты сөздік қоры, сол халықтың болмыстық ерекшеліктері мен өзіндік бейнелік қатарынан тұрады: қазақ халқы тоқ болу, емерсің, тояды қарның тілінбей, ауыздың ойнауы, тістеу, өңбек, ішерсің тегін,десе, тек орыс халқына ғана тән жалпы славяндардың пісіретін нан түрі калач, ертеде Египет, Ресей Империясының жерлеу салтында қолданылған – (жүк арба), орысша: санки, пруд, печка секілді бейнелермен бейнеленіп келіп, келесі сөз тіркестер ретінде паремияларда қолданылған: есть калачи, вытащить рыбку из пруда, возить саночки, съесть орешек, съесть рыбку. Ал, ағылшындықтар:

жеміс жеу, жаңғақ жеу, меруерт іздеу (eat the fruit, eat the nut, search for pearls) секілді сөз тіркестерін қолданады да, оның образды немесе бейнелік қатары өзгешеленіп келеді. Бұл айтылымдар мағынасының логикалық формасы абсолютті түрде бір-біріне сайма-сай келеді. Сөз тіркестерінің барлығы тек өз түсініктерінің шеңберінде ғана бір затты білдіріп тұрғанын аңғаруға болады. «... тілдер әртүрлі жолмен дами отырып, ұқсас пішіндері бойынша бірбіріне сай келетін үрдісін тапты ... және осындай ұқсастықтар әлемнің ең алыс бұрыштарында да байқалады», – деп Э. Сепир пікірі тұжырымды дәлелдей түспек (Sapir, http://www.gutenberg. org/files/12629/12629-h/12629-h.htm). Адамның бейнелік логикасы салыстырмалы ұқсас модельдерді құра алады. Адамда бірдей ой лау қабілетінің бар болуы адамзат мәдениеті дамуының, қоршаған әлемді танудағы адамзат танымының ортақ болуымен байланысты. Ал, паремияларда қолданылатын лексикалық қор көмегімен сол ұлттың мәдениетін, дүниетанымын, рухани өмірі мен халықтың даму тарихының сырларын аша түспек.

1-кесте – Ағылшын, орыс және қазақ тілдері паремиологиялық бірліктерінің семантикалық сипаттамасы бір паремиялар («Еңбек – еңбегі жоқтық» тақырыптық тобының материалдары негізінде)

Ағылшын тілі паремиологиялық бірліктері

Орыс тілі паремиологиялық бірліктері

Қазақ тілі паремиологиялық бірліктері

1. �e that would eat the fruit must climb the tree.

1. Хочешь есть калачи, так не сиди

1. Кім жұмыс етсе, сол тоқ.

/cөзбе-сөз аудармасы: Жеміс-жидек жегің

на печи!

2.Еңбек етсең – емерсің.

келсе, алдымен оны үзу үшін ағаштың басына

   

шығу керек/

2. Без труда не вынешь и рыбку из

3. Еңбек етсең ерінбей, тояды

 

пруда

қарның тілінбей.

2. �e who would eat the nut must first crack the

   

shell.

3. Любишь кататься, люби и

4. Еңбегіне қарай өңбегі.

/cөзбе-сөз аудармасы: Жаңғақ жегің келсе,

саночки возить.

 

алдымен жаңғақ қабығын аршы/

 

5. Бейнетің қатты болса, Татқаның

 

4. Без труда нет плода.

тәтті болар.

3. �e who would search for pearls must dive for

   

them.

5. Кто хочет съесть орешек, тот

6. Істесең, тістерсін.

/cөзбе-сөз аудармасы: Меруерт іздегің келсе,

должен сломать скорлупу.

 

суға сүңгі/

 

7. Қол ойнағанның аузы ойнар.

 

6. Кто хочет рыбку съесть, тот

 

4. After dinner comes the reckoning.

должен в воду лезть.

8. Ексең егін, Ішерсің тегін.

/cөзбе-сөз аудармасы: Түскі астан кейін

   

ақысын төлеуге тура келеді/

7. Не замочив рук, не умоешься.

 

5. A cat in gloves catches no mice.

   

/cөзбе-сөз аудармасы: Мысық қолғаппен

   

тышқан ұстамас. Мағынасы: Ақсаусақ болсаң,

   

жұмыс бітпес. /

   

Қорытынды

Қорытындылай келе, паремия лексикасының негізгі ерекшелігі – оның бәріне бірдей ортақ қолданылуында. Паремияларда көнерген сөздерден бөлек, тар шеңберде қолданылатын немесе арнайы сөздіктердің сөздері кездеспейді. Түрлі халық паремияларында сөздер мағынасының қайталанып келетіндігінен паремиялар лексикасында универсалия, әмбебап немесе жалпыға ортақтық бар екендігін аңғаруға болады. Туыс емес тілдерінің паремиологиялық бірліктері қорының ұқсастығы генетикалық емес, типологиялық болып есептелінеді.

 

Әдебиеттер

  1. Preston Th. The Project Gutenberg EBook of Dictionary of English Proverbs and Proverbial Phrases. Электрондық сайт: https://www.gutenberg.org/files/39281/39281-h/39281-h.htm Қаралған күні: 20 каңтар 2018 жыл
  2. Пермяков Г.Л. Основы структурной паремиологии // Главная редакция восточной литературы издательство «Наука». – Москва, 1988. – 233 c.
  3. Дәуренбеков Ж.Қазақ мақал-мәтелдері. – Алматы: Ана тілі, ЖШС, 2001. – 192 б.
  4. Даль В.И. Пословицы русского народа. – М.: Художественная литература, 1989. – 430 c.
  5. Берикханова А.Е., Жунусова Ж.М., Мухамеджанова Ж.А., Русские и казахские эквиваленты английских пословиц о труде // Austrian Journal of �umanitiesand Social Sciences. – 2014. – №5-6. – С. 73-76. Электрондық ресурс: https://cyberleninka. ru/article/n/russkie-i-kazahskie-ekvivalenty-angliyskih-poslovits-o-trude / Қаралған күні: 20 каңтар 2018 жыл
  6. Вежбицкая А.Н. Понимние культур через посредство ключевых слов. Пер. А.Д. Шмелева. М.: Языки славянской культуры, 2001. – 288 c.
  7. Захарова М.А. Стратегия речевого использования образных фразеологизмов английского языка. – М., 1999. – 205 c. Martin �. Manser, The facts on file dictionary of Proverbs / II ed., Facts on file an inprint of Infobase Publishing, 2002, 378 p. /
  8. Электрондық ресурс: https://books.google.kz/books?id=fgaUQc8NbTYC&pg / Қаралған күні: 20 каңтар 2018 жыл
  9. The Oxford Dictionary of Phrase and Fable/Originally published by Oxford University Press 2006. Электрондық ресурс: http://www.encyclopedia.com/humanities/dictionaries-thesauruses-pictures-and-press-releases/eat/ Қаралған күні: 20 каңтар 2018 жыл
  10. Phrase and Idiom Dictionary / 2018. Электрондық ресурс: https://writingexplained.org/idiom-dictionary/a-cat-in-glovescatches-no-mice/ Қаралған күні: 20 каңтар 2018 жыл
  11. Қарымбаева С.М. «Еңбек» атауының когнитивті-семантикалық құрылымы. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,
  12. «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (32). 2010 ж. 12 бет.
  13. Арнольд И.В. Стилистика. Современный английский язык: Учебник для вузов. – 5-ое изд., испр. и доп. – М.: Флинта: Наука, 2002. – 384 с.
  14. Джуматаева А.Балташ П., Досов А. Кәсіптік білім берудің тарихы мен дамуы. Оқу құралы. – Павлодар: ПМПИ, 2012.89 бет.
  15. Динаева Б.Б., Сапина С.М. Түркі халықтарының паремияларындағы ортақ ойлау жүйесінің көрінісі. – «Профессор Ә. Құрышжанұлы және түркі дүниесі: Тіл. Тарих. Руханият» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы, 27 қараша 2015 ж. 345 бет.
  16. Sapir E. Language. An introduction to the Study of Speech / 1934. –221 p. Электрондық кітап: http://www.gutenberg.org/ files/12629/12629-h/12629-h.htm Қаралған күні: 09 сәуір 2018 жыл

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.