Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кабир Дастың ақындық мұрасы мен оның зерттелу тарихы

Аннотация. Берілген мақала ортағасырлық Үндістанның атақты мистик-ақыны, Сант Кабир Дастың әдеби шығармашылығының зерттелу тарихын қарастырады. Автор тек кеңестік дәуір мамандарының ғана емес, сонымен қатар, батыс және үнді зерттеушілерінің еңбектеріне сүйенеді. Зерттеуші сондай-ақ, қазақ шығыстануында Кабир әдеби мұрасының зерттелмегендігін ескеріп, еліміздің үндітанушы мамандарының алдында өз шешімін күтіп тұрған бұл мәселеге назар аудару қажеттігін айтады.

Ортағасырлық үнді әдебиетінде өзіндік із қалдырған әйгілі ақын, Кабир Дас поэзиясының ауқымы тек үнді оқырманымен ғана шектелмейді. Кабир өлеңдерін неше жүз жылдан бері солтүстік Үндістанның білімді пандиттері де, сауаты жоқ қарапайым халқы да, тіршіліктен баз кешкен аскеттері де, дәстүрлі музыканттары да бірдей құрмет тұтып келеді.

Заманында асқан дарандылығымен қарапайым халықтың зор ықыласына бөленген ақынды кейінгі ұрпақ Сант Кабир Дас ретінде таниды. Сант термині ағылшын тіліндегі saint – “қасиетті, әулие” сөзіне мағынасы жағынан өте жақын келгендіктен екеуінің арасында қандай да бір этимологиялық байланыс болуы керек деген түсінік жиі туындайды. Шындығында, saint – латын тілінің sanctus (қасиетті) деген сөзінен шыққан, ал sant санскрит тілінде кездесетін sat сөзінің бір баламасы болып табылады. Ақиқат пен шындық дегенді білдіретін бұл екі сөздің де мағыналары астасып, бірін бірі алмастыра алады [1, 46 б.].

Кабир стилі қысқа да нұсқа әрі мағыналы. Оның өлеңдері Құдайдың қасиеттерін нақты тәжірибеге сүйене отырып, айқындап ашып бере алатын нағыз ұстазға деген асқақ сезім мен мадаққа толы. Ол дұғашылдық пен тақуалық секілді Құдайды дәріптеудің етке сіңген әдеттегі әдістерін қатал сынға алады. Кабир өзі сауатсыз болғандықтан өлеңдерін ауызекі хинди тілінде жеткізген. Оның шумақтары қара қылды қақ жаратын әділдікті ұрандап, әділетсіздік пен жалғандықты әшкерелеуден еш тайсалмайды. Ақынның өз тыңдаушысын бірден елең еткізетіні де дәл осы қасиеті екені күмәнсіз. Кабир шығармашылығын зерттеушілердің арасында ақын туралы Сант Maт, Ғариб Дас және Радха Саоми секілді қарапайым халықтың санасына өте күшті ықпал ете білген үнді әулиелерінің ішіндегі ең танымалы деген пікір айтушылар да жоқ емес.

Сөз қолданысы мен стиліне қатысты, ауыз әдебиетіне тән ерекшеліктерімен авторы Кабир болып саналатын өлеңдер мен әндерді бүгінде Үндістанның бірнеше диалектілерінде кезедестіре аласыз. Дегенмен, бұл шығармалардың ақынның өзі жазғанын айғақтап беретін нақты дәлелдер жоқтың қасы. Оған себеп Кабирдің сауаты болмағандығы. Осыған байланысты бұл мәселе зерттеушілер арасында сан алуан пікір талас туғызады. Алайда, бұған қарамастан, ақын шығармашылығының халық арасындағы танымалдылығы артпаса, еш кеміген емес.

Кабир мұрасын таныстыратын негізгі дәстүрлерді Раджастан, Пенджаб және Шығыс Ганга жазығы аймағына қарасты деп үшке бөлуге болады. Ал оның ақындық шығармашылығын жалпылама ауызша және жазбаша деп топтасақ, біріншісіне әлбетте, оның діни ізбасарлары

кабирпантшілер мен халық арасында кең тараған өлең жырлары кіреді. Бұл тізімді ақынның афоризмдері және нақыл сөздерімен толықтыруға болар еді. Кабирдің жазбаша дәстүрге жататын шығармаларынан жоғарыда аталып кеткен «Биджак», «Кабир Грантхавали», сонымен қатар, «Адигрантх» құрамына енген жырларын атауға болады. Бұлардың ішінде «Биджактың» алатын орны мен маңызы ерекше. Мәселен, Биджак Кабирді қастерлейтін Кабирпантх ағымының Қасиетті кітабы болып саналады [2, 81 б.].

Ақын өлеңдерінің басты тақырыптарының бірі – адамның рухани кемелдігі, ал бұған қол жеткізген қоғамда мұндай игілік өз жемісін бермей қоймайды. Кабир философиясы нағыз сенім тек белгілі бір қағидаларға ұстанып, әдетке сіңген діни салтты жүзеге асыру емес, керісінше жүрегіңді, ішкі дүниеңді тазартудан басталады дегенге саяды. Кабир шығармашылығына шынайы гуманизм мен демократизм тән.

Оның поэзиясы бұқараның тағдырын бөлісіп, қарапайым халықтың жоғын жоқтап, қайғысына ортақтасады.

Кабир туралы ең алғашқы жазба естелікті Набха Дастың «Бхакталар гүлтізбесінен» («Бхакта мала» 1600 ж.) кездестіруге болады. Бұл әулиелердің өмірін өлең түрінде баяндайтын шығарма болып табылады. Онда ақын туралы: «Кабир касталық ерекшеліктерді мойындамайды, ол үнді философиясында ежелден қалыптасқан алты діни мектептің мәртебесімен де еш санасқан емес. Оның айтуынша махабатсыз сенім (бхактисіз) – сенім болмақ емес, ал аскетизм, ораза тұту мен садақа беру шын жүректен шықпаса мазмұнсыз болып қалады. Ақын сакхи, рамайни және шабадтарын жалпыға ортақ тұрғыдан, яғни мұсылмандарға да, үндістерге де бірдей арнайды. Кабир ислам не индуистік дәстүрдің ешбіреуін тікелей уағыздаған емес, алайда ол айтарын екі ағымның ұстанушыларына да түсінікті етіп жеткізетін» делінген [3, 7 б.].

Батыс әлемі Кабир шығармашылығымен алғаш рет Х.Х. Уилсонның 1828-1832 жылдары шыққан «Үндістердің діни секталары» деген еңбегі арқылы танысуға мүмкіндік алады [3, 8 б.]. Ал Г.Х. Уэсткоттың 1907 жылы жарық көрген «Кабир және кабирпантх» атты монографиясын Кабир туралы негізгі материалдарды жинақтап шығарған алғашқы тиянақты жұмыс десек те болады. Уэсткотт Кабир шығармашылығын үш қырынан қарастырады: болмыс, сенім және сенімнің адам өміріндегі маңызы мен Құдайға апаратын жол. Автордың жұмысының соңғы тараулары Кабирпантх ұйымының іліміне, қалыптасу тарихы мен құрылымына арналады.

1909 жылы М.А. Маколиф «Адигрантхтан» алынған өлеңдердің алты томдық таңдамалы аудармалар жинағын басып шығарады. Оның бір томына автор Кабирдің аталған жазбаға кіретін өлеңдерін түгелдей дерлік енгізген болатын. Маколиф еңбегінің артықшылығы сол, автор берілген мәліметтерді саластырмалы түрде толық дәлелдерге негіздеп береді, сонымен қатар, оқырманын бұрын жарияланбаған кейбір жаңа шығармалармен таныстырады [3, 12 б.].

Кабир өлеңдерінің ең танымал жинағы – «Биджактың» жаңа аудармасын 1917 жылы Ахмад Шах дайындаған. Бұл еңбек төл туындыда жиі кездесетін қиын терминдерге шебер жасалған түсіндірмелерімен ерекше бағаланатынын айта кету керек. Мұндағы ақын мен оның ізбасарларының онтологиялық ұғымдарының жүйесі мен Кабир ілімінің маңызды деген философиялық терминдерінің ашып берілуі оқушының мәтінді дұрыс түсінуі үшін өте маңызды [4, 18б.].

Бенгалдық тілші Кшитимохан Сен негізінен Кабирдің ауызша түрде сақталған шағын поэмаларына баса көңіл аударады. Зерттеуші нәтижесінде Кабирдің төрт жүзге жуық өлеңдерін оқырман назарына ұсынады. Сондай-ақ, бұл басылым кейіннен Рабиндранат Тагорға шабыт беріп, ағылшын тіліндегі «Кабирдің жүз өлеңі» атты шығармасын дүниеге әкелуіне себеп болады. Сонымен, Тагордың ағылшын тіліне жасаған көркем аудармасы Кшитимохан Сеннің бенгал тіліндегі аудармасына негізделген [4, 13 б.]. Ортағасырлық үнді поэзиясының өзіндік толғауы мен рухани мазмұндық ерекшелігін батыс оқырманына айна қатесіз жеткізуді діттеген Тагор бұл жүздікті өзі іріктейді.

1916 жылы Айодхьясинх Упадхъяй (Хариаудх) «Кабир вача-навали» деген атпен Кабирдің нақыл сөздерінің мәтіндер жинағын басып шығарады. «Кабир нақылдарының жинағы» оның құрамына 81 сакхи және 228 шабад кіреді. Аталмыш жұмыс «Адигрантх» пен «Биджактың» негізінде жазылған. Бұл жұмыстың иесінің Кабир туралы жарық көрген бұрынғы зерттеулермен, сонымен қатар, Уэсткоттың еңбегімен жетік таныс екендігі байқалады, зерттеуші ақынның шығармашылығы мен дүниетанымының өзіндік ерекшелігіне баса мән береді.

Ақынның шығармашылығына арналған кезекті монографиялық еңбек – 1931 жылы жарық көрген Ф.Э. Кейдің «Кабир және оның ізбасарлары» атты кітабы болды. Бұл еңбек те негізінен Уэсткоттың әдебиеттер көзіне сүйенеді. Алайда оның айырмашылығы сол, автор жұмысында қойылған мәселереді егжей-тегжейлі қарастырады және көп жағдайда негізгі дәлел ретінде Кабирдің өз шығармаларына жүгінеді, қолданылған басқа да әдебиеттерге толық сипаттама береді. Кей өз жұмысын Кабир өмір сүрген замандағы тарихи жағдайлардан бастай отырып, ақын өміріне байланысты туған аңыздар, Кабирдің шыққан тегі, индуизмнің қатысы, тұрмыс тіршілігі мен отбасылық жағдайын, кастасын, белгілі бір тұлғалар мен діни доктриналарға деген көзқарасын және Кабир қайтыс болғаннан кейінгі оның мұсылман шәкірттері мен үндіс шәкірттері арасындағы ақынды жерлеуге қатысты туындаған талас секілді мәселелерге тоқталады. Сондай-ақ, автор «Биджак», «Адигрантх» және Тагордың аудармаларына сипаттама береді, Кабир поэзиясының әдеби тұрғыдан алғандағы артықшылықтарына жалпылама баға береді. Мұнан кейін Кабир ілімінің негізгі доктриналары орын алады, атап айтқанда: монотеизм мен Кабир монизмінің ерекшеліктері; космагоникалық түсініктерінің негізі; пұтқа табынушылық пен аскетизмге, каста мен кармаға, майа мен реинкарнация; Құдайға жетудің не танудың жолдары; Құдайға адал болудың мәні; өлім мен өмірге; бхакти тәжірибесіне; сенім жолындағы ұстаздың (гуру) маңыздылығы, рухани мақсатқа жетудегі құдай сөзі (шабад) және «әулиелермен» қарым-қатынасты сөз қылады. Мұнымен қатар, ақын мұсылмандық доктрина мен мұсылмандық өмір салтына, дәліріек айтсақ, суфизмге қатысты пікір айтады.

Автор жұмысының келесі бөлігінде кабирпантх діни ағымы туралы сипаттама береді: қалыптасу тарихы мен құрылымына, әдебиетіне, доктриналары мен діни рәсім-жоралғыларына тоқталып кетеді. Кабирдің ізбасарларының ортасында кеңінен тараған негізгі шығармаларының тізімі мен жалпы мағлұмат, олардың мәнмазмұны баяндалады. Жұмыстың соңғы тараулары ақынның Үндістандағы басқа да діни ағымдарға қатысын, сондай-ақ, Кабир ілімі мен христиан діні арасында болуы мүмкін байланысты сөз етеді.

Кабир әдебиетінде маңызды орын алатын тағы бір еңбек Шьямсундар Дастың 1928 жылы басылып шыққан «Кабир грантхавали» жинағы. Кабиртану саласында жаңалық болған бұл еңбек бірден мамандар назарына ілікті. Себебі мұнда ақынның бұрын баспа көрмеген өлеңдері қамтылады. Автор еңбегінде Кабирдің өмірі мен ілімі туралы дәстүрлі мәліметтерден басқа оның шығармаларының мистикалық сырларына үңіледі [5, 184б.].

XX-шы ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап ақынның тек жалпы шығармашылығына ғана емес, сонымен қатар, Кабир әдебиетінің жекелеген қырларына да көңіл бөліне бастайды. Әсіресе ақынның бхакти идеологиясынан алатын орны мен маңызын қарастыратын д-р Мохан Сингх, ал 1933 жылы Кабир мистицизміне Рамкумар Варма зерттеу жасайды. Мұнда автор Кабир философиясының суфизм және хатха-йогамен байланысын қарастырады [3, 17 б.].

40-шы жылдары Кабирдің өмірі, шығармашылығы мен дүниетанымын зерттеуге арналған еңбектерден танымал маман д-р Хазарипрасад Двиведидің (1942 ж.) жұмыстарын атамауға болмайды. Автордың бұл жұмысы үздіктердің қатарынан орны алып тұр. Зерттеуші ақын дүниетанымын натхтар мен йогтар дәстүрімен байланыстыра келіп, Кабирдің этикалық тағлымына үлкен мән береді. Қоғамды жақсарту адамның өзін өзі жақсартудан басталады деген қағидасын негізге ала отырып, Кабирді ұстаз әрі дұрыс жол көрсетуші, халықтың нағыз жанашыры деп көрсетеді. X.Двиведи Кабирдің «Биджак», «Адигрантх», «Грантхавали», А.Упадхъяйдың «Вачана-вали» секілді жұмыстарына сүйенеді.

Келесі жұмыс Сарнамсинх Шарманың «Кабир туралы зерттеуі». Мұнда ғалым Кабир туралы еңбектердің библиографиясын хинди, урду және ағылшын тілдерінде беріп, ақынның өмірі мен өмір сүрген кезеңнің саяси жағдайына тоқталып, сол заманның әдебиетіне сипаттама береді. Монографияда автор Кабир философиясының әртүрлі діни ағымдарға ықпалы мен оның ілімінің сидхтер мен натхтар дәстүрімен байланысын, Кабир шығармашылығының гуманистік пафосы мен хинди әдебиетінің дамуына қосқан үлесін әңгімелейді.

1950-1954 жж. аралығында тағы біршама еңбектер жарық көрген еңбектердің ішінен Рамратан Бхатнагардың «Кабирді зерттеуге кіріспесін», Бхаратбхушан Сароджтың «Махатма Кабирін», Пурушоттамлал Шриваставтың «Кабир туралы әдебиеттерді зерттеу», Яджнядатт Шарманың «Кабирдің ілімі мен шығармашылығы» және Парашурам Чатурведидің «Кабир туралы әдебиеттерді зерттеу» атты кітаптарын атап кетуге болады [3, 18 б.].

Әрине, Кабир мәтіндерін жинақтау мен зерттеу мұнымен тоқтап қалған жоқ, әсіресе, мұнда кабиртанушылар «Грантхавали» жинағына үлкен қызығушылық таныта бастайды. Аталған жинақтан алынған сакхилердің бір бөлігін хинди тіліне аударған Мунширам Шарма болды. Мұнда зерттеуші қос жолды шумақтарды тақырыптық тұрғыдан жүйелеп беруге тырысқан. Жинақтын дәл осы бөлігін француз тіліне Шарлотта Водевиль аударып басып шығарады [4,8 б.].

Кабир мұрасын зерттеуде жасалған жаңа бір қадам – 1961 жылы басылып шыққан Параснатх Тиваридің тиянақты еңбегі «Кабир грантхавали» болды. Ғалым оқырманын қол жете бермейтін сирек қолжазбалармен таныстырады. П.Тивари алдымен әдебиет көздеріне жалпы шолу жасайды. Кабирге қатысты материалдардарды жинақтап, ақын шығармашылығына қатысты сыни тұрғыда жазылған материалдарды өз алдына бөліп, жүйелеп береді. Автордың бұл мұқият жасалған зерттеуі мақтауға тұрарлық дүние [3, 19 б.].

Кеңестік шығыстану саласында Кабир шығармашылығына арналған жұмыстардан Н.Б. Гафуровтың 1976 жылы жарық көрген «Кабир және оның мұрасы» атты монографиясын атауға болады. Ғалым Кабир шығармашылығының зерттелу тарихын жүйелі түрде сипаттай отырып, ақынның поэзиялық мұрасына жалпылама талдау жасайды. Сонымен қатар, аталған еңбекте оқырман назарына Кабирдің Адигрантх жинағына кірген қос жолды шумақтарының орыс тіліндегі аудармасы мен оның пенджаб тіліндегі түпнұсқадағы мәтінін қатар ұсынады Автордың бұл жұмысын кеңестік дәуірдегі кабиртанудың іргесін қалаған алғашқы еңбек деп бағалауға болады.

ХХ ғ. 2-ші жартысында батыс кабиртанушыларының жариялаған еңбектерінен Линда Хестің қаламынан шыққан «Кабирдің Бижагі» атты кітабы топ жарып тұр. АҚШ-тың Оңтүстік Азия діндері бойынша белгілі маманы, профессор Даниел Голд оған өте жоғары баға береді. Л.Хестің хинди тілінің белгілі маманы Шукдео Синхпен бірлесіп дайындаған жұмысы 1983 жылы жарық көрді [2, 81 б.]. Хесс Кабир өлеңдерін шебер аударып қана қоймай, түсіндірмелік эссесін қатар ұсынады. Аталмыш жинақ Нью Йорктегі Оксфорд университеті баспасынан 2002 жылы қайта басылып шығады. Вашингтон университетінің профессоры Майкл С.Шапироның айтуынша, 1983-ші жылдан бері батыс зерттеушілерінің Кабир шығармашылығына арналған еңбектерінің ішінен іліп алар бұл жинақ әзірге Биджак дәстүрін оқырманға ағылшын тілінде жете таныстыратын бірден бір туынды болып отыр [6, 927 б.].

2000 жылы Прабхакар Мачаве Делидегі Әдебиет акдемиясы баспасында жарық көрген Кабир атты монографиясын оқырман назарына ағылшын және хинди тілдерінде ұсынады. Бұл жұмыс оқырманды ақынның өмірі мен поэзиялық мұрасымен, сондай-ақ, Кабир шығармашылығына арналған хинди тілінде басылып шыққан кітаптар тізімімен таныстырады.

Үнді филологы, Чандрика Прасад Шарманың 2006 жылы хинди тілінде басып шығарған кітабы Сант Кабир деп аталады. Мұнда автор ақынның шығармашылығы мен дүниетанымына жалпылама шолу жасайды, сонымен қатар, Кабирдің баспа көрген өлеңдері және Кабирдің әдеби мұрасын зерттеумен арнайы айналысатын институттар мен әдеби қоғамдардың тізімін көрсетеді [7, 23 б.]. Сонымен жалпы айтқанда, Кабирдің поэзиялық мұрасын жинақтап, оған сараптама жасау, зерттеу мен шығармашылығын баспасөз бетінде жариялауға келгенде үнді филологтары едәуір жетістікке жетіп отыр деуге болады.

Қазақ шығыстануында Кабир мұрасы мүлдем зерттелмеген. Бұл мәселе шығыстанушыларымыздың, дәлірек айтсақ, қазақ үндітанушыларының алдына үлкен міндет жүктейді. Әрине, мұндай өзекті мәселенің өз деңгейінде шешілуі қазақ оқырманының Кабир Дас әдеби мұрасымен жақынырақ әрі қазақ тілінде танысуына тамаша мүмкіндік берер еді.

Қорыта келгенде, Кабир поэзиясы орта ғасырлық Үндістан қоғамының рухани байлығын байыта түскені сөзсіз. Өз дәуірінде бұл қоғамды діни рәсімшілдікке толы формализмнен айықтыруға бағытталған ақынның жан айқайы десек, бүгін, арада алты ғасыр өтсе де, дәл сол мәселе әлі өзектілігін жоғалтпай отырғанына қынжылмасқа да, таңданбасқа да амалыңыз қалмайды. Кабир поэзиясы адам баласының өз болмысының мәні мен тіршіліктегі мақсаты туралы терең ойлануына түркі болды. Адамзат болмысы мен тіршілігінің мәнін түсінуге талпынған оқырманға Кабир поэзиясының бергені де, берері де мол.

 

Әдебиеттер:

  1. Mark Juergensmeyer. Radhasoami reality: the logic of a modern faith. – Princeton University Press, 1995. – 271 pg.
  2. Daniel Gold. Book review on the Bijak of Kabir // History of Religions. – Chicago University Press, 2003. – 1 August. –Vol. – 43 pg.
  3. Гафурова Н.Б. Кабир и его наследие. – Москва: Наука, 1976. – 103 с.
  4. Hess L.Singh Sh. The Bijak of Kabir. – New York: Oxford University Press, 1983. – 204 pg.
  5. Michael C. Shapiro. Book review on the Bijak of Kabir//Journal of the American Oriental Society. – The University of Chicago Press, 2003. – 123 pg.
  6. Введенский Б.А. Литература хинди // Большая советская энциклопедия. – 46 том. – Москва, 1956.
  7. Sharma Ch.P. Sant Kabir. – New Delhi, 2006. – 104 pg.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.