Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі уақыт, кеңістік, өлшемге негізделген фразеологизмдерге ұйытқы болған сөздер

Қазақ халқы уақыт, кеңістік, өлшем ұғымдарын өздерінше болжап, өздерінше атау берген. Өткен заманда қазақтар уақытты сағатпен, қашықтықты метрмен, өлшем-салмақты грамм, тоннамен өлшемесе де оларды дәл болжай білген. Мәселен, минутты – бие сауым, сүт пісірім, шай қайнатым; қашықтықты – қарға адым, қол созым, ат шаптырым жер т.б. деп фразеологизмдермен мөлшерлеген.

Ал осы өлшем бірліктерінің нақты атау алуы мәселесіне қатысты зерттеуші Г.А. Сарбасова өз зерттеуінде мынадай мәлімет айтады: « Француз академиктері Мешен мен Деламор, Дюнкерк пен Барселона қалаларын басып өтетін меридианның он милионнан бір бөлігінің ұзындығын метр (3 фут 11,296 линия) деп 1799 жылы қабылдайды.Бұл өлшем гректің «метрон» – «өлшем» деген сөзінен алынған. Сөйтіп, қазіргі таңдағы қолданылып жүрген ұзындық, көлем, салмақ өлшемдерінің барлық түрлері ондық жүйе бойынша негізі қаланып, гректің сандық атаулары беріледі.

1875 жылы Парижде өткен халықаралық дипломатиялық конференцияда метрикалық конвенцияға кірген 17 елдің қатарында Ресей мен Түркия да қабылданғанына қарамастан, Ресей 1927 жылдың 1 қаңтарында, ал Түркия 1933 жылдың 31 желтоқсанында метрикалық жүйені жүзеге асырады да, халықтық өлшемдерді қолдануға тыйым салынады. Метрдің жаңа мөлшері 1963 жылдан бастап Қазақстанда да қабылданады» [1, 9 б.]

Ал біз осы шағын мақаламызда уақыт, кеңістік, өлшемге негізделген фразеологизмдер (ары қарай УКӨФ деп көрсетіледі) қандай ұйытқы сөздердің негізінде жасалады, ерекшеліктері қандай деген сауалға жауап беруге тырысамыз.

Фразеологизмдердің ішіндегі кейбір сөздер семантикалық жағынан ерек байқалып, түп қазық есебі қызметін атқарады. Ондай сөздер әлденеше ФЕ-лерде қайталанып отырады. Оны «ұйытқы сөз» деп атаған мақұл [2, 611 б.]. Тіліміздегі фразеологизмдерге негіз бола алатын сөздердің бірі – соматизмдер. Құрамында дене мүшелерінің атаулары бар тұрақты сөз тіркестерін соматикалық фразеологизмдер деп атайды. Лексикологтардың айтуына қарағанда қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінің отыз пайызға жуығы соматикалық атаулардан тұрады.

Бірақ тілдегі кез-келген сөз фразеологизмдерге ұйытқы сөз бола алмайтынын ескеру қажет. Халықтың өзімен қоса жасасып келе жатқан байырғы сөздік қордағы сөздер ғана ұйытқы сөз бола алады. Сөздің сапа жағынан қаншалықты дамығандығын көрсететін бірденбір белгі – оның көп мағыналық сипатта болып, туынды мағынада жұмсалып, әлденеше фразеологизмдерді тудыруға себеп болуында [3, 197 б.]. Осы пікірді басшылыққа ала отырып, қазақ тіліндегі уақыт, кеңістік, өлшемге негізделген фразеологизмдерді жасаудағы анатомиялық атаулардың қызметі айрықша екендігін атай кеткен жөн. Әсіресе, қан, ауыз, аяқ, иек, қас, көз адамның дене мүшелері сөзге арқау, ойға тірек, таяныш болып, тіліміздегі фразеологизмдердің бай қорын жасауға ерекше қызмет атқарады. Мысалы:

КӨЗ

Көз ілеспеу – лезде, дем арасында.

Көзді ашып жұмғанша – лездің арасында, қас пен көздің арасында, әп-сәтте.

Көз байланған кез –ымырт жабылды, қас қарайды, қараңғы түсті.

Көзге түртсе көрінбейтін қараңғы // Көзге түрткісіз қараңғы//Көзге түртсе көргісіз қараңғы// Көз түрткісіз – тас түнек қараңғы, жеті қараңғы түн

ИЕК

Иек артым [аспа, созым] жер – жап-жақын, бір қыр артындағы жер.

Иек астында – жақын жерде, мына тұрған жерде.

АУЫЗ

Ауыз жиғанша [ жимай жатып], [ жимай ] –

лезде, көзді-ашып жұмғанша.

Аузы мұрнынан шығу – лық толды. АЯҚ/ ҚОЛ

Аяқ [ табан ] астынан – кенеттен, бірден. Аяқ-қолы жерге тимеу – асығыстық.

Қол созым [ ұсыным ] жер – ең жақын жер; ұсынса, қол жететін жер.

Қолды-аяққа тигізбеу – жылдамдату, зыр қағу.

ҚАБАҚ

Қабақ қақпай [қақтырмай ] – лезде, әп сәтте.

Қабақ [ кірпік ] қаққанша өте тез, лезде. Сан есімдер ұйытқы болған УКӨФ: Фра-

зеологизмдерге сан есімдердің ұйытқы болуы жайлы І. Кеңесбаев, В.И. Чернышев, М. Абдрахманов, А.Е. Елешевалар арнайы сөз еткен болатын.

І. Кеңесбаев сан есімді фразеологизмдерге талдау жасай келіп: “...тұрақты сөз тізбектерінің біраз бөлігі... сан есімдер төңірегіне топталып жүреді. Бұл сөздердің белгілі бір тізбек, тіркестерге түп қазық болу себебі халықтың ежелгі дәуіріндегі ұғым-түсініктерімен, салтсанасымен ұштасып жатыр... үш, жеті, қырық сөздері өздерінің сан-мөлшерлік қызметін көп жағдайда жойып алу сыры бөлегірек. Олар белгілі бір нәрсе, құбылыстардың символы ретінде қолданылатын тәрізді. Бұлардың дені халықтың ескі наным-түсініктерінен туған. Бірақ бертін келе бұл ұғым-түсінік дерексізденіп, екінші бір салаға ауысқан деуге болады”, – дейді [4, 23 б.]. Сонымен қатар ғалым бұл сан есімдерге байланысты мифтік түсініктің де ұшығы барлығын айта келіп, олардың өзге де туу себептерін жан-жақты қарастырады. Тақырыбымызға қарай, біз де уақыт, кеңістік, өлшемге қатысты фразеологизмдеріне бір, екі, үш, бес, жеті сандары ұйытқы бола алатынын төмендегі мысалдар арқылы талдап көрсетеміз:

Төгіліп-шашылып немесе топталған заттардың да өлшемдері бар. Олар көбіне «бір» санымен байланысты. “Бір” санының ұйытқы болуымен жасалған УКӨФ:

Бір табан жақын – аз да болса жуығырақ. Бір тұтам өлшем. Бір сығым.

Бір жапырақ – азғантай, зәредей, бір жұлым. Бір [ жалғыз] түйір – аз, кішкене.

Бір уыс – бір шөкім, алақанға сиярлық Бір шөкім – азғана, кішкене ғана.

Бір үзім [ сындырым ] – жарым-жарты бөлшек.

“Екі” санының ұйытқы болуымен жасалған УКӨФ:

Екі кештің арасында – апақ-сапақта, іңір қараңғысында, көз байланар-байланбаста.

Қазақ халқы үшін «жеті» санымен бірге

«үш» саны да «құпиялы, киелі» деп есептелген. Соның негізінде, халық түсінігі бойынша, дуа оқып, дем салғанда үш күн оқыған. Киелі ораза айт күндері де «үш» күннен тұрады. «Ер кезегі үш рет» деген халық даналығы да осы үш санымен байланысты болса керек.

“Үш” санының ұйытқы болуымен жасалған УКӨФ:

Үш ұйықтаса ойда жоқ [ ойға кірмеді ] // үш ұйықтаса түсіне [ ойына] енбеген [ кірмеген] -

солай болады деп күтпеген, ойламаған кезде. “Бес” санының ұйытқы болуымен жасалған

УКӨФ:

Бес [ соқыр] тиынға тұрмау – еш нәрсеге жарамады, арзымады.

Жеті саны қазақ халқы үшін – киелі, құпиялы. Қазаққа жетi санының қасиетi мен киесi туралы ертеден айтылады. «Әлемнің жетi кереметі», «жетi қат көк», «жетi жұрт», «жетi апта»,

«жетi ата», «жетi Жарғы», «жетi қазына» бәрі де жеті санымен байланысты.

«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде де» жеті санының мәнін мынадай ұғымдармен байланыстырады [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіАлматы, 2008. -300бет]: жеті атасынан қара (көне. арғы аталарынан бері қарай аты шулы бай, шынжыр балақ, шұбар төс); жеті басты дәу [жалмауыз] (миф.. ертегілерге тән жеті басты мақұлық, кейіпкер); жеті ғалам (бүкілдүниежүзі, шартарап); жеті кентті құртты (неше түрлі жақсыны жалмады, жойды); жеті қабат [қат] жер астында (миф. тым тереңде); жеті қараңғы түн (тастай қараңғы беймезгіл уақыт); жеті нан (діни. Кездескен қиындықтан сақтауын тілеп, нан пісіріп, нан, ақша атау); жеті түнде [жеті түн ішінде] (түн ортасында, мезгілсіз кезде); жеті тылсым (құпиясы мол, қауіпті).

Ал тілімізде “жеті” санының ұйытқы болуымен жасалған УКӨФ мынадай:

Жеті дарияның ар жағы – өте алыс жер. Жеті қабат жер асты – алыс жер.

Жеті қабат тау үсті – адам аяғы әзер жетер қиын, алыс жер.

Жеті қырдың асты – алыс жер.

Жеті қараңғы түн // жеті түн – тастай қараңғы түн, түн іщі, беймезгіл уақыт.

«Жан-жануар атаулары көптеген фразеологиялық тіркестердің құрамына кіреді. Күнделікті өмірде адамның жан-жануарлармен тығыз байланысы, аң аулауы, жыртқыш аңдармен күресі адамның дүниетанымына, көзқарасының қалыптасуына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Адамзат тілінде аңдарға, төрт түлік малға қатысты тілдік бірліктер туындады. Жай тілдік бірліктер емес, бейнелі де әсерлі сөз оралымдары, яғни фразеологизмдер. Халықтың қаншама ғасыр бойында әр түрлі құбылысты өзара салыстыра зерттеу, бір-біріне теңей сөйлеу тәжірбиесінің, ойды тыңдаушыға әсерлі етіп, көркем түрде жеткізу дағдысының нәтижесінде қалыптасқан фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, афоризмдер қай тілде де жеткілікті» [5, 109 б.]дейді зерттеуші К.С.Сарышова.

Шындығында да тіліміздегі фразеологизм-

дердің біразына (УКӨФ қосқанда) жан-жануар атаулары да ұйытқы бола алады. Мысалы:

ҚҰЛАН

Құланның қасуына мылтықтың басылуы

(сәті түсу) уақыт.

Құлан жортпас қу дала (дала) кеңістік.

ҚОЗЫ

Қозы көш жер (жақын жер) қашықтық.

ИТ

Ит арқасы қиянда

Ит жеккен жер (алыс жер) қашықтық.

Ит өлген жер

Иттен де көп (өте көп, мол) мөлшер.

ТҮЙЕ

Түйенің тұяғы түсетін жер жер (алыс жер)

қашықтық.

Қорыта келе, ертедегі халықтың белгілеп, болжап атау беріп кеткен уақыт, кеңістік, өлшемге қатысты фразеологизмдеріне соматизмдер, сан есімдер, жан-жануарлар аттары ұйытқы болған.

Ал ағылшын тіліндегі уақыт, кеңістік, өлшемге негізделген фразеологизмдерге келер болсақ, олардың жасалу заңдылықтары мүлде басқа. Әр елдің тіл ерекшеліктері сол елдің өткен тарихына да байланысты. Қазақ халқының ежелден көшпелі болып, мал шаруашылығымен айналысқанын «Қозы көш жер», «Түйенің тұяғы түсетін жер жер» сияқты тұрақты тіркестерденақ байқауға болады. Ал ағылшын халқының тарихы егіншілікпен, көтерілістер мен майдан даласындағы жағдаяттармен байланысты. Мысалы: brunt жылдам берілген соққы. Қарсыласқа атой беру. The sinews of war – майдан даласына қажетті қаражат. Бұл тіркестер ағылшын елінде ХҮ ғасырдағы әскери ұрыстар кезінде пайда болған. Алайда, біз тоқталған анатомиялық атаулар ағылшын тілінде де өз қызметін жоймайды:

HAND (қол).

  • To eat out of someone’s hands– өте жыл-дам шешім қабылдау, өмірдің ағымына тез бейімделу. Тікелей аударатын болсақ, «біреудің қолындағыны жұлып жеу».
  • give one's right arm (білек) – дос болуға тұрмайтын арам пиғылды адамнан алшақ жүру. Салқындықты, арақашықтықты сақтау.
  • close at hand – қол созым жер.
  • Hand over first – тез және оңай
  • Near at hand – қол созым жер
  • Close at hand – қол созым жер
  • Time on your hands – уақытты жақсы өткізу NECK (мойын).
  • To get it in the neck– тікелей аудармасы:

«мойынға шығару». Тұрақты тіркес ретіндегі

мәні – белгіленген уақытқа үлгеру, жоспарланған істі жылдам аяқтау.

  • Neck and crop – жылдам LEG (аяқ)
  • to put one’s best foot forwardжылдам
  • as far as legs can (аяқ) – аяғы аяғына тимеу, тез, өте жылдам жүру.

EYE (көз)

  • in the twinkling of an eye – көзді ашыпжұмғанша;
  • In the blink of an eye – кірпік қақпай, өте тез.

Ағылшын тіліндегі сан есімдер ұйытқы болған УКӨФ:

  • Never in a million years (миллион) – тым ұзаққа созылып кеткен шаруа.
  • At the eleventh hour (он бір) – ұзақ уақытқа кешігу, соңғы сәтте үлгеру.
  • Like sixty (алпыс) – дем арасында, жылдам.
  • thirty pieces of silver (отыз) 30 күбі күміс, немесе қазақ тіліндегі «ат басындай алтын» тіркесімен мәндес.

Ағылшын тілінде ақша-қаражат жайлы тұрақты тіркестер көптеп кездеседі. Мысалы, "Таке саrе оf реnсе апd the роunds will tаке саrе оf thеmsеlvеs" (Пэнсті үнемдеп ұстасаң, фунт өзөзін үнемдейді). Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер; Береке бір тиыннан.

Ағылшын тілінде уақыт өлшеміне қатысты тұрақты тіркестердің қолданысы көне заманнан бастау алады. Бұл тақырыптық топтағы бейнелі орамдар уақыттың көз ілеспес жылдамдығын, оны босқа өткізіп, өмірді өксітпеуді, алтын мезетті пайдалы іске арнауды уағыздайды. Мысалы, "Time is money" (c.c.a.: Уақыт — ақша); "Уақыт — білгенге қазына, білмегенге — быламық""Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық". Туыс емес екі тілдің бірліктері уақытты ұғымды пайдаланып, тынбай еңбек етсең, мол қазынаға кенелесің деген ұғымды білдіреді. "There is a time for everything (Әр нәрсенің өз уақыты бар). Қазақша баламасы: Сабақты ине сәтімен. Бұл ағылшын мақалы қасиетті кітап Інжілдің "To everything there is a season, and a time to every purpose under the heaven", (Аспан астында әр нәрсенің, әр мақсаттың өз мерзімі бар) деген өсиет, өнегелерінен ықшамдалып, тұрақты қалыпқа енген.

«Уақыт» сөзінің қатысуымен жасалған фразеологизмдер:

  • time after time;
  • time flies;
  • time on your hands;
  • time of your life;
  • time is ripe;
  • in one's own sweet time;
  • since time immemorial.

Уақытқа байланысты айтылған тұрақты тіркестер – neck and crop (жылдам, көзді ашып жұмғанша), in the year dot (атам заманда), by fits and starts (ауық-ауық), off and on (кезең-кезеңімен), like smoke (шаңы көрінбей қалу, өте тез), like sixty (дем арасынша, 60 секундта), like old gooseberry (аяқ ілеспейді), in a trice (көз ілеспес), a month of Sundays (өмір бақи, ұзақ уақыт), palmy days (қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман), to burn the midnight oil (түн қараңғысына дейін отыру, көз майын тауысу), beat the clock (уақытында аяқтау), at the eleventh hour (ұзақ уақытқа кешігу, ақырғы сәт, соңғы сәт), swift as thought (сүт пісірім уақыт). сы тұрақты тіркестердің көбісі сан есімдер арқылы шынайы өмірде болған адамдардың есімдері және сан есім сөздер ұйтқы болып тұр. Қорыта айтқанда, туыс емес қазақ және ағылшын тілдеріндегі уақыт, өлшем, кеңістікке негізделген фразеологизмдер жылдар бойы халықпен бірге жасап, бірге дамып келе жатқан ұлттық қазына. Тілдегі тұрақты тіркестер арқылы халықтың тарихына бойлап, салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан хабардар боламыз. Жасалу жолдары, құрылымы мен сипаты жағынан екі тілдегі фразеологизмдердің ұқсас жақтары өте көп екенін анықтадық. Аталған фразеологизмдердің ұлттық сипаты өте зор, сондықтан ағылшын және қазақ елінің жылдар бойғы бастан кешкен оқиғаларына сәйкес тұрақты тіркестері де айқындалып, саралана түспек.

Өлшем мен кеңістікке қатысты фразеологизмдер:

  • from China to Peru (қиыр шығыстан жер түбіне дейін созылған);
  • from John O’Groat’s to hand’s End (дүниенің о шеті мен бұ шеті);
  • to fit smb. like a glove (қалыпқа құйып қойғандай);
  • thirty pieces of silver (30 күбі күміс немесе ат басындай алтын);
  • a fat lot (құмырсқадай қаптаған, өлшемсіз көп).

Мұнда да мал атаулары негіз болған тұрақты тіркестердің бейнесі байқалмайды. Бұл тұрақты тіркестердің жасалуына тарихи оқиғалар мен және адамның дене мүшелері атауларының қатысуымен жасалып тұр. Бұдан шығатын қорытынды – ағылшын тіліндегі уақыт, өлшемге қатысты тұрақты тіркестер сандар, апта, мезгіл, адамның дене мүшелері атаулары арқылы жасалады. Мал атаулары арқылы жасалуы өте сирек кездеседі. Мысалы: Donkey’s years (ұзақ уақыт). 

 

  1. Сарбасова Г.А. Қазақ және түрік тілдеріндегі халықтық өлшем атауларының этнолингвистикалық сипаты. Филол. ғыл. канд. дис. автореф. – Алматы,2009. – 21 б.
  2. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977. – 711 б.
  3. Болғанбайұлы Ә.Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы, 1997. – 256 б.
  4. Кеңесбаев І. “3, 7, 9, 40-пен” байланысты ұғымдар // Известия АН КазССР. Серия филол. – 1946. – № 4. – 2328 стр.
  5. Сарышова К.С. Қазақ тіліндегі эмоцияны бейнелейтін фразеологизмдер. Филол. ғыл. канд. дәрежесін алу үшін жазылған диссертация. – Қызылорда, 2006. – 152 б.
  6. А.В. Кунин Курс фразеологии современного английского языка.Дубна «Феникс» 2005г.
  7. Cambridge Idioms Dictionary, 2nd ed. Copyright © Cambridge University Press 2006. Reproduced with permission.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.